Курстың мақсаты мен міндеті



бет6/23
Дата01.04.2022
өлшемі71,83 Kb.
#29585
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Дәріс

Дәріс барысы

Баланың ой-өрісін кеңейту, ақыл-ойын дамыту, мінез-құлқын, еркін тәрбиелеу тәрбиешінің сөзі арқылы іске асырылады. Балабақшадағы тәрбиеленетін балалардың сөздік қоры, сөйлеу мәнері тәрбиешіден еліктеу арқылы қалыптасады. Сөз мәнерінің қалыптасқан үлгісі тілдік тәсілдермен сөз шеберлігін дәл орнымен қолдана білу деген сөз. Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған халық ауыз әдебиетінің үлгілерінің бірі “Бесік жырында” айтылған тілек, ақыл-қасиеттер, халықтың нені аңсағанын айқын көрсетеді. “Бесік жырының” уақыт өтісімен заман талабына сай мазмұны толықтырылып, өнегелі шумақтар да қосылып отырылады. Сондықтан да “Бесік жыры” халық ауыз әдебиетінің алтын дәні бола тұрып сәби құлағына ең тұңғыш рет ана сүтімен енген тілінің әуезді үні болып есептелінеді. “Бесік жырынан” кейінгі басты орын алатын тәрбиелік мәні үлкен жыр “Тұсау кесу” жыры. Сәби есейген сайын оған қойылатын талап-тілектер де күрделене түседі. Мысалы, “Бөбектің тілегі” деген халық жырында игі тілекті баланың өзіне айтқызу арқылы баланы еңбекқорлыққа тәрбиелейді.

Халақ ауыз әдебиетінің қай үлгісі болсын мектеп жасына дейінгі балаларды ана тілнде дұрыс мәнерлеп сөйлеуге тәрбиелейді. Ал мәнерлеп оқу дегеніміз – көркем сөз өнерінің бір тармағы. Көркем сөз бенен мәнерлеп оқудың ұқсастығы екеуінің де шығармашылық тақырыбына айтайын деген ойына көңіл бөліп, автордың көзқарасын тыңдаушыға түсінікті етіп жеткізе білу. Яғни шығармашылық толық мазмұнын ұғындыру.

Айырмашылығы: Көркем сөз оқу өнерінің мақсаты – сахнада көркем сөз оқитын артист даярлау болса, мәнерлеп оқудың мақсаты – жас бүлдіршіндерге эстетикалық тәрбие беру құралы болып қызмет атқару.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет