Курстық жұмыстың зерттелу деңгейі


Зерттеу жұмысының методологиясы



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата15.08.2023
өлшемі0,56 Mb.
#105325
1   2   3
Зерттеу жұмысының методологиясы:
Зерттеу әдістеріне келетін 
болсақ,тарихи оқиғалар тығыз байланыстырыла 
қолданылады.Тарихилық,жүйелілік,талдау,жинақтау,саралау сияқты ғылыми 
таным таным принциптері пайдаланылады. 
Зерттеу құрылымы:
кіріспеден,екі бӛлімнен,қорытындыдан және 
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. 
1.1
Қимақ мемлекетінің шығу тарихы. 



Қимақ» деген атау орта ғасырлардағы араб, парсы авторларының жазба 
деректерінде жиі кездесіп отырды. XI ғасырда Махмұд Қашқари «Диуани 
лұғат-ат түрік» деген еңбегінде қимақ елін «имақ» деп атаған. Қимақтар VІІ 
ғасырдың басында Моңғолияның солтүстік-батысын мекендеген. Орта 
ғасырдағы парсы тарихшысы Гардизи қимақ елінің құрамында жеті тайпа 
болғандығын жазған. Олардың ішіндегі ең атақтылары қимақтар мен 
қыпшақтар дейді.Қимақ қағандығы тарихи кезеңі орта ғасырлық Қазақстан 
тарихынан маңызды орын алады.Қимақ тайпаларының шығу тегіне қатысты 
бірнеше деректер тобы бар.Бірінші араб-парсы деректері,екіншісі түрік 
деректері,үшінші қытай деректері.Соның ішінде ең маңыздысы парсы 
деректері болып табылады.Грек тарихшысы Гардизидің «Заин әл-ахбар» 
атты еңбегінде қимақтардың шығу тегіне байланысты ӛзге араб-парсы 
деректері мен түркі және қытай деректерін жанама дерек ретінде пайдалануға 
тура келеді. 
Қимақ мемлекеті иемек,ими тайпаларының ұйытқы болуымен жеті тайпаның 
басын біріктірген мемлекетттік ұйым болғандығын тарихи жазба деректері 
дәйектейді.Билеуші тайпасы иемек деп аталған.Иемек сӛзі жӛнінде Махмуд 
Қашғари ӛзінің «Түркі тілдерінің сӛздігі» еңбегінде айтып ӛткен.»Артыш 
(Ертіс)-Иемек даласындағы ӛзен.Ол сондағы бір кӛлге құяды»-деген 
анықтама берген.Бұдан иемек тайпаларының аты әйгілі екенін,иемек сӛзі 
орта ғасырда этникалық атау болуымен қатар географиялық атау сипатына ие 
болғанын аңғарамыз.Иемектердің шығу тегі жӛнінде тарихшы ғалымдар 
нақты бір ғылыми байламға келе алмаған,сондықтан да қазіргі отандық 
тарихи ғылымында бұл мәселе жӛнінде ортақ пікір орын алмай 
келеді.Мәселен,Қазақстан тарихының І-томында иемектер тарихының 
ертедегі кезеңі қытай деректері бойынша баяндалған:»Қимақтар тарихының 
ертедегі кезеңі қытай деректемелерінде V ғасырдағы Батыс Түрік қағандығы 
ортасында болған оқиғаларға қатысты атап ӛтілген янмо тайпасымен 
байланысты айтылған.Синологтар Батыс Түріктер құрамына кіретін янмоны 
иемек тайпасына балайды.Ол зерттеушілердің кӛпшілігі 
шамалайтындай,кимек атауының фонетикалық бір түрі болып табылады». 
Дегенмен,янмоларды иемектер емес ежелгі Қарахан мемлекетінің ұйытқысы 
болған яғма тайпасы деп қарайтын зерттеушілер бар.»Яғма қытай 
деректерінде Ян мян,Ян мо,Ян мы түрінде оқылады және әртүрлі таңбамен 
кездеседі.Махмуд Қашғари еңбегінде Яғма болып жазылған.Түрік тілінде 
сӛйлейді,тұрмыс салты да түріктермен бірдей,1993 жылы шыққан «Шин 
Жиян тарихи сӛздігінде».Әубаста Жоңғар ойпатының батыс 
солтүстігінде,Емел ӛзегі маңындағы халықтардың бәрі солай 
аталған.Кейіннен Балқаш кӛлінің батыс оңтүстігінде Памир мен Тәңіртаудың 
түстігіне дейін бытырай қоныстанды.Моңғол үстіртінде дейін кеткендер де 



бар.Гаушан ұйғырларына сіңіп кеткендері де баршылық»-деген түсінік 
берілген.Бұған қарағанда қытай деректерінде кездесетін Янмо терминін
иемектерге баламалау орынды бола қоймайды. 
Екінші бір кӛзқарастағы ғалымдар қимақтарды се-ианто этнонимімен 
байланыстырады.Шығыс түрік қағандығы құлағаннан кейін се-иәнтолар 
Ӛтукен қойнауында қағандық құрды.647ж. Таң империясы мен ұйғыр одағы 
се-иәнто қағандығын күйретіп,се-иәнтолардың тоз-тоқын шығарды.Кейбір 
зерттеушілердің сӛзінше сен және иәнто сынды туыстас екі тайпаның 
бірігуінен құрылған се-иәнто этносы Се-Иәнто қағандығы құлаған кезде 
ыдыраған.Иәнто тайпасы се тайпасынан бӛлініп батыстағы Ертіс бойына 
келіп.орныққан.Содан кейін қытай деректеріне иәнтолар янмо деген жаңа 
атаумен кӛрсетіле бастаған.Ал се тайпасы Моңғол үстіртінде қалып,қайтадан 
ес жиып Шығыс түрік қағандығын құрады.Орхон ескерткіштерінде түрік-сір 
атауымен берілген тайпа атауы осы се тайпасының түрікше дұрыс аталуы 
деген пікір.Бұл тұжырымның пайда болуына белгілі ғалым 
С.Г.Кляшторныйдың қытай деректерінде баяндалатын се-иәнто этнонимінің 
тарихы мен қалыптасу құрылымына деген түсінік,пайымдады негіз болған.
«С.Г.Кляшторный,се-иәнто тайпасын түріктердің билеуші тайпасы деп 
тұжырым жасап»ғылымға бұдан бұрын әрқайсысы жеке этноним ретінде 
танылған этнонимдерді негізсіз ӛз қалауынша бӛлшектеп,әуелі се-иәнтоның 
се-сін түрік-сір этнонимінің сыр-мен шендестіру арқылы сен мен сір екеуін 
бір халықтың қытай және түрікше айтылған атауы деп алып,содан кейін 
оларды,яғни сен мен сірді түрік-қыпшақ этнонимінің екінші компоненті 
қыпшаққа келіп,мұны сол баяғы бір халықтың ұйғырша аталуы еді деуі 
қисынсыз.мұнда тарихи заңдылықтың орын алғандығы түсіну қиын». 
Осылай деп жаза келе зерттеуші Қойшығара Салғараұлы:»Тарихта билеуші 
тайпа деп белгілі мемлекетті құруда жетекші рӛл атқарған,сол мемлекеттің 
билеушілері шыққан тайпаны айтады.Осы тұрғыдан келгенде бірінші Шығыс 
түрік қағандығының негізін қалаушылар Пиңлиаңнан ауып келген хулар,ал 
екінші Шығыс түрік қағанатының шаңырағын кӛтерушілердің Шили-
иуәнлин тайпасы екендігі белгілі.Түріктің дана билеушісі Білге қаған 
қағандығының негізін қалаушы ел тӛресі аталған Құтлық қаған осы шин-
иуәнлин тайпасының билеушісі болатын»-деп ӛз тұжырымын білдірді. 
Дегенмен,қытайша деректе «Шин-иуәнлин» деп жазылған,Шығыс түрік 
қағандығын құрған тайпа атауы одан кейінгі Ұйғыр қағандары қалдырған 
Селенгі тасында «түрік-қыпшақтар» түрінде жазылған.Белгілі тарихшы 
ғалым Сартқожа Қаржаубай ӛзінің «Орхон мұралары» атты еңбегінде Орхон 
ескерткіштеріндегі бүтін «түрік-сір халқы»,»түрік сір жері» деп оқылып 
келген тіркестерді «түрік-есір халқы»,»түрік-есір жер» деп аударған.Бұған 


10 
қарағанда сір тайпасы болмаған.Ол есір деген кӛне түрік сӛзін 
оқу,мағынасын түсіну барысында кеткен олқылықтың қалыптасқаны 
байқалады. 
Мақсаты сол тайпа жайлы хабардар болу.Жіберілген адам бұрыңғы жұртқа 
келгеннен кейін тұрғылықты жердің қаңырап бос қалғандығын,халықтың 
жоқтығын кӛреді.Елді жау шауып,байлығын тонап,бүкіл халықты қырып-
жойып кеткеніне кӛзі жетеді.Қырғыннан аман қалғандары жаңағы адамды 
кӛріп,таудан түсіпті.Содан сол адам Шарттың жағдайы жайлы ӛз 
қауымдастарына әңгіме айтып қызықтырып ертіп әкетіпті.Шат еліне 
келгеннен кейін барлығы оны ӛздерінің басшысы ретінде қошеметтеп,құрмет 
кӛрсетті.Басқалары да бұл хабарды естігеннен кейін бас аяғы 700 адамдай 
болып сол маңға жиналды.Ұзақ уақыт Шарттың қол астында болғаннан 
соң,олар саны жағынан ұлғайып,айналаға тарап.аталған жеті адамның есіміне 
байланысты жеті тайпа құрған»-деп жазған. 
Қимақтар туралы барлық мәліметтер араб мұсылмандық дәстүрге жатады. 
Қимақтар туралы мына авторлар жазған: әл-Якуби (Китаб әл-бухдан), Ибн 
әл-Факих (Китаб ахбар әл-бухдан), әл-Истахри (Китаб масалик әл-мамалик), 
«Худуд әл-алам» шығармасының авторы белгісіз. , әл-Идриси (Нузхат әл-
муштак), әл-Хорезми (Китаб мафатих әл-улум), Махмуд әл-Қашғари (Диван 
лұғат ат-түрк), Ибн Хордадбек (Китаб әл-масалик ва-мамалик), Ибн Саид 
(Китаб) джуграфия фил-акалим ас-саба), әл-Масуди (Китаб ат-танбих вал-
ишраф), Ибн Саид (Китаб баст әл-ард фит-тул вал-ард), т.б. 
Гардизи келтірген аңыздан қимақтардың негізін «татарлар елінен»қоныс 
аударған тайпалар құрағандығын,билеуші әулетте сол жақта билік жүргізген 
кӛне әулеттің жалғасы екендігі,олар ежелгі мекенінен ішкі алауыздық пен 
сыртқы жаугершіліктен қоныс аударғанын байқауға болады.Олардың Шат 
деген кӛсемінің болуы және Шаттың ағасының елді билеуі,осы ел 
билеушілерінің Түрік қағандығы билік жүйесіндегі дәрежесін де 
кӛрсетеді.Яғни,татар билеушілерінің атағы Шаттан жоғары болған деп 
жорамалдауға болады.Сонымен қатар қимақ қағандығының құрамына 
жергілікті халықтың қосылғанын олардың Ертіс ӛзеніне және оның иесі ӛзен 
айдаһарына табыну салтынан аңғаруға болады.Осы аңызды тарихи 
деректермен байланыстырғанда ерекше назар аударуға тұрарлықтай бір жайт 
бар,яғни мұндағы «татарлар елі»,»жеті татар»,»татарстан» деген ұғымға баса 
назар аударған жӛн.Аңызда қимақтар «татарлар» елінен келген деп 
баяндалады.Мәселенің байыбы мен мәні сауал тудырады.Оған жауап ретінде 
қимақтар мемлекетін құрған жеті тайпаның бірі татар тайпасы болғандығын 
айтқан жӛн.Бұл татарлар тарихының ерте кезеңін тереңірек зерттеуді қажет 
ететінін аңғартып тұр. 


11 
Костачаков Г.В. «Қимақ және Қимақ атауларын мүлде анықтау екіталай, 
бірақ олардың арасында елеулі байланыс пен қатынас бар» деп есептеп, 
кейіннен: «Қимақ – кибі халқының бір бӛлігі ғана» деп қосты. 
Күлтегін,Білге қаған ескерткіштерінде тоғыз татар отыз татар деген 
этнонимдер кездеседі.Бумын қағанды жерлеу салтына елші жіберген түрік 
вассалдары мен кӛрші елдердің қатарында отыз татарлар аталады.Екінші 
Шығыс түрік қағандығы құрылу барысында Түрік қағандығының қайта 
жаңғыруына қарсы жаулар ретінде отыз татарлар аталады.Бірақ отыз 
татарларға қарсы соғыс жорықтары жайында мардымды мағлұмат 
айтылмайды,тек оғыздардың кезекті бір кӛтерілісінде олардың тоғыз 
татарлармен бірігіп шабуылға шыққандығы жайында баяндалады.Білге қаған 
ӛз ӛсиетін айтқан жолдарында оң жағымдағы тархан,тоғыз оғыз,отыз татар 
бектері тыңдаңдар деген жолдар берілген.Бұған қарағанда отыз татарлар 
Білге қағанға бағынса керек. 
Білге қаған,Күлтегін мәтінінде отыз татарларға қарсы соғыс қимылдары 
туралы кӛп сӛз қозғалмағанына қарағанда олардың билеуші әулет бір 
мәмілеге келген сияқты.Тек тоғыз татар деген топтары қаған билігіне қарсы 
аттанған.Яғни,осы мәтінде Білге қаған оғыздардың соңынан қумай ашық 
майдан алаңына шақыру үшін олардың бақытын бұзғанда ызаланған 
оғыздарға,тоғыз татарлар қосылып қаған әскерімен шайқасуға шыққандығы 
туралы дерек берілген.Бұдан тоғыз оғыздар мен тоғыз татарлар арасында 
тығыз қарым-қатынаста орнағаны байқалады. 
Сондай-ақ Білге қаған ескерткіштеріндегі арнау сӛздерге тоғыз 
оғыздарды,оғыз татарларды,түркештерді ӛз халқым еді деп атап кӛрсету 
арқылы ӛзіне жақын тартатынын байқау қиын емес.Мұның ӛзі олардың 
генеологиялық жақындығынан хабар береді.Осынау Түркі ескерткіштерінен 
татарлардың түркі тектес тайпалардан ұйымдасқан тайпалық одақ,тіпті 
мемлекеттік құрылым болғанын байқалады.Орхон ескерткіштерінен 
кӛрінетіндей,Бумын қаған жерлеуді кезінде олардың жылап-сықтаушы елдер 
қатарынан орын алуына қарағанда Бумын қаған кезінде отыз татарлар 
түріктердің вассалы болып ӛз билеушілерінен сақтап қалған.Ал шығыс түрік 
қағанаты құрылу кезеңінде қағандық тың қайта түлеуіне қарсы күштерге 
қосылғаны үшін Шығыс Түрік қағандары оларды тікелей қарамағына алып 
билік жүргізгені яғни,оларды бектер арқылы басқарған.Орхон 
ескерткіштерінде отыз татар бектері деген жолдар кездеседі. 
Тарихх ғылымының қимақтардың ежелгі қонысы жӛнінде түрліше пікір 
бар.С.М.Ақынжанов Гардизи әңгімесін негізге ала отырып,Ертіс 
территориясындағы қимақтарды сырттан келген халық деп 
пайымдады.Зерттеуші Гардизи әңгімелері сол уақытта болған нақты 


12 
оқиғаларды суреттейді дей келе қимақтардың алғашқы отаны солтүстік-
шығыс Моңғолияның жері деп кӛрсетті.Ол мұндағы тоғыз татарларын 
меңзесе керек.Орхон ескерткіштерінде татарлар «тоғыз татар»,»отыз татар» 
деген атаулармен кездеседі.Қытай деректерінде олардың арғы тегін «Дунху» 
деп атаған.IV-XI ғ.ғ олар қазіргі ҚХР Ішкі Моңғолия 
автономиясы,Хулуньбэйр аймағы мен соған іргелес жерлерде ӛмір 
сүрген.Алғашында олар бес тайпа болып,кейін кӛне түрік қағанаты кезінде 
олардың саны 30-дан асқан.Бұл кӛне түркі ескерткіштерінде «отыз татар» деп 
аталатын ел».
Татарлардың түркі тектес ұлыс болғандығын аңғартатын аңыздары мен 
жазбалары бар.Мысалы,Әбілғазы ханның «Түрік шежіресі» еңбегінде татар 
адам аты және халық атауы ретінде баяндалған.Нұхтың баласы Йафестен 
Түрік-Түтік-Елше хан-Деббақой хан-Күйік хан-Алынша хан туады.Алынша 
хан елді екі ұлына бӛліп береді.Олар татар хан және моңғол хан әулеттері 
болады.Оларға қараған түрік нәсілді елді татар,моңғол халқы деп атаған.XI 
ғасырда түрік ғұламасы Махмуд Қашғари ӛзінің «Түркі тілдерінің 
сӛздігінде»татарларды,табғаштарды, қидандарды,таңғұттардың атағы 
кеңінен мәлім болған жиырмадан астам түркі тайпаларының қатарында 
атайды.Табғаштар-дунхулардан шыққан сяньбэй этнонимінің құрамына 
енетін тоба тайпасының кӛне түрік тілінде дұрыс аталуы.Дегенмен,осындай 
ежелгі түркі деректерінің ғылыми айналымға енбеуі ӛкінішті.Қытай 
деректерінің ӛзінен отыз татарларының арғы тегі болған сяньбэй этнонимінің 
тілінің түркіше сипаты айқын аңғарылады.Қазақстан тарихы туралы қытай 
деректемелері 4-томының 51-бетіндені сяньбэй сӛзіне түсніктемеде 
«Қытайдың Наньцишу» кітабының «Вэй жабайылар баяны» тарауында 
сяньбэйдің 13 лауазым атауы сақталған,бұл атаулардың түбір сӛздері 
түгелдей түрік тілінде болған,тек оларға жалғаған «-чин» жұрнағынан кейін 
ғана моңғол тілінің сипаты байқалады.Мысалы түркі бітік сӛзіне «-чин» 
жұрнағын жалғап «бітікчин» болып құралады,ғалымдардың пікірінше бұл 
сӛз түркі тілінде болса «-чин» жұрнағының орнына «-чи» жинағы болар еді-
мыс.Алайда осы «-чин» жұрнағы ертеде түркі моңғол тілдерінің ортақ 
жұрнағы болған болуы да әбден ықтимал. 
Деректемелерде қимақтардың этникалық және тілі жағынан түріктерге 
жататындығына тікелей еш күмән келтірілмейді. Керісінше, олар туралы 
жазғандардың бәрі қимақтардың бір ауыздан негізгі түрік тайпаларының 
қатарына жатқызған. Жазбаша деректемелерде қимақ этнонимінің уақыты 
жағынан алғаш рет айтылуы VIII ғасырға жатады. Араб географы Ибн 
Хордадбехтің (IX ғ.) деректері бойынша саяси және әлеуметтік жағынан 
маңызды түрік халықтарының тізімінде қимақтар тоғыз-ғүздармен, 


13 
оғыздармен, печенегтермен, қарлұқтармен, қыпшақтармен, азқишилермен, 
түргештерен қатар аталады. 
Міне осылардың бәрін жинақтай келгенде,қимақтардың шығу тегіне бәрінен 
жақыны татар тайпалық одағы екенін баса айту қажет.Бұған Гардизидің 
«Әлем шекаралары» еңбегінде берілген генеологиялық аңыз негіз бола 
алады.Сонымен татар тайпаларының тарихы отандық тарих ғылымында әлі 
де зерттеле қоймаған мәселелердің бірі екендігіне кӛз жеткіземіз. 
1.2 Қимақ мемлекетінің құрылуы,саяси жағдайы мен ыдырауы.
Батыс Түрік қағанатының орнына-қазіргі Қазақстан аумағында түркі тілдес 
тайпалар азулы үш мемлекет:Жетісуда-қарлұқ этникалық-әлеуметтік 
бірлестігін,Сырдарияның орта және тӛменгі ағысы мен Арал ӛңірінде-Оғыз 
державасын,ал Солтүстік шығыс және Орталық Қазақстанда-Кимек 
қағанатын құрды. Кимек тарихының ертедегі кезеңі туралы қытай 
деректемелерінде VII ғасырдағы батыс түрік ортасында болған оқиғаларға 
қатысы бар яньмо тайпасымен байланысты айтылған.Қытайтанушылар 
яньмосы иемек тайпасына жатқызады.Бірақ ол,шын мәнінде,кимек атауының 
тілдік ашылымы болып табылады.Зерттеушілердің кимектер мен 
қыпшақтарды бір халыққа балап жүрген пікірі қате,ӛйткені орта 
ғасырлардағы жазбаша деректемелердің мәліметтері оларды жеке-жеке,бірақ 
түркі тілдес,туыстас этнос ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.Теле 
тайпаларының бірі болған яньмолар VII ғасырдың бас кезінде Солтүстік 
Алтай алқабымен Ертіс кеуделей мекендеген.Олардың шығысында-
оғыздар,ал оңтүстігінде түргештер мен қарлұқтар қоныстанған.VII ғасырдың 
ортасына таман иемектер Алтай тауларынан солтүстікке қарай жылжып 
қоныстана бастайды.Аталмыш тайпа 656 жылы Батыс түрік қағанаты 
құлағаннан кейін ӛзді-ӛзі болып оқшаулана бастайды.Сӛйтіп,кимек тайпалық 
одағының ұйытқысы нақ осы кезде пайда болды.Кимектер тайпасының 
басшысының «шад» және «түтік» деген атақтар түріктер арасында кеңінен 
мәлім және VII-IX ғасырлардағы ежелгі түрік жазбаларында талай рет 
айтылады. 
VIII ғасырдың жартысы-IX ғасырдың басында кимек тайпалары үш 
бағытта:солтүстік-батыста Оңтүстік Оралға, оңтүстік-батыста Сырдария 
аңғары мен Оңтүстік Қазақстанға,оңтүстікте Солтүстік-шығыс Жетісу шегіне 
қарай ауа кӛшеді.766-840 жылдар аралығында кимектер Батыс Алтай, 
Тарбағатай және Алакӛл ойпаты аумағына қарай қоныс теуіп,Шығыс 
Түркістанда мекендеген тоғыз-оғыздардың солтүстік шектеріне дейін 
жетті.Олардың арасындағы шекара Жоңғар қыраттары арқылы ӛткен. 


14 
840 жылы Орталық Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін оған 
кірген тайпалардың бір бӛлігі (эймур,байандүр,татар) кимек бірлестігіне 
қосылады.Жеті тайпаның басын қосқан кимек одағы сол кезде 
қалыптасады.Содан былай одақ билеушісі «жабғу» лауазымымен атала 
бастайды.»Жабғу» ежелгі түріктердің «сұңқар» деген тотемдік 
атауы.Кӛшпенді түріктердің танымы бойынша,сұңқар жер бетін аспаннан 
қадағалайтын ең қырағы да ұрымтал,қажыр-қайратты құс саналады.Жабғу 
атағы ӛзінің лауазымдық дәрежесі жағынан шадтан жоғары тұрды.Жабғу 
лауазымы қарлұқ,оғыз,ұйғыр және басқада түркі тектес халықтардың 
барлығында қолданылды. 
Кимек мемлекетінің құрылу барысында ру-тайпалардың сандық құрамы 
ӛзгерді:»Худуд әл-алам (Х ғ.) мен әл-Идриси (ХІІ ғ.) мәліметтері бойынша 
мемлекет негізгі 12 тайпадан құралды:Қыпшақтар мен құмандар мемлекет 
құрамындағы ірі тайпалық бірлестіктер болды.Бұл тайпалар кимек 
қағанатының құрамына кіре отырып,ХІ ғ.басына дейін саяси 
бағыныштылықта болды. 
Кимек тайпаларының одағы полиэтникалық құрылым болды,оған Алтайлық 
түркі тайпаларымен қоса,қытайлар татар атандырып жіберген түркілер мен 
оның алдындағы уақытта Орта-Азия тоғыз-оғыздардың құрамында болып 
келген топтармен тығыз саяси және мәдени байланыста болып келген 
еді.Кимек тайпалық одағы қандас-туыстық байланыстарға негізделген 
құрылымға айналған жоқ,қайта аумақтық-әкімшілік қатынастар принципіне 
негізделді.Әлеуметтік тұрғыдан алғанда,кимектер бірлестігі ру-тайпалық 
құрылымдардан жоғары тұрды,ӛйткені ондағы тайпалар бір-біріне 
бағыныштылық қатынастары мен қоғамдық қатаң реттеу тәртіптері негіздері 
арқылы байланысып отырды. 
IX ғасырдың басында кимектер Сырдарияға қарай жылжыды,содан соң 
қарлұқтар мен одақтаса отырып,оғыздардың құңғар-печенег тайпаларын 
Сырдария мен Арал ӛңірінен ығыстырып шығаруына септігін тигізді. 
Мемлекеттің орталығы Ертістің орта алқабында болған.Қимақтар VII 
ғасырда Алтайдың солтүстігіне,Ертіс жағалауына орналасып,Батыс түрік 
қағандығының құрамында кірген.VIII ғасырда Қимақ тайпалары Ертістің 
орта ағысын мекендеді.IX ғасырдың алғашқы жартысынан Жетісудың 
солтүстік-батысындағы Алакӛл аймағына қоныстана бастады.Олардың батыс 
шекарасы Оңтүстік Оралдың шығыс бӛлігі мен Арал жағалауына дейін 
жетті.X ғасырдың ортасында қимақтар шығыстан батысқа қарай 
ойысты.Олар Оңтүстік Орал тауының оңтүстік және оңтүстік-батыс 
бӛктерінде,Каспий жағалауында кӛшіп-қонып жүрді.Х ғасырдың ақырында 


15 
қимақтардың бір тобы Сырдария жағалауына қарай жылжып Түркістанның 
мұсылман облыстарымен араласты.ХІ ғасырда Орталық Азия тайпаларының
батысқа қарай ойысты нәтижесінде қимақтардың орналасу картасы 
ӛзгерді.Махмуд Қашғари имақтар (қимақтар) туралы деректері (ХІ ғ.) осы 
уақытқа саналды. «Диуани лұғат-ат-түркте» берілген картадан имақтар ӛздері 
бір тұтас топ болып тұрған Ертістің жағалауындағы жерлерде ғана 
кӛрсетілген.656 жылы Батыс түрік қағандығы тарағаннан кейін қимақтар ӛз 
алдына бӛлініп шықты.840 жылы Турфан қағандығы ыдырағаннан кейін 
оның құрамындағы эймур,байандүр,татар тайпалары қимақтарға 
қосылды.Қимақ тайпаларының федерациясының қалыптасуы осы кезге сай 
келеді.Шамамен ІХ ғасырдың ортасы мен аяғында қимақтар оғыз 
кӛсемдеріне қаңғар-печенег тайпалары мекендеген Сырдария алқабы мен 
Арал жағалауларын жаулап алуға белсенді кӛмек кӛрсетті.Қимақтар тоғыз-
оғыз және Енисейдегі Қырғыз мемлекеттеріне әскери жорыққа шығып,VIII-
ІХ ғасырлардың екінші жартысында орталығы Ертістен Жоңғар қақпасына 
дейінгі аймаққа бекініп алды.Сӛйтіп,Қимақ мемлекетінің құрылуына қадам 
жасалды. 
Қимақ қағанаты туралы алғашқы деректер IX ғ.аяғы мен X ғ.басында араб 
тілдеріндегі тарихи географиялық шығармаларда кездеседі.»Түркістан мен 
түріктер, деп жазады әл-Якуби,-бірнеше халықтар мен мемлекетке 
бӛлінеді,соның ішінде қарлұқтар,тоғыз оғыздар,қимақтар және оғыздар 
бар.Түріктердің әр тайпасы жеке мемлекет және бір-бірімен соғысып 
тұрады.».Қимақ қағанаты құрылған күннен бастап олардың патшалары ең 
жоғарғы түрік атағымен хакан (немесе қаған) деп аталды.Ол жабғу атағынан 
екі дәреже жоғары.Қимақ қағанаты үлестік-тайпалық құрылымда болды.Елді 
хакан мен оның аймақтардағы он бір мұрагері (әмір) биледі.Ел билеушілері 
бір жағынан әскери кӛсемдер болды да,хаканнан тиісінше үлес алды.Әрбір 
иеліктер хаканға белгілі кӛлемде әскер беріп тұрды.Бұл мемлекетте салық 
жиналған,кӛне түрік жазуы болған. 
ІХ ғасырда қимақтардың басшысы «қаған» атағын алады. Бұл қазірдің ӛзінде 
мемлекеттің белгілі бір орталықтандыруы туралы айтады. Лауазымның 
нақты құрылымы қағанаттарының үлгісіне сәйкес болуы керек, дегенмен, 
иерархиялық саты біршама шартты болған болуы мүмкін. Кӛмеков Б.Е. 
қағанаттағы қала ӛмірінің дамуын кӛрсету. 11 салықшы қағанға бағынатыны 
белгілі – Л.Н.Гумилевтің болжамы бойынша, облыс саны бойынша. 
«Қимақтардың патшасы – ең ұлы патшалардың бірі және ӛзінің қадір-қасиеті 
бойынша ең даңқтылардың бірі… Түркі патшалары хақанның күшінен 
қорқады, оның кек алуынан қорқады, оның күш-қуатынан сақтанды, оның 
шапқыншылығынан сақ болады, ӛйткені олар одан бұрын да осындай 
әрекеттерге тап болған» 


16 
– Қимақ ханзадасы Джанахтың мәліметтерін ӛз жұмысына пайдаланған 
Қимақ қағанын Әл Идриси осылай сипаттайды. 
Махмұд Қашқари да қимақтардың күші туралы былай деп жазады: 
Ertis suvi jemagi 
Sityap tutar biladi 
Kurmat anin juragi 
Kelgali-mat ir kisur 
Ертіс ӛзенінен имақтар, 
Жеңдерді жинаңыз 
Олардың жүректері батыл 
Олар келе жатыр. 
Қимақ мемлекеті әлеуметтік тәртіп бойынша: 
Қаған – билеуші лауазымы. 
Қимақ мемлекетінде қаған атағы мұраға қалдырылды. 
Қаған жалғыз ӛзі шағын қаған немесе джабга, шад-түтік тағайындаған. 
Жабғу – қағанның екі саты тӛмен. 
Бірнеше (топ) тайпалардың билеушілерінің титулдары – «имақ байғу», 
«қимақ джабғу». 
Бір рудың кӛсемі «шад түтік» атағын алған.
Қимақ мемлекетінде қағанның 11 тағдырындағы билеушілерінің билігі 
олардың ұлдарына мұрагер болды. 
Қимақ қағанының барлық 11 билеушісінің тағдыры мұрагерлік болды. 
Қимақ қағанатының саяси ӛмірінде жауынгерлер маңызды рӛл атқарды. 
Жауынгерлер жасақтары нақты рулық жүйе бойынша басқарылды. 
Үлгілі қызметі үшін әкімдер қағаннан жаңа жер телімдерін алды. 
Қимақтар тарихының алғашқы кезеңі қытай деректемелерінде ұшырасатын 
яньмо тайпасы атауымен тығыз байланысты.Яньмо (немесе қимақтар) VII ғ. 
Басында Моңғолияның солтүстік-батысында ӛмір сүрген.VII ғ.ортасында 
олар Алтайдың солтүстік бӛктеріне,Ертіс маңына қарай қоныс аударған.656 
жылы Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін тайпа кӛзге түсе бастайды.VIII 


17 
ғасырдың екінші жартысы-ІХ ғасырда қаулаған оқиғалар қимақтардың 
мемлекеттік ұйымдарының дамуына түрткі болды,бұл оқиғалар барысында 
Қимақ тайпасы Ертістің орта ағысынан Жоңғар жоңғар қақпасына дейінгі 
аумақта берік ірге теуіп,батысқа қарай,Оңтүстік Орал мен Сырдария 
аңғарына дейін ілгерілеп барды. 
Қимақтарда мемлекет болғаны туралы алғаш рет ІХ ғасырдың аяғы-Х 
ғасырдың басындағы араб тілді тарихи-географиялық шығармаларда 
айтылады.Мәселен.ІХ ғасырдағы тарихшы әрі географ,ӛз хабарларында кең 
білімдарлығымен және біршама жоғары дәлдігімен ерекшеленетін әл-Якуби 
қимақтар мен басқада түркі тілдес халықтардың мемлекеттілігі туралы былай 
дейді:»Түркістан мен түріктер бірнеше халықтар мен мемлекеттерге 
(мамалик),соның ішінде:қарлұқтар,тоғыз-ғұздар,қимақтар және оғыздар 
болып бӛлінеді.Түріктердің әр тайпасында жеке мемлекеті бар және олар бір-
бірімен соғысып жатады.»Ибн әл-Факихта (Х ғ.) қимақтар туралы қызықты 
мәліметтер бар, ол барлық түріктердің ең күштілері-оғыздардың,тоғыз-
ғұздардың және қимақтардың патшалары бар деп жазады.Ал классикалық 
араб географтары Әл-Истахри мен Ибн Хаукаль «түріктердің жерінде 
(олардың) тайпалары ӛз мемлекеттеріне сәйкес ерекшеленеді»деп 
хабарлайды.Қимақ билеуші едәуір құдіретті болған.IX ғ.аяғы-X ғ.басында 
Қимақ қағанаты қалыптасқан уақыттан бастап,олардың патшасы түріктердің 
ең жоғары атағымен қаған (хакан) деп атала бастады.»Қаған-түріктердің ең 
басты патшасы.Қаған-хандардың ханы,яғни парсылардың шаханшах дейтіні 
сияқты, басшылардың басшысы»-дейді Х ғасырдағы орта азиялық ғалым әл-
Хорезми.Қаған атағы ябғу атағынан екі саты жоғары тұрған. 
Сонымен,қимақ қоғамының тайпадан мемлекеттік құрылымға дейінгі 
әлеуметтік және саяси дамуына қарай олардың басшылары атақтарында да 
тӛменгі сатыдан жоғары сатыға дейін біртіндеп кӛшу жүріп 
жатты.Салыстыру тұрғысынан алғанда ертедегі түріктердің шонжарларына 
мынадай дәреже сатылары:шад,ябғу (ұлы шад),кіші қаған,ұлы қаған атақтары 
тән болған.Кӛрініп отырғанындай қимақтар мен ежелгі түрік атақтарының 
арасында байланыс бары даусыз және олар қимақтар ортасы мен ежелгі 
түріктердің түпкі отаны арасындағы сабақтастықты кӛрсетеді. 
Тоғызыншы ғасырдың аяғында Қимақ қағанаты Солтүстік-Шығыс және 
Орталық Қазақстан территориясында құрылды. 
Тоғызыншы ғасырда Қимақтар «тоғыз оғыз» жерінің бір бӛлігін басып алды. 
X ғасырда. Шығыс Түркістандағы Жәмлекес қаласын басып алды. 
Енисей жағасында тұратын Сібір қырғыздарына да жорық жасады. 


18 
Сырдария оғыздарымен достық қарым-қатынаста болып, кейін олардың 
жерлеріне басып кірді. 
X ғасырдың 2-жартысынан бастап. Қарахан мемлекетінің әскерлері қимақ 
жерлеріне жиі шабуыл жасай бастады. 
Қарахандардың бірнеше рет әскери жорықтары салдарынан Қимақ қағанаты 
ыдырап кетті. 
11 ғасырдың басында Қимақ қағанаты құлағаннан кейін. Қазақстанның 
негізгі аумағындағы билік қыпшақтарға ӛтеді. 
Х ғасырдың аяғы-ХІ ғасырдың басында қимақ мемлекеті ыдырайды.Оның 
құлауының екі себебі болды.Негізінен алғанда,ӛзін-ӛзі билеуге және ӛз 
мемлекеттілігін құруға ұмтылған қыпшақ хандарының қимақтардың орталық 
билігіне бағынбауына байланысты ішкі сипаттағы себеп.Сонымен қатар ХІ 
ғасырдың басында қоныс аудара бастаған кӛшпелі Орталық Азия тайпалары 
қоныс аударуының ықпалымен болған сыртқы оқиғалар.Тайпалардың қоныс 
аударуының негізгі себебі-916 жылы Солтүстік Қытайда қидандардың Ляо 
мемлекетінің құрылуы болды.Бұл держава жерінің батысқа қарай ұлғаюы
кӛшпелі тайпалардың әрі ығысуына әкеп соқты.Тайпалардың орасан зор 
қоныс аударуының жаңғырығы орта ғасырлардағы кӛптеген 
деректемелерде:араб-парсы,орыс,армян,венгр,византия,сирия және т.б 
деректемелерінде кӛрініс тапты.Бұл деректемелерден ең алдымен араб 
ғалымы әл-Марвазиді (ХІІ ғ.) атап ӛткен жӛн,оның шығармаларында сол 
кӛшу жӛнінде мейлінше құнды ақпарат сақталған,ол тайпалардың қоныс 
былайша суреттейді:Олардың (түріктердің) арасында құндар деп аталатын 
бір топ адам бар,олар қытай қағанынан қорқып,Қытай жерінен келді.Олар 
Несториан сарынындағы-христиандар.Ӛздерінің аймақтарынан олар 
жайылымның жеткіліксіздігінен кетті.Икинджи ибн Қошқар Хорезмшах 
солардың (арасынан) шыққан.Олар (құндар) қайлар деп аталатын халықтан 
теперіш кӛрді.Бұлар олардан кӛп те күшті болатын.Бұлар оларды 
жайылымынан қуды.Сонда құндар шарлар жеріне келіп қоныстанды 
да,шарлар түрікмендер жеріне кӛшті.Түрікмендер оғыздардың шығыс 
жерлеріне кӛшті,ал оғыздар Армян теңізіне жақын маңайдағы печенегтер 
жеріне барды».Бұл арада Армян теңізі деп Қара теңіз айтылады.Демек,бұл 
кӛшу Қытайдан Қара теңізге дейінгі халықтарды қамтыды.Бұл мәліметтерге 
бірқатар ғалымдардың жасаған талдауы қысқаша түрде мынадай кӛріністі 
кӛзге елестетуге мүмкіндік береді:қай және құн тайпалары қимақ-қыпшақ 
тайпаларының бір тобын Солтүстік-шығыс Жетісу мен Ертіс ӛңіріне 
ығыстырып,қимақ мемлекетіне соққы береді.Сӛйтіп қайлар қыпшақтарды 
орнынан қозғайды,ал қыпшақтар оғыздарды Сырдария ӛзенінің 
аңғарынан,Аралдың батыс ӛңірі мен Каспийдің солтүстік ӛңірінен 


19 
ығыстырып,оларды орыстың оңтүстігіндегі және Қара теңіз ӛңірі 
далаларына кӛшуге мәжбүр етеді.Оғыздардың жерін басып алғаннан кейін 
қыпшақ хандары едәуір күшейіп,қимақ-қыпшақ және қуман тайпаларының 
бұрынғы қоныстанған негізгі жерінде күш-қуаты жағынан басым болады,ал 
қимақтар осы оқиғалар барысында саяси үстемдігінен айырылып қана қойған 
жоқ,сонымен қатар қыпшақтарға тәуелді болып қалды.Қимақтар бір бӛлігі 
Ертісте қалып,екінші бӛлігі Түркістан және Орта Азия аймағына қоныс 
аударды,енді біразы қыпшақ тайпаларымен бірге батысқа, оңтүстік орыс 
далаларына қарай қозғалды.Қыпшақтар Қимақ мемлекетінің орнын басты. 
2.1 Қимақтардың территориясы және мәдениеті мен шаруашылығы. 
Б.Кӛмековтың «ІХ-ХІ ғасырлардағы Қимақ мемлекеті араб 
дереккӛздерінде» кітабының үшінші тарауы қимақтар елінің географиясын 
сипаттайды.Шығыс Еуропадан, Еділ бойынан, Оңтүстік Сібірден Орталық 
Азиядан, Шығыс Түркістаннан ерсілі-қарсылы жол тартқан сауда керуендері 
қимақ жері арқылы ӛткен және Ертіс бойында отырған астанаға,басқа да 
қалаларға келіп тұрған.Бұл қимақтарда кӛшпелі тұрмыс,мал 
шаруашылығымен қатар отырықшылықтың,егіншіліктің,қала мәдениетінің 
қалыптасуына да ықпал етеді. 
Б.Кӛмеков оқырмандарын қимақтар еліне IX-XI ғасырларда әр кезде келген 
саяхатшылар араб Тамим ибн Бахр,Тараздан шыққан жол Ертіс бойындағы 
қимақтар астанасына алып баратыны туралы жазды,жол 
Мойынқұм,Бетпақдала,одан әрі Сарыарқа арқылы ӛтсе керек,қашықтық 
атпен жүргенде 80 күндік екен.Бұл уақытта Тараз Жібек жолындағы ірі 
орталық еді. 
Гардизи жолды Сыр бойындағы Жанкенттен бастап Ұлытауға бұрады,одан 
әрі қазіргі Астана мен Павлодар қалаларының орнындағы қалаларға 
жетеді.Ғалым бұны халық аузында «Сарысу жолы» деп аталатын жолмен 
сәйкестігіне назар аударады.Ал әл-Идриси жолды қимақтар кӛлі Органнан 
бастайды.Осы орайда Б.Кӛмеков әл-Идриси сипаттаған,картаға 
түсірген,атаулары бүгінгі атауларға ұқсай қоймайтын 
ӛзендерді,тауларды,жерлерді саралап,сәйкестендіруге тырысады,ӛзіне дейінгі 
ғалымдардың талдамаларына жүгінеді.Сӛйтіп картадағы Гаган кӛлін Алакӛл 
кӛлдер жүйесімен (Алакӛл,Ұялы,Сасықкӛл),ал оған құятын Шария ӛзенін 
Тентекпен ұқсастырады.Гаган кӛлінің оң жағын жағалай жатқан Жардан 
тауын Жоңғар Алатауы,ал кӛлдің екінші жағына орналасқан гиргир тауын 
Тарбағатай деп ұсынады.Картаға және сипаттамасына қарап Тахама кӛлін 
Балқашпен,Гамаш кӛлін Ертіспен сәйкестендіреді,басқа да атаулар 
салыстырылады. 


20 
«Худуд әл-алам» (Х ғ.) еңбегінде қанның жазғы астанасы Имақия (Қимақия) 
деп аталатыны жазылған.Ғалым Б.Кӛмеков имақ қимақтың жаңсақ жазылған 
нұсқасы деп деп пайымдайды.VIII ғасырдың ортасына дейін қимақтар 
оңтүстігінде Алтайды қоныстанған қарлұқтармен,шығысында Енисей 
қырғыздарымен,батысында оғыздармен кӛрші болған,солтүстігінде Оралға 
дейін жайлаған.VIII ғасырдың екінші жартысында Ертіс бойынан қыпшақтар 
батысқа,қимақтар оңтүстікке Жетісуға қарай жылжыған. Х ғасырда 
қимақтардың тайпалары Жайық пен Жем арасын қоныстанған,Каспий 
теңізіне дейін жетіп,ол Қимақ теңізі деп тек аталған.Х ғасырдың екінші 
жартысында қимақтар мен қыпшақтар Сырдарияның оң жағалауына қарай 
жылжып, Түркістан маңына дейін жеткен,бұл дегеніңіз қазіргі жарты 
Қазақстан.Археологиялық зерттеулер нәтижесінде орта Ертістің оңтүстік 
жағында,Алакӛл маңында,басқа да ӛңірлерде қимақтардың оба 
қорымдары,ескі жұрт орындары,олардан тұрмыстық заттар табылған. 
Қимақтар әлеуметтік және мәдени тұрғыдан алғанда ӛздерімен тектес кӛне 
түріктердің тұрмыс салт-дәстүрлерін жалғастырған.Қимақ мемлекеті он екі 
тайпадан құралған,олар бір-бірімен қатаң басыңқы-бағыныңқы қоғамдық 
қатынаста болады.Билеушілер бағзы түріктерден қалыптасқан дәстүр 
бойынша шад,тутук,жабғу,қашан деп аталған.Қимақ тайпасын 
шад,тутук,Қимақ тайпалары одағын-жабғу,қимақ мемлекетін қашан 
билеген.Мемлекет орталық және оң қанат,сол қанат аймақтарға 
бӛлінген.Билік мемлекетте ғана емес,тайпа,әулет ішінде де мұрагерлік 
жолмен беріліп отырған.Қоғам қашандағыдай әулеттердің дәулетіне қарай 
іштей жіктелген.Мемлекетте салық салу жүйесі орныққан.Қимақтар кӛне 
түркі жазуы болғанын Ертіс бойында және Тарбағатайда ескі қорғандардан 
табылған,мына жазуы бар,ІХ-Х ғасырларға жатқызылған қола айналар 
дәлелдейді.Халық тәңір дінін ұстанған,аруақтар рухына 
сенген,отқа,суға,тауға,күнге, жұлдыздарға табынған.ХІ ғасырдан бастап 
бірте-бірте ислам дініне кӛшкен түрік тектес халықтарда.оның ішінде бүгінгі 
қазақ халқында осы аталған наным-сенім белгілері әлі күнге қатар келе 
жатқаны баршамызға белгілі. 
Қимақтарда жазу болған деп топшылауға дәлел бар.Мұны Әбу-Дулафтың 
мына сӛзінен кӛреміз:»Оларда қамыс ӛседі,бұл қамыс пен олар жазады».Тегі 
қимақтар қамыс қаламмен жазып,мұнда ежелгі түрік әліппесін пайдаланған 
болуы керек.Мұны Ертіс бойынан,Тарбағатай тауларынан табылған заттар-
мезгілі ІХ-Х ғасырларға қатысты түрік жаулары бар қола айналар да 
кӛрсетеді. 
Қимақтар, негізінен, мал шаруашылығымен айналысты. Олар мұнымен қатар 
егіншілікпен де шұғылданды, балық, аң аулады, тайғалық аймақтарда қымбат 
аң терілерін дайындады. Қимақтар арасында қолӛнері де дамыды, мата 


21 
тоқып, киім тікті, металл бұйымдар шығарды, темір, күміс, алтын ӛндіріп, 
металл құйды. 
ІХ – ХІ ғасырлардағы араб-парсы авторлары отырықшы қимақтардың 
тұрақты мекендері болғанын жазады. Әл-Идрисидің (ХІІ ғасыр) дерегіне 
қарағанда, олардың ӛзендер мен кӛлдер жағасына, таулы аудандарда, 
пайдалы қазба байлықтары орналасқан жерлерде 16 қалаасы болғаны 
келтіріледі. Олардың кӛпшілігі сауда жолдарына орналасқан. Әл-Идриси 
қимақтар хақанының Ертіс ӛзенінің жағасындағы астанасы мықты қорғанмен 
қоршалғанын жазады. 
ІХ– ХІ ғасырларда қимақтар арасында ежелгі түркі діни нанымының 
қалдықтары ӛріс алды, онда тәңірі мен аруаққа сенушілік басым болды. 
Сонымен қатар, олардың арасында түрік халықтарына кең тараған бақсылық 
та етек алды. Қимақ тайпалары мекендеген аймақтарда тас мүсіндер қою 
салты кең тараған, олар сол мүсіндерге табынған. Қимақтар әлеуметтік және 
мәдени жағынан VI – VIII ғасырларда ежелгі түркі ортасында қалыптасқан 
дәстүрлерді ұстап, одан әрі дамытты. XI ғасырдың басында қимақтардың 
орнына жаңадан нығайған қыпшақ тайпалары келді. 
Қимақ елінде кӛшпелі тіршілік пен отырықшы қала мәдениеті екі ғасырдай 
уақыт қатар дамығаны туралы мәліметтер араб саяхатшысы Тамим ибн Бахр 
әл-Мутавваидың «Жазбаларында» (ІХ ғ.) және белгісіз парсы 
шығармасында «Худуд әл-алам мин әл-Машрик ила-л Магриб»(«Батыстан 
Шығысқа дейінгі әлемнің шет-шегі туралы кітап») (Х ғ.) деген де 
айтылады.Түркі тілдес халықтарда кӛшпелі тіршілік пен отырықшылық,мал 
шаруашылығы мен егіншілік,ӛндіріс түрлі деңгейде қатар дамыған деген 
тұжырым қазір қазақ тарих ғылымында орныққан пікір. 
Кітаптың келесі тараулары қимақтардың шаруашылығына,қалаларына және 
мемлекетіне арналып,мол мағлұмат береді.Қимақтардың қонысы туралы 
ертерек айтқан Гардизи,ол қимақтар мен қыпшақтар Ертіс бойын мекендеген 
десе,ал әл-Идриси қимақтардың он алты қаласы болғанын,оның он екісі Ертіс 
ӛңірінде екендігін кӛрсетеді,қалалар сауда жолында 
орналасқан.Гоган,Дамурия,Сараус,Банджар, Дахлан,Ханауш,Астур 
қалаларына сипаттама бере келіп,қақан отырған астананы суреттейді.Қақан 
ордасы үлкен қала,дуалдармен қоршалған,темір қақпасы бар,қақанның әскері 
кӛп деген деректі келтіреді. 
Ибн Хордабехтің «Жолдар мен мемлекеттер» еңбегінде Оңтүстік Қазақстан 
мен Жетісу арқылы ӛтетін Ұлы жол бойында орналасқан қалалар мен 
қоныстарды тізіп келтірген.Дамурия қаласы Қимақ қалаларына жатады.Ол 
гүлденген және кӛп халықты қала.Дамуриядан Сарауске дейін солтүстік-
шығысқа дейін 2 күндік жүріс,жол түрік-қимақтардың ӛңделген жерлері мен 


22 
қоныстарының үстімен ӛтеді.Сараус-үлкен қала,ол бекіндірілген іргемен 
қоршалған.Қалада-ержүрек түріктер тұрады,олар атты әскерлер.Сараустан 
Гаганға дейін оңтүстік бағытта 3 күндік жүріс.Дамурия мен Сараус Шария 
ӛзенінің алқабында орналасқан.Сараустан Банджарға дейін шығыс бағытта 
75 фарсах.Банджар үлкен қала,оның тұрғындары түрік-қимақтардың әртүрлі 
рулары.Бұл қалада кӛп сандық әскер және тұрғындарға керекті азық 
бар.Олардың арасындағы жол-шӛл дала мен ӛсімдіксіз жерлер арасынан 
ӛтеді.Гиргир тауының жиегімен жол 10 күнге созылады. 
Дахалан Қимақ мемлекетінің шетінде орналасқан.Дахалан бекінісінен 
Банджарге дейін елді мекендерден және бидай,күріш,тары отырғызылған 
жерлерден 4 күндік жүріс.Дахалан бекінісінен Ханаушке дейін солтүстік 
бағытта 6 күндік жүріс.Ханауш-қимақтардың кӛп сандық қаласы.Банджардан 
Астургияға шейін шӛл дала мен ӛсімдіксіз жерлер арасынан 6 күндік 
жүріс.Астур түріктер мекендеген,кӛптеген егіндері бар,кӛп сулы,кӛп санды 
қаласы:олардың негізгі егістері-бидай және күріш.Темір рудниктері 
бар.Темірден аса сымбатты,әсем бұйымдар жасайды. 
Қимақтар қой,жылқы,түйе және сиыр малын ұстаған.Қыста қойдың, 
жылқының, сиырдың етін кептіріп сақтап, сүр етіп жейді. Бұл елге қар кӛп 
жауады, тіпті кейде найза бойына жетеді. Қыста жылқыларын алыстағы жер 
асты суы сақталатын жерге айдап барады.Ағаштан жасалған астауға су 
сақтайды. Қар қалың жауғанда осы суды ішеді, ӛйткені қалың қар жылқының 
суатқа түсуіне жол бермейді.Жазда биенің «қымыз» деп аталатын сүтін 
ішеді,деп жазады Гардизи.Ал түрік тектес халықтардан жаңаша жыл санауға 
дейінгі І ғасырдан жеткен «қымыз» сӛзінің осы мағынасын еуропалық 
саяхатшылар Рубрук,Плано Карпини,Марко Поло да жазып кеткен.Ал бұл 
сӛз моңғолдарда жоқ екен.Аңшылықта бүркіт,лашын,сұңқар құстарын 
салып,тазы қылбарық деген иттерді жүгірткен.Найзамен жолбарыс,барыс 
аулаған,кӛпестер олардан бағалы аң терілерін алған.Ӛзен,кӛлдерде қайықпен 
жүзген,балық аулаған.Қимақтар күрішпен,етпен,балықпен қоректенеді-деп 
жазады әл-Идриси.Егіншілікте бидай,күріш,арпа,тары, бұршақ еккен,жүзім 
басқа да жемістер ӛсірген.Қимақтардың алтынды суға шаю арқылы 
ӛндіретіні де әл-Идриси еңбегінде баяндалады.Сондай-ақ темір,күміс,басқа 
да бағалы металдар ӛндірілген.Олардан шаруашылық заттары, қару-жарақ 
жасалған.Мыс теңге ақша құйылғаны сауда-саттық тек заттай айырбас 
түрінде ғана жүрмегенін кӛрсетеді.Қолӛнер дамыған,әшекей бұйымдар 
істелген.Аң терісінен,жүннен тоқылған киімдер киген.Қимақтар қақанының 
киімі алтынмен зерленген,тәжі де алтыннан болған. 
Кез келген халықтың материалдық мәдениеті оның шаруашылық түрлерімен 
сипатталады. 


23 
Тәңірге табыну және ата-баба рухына табыну болды.Олар ақырет ӛмірінің 
бар екеніне сенді. 
Қимақ шонжарлары Х ғасырда ислам дінін қабылдай бастады. 
Араб саяхатшысы Әбу-Дулаф (X ғ.) қимақтардың жазу тілі болғанын айтады:
«Олар жазатын қамыс ӛсіреді». 
Қола айнадағы жазулар ІХ-Х ғасырларда қимақтардың ежелгі түрік 
жазуымен жазғанын кӛрсетеді (Ертіс пен Тарбағатайда кездеседі). 
Қаған Хакан-әл-Қимаки деген атауды алды. 
Негізінен мал шаруашылығымен айналысқан.Гардизи (XI ғ.) «Қысқа 
кептірілген ет, қой, жылқы немесе сиыр етін әрқайсысының мүмкіндігіне 
қарай дайындайды» деп жазды. 
Махмуд Қашғаридің дерегі бойынша, малдан айрылғандар жатаққа айналып, 
қолӛнер мен балық аулауды кәсіп еткен.
Байлардың қыстауларының маңында жатақшылар тастан, ағаштан, қамыстан 
тұрақты баспаналар салған. 
Елді мекендер бірте-бірте қалаларға айналды.Қағандар мен феодалдық 
дворяндардың ӛкілдері ӛздерінің штабтарын биік саман қабырғалармен 
қоршап, бекіністерге айналдырды. 
Қимақтар әлеуметтік және мәдени тұрғыдан алғанда ӛздерімен тектес кӛне 
түріктердің тұрмыс салт-дәстүрлерін жалғастырған.Қимақ мемлекеті он екі 
тайпадан құралған,олар бір-бірімен қатаң басыңқы-бағыныңқы қоғамдық 
қатынаста болады.Билеушілер бағзы түріктерден қалыптасқан дәстүр 
бойынша шад,тутук,жабғу,қашан деп аталған.Қимақ тайпасын 
шад,тутук,Қимақ тайпалары одағын-жабғу,қимақ мемлекетін қашан 
билеген.Мемлекет орталық және оң қанат,сол қанат аймақтарға 
бӛлінген.Билік мемлекетте ғана емес,тайпа,әулет ішінде де мұрагерлік 
жолмен беріліп отырған.Қоғам қашандағыдай әулеттердің дәулетіне қарай 
іштей жіктелген.Мемлекетте салық салу жүйесі орныққан.Қимақтар кӛне 
түркі жазуы болғанын Ертіс бойында және Тарбағатайда ескі қорғандардан 
табылған,мына жазуы бар,ІХ-Х ғасырларға жатқызылған қола айналар 
дәлелдейді.Халық тәңір дінін ұстанған,аруақтар рухына 
сенген,отқа,суға,тауға,күнге, жұлдыздарға табынған.ХІ ғасырдан бастап 
бірте-бірте ислам дініне кӛшкен түрік тектес халықтарда.оның ішінде бүгінгі 
қазақ халқында осы аталған наным-сенім белгілері әлі күнге қатар келе 
жатқаны баршамызға белгілі. 


24 
Қорытынды. 
Қорытындылай келе,қимақ мемлекеті орта ғасырларда ерекше орын алған 
түркі мемлекеті.Курстық жұмыста қимақ мемлекетіне қатысты негізгі 
дереккӛздерінен, ғалымдардың жазбаларынан және ғылыми еңбектерден 
мәліметтер жинақталады. 
Бірінші тарауда қимақ мемлекетінің және ондағы тайпалардың шығу тегіне 
байланысты мәселелер қарастырылады.Сонымен қатар мемлекеттің пайда 
болуы,оның ішкі және сыртқы саясаты,басқа елдермен қарым-қатынасы мен 
құлдырауы баяндалады.Қимақ қағандығы тарихи кезеңі орта ғасырлық 
Қазақстан тарихы кезеңінен маңызды орын алады.Қимақ тайпаларының 
шығу тегіне қатысты бірнеше деректер тобы бар.Соның ішінде ең 
маңыздысы парсы деректері болып табылады.Парсы саяхатшылар у «Заин 
әл-ахбар» атты еңбегінде қимақтар шығу тегіне қатысты едәуір құнды 
мәліметтер сақталған.Қимақ мемлекеті иемек,ими тайпаларының ұйытқы 
болуымен жеті тайпаның басын біріктірген мемлекеттік құрылым 
болғандығын тарихи жазба деректер дәйектейді. 
Екінші тарауда қимақ елінің кӛшіп-қоныстанған территориялық 
аумағы,мәдениеті мен шаруашылығы сипатталады.Осы мәселелер бойынша 
негізгі деректер мен ғалымдардың ой-пікірлері келтіріледі.Қимақтар 
негізінен мал шаруашылығымен айналысты.Олар мұнымен қатар 
егіншілікпен де шұғылданды,балық,аң аулады, қымбат аң терілерін 
дайындады.Қимақтар арасында қол ӛнері де дамыды,мата тоқып,киім 
тікті,металл бұйымдар шығарды,темір,күміс,алтын ӛндіріп,металл құйды.ІХ-
Х ғасырлардағы араб-парсы авторлары отырықшы қимақтардың тұрақты 
мекендері болғанын жазады.Әл-Идрисидің (ХІІ ғ.) дерегіне 
қарағанда,олардың ӛзендер мен кӛлдер жағасына,таулы аудандарда,пайдалы 
қазба байлықтары орналасқан жерлерде 16 қаласы болғаны 
келтіріледі.Олардың кӛпшілігі сауда жолдарында орналасқан.Қимақтар 
әлеуметтік және мәдени тұрғыдан алғанда ӛздерімен тектес кӛне түріктердің 
тұрмыс салт-дәстүрлерін жалғастырған. 


25 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 
1)Ахинжанов С.М. Об этническом составе кипчаков средневекового 
Казахстана.Прошлое Казахстана по археологияческим источникам.-
Алматы,1976.81-93б. 
2)Кумеков Б.Е. Государство кимаков IX-X вв. по арабским источникам. 
Алма-Ата: 1972.45б 
3)Махмуд Қашғари,Түрік сӛздігі А.1997. 11-16б. 
4)Савинов Д.Г. Расселение кимаков в ІХ-Х веках по данным 
археологическим источникам//Прошлое Казахстана по археологическим 
источникам.-Алматы 1976.94-104б 
5)Горбунов С. Секреты древней Кимаки

получено исторические 
подтверждение высокого уровня техническое развитие столицы Кимакского 
каганата)//Казахстанская правда.2016.23 июля.15б. 
6)Бартольд В.В. Извлечения из сочинений Гардизи «Заин әл-ахбар»соч. 
М.1976, 27-28б 
7)Қазақстан соңғы ортағасырлар дәуірінде-1998.-640б 
8)Крачковский И.Ю. Избр. Соч. М.,1957. 288б. 
9)Ундасынов И.Н. История казахов и их предков.Часть ІІ.Кимаки и кыпчаки. 
М.,2003, 22-56б. 
10)E-history.kz. ғаламтор сайты. 
11)И. Ю. Крачковский, Арабская географическая литература, 197-198б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет