Курстық жұмыстың мақсаты ХХ ғасырдың басындағы қазақ даласыдағы Қазақ зиялыларының қалыптасуы және олардың еңбектерін, шығармашылығын, жүріп өткен өмірлерін зерттеу. Курстық жұмыстың міндеті


Алаш қайраткерлерінің егіменділік туралы идеяларының маңызы және еңбектері



бет7/9
Дата07.01.2022
өлшемі321,75 Kb.
#19280
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
алаш

Алаш қайраткерлерінің егіменділік туралы идеяларының маңызы және еңбектері

ХХ ғасырдың басында қазақ халқы саяси аренаға, азаттық пен тəуелсіздік күрес жолына, ағартушылыққа шақырған ірі қоғам қайраткерлерін шығарды. Ел арасынан өздерінің табиғи дарынымен, асқақ білімділік деңгейімен, рухани парасатымен суырылып шыққан алаш азаматтары ұлт болашағы үшін жан аямай тер төгіп, бостандық пен бақытты өмір жаршыларының тұңғыш қарлығаштары бола білді. Жақып Ақбаев, Дінмұхамед Сұлтанғазин, Ғұмар Қарашев, Ғабдұлғазиз Мұсағалиев, тағы басқалар, бұл тізімді осылай жалғастыра беруге болады.

Шын мəнінде олар ғұмыр кешкен ХХ ғасырдың басы алып адамдарды қажет еткен, əрі осыған орай өздерінің ойлау, болжау қасиеттері айырықша, энциклопедиялық білім, талғам-танымдары жан- жақты алыптарды дүниеге келтірген дүбірлі заман болды.

Абай заманында өмірге келіп, өркен жая бастаған жазба әдебиеттің нағыз бағбаншылары Алаш ұранды әдебиет өкілдері болды. А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Ғ.Қараш, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров, М.Әуезов, Қ.Кемеңгерұлы, Б.Күлеев т.б. Алаш қозғалысының белді, белсшді мүшелері Қазақтың жазба әдебиетін тақырыптық-идеялық, жанрлық, көркемдік тұрғыдан байытты, кеңітті. Яғни, негізінш ауызша айтылып, тыңдалып жүрген көркем сөз үлгілері хатқа түсіп, жазу түрінде газет, кітап беттеріне көше баетады. Бұл әдебиеттің өмір сүру, таралу типін ғана өзгертіп қоймай, ең бастысы, жазудың мәдениетін арттырды. Көркем ойды жеткізудің тілдегі стилистикалық мүмкіндіктерін еселеді. Соған орай жаңа көркем түрлер пайда болды, тың сөз тіркестері мен сөйлемдер жасалды. Жазба әдебиет үлгілері дайындықпен, қажетті материалдар жинаумен, ұзақ толғанумен жазылатын дүниелер болғандықтан, мұнда ұлт тілінің барлық байлығы мен бейнелілігін сарқа пайдалануға зор мүмкіншіліктер туды. Туған тілінің осы мүмкіншіліктерін тумысынан талантты, ұлтына ұлы махаббаттары табиғи Алаш ұландары үтымды пайдалана алды. Сөйтіп қандай да бір қасаңдыктан ада, адами құндылыктарды ту еткен, халқының халіне, ұлтының ұйысуына зерек ой, адал ниетпен көмкерілген көркем туындылар дүниеге келді. Бұл «Алаш әдебиеті» деп аталатын жаңа әдеби дәуірдің бастапқы кезеңдерінде ұраншылдык, наеихатшылдық басым болғанымен, шамамен жас дарындар Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Әуезовтердің шығармалары жазыла, жарық көре бастаған тұстан бері карай көркемдігі кемел дүниелер бой көрсете баетады. Осы эволюциялық жол - Алаш әдебиетінің тез өсіп, жедел жылдамдықтармен ілгерілегенін көрсетеді. Оның мысалы, «Оян, қазақ!» пен «Батыр Баян», «Қорғансыздың күні», «Ақбілек» аралықтары.

Бірақ жылдар бойы Кеңес өкіметі жүргізген озбырлық пен қырып-жоюға, тарихты өрескел бұрмалауға негізделген саясаттың тікелей салдарынан халқымыздың сана-сезімі өлшеусіз де орын толмас жұтаңдыққа ұшырап, оның интеллектуалды ауқымының қарыштап, дамуына үлкен нұқсан келді. Соның тікелей кесірінен Қазан төңкерісіне дейінгі жалпы адамзат өркениетінің төрінен орын алған ірі тұлғаларымызға «байшыл», «кертартпа», «діншілдер» деп ойдан шығарылған, цензура арқылы тыйым салынды. Партиялық талап, марксистік-лениндік идеология қазақ халқының дарынды дара перзенттерінің бостандық пен ұлт тəуелсіздігі үшін аянбай тер төккен, қабырғалары қайысқан ерекше еңбектерін большевиктік көзқараспен біржақты бағалап, оларды мемлекетке «қажетсіз» санап, жетпіс жылдан астам мерзімге жоққа шығарды.

ХХ ғасырдың басында орталық Қазақстанда туып, ұлтының тəуелсіздігі үшін күрескен қазақ зиялылары — Ə. Бөкейханов, Н. Нұрмақов, Ж. Сəдуақасов, Ж. Ақбаев, тағы басқалардың еңбегінде қазақ халқының тəуелсіздігі, жерінің азаттығы, азаматтық құқығының жоқ болуы туралы ой-пікірлер, ұсыныстар, азаттыққа жету жолдары туралы терең тұжырымдар жасалған.



Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (5 наурыз 1866, Қарқаралы уезі, Семей облысы, Дала Өлкесі-27 қыркүйек 1937, Мәскеу)—XIX ғ.соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.

Тарихшы-ғалым ретінде Бөкейханов халқының 1916 жылғы қарулы көтерілісінің орасан зор маңызын түсінді. 1926 жылы ол орыстың тарихшысы, профессор Шестаковпен бірігіп, көтерілістің 10 жылғы мерейтойына арнап, «1916–1926» атты еңбек жазып шығарды. Онда қазақ көтерілісінің Ресей Империясының қоластындағы башқұрт, өзбек, қырғыз сияқты халықтардың да бас көтеруіне үлкен себеп болғандығына назар аударады, көтерілістің 1917 жылы патшаны тақтан құлатудағы елеулі ролін айтады, ол қазақ көтерілісінің қаналушының қанаушыға қарсы «таптық» сипатта емес, отаршылдарға қарсы ұлт-азаттық бағытын көрсетеді. Қарусыз бейбіт халықты қырған, патша əскерінің қинаяттық іс-əрекеттерін сынайды.



Ə. Бөкейханов қазақ халқының өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері мол мəдениетін, тұрмыс-салтын, əдет-ғұрпын, сенім-нанымын, өнерін зерттеп жазып, айтарлықтай мұра қалдырған. Ол қазақ ұлтының жүздік, рулық-тайпалық құрылымын зерттеген, қазақтың шежіресін жазған. Ол Павлодар мен Қарқаралы уездерін мекендеген қазақтардың жəне төле мен төлеңгіттердің шежіресін жазып, оны Ф.А. Щербина экспедициясы «Материалдарының» IV (1903) жəне IV (1905) томдарында жарияланған .

Орталық Қазақстаннын тарихи тұлғаларының бірі — Ж. Садуақасов. Ол 1924 жылдың қыркүйек айынан 1925 ж. мамыр айына дейінгі аралықта Қызылорда қаласында Қазақ автономиясының Халық Комиссариатының орынбасары болып қызмет атқарады. Осындай қызметте жүргенде Қазақ мемлекетінің өз алдына дербес басқару жүйесін қалыптасуына мəдени-шаруашылық құрылысының дамуына көп еңбек сіңірді. Əсіресе оның 1928 ж. Юстиция Халық Комиссариаты жəне Республика прокуроры болып қызмет атқарған кезінде Қазақстанда заңдылықты нығайтуға, заң кадрлерін тəрбиелеуге халықтың мүддесіне қажетті заңдарды қабылдауға, мемлекеттік заңдылықты сақтау жолында зор еңбек сіңірді. Оның пікірінше, Қазақстаннын заң органдары Орталық əкімшілік органдарға тəуелділігі Қазақстанда тəуелсіз мемлекет ісін алға бастыруға кедергі келтіреді. Кеңес үкіметінің байларға қарсы ашық күресі, қазақ халқының сайлау құқығынан айырудың бір жолы деп түсінді. Қазақстандағы байлардың малын тəркілеу туралы іс-əрекеттің барысында халықтың наразылығы туралы арыздарды талқылай келе, жергілікті билік органдарының, билікті шектен тыс орынсыз пайдалануы болып жатқандығын дəлелдейді. Əсіресе ол ел ішінде орнаған заңсыздықтарды жоғарғы органдарға хабарлауды өзінің мақсаты санайды. Сөйтіп, 1924 ж. 3 қазанда Қазақстан атқару комитетіне жіберген хабарында ол былай деп жазды: «Кеңестік аппараттың жекеленген адамдарының тəркілеу процесінде қылмыстық істер жасағандығы анықталып отыр». Осылайша Кеңес үкіметінің Қазақстан даласындағы жүргізген саясатының өрескел қателіктерін ашық білдіріп, өз басын қатерге тігеді. Ж.Садуақасов қазақтың басқа зиялыларымен бірге Қазақстандағы мəдени құрылыстың дамуына үлкен үлес қосады. Əсіресе ұлттық баспасөзді күшейті, ғылыми-мəдени мекемелерді ұйымдастыру, қазақ əдебиетінің болашағы туралы жəне жастарды оқыту мəселесіне, аштықпен күрес жұмыстарына белсене араласып, ХХ ғ. басындағы тəуелсіз Қазақ автономиясының дамуына өз үлесін қосады.

Орталық Қазақстанның саяси тұлғаларының бірі, қазақтың алғаш заң магистрі Ж.Ақбаев. Өзі заңгер болғандықтан, қазақ даласындағы қоғамдық-саяси жұмыстарға белсене араласып, патша үкіметінің ХХ ғ. басындағы қазақ даласында жүргізіп отырған отаршылдық саясатын сынап, қазақ халқының атынан атақты «Қарқаралы петициясын» жазып, сол арқылы қазақтың жерін, құқығын, рухани дамуын тежеп отырған фактілерді анықтап, патша атына хат жолдады. Соңғы кездері ғана қазақ зиялылары, соның ішінде Ж.Ақбаевтың өмірі мен қызметі туралы алғашқы зерттеулер шыға бастады. Ол 1905 – 1907 орыс революция жылдарындағы қазақ даласындағы азаттық қозғалыстың басында болды. Қазақтардың арасында сайлау, жер мəселесі, рухани бостандық, саяси теңдік мəселелер жөніңде заңгер ретінде ашық үгіт-насихаттын жүргізді.

Міржақып Дұлатұлы –Қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен. Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады. 1911—1914жж. ауылда мұғалім болып істейді.1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады. Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919). Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920). Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы.

Ахмет Байтұрсынов-Қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайреткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері. Туған жері — Сарықопа уезінің, Торғай облысының үшінші ауылы (қaзipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді

Мұстафа Шоқай– қазақ ойшылы, ғалым, мемлекеттік және қоғам қайраткері. Ол Ақмешіт қаласында дүниеге келген. Мұстафа бастауыш білімді өзінің ата-анасынан алды, сосын Ташкентте орыс гимназиясын және Петербург университетінің заң факультетін үздік бағамен аяқтады. 1912 жылы түрік-балқан соғысы басталған кезде ол Турцияны қолдау қоғамында белсенді араласты. М. Шоқай казактардың 1916 жылғы көтеріліске қатынасқандармен айуандық жазасын тексеру бойынша шешім қабылдауда шешуші роль атқарды.Мұстафа сондай-ақ, Құрылтайда «Түрік халықтарының құқықтарын қорғау» өкілдерінің комиссиясын басқарды. 1917 жылы наурызда М. Шоқай Ташкентте мұсылмандар конгресінде құрылған Мұсылмандар орталығын басқарды. Мұсылмандар орталығы автономия құруға дайындала бастады. 1917 жылғы Қазан революциясын түркістандықтар қуанышпен қарсы алды, бірақ бұл қуаныш ұзақ болмады, себебі Кеңестік билік шешімді түрде Түркістан автономиясына қарсы болды. 1917 жылы 22 қарашада Қоқанда барлық саяси партиялар мен қозғалыстардың Бүкіл түркістандық конгресі өтті, онда Қоқан автономиясын құру жарияланды. Автономия президенті болып Мұстафа Шоқай сайланды. Осы жылдың желтоқсан айында ол «Алашорда» үкіметінің құрамына енді. 1918 жылы қаңтарда қарулы жұмысшы отрядтары мен қызыл гвардияшылар Қоқанды басып алды, М.Шоқай Грузияға кетеді. Онда ол кавказ халықтарының демократиялық қозғалысына белсенді көмектесті. 1920 жылы, Қызыл Армия Грузияға кірген кезде М. Шоқай Турцияға көшіп келді, Берлин арқылы Францияға жетеді, сонда тұрақтап қалады. Эмиграцияда жүріп, Түркістан халқының көзін ашу мақсатында журналдар мен газеттердің шығарылымын ұйымдастырды. Стамбулда, Парижде, Берлинде, Лондонда, Варшавада шығарылған осы басылымдарда Орта Азия туралы мақалалар жарияланды. «Новый Туркестан» және «Молодой Туркестан» журналдары Стамбулда, Берлинде жарық көрді. Ұлы Отан соғысының ең басында М. Шоқай тұтқындалып, Париж түбіндегі Компьен концлагеріне жөнелтіледі. Оны алдымен Германияға, сосын Польшаға және Украинаға алып келеді, онда тұтқындағы түркістандықтармен кездесулер ұйымдастырылды. Лагерьлердің бірінде 1941 жылы 27 желтоқсанда ол қайтыс болады.

Мағжан Жұмабай (Әбілмағжан) Бекенұлы(25 маусым 1893,Солтүстік Қазақстан облысы, қазіргі Мағжан Жұмабаев ауданы, Сасықкөл жағасы – 19 наурыз 1938, Алматы) – Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарқын жұлдызы өкілі.

«Бірлік» ұйымы жұмысына белсене араласып, «Балапан» қолжазба журналын шығаруға қатысады. Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы секілді алаш қайраткерлерімен байланыс орнатып, Қазақ газетіне өз өлеңдерін жариялайды.

1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін қалыптасқан саяси жағдайға сай қоғамдық өмірге белсене араласып, Ақмола облыстық қазақ съезін өткізуді ұйымдастырушылардың қатарында болды. Осы жылы сәуірде Ақмола облысы қазақ комитеті құрамына сайланды. Мәскеу қаласында өткен Бүкілресейлік мұсылман съезіне қатысты. Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды.

“Алаш” партиясының Ақмола облысының комитетінің мүшесі болды. “Үш жүз” партиясы өкілдерінің жалған айыптауымен бір айға жуық абақтыға отырып шықты. Екінші жалпықазақ съезіне делегат ретінде қатысып, онда оқу мәселесі бойынша құрылған комиссияға төрағалық етті.



Онда ақын шығармаларын теріске шығаратын қаулы қабылданды. Бұл қаулы «Еңбекші қазақ» газетінің 1925 жылы 14 ақпандағы санында басылды. Орынсыз сыннан көңілі жабыққан ақын «Сәлем хат» деген өлең жазды. Солардың қатарында Павлодар облысы Баянауыл ауданында 1893 жылы туған ұлы ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров болды. Ол 1912–1914 жылдары Троицк қаласында Рахманқұлидың медресесінде оқиды. «Айқап», «Абай» журналдарында, «Сарыарқа» газетінде қызмет атқарды. Ақын көптеген лирика, философиялық толғау, дастан, роман жазды. Қазақ халқының өткен тарихынан мол хабар беретін еңбектер жазды. «Адасқан өмір», «Айтыс», «Кедей», «Кім жазықты», «Қамар сұлу» поэмалары мен романдарды жазып қалдырған. Ақын шығармаларына, оның ішінде «Адасқан өмірге» талдау жасағанда оның қоғамтану көзқарасын пайымдауға болады, яғни Сұлтанмахмұт дүниетанымының қалыптасуының бастауы қазақ халқының рухани қазынасы, төл тарихы, далалық ауызша тарихнама болып табылады. Осы еңбегінде əділдік, адамды адам қанамайтын қоғамдық құрылыс қажет деген пікірде болады. Қазақ қоғамында болып жатқан саяси процестерді бақылай отырып, олардың мəнін өз шығармаларында сипаттап, өзіндік баға беруге ұмтылған. Əсіресе ол «əділдік» жолы оқу, ағарту, тəрбие арқылы келеді деген ұстанымда болды. Өз халқының бойына əділдікті сіңіріп, сол арқылы еркін болуы адамның ары мен рухани дүниесінің егіз екендігін көрсетуге ұмтылған. Қазақ қоғамындағы теңсіздік, оның ішінде əйел құқығының болмауы, би-болыстар халық арасындағы қатынаста теңдіктік, əділеттіліктің жоқтығына қиналып, оны жою жолдарын өнер, ғылым, оқу, мəдениетті дамыту арқылы жетуге болатына сенеді. Ақын өз еңбектерінде «əділдікті» жырлағаны бүгін күнгі «адамға тұлға» деп қарау керек деген ұғыммен үндесіп жатқанын көруге болады. Адам еркін болуы əділетті демократиялық қоғамда орнаған жағдайда ғана іске асады, осыны ақын ХХ ғ. басында түсіне білді, ХХ ғ. басындағы өтпелі кезеңде, əсіресе Ақпан төңкерісі нəтижесінде «Бостандық, теңдік, əділеттілік» деген ұрандардың шығып, ел қандай бағытқа бет бұрарын білмей тұрған уақытта қазақ зиялылары ел болып Құрылтай съезін өткізіп, халықтың болашағын қарастырып жатқан уақыт ықпалында Сұлтанмахмұт «Таныстыру» атты поэзиялық тарихи мəні мол еңбегі жарық көрді. Бұл шығарма қазақ елінің алдында тұрған сол кездегі «Кімнің соңынан ереміз, елін бастайтын көшбасшы бар ма?» деген жанды сұраққа жауап бергендей, сол сұрақты шешуде үлес қосқандай болды.

Ел бол, есінді жи, оян, қазақ, деген өміршең ойлар арқылы тəуелсіз ел болуды үміттеген қазақ зиялыларының еңбектерінде тəуелсіздік идеясы айқын көріне бастады. Оны поэмасындағы мына жолдардан көруге болады:

Туғанда құдай иіп мұндай заман

Сұрайтын бір сөзім бар сенен балам.

Тап біздің осы Семей облысының

Көшбасшы адамдарын айтшы маған...—

деген сұрақ қою арқылы тəуелсіздік жолына бастайтын тарихи тұлғаны көрсетуге ұмтылады. ХХ ғасырдың басында саяси күрестің ортасында жүрген, ұлтының тəуелсіздігі үшін күрескен Ə.Бөкейханов жайлы былай деп жазды:

Ешкімнің Əлиханға барма сөзі,

Демейді қандай қазақ оқ қөзі.

Семей тұрсын, жеті облыс бар қазақтан,

Талассыз жеке жара тұр ғой өзі.

Түймеге жарқылдаған алданбаған,

Басқадай бір бас үшін жалданбаған.

Көркейер қайткенде алаш деген ойдан,

Басқа ойды өмірінде малданбаған.

Заманда басқан аяқ кері кеткен,

Жасымай алашына қызмет еткен.

Болсада қалын тұман қаранғы түн,

Ататын бақ жұлдызына көзі жеткен....

Поэмадағы осы жолдар арқылы тарихи тұлғаны сипаттай отырып, қазақ қоғамындағы өзгерістің басталуын, қазақ халқының басынан өткен азапты өмір, құдалау, түрмеге жабылу сияқты қиындықты көрсете отырып, Уақытша үкіметтің берген жоғарғы лауазымды қызметіне алданбай, кезінде қазақтарға тəуелсіздік беру идеясына қарсы болған кадет партиясынан Бөкейхановтың шығып кетуі, оның жеке басы үшін емес, елі үшін бейнет көруі баяндалады. «Түймеге жарқылдаған алданбаған» деген өлең боларлық мəні де жоқ емес, халыққа берген уəделерін ұмыт жүрген депутаттарға да осы поэманы бір рет оқып шықса, артық болмас еді. Сұлтанмахмұт Ə. Бөкейханов, Ə. Ермеков, Х. Ғаббасұлы, тағы басқаларды таныстыру арқылы тəуелсіздік жолындағы күресті көрсете білді.

Қазақ халқының тəуелсіздігі үшін күрескен М. Дулатов, А. Байтұрсынов, Ə. Бөкейхановтарды қазақ халқының айы мен күніне теңеген. Осы шығармасында ұлт мақсаты — тəуелсіз болу, сол жолда жүрегін, жанын аямай жүрген Алаш азаматтарының бейнесін жасайды. Олардың еңбектерін көрсете білген ақын сол арқылы өзі де сол тəуелсіздік алу жолында күрескеннін көруге болады. Қазақ даласында құрылған «Алаш» партиясы құрылып, оның бағдарламасы қабылданған шақта қазақ зиялыларының ел бірлігі, жер жайы, болашақ тəуелсіз мемлекет кұру туралы идеялары ақын жырларында жан-жақты берілген. Мемлекеттің болашағы жастар, олардың іскерлігі, білімділігі деп Президент Н. Назарбаев көрсеткендей, өз заманында елдің тағдырын шешетін, істерге білімді, ұлтжанды жас қазақ азаматтарының саяси сахнаға шығуы, олардың атқарған ерен еңбектерін көріп бағалай білді.

Сұлтанмахмұт Торайғыров еңбегінде тəуелсіздіктің берік тұғыры, ұрпақтар сабақтастығы деген қағида өз орнын тапқан. Мысалы, Шəкəрім Құдайбердіұлы туралы, онын қазақ еліне, жастарына жөн сілтеп, ұлт тіршілігіне араласып оқу, білім алудын қажеттігін көрсеткен еңбегінде былай айтылады:

Ерте оянған кісінің біреуі осы,

Бұл жұрттың түзеймін деп атұрғанын.

Бір жолмен Байтұрсынов, Бөкейханға

Ақсақал бола алғандай осы кəрің.

Қазақ деп жекелеме азамат де

Ол кісінің пікірімен болсаң таныс.

Шəкəрім қажының ел тілегі татулық, бірлік екенін қазақ зиялыларының съезінде сөйлеген сөзінде көрсетті, ақын содан сабақ алып, өзі осы ойды жалғастыра білді. ХХ ғасырдың басындағы аласапыран уақытта ақын өзі сипаттаған, жырлаған қазақ зиялыларының ұлтының емес, руының мүддесін ойлаған (Бүгіндегі зиялыларда бар емес пе?), ел арасына ірткі салған істер де баяндалады. Олай болса, тəуелсіздік жолындағы күрестің тарих ғылымында əлі объективті бағасын алмай жатқанын ақын еңбегі аңғартады.

Ұлттық тұтастық жəне түрікшілдік идеяны дауылдата, тасқындата жырлаған ақындардың санында Сұлтанмахмұт Торайғыров ерекше орын алады. Оның өлеңдеріндегі ең өзекті мəселе, мақсат — түрік тарихы əлеміндегі тұлғалардың ерлік пен қайсарлыққа толы іс-əрекеттерін Батыс пен Шығысқа саяси билік жүргізген ата-бабаларының рухын жырлап, таныту арқылы ұлттық патриотизмді жандандыру, адамзат цивилизациясының, дамуының мешеу қалған қазақ халқын ұлы күреске шақыру еді. Сұлтанмахмұт Торайғыров түрікшілдікті былайша жырлайды:

Ер түрік ұрпағымын даңқы кеткен,

Бір кезде Европаны тітір еткен.

Кіргені есік, шыққаны тесік болып,

Күн батыс, күн шығысқа өмірі жеткен.

Кешегі хан Шыңғыстың  ұрпағына, 

Талай царь, талай князь тəжім еткен.

Мен — қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға Алаш деген атты аламын.

Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын?

Бүгінгі күнде Қазақстан халқының алдында 50 алдыңғы қатарлы ел қатарына қосылу мақсаты тұр. Оған жету тек бəсекеге қабілетті, білімді, өнерлі халқы бар елдің қолынан келеді. Жастарды оқу- білімге, ғылым үйренуге, жаман əдеттен аулақ болуға шақырады.

...Тағы да қазақ байдың жастарына,

Əулекі, ішпей болған мастарына,

Білім өнер табуды керек қылмай

Мəз болдың ырғақ-ырғақ басқанына.

Тимеді сол себептен жалғыз, топшы

Ғаламға еркіндік нұр Тас қонында.

Қарасақ басқалардың жастарына,

Өнер, ғылым толып тұр бастарында.

Өзіне от, жел, суды жолмен қылып

Алланың сайран етер аспанында.

Ол заман неде болса өтті, кетті.

Біздерді мұндай пейіл тентіретті.

Өткендер қақсағанмен қайта келмес,

Көз ашып, сөз қосатын уақыт жетті.

Өткеннен сабақ алып, оқып, білім-ғылымды игеріп, адамзат тарихының прогресті жолына, оның ішінде ұлтының дамуына өз үлестерінді қос деп жырлаған. «Бір адамға» деген өлеңінде:

Бір үйде жиюлы екен қазына мал,

Көрсетті бəрін бізге ақсақал шал:

«Бұрынғы атамызға сыйға берген,»

Біздерде мынандай бар, мынадай бар!

Кесені қолыма алып қарай бердім:

«Ішінде нақақ көзден жас бар ма?»

деген өлең жолдарынан оның халықтың еңбегімен — жинаған байлықты берудің именденуі əділетсіздік деген ой жатыр. Қоғамдағы əділетсіздік сынау ақын шығармаларының басты мақсаты болған.

Халқының прогреске жетуі тек оқу, білім деп түсінген ақын «Қараңғылықтың көгіне өрмелеп шығып күн болам» деп алға ұмтылады, білім алып, халыққа қызмет етуді арман, мақсат тұтады. Ақын өлеңдерінде патшаның отаршылдық саясатын, ел əкімдерінің екі жүзді қылықтарын əшкерелейді.

Қорыта келе, осы шағын мақалада қазақ зиялыларының еңбектеріндегі ұлттық идея: əділеттік, бірлік, ұлттық тілді-мəдениетті дамыту, оқу, білім алу, басқа елдер мен терезесі тең болу деген мəселелерге талдау жасай отырып, олардың ұлы шығармаларынан қазақ халқының тарихы туралы ой-пікірлерін терең зерттеудің қажеттілігін көрсеттік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет