Курстық жұмыстың мақсаты ХХ ғасырдың басындағы қазақ даласыдағы Қазақ зиялыларының қалыптасуы және олардың еңбектерін, шығармашылығын, жүріп өткен өмірлерін зерттеу. Курстық жұмыстың міндеті


ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының саяси-құқықтық көзқарастары



бет6/9
Дата07.01.2022
өлшемі321,75 Kb.
#19280
1   2   3   4   5   6   7   8   9
ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының саяси-құқықтық көзқарастары

ХХ ғасырдағы ұлт зиялыларының қоғамдық саяси қызметтері

XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы саяси-идеялық ахуалдың қалыптасуына әр мағынадағы қағидалар мен теориялардың ықпал еткені ақиқат болып қала бермек. Сонымен, қазақ зиялыларының саяси-құқықтық, реформаторлық көзқарастары негізінде ұлттық прогресс, саяси бостандық, отарлық езгінің құрсауынан босану және саяси ұлттық, демократиялық мемлекет құру идеялары жатты. Себебі, қазақ қоғамының даму процесі, ішкі шиеленістер осы идеялардың іс жүзіне асуына дәйекті жағдайлар туғызған еді.

Жалпы Алаштық интеллигенция арасында большевиктер бағдарламасы әуел бастан — ақ қолдау тапқан жоқ. Олардың түсінігі бойынша, большевиктер ұстанған бағыт Қазақстан емес, тіптен Ресейдің өзіне де азапты болашақ әкелетін бағыт болатын Алаш қайраткерлері ең алдымен большевиктер бағдарламасындағы қоғамдық меншікке көшу туралы пікірді үзілді-кесілді қабылдаған жоқ. Өйткені олардың ойы бойынша, қазақ қоғамы жайында мұндай шаруаға бару мүмкін еместін, тіптен ондай әрекет, біріншіден, оны қабылдауға мүлдем даярлығы жоқ қазақ бұқарасы арасында түсінбеушілік туғызса, екіншіден, әлеуметтік теңдік орнатудан бұрын, әлеуметтік апатқа апаруы толық мүмкін еді. Дәстүрлі шаруашылық түрінің бұзылуы, қазақ шаруаларының жалпы қоғамның қоғамдық меншікке негізделген шаруашылық жүргізуге қай жағынан болса да даярлығының жоқтығын осындай нәтиже бермей қоймайды деп түсінді.

Алаш жетекшілерінің ұлт-азаттық ұрандары сол дәуірдің оқыған талапты, талантты жастарын баурап алды. Туған халқының халін сезіп, біліп өскен өрелі жас буын өкілдері ұлт-азаттық қозғалысы қайраткерлерінің идеяларын қолдап, солармен бірге қимыл жасады. Қозғалысқа қатысты қүжаттардан Алаш қайраткерлерінің оларды іске жұмылдырып, қажет жерінде тиісті тапсырмалар беріп отырғандығын байқауға болады. Алаш қозғалысына қатысқан 17-25 жас аралығындағы жастардың ішінен кейін көптеген мемлекет, қоғам кайраткерлері, ақын-жазушылар, ғалымдар шыққаны белгілі. Айталық, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, М.Әуезов, С.Қожанов, С.Сәдуақасов, Қ.Сәтпаев сияқты аса көрнекті есімдердің азаматтық, шығармашылық тұлғасы Алаш қозғалысы тұсында қалыптасканы белгілі.

Қазақ зиялылары большевиктердің тап күресі туралы теориясын да қолдамады. Олардың түсінігі бойынша, қазақ қоғамы Ресейдегідей таптық жіктелу деңгейінен алыс жатты. Ал сол тарихи кезеңде отарлық езгідегі қазақ жұртына қандай да болсын жіктелуден гөрі ортақ ұлттық мүдде негізінде бірігу пуадай қажет болды. Жіктелу керісінше оны әлсіретеді, негізгі мәселелерді шешуге мүмкіндік бермейді деп түсінді.

Өз ретінде Алаш басшылары болыпевиктердің таптық жіктеу саясатына ұлттық тұтастық, бірлік саясатын қарсы қойды. Мәселен, Ә.Бөкейханов: «Біз қарап отырсақ қосақ арасында бос кетеміз. Қазақ жұрты болып бас қамын қылмасақ болатын емес. Есік алдынан дауыл, үй артынан жау келді. Алаштың баласы ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан соң, 200 жылда басыңа бір қиын іс келді. Ақсақал аға, азамат іні, отбасы араздықты, дауды қой, бірік, жұрт қызметіне кіріс! Алаштың басын қорғауға қам қыл». («Қазақ». 1918. № 260).

«Россия мемлекеті енді жақын арада үйірге қосылмайды. Бірліктен айрылсақ, мына орысша қаңғып кетеміз. Көш бастаған ақсақал аға, зиялы іні, жергілікті жұрт қызметін таза ақтар. Жалпы жұртқа мұрындық бол»-деп бостандыққа апаратын жалғыз жол ұлттық ынтымақ қана деп түсіндіруге тырысты.

Орынборда болған, Бөкейхан ұлдары бастаған съездің қарары бойынша күллі Қазақстанда «Алаш» партиясы құрылды. Оның губерния-губернияда облыстық комитеттері ашылды, уез-уездерде комитеттері ашылды. «Тіршілік» газетінен басқа газеттерде «Алаштың» жобасы жарияланды. «Алаш» партиясының жобасын эсер меньшевик партияларының, кадет партиясының жобаларынан құрастырып алды, -деген тұжырым бар.

Ә.Бөкейхановұлы Сібірге, Омбыға, Семейге келіп баянадамалар жасады.

Мысалы: 1917 жылғы қарашаның 21-дегі «Қазақ» газетінің 25 нөміріндегі Бөкейханұлын Семейде қалай, кімдер күтіп алғанын жазған. Семейде Бөкейханұлын құрметтеп алдынан шығып сөйлеушілер: Шайқы Мұсатайүлы, Ахметжан Қозыбағарүлы, Маннан Тұрғанбайұлы, Сұлтанмахмұд Торайғырұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы.



Содан кейін Орынборда «Алаш» партиясынан жалпы Ресейлік Учредительный Собраниеге Қазақстан губернияларынан белгіленген адамдардың тізімдері «Қазақ» газетінің  1917 жылғы  250-ші нөмірінде жарияланды:

«Алаш» партиясы.

«Алаш» партиясы атынан Учредительный Собраниеге аталған депутаттар:



I. Торғай облысынан нөмірі бірінші спискіге:

1.А.Байтұрсынұлы; 2.Ахмет Бірімжанұлы, 3.Сағындық Досжанұлы; 4.Абдолла Темірұлы; 5. Телмажан Мүрынұлы; 6.Ержан Оразұлы; 7.Әлихан Бөкейханұлы.



II. Ақмола һәм Семей облысынан:

1.Ә.Бөкейханұлы; 2.А.Тұрлыбайұлы; 3.Ә.Ермекұлы; 4.Қ.Ғаппасұлы; 5.А.Сейітұлы; 6.М.Поштайұлы; 7.Е.Итбайұлы; 8.Ж.Ақпайұлы; 9.С.Жанайдарұлы; 10.Р.Мәрсекұлы; 11.Ж.Тілеуліұлы; 12.Б.Сәрсекұлы т.б.



III. Орал облысынан:

1.Қ.Досмұхамедұлы, 2.Ж.Досмұхамедұлы; 3.Н.Ермағамбетұлы; 4.Ғ.Әлібекұлы; 5.С.Қаратілеуұлы; 6.О.Есенқұлұлы; 7.Ғ.Қашқынбайұлы.



IV.Жетісу облысынан:

Списке №2

1.М.Тынышбайұлы; 2.Шибалин(орыс); 3. О.Әлжанұлы; 4.Ашкасайский (орыс); 5.Ғабдуллин; 6.Ниязбекұлы; 7.М.Төлебайұлы; 8.Бабкин(орыс), 9.Пропкин(орыс),

Списке №3

1.Ы.Жайнақұлы, 2.Пандириков(орыс), 3.Садық Аманжолұлы, 4.Д.Сауранбайұлы; 5.Б.Мәметұлы.

V.Бөкей ордасынан:

Списке №8

І.Уәлитхан танашұлы; 2. Бақыткерей Құлманұлы.

Списке №2



  1. Қадым Сармоллаұлы; 2. Сәлімгерей Нұралиханұлы.

«Қазақ» газетінің 250 нөмірінде «Алаш» партиясының бастығы Бөкейханүлы бірнеше жолдастарымен қол қойып жарнама жазды. Жарнамаға қол қойғандар: Ә.Бөкейханұлы, А.Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, А. Бірімжанұлы, ЖЖәнібекұлы, Ф.Ғалымжанұлы, КАрынғазыұлы, Ғ.Жүндібайұлы, Ғ.Бірімжанұлы.

Енді «Қазақ» газетінде жарық көрген «Алаш» партиясы туралы тілшілер мен зиялылардың мақалаларынан үзінді: Ақмола облысы Омбыда «Алаш» партиясының комитеті ашылғандығы «Қазақта» жазылған комитетке сайланған адамдар: Асылбек Сейітұлы, М.Жұмабайұлы, М.Саматұлы, Қ.Кәкенұлы, т.б. «Алаш» комитеті өр уезге учредительное собрание сайлауын халыққа түсіндіруге кісі шығарды. Бұлар Ақмола облысының 5 уезінде «Алаш» комитетін ашты.

«Алаш» партиясының қоғамдық қызметі. Партия тарихына қатысты келесі бір мәселе әрине оның қоғамдық қызметі. «Алаш» ұйымдық тұрғыдан қалыптасып үлгірмей-ақ жалпыресейлік Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау шарасына қызу араласып кеткен еді. Оның бұл саладағы қызметі мынадай екі бағытта жүрді. Біріншіден, «Қазақ және осы 1917 жылдан бастап шыға бастаған «Сарыарқа» (Семей), «Бірлік туы» (Ташкент) және «Ұран» (Орал) газеттері партияның бағдарламалық міндеттерін, оның атынан депутаттыққа ұсынылған адамдарды халыққа таныстырып жатты. Екіншіден, өзін осы партияның мүшесі санаған оның облыстардағы активистері қазақ комитеттерінің қолдауымен ел арасында үгіт жұмысын жүргізді.

Мәселен, «Қазақ» газетіне Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау шарасына дайындық барысы туралы Ақмола облыстық «Алаш» партиясы комитетінен мынадай хабар келіп түседі: «Алаш» комитеті әр уезге Учредительное Собрание сайлауын халыққа түсіндіруге кісі шығарды. Бұлар Ақмола облысының 5 уезінде «Алаш» комитетін ашты. Жұрттың бәрі «Алаш» атынан шыққан депутаттарға тас саламыз, онан басқаның бізге керегі жоқ деп бата қылысып тұр(27). («Қазақ». 1917. №255).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет