Тыныс алудың үш түрі бар:
Көк ет арқылы
Көкірек арқылы
Қабырға арқылы
Ал сөйлеу кезіндегі тыныс алу ерікті және еріксіз болып екіге бөлінеді.
Еріксіз тыныс алу дегеніміз – демді ішке жұту, дем шығару, шұғыл кідіріс жасау. Бұл кәдімгі күнделікті сөйлеу процесінде болады.
Ерікті тыныс алу дегеніміз – демді ішке тарту, кідіріс жасау және дем шығару. Тыныс алудың бұл түрі көркем шығарманы мәнерлеп оқуда, айтуда қолданылады. Тыныс алудың осы түрлерін меңгергеннен кейін тәрбиеші дауысты дұрыс сақтаудың төмендегідей ережелерін білуі керек:
Әркім өзінің табиғи дауысымен сөйлеуі тиіс. Айқалап қатты сөйлеуге болмайды.
Ұзақ сөйлеуге немесе өлең айтуға болмайды.
Тамақты суықтан сақтану керек.
Мұрын жолының ауруларынан сақтау керек.
Әр адамның өзіндік дауысы болады. Соған байланысты әр адамның дауысының өзіндік айрықша ерекшеленуі дауыстың биіктігі немесе ырғағы деп аталады. Ал дауыстың мәнерлеп сөйлеу кезінде жоғары, орташа, төмен ырғаққа жеңіл ауыса алуын дауыстың икемділігі деп атайды.
Тәрбиеші өз сөзінің анық, айқын балаға түсінікті болуына көңіл бөлуі тиіс. Өйткені тәрбиеші сөзі балаларға басты үлгі болып есептелінеді. Сондықтан тәрбиеші мәнерлеп сөйлеудің тәсілдерін, орфоэпияның ережелерін мұқият білуі керек. Әр тілдің өзіне ғана тән дыбысталу заңдылықтары сол тілді дербес тіл етіп тұратын белгілердің бірі. Мысалы, алдыңғы сөз А, Е, Ы, І дауысты дыбыстарына аяқталып тұрса, сол сөзбен жалғасып айтылатын келесі сөздің басқы Қ, К дыбыстары айтқан кезде ұяңдап Ғ, Г дыбыстарына айналады. Мысалы, бала, кезде. Менді қыз немесе Ұ, Ү, О, Ө еріндік дауыстылары айтылған кезде өзінен кейінгі буындағы Ы, І, Е дыбыстарын өздеріне икемдейді. Мысалы, Үміт – үмүт, үлгі – үлгү, күміс – күмүс, құлын құлұн.
Орфоэпиялық заңдылықтардың ішіндегі басты ережелердің бірі – элизия. Қатар келген екі дауысты дыбыстардың бірінің түсіріліп айтылуы осы құбылысқа жатады. Мысалы, Сарыарқа – Сарарқа т.б. редукция – сөз ортасындағы кейбір дауысты дыбыстардың айтқан кезде көмескіленуі. Мысалы, Әділет – Дәрігер, Протеза – айтқан кезде сөздің алдына дыбыс қосылып естілуі. Мысалы, Риза – ыриза, рең – ірең т.б.
4. Оқушылардың сөздік қорын дамытудың мазмұны мен міндеттері
Мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын дамытудың мазмұны мен міндеттері туралы түсінік беру
Жоспары:
Оқушылардың сөздік қорын дамытудың мазмұны
Оқушылардың сөздік қорын дамытудың міндеттері
Дәріс барысы:
Сөз – тіл білімінің барлық саласының негізгі зерттеу объектісінің бірі болып табылады. Бірақ тіл білімінің әр саласы сөздің бір қырын ғана өз объектісі етіп алады да, өз заңдылықтары негізінде сөз етеді. Бұл сөздің күрделі құбылыс екеніндігін білдіреді. Тілдегі сөздер бір-бірімен дыбыстық ерекшелігі мен морфологиялық құрамы жағынан да қилы-қилы. Мәселен, Жомарт кеше Алматыдан жүрдек поездбен келді, деген сөйлемдердегі сөздерді жеке-жеке алып қарасақ, дыбысталу жағынан да, морфологиялық тұлғасы жағынан да, керек десеңіз, сөйлемдегі атқарылып тұрған қызметі мен орын тәртібі жағынан да түрлі-түрлі. Осындағы сөздерсіз ешқандай ой пікір құруға болмас еді.Сол сияқты тілдің грамматикалық заңдарынсыз айтылатын ой түсініксіз, әрсіз болар еді. Сондықтанда бұлардың әрқайсысына тән ерекшелігімен қызметі бар негізгі элементтер екендігін көреміз.
Сөздерді фонетикалық, грамматикалық жақтан талдау мүмкін болғанымен, сөздердің барлық қасиеттерін грамматикалық белгілері арқылы ашылу мүмкін емес. Фонотиканың ең кіші элементі болып саналатын морфема болсын – барлығы да сөз бойынан табылатын нәрселер. Сөз мағынасы, оның даму заңдылықтары, синоним, онтоним сияқты құбылыстарда сөздерге тән заңдылықтар. Дегемен осы ата аталған қаситтерді жеке – жеке өмір сүретіні анық, бірақ олар бірігіп қана сөз жасай алады. Екінші сөзбен айтқанда, дыбыссыз сөз болмайтындығы сияқты, грамматикалық жақтан тұлғаланбаған сөздер болмайды. Сөз болуы үшін дыбыстық,грамматикалық формалардың болуы жеткіліксіз. Жоғарыда аты аталған белгілері сөз элементтері деп аталуы үшін сол белгілер мен бірге, лексикалық мағынасының да болуы шарт. Жалаң лексикалық мағынаның грамматикалық мағынамен байланысын, астасып жататындығын, олардың өмір сүру формасы тек дыбыстық тіл болатындығын ескеріп талдау жасайтын болсақ, онда сөз мәселесінің қаншалықты қиын, күрделі екендігін дәлелдеп жатпай-ақ көз жеткізуге болады. Тіпті сөзге көпшілік тілші ғалымдар мойындаған ғылыми анықтаманың да берілмегендігін айтудың бұл мәселенің қаншалықты қиын екендігін көрсетеді.
Көптеген оқулықтарда «Сөз мағына мен дыбыстардың бірлігі» деген анықтама берілген. Ой елегінен өткізе зерделесе, шындығында сөздің құрамында мағына мен дыбыстың болатыны даусыз. Дыбысталусыз сөз болмайтын сияқты, мағынасыз да сөз болмайды. Бірақ бұл анықтама сөздердъің барлық қасиеттерін анықтап бере алмайды, өйткені бір сөздің мағынасы тіл-тілдерде әртүрлі сөз арқылы беріледі. Сондай-ақ бұл анықтама сөздердің көп мағыналы қасиеттімен синоним, антоним сияқты тілдік құбылыстардың басын ашып бере алмайды. І. Кеңесбаев «Сөз – дыбыстар мен мағынаның тұтастығы, ақиқат заттың, құбылыстың жиынтық белгісі», - деп, сөз
дің мағынасын күрделендірген.
Жас балаға тіл үйреткенде дайын сөздерді мағына мен дыбыстар бірлігін үйретеміз де, оған біртіндеп мағынаны ажыратуды көрсетеміз.Екінші сөзбен айтқанда, тіл не жаңа сөз үйренгенде әр адам жаңа тіл не жаңа сөз жұмсайды, ертеден келе жатқан ата-бабадан мұра болып берілетін даяр форманы қабылдайды, біртіндеп оны үйренеді. Тіл үйренгенде үйренуші бала сөздің жеке фонемалық көтерілгенде ғана сөздің тұлғасына, байланысу тәсіліне, сөздердің сөйлемдегі орын тәртібіне, тағы басқаларына көңіл аударады.
«Сөз» деген ұғым мектеп жасына дейінгі балаларға үйретіле бастайды. Бала – бақшаларда аталмыш тақырыпта балаларға кез келген заттарды көрсету арқылы үйретіледі. Мысалы, мынау – орындық, анау – парта, бұл – кітап, ол – қалам тағы бақа. Осындай мысалдар келтіріп, әрбір заттың, құбылыстың аты «сөз» деп аталатындығы түсіндіріледі. Тәрбиешінің мұндағы көздеген мақсаты - әрбір сөздің жеке-жеке ұғымды білдіру, түсіндіру, әрбір заттар мен құбылыстардың атауы «сөз» деп есептелетіндігін ұғындыру.
Айналадағы заттар мен санамызға, ойлау мүшелерімізге өзінің бейнесін, сәулесін түсіріп, ұғымпайда етеді. Ұғым арқылы танылған зат пен құбылыстарға шартты түрде атау беріледі. Ол атау жеке сөз, сөз тіркестері арқылы жасалады. Сөз мағына арқылы ақиқатты бейнелейді. Мағына болмаған жерде сөз де өмір сүре алмайды. Сөз бір тектес зат пен құбылыстардың жеке атауын білдірумен бірге, олардың жалпылауыш атын да танытады.
5.Оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйрету
Мақсаты: Оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің түрлер мен олардың ерекшеліктерін меңгерту
Диалогты сөйлеу екі немесе бірнеше адамның тікелей қарым-қатынас жасауы. Бұл – сөйлеудің қарапайым түрі. Біріншіден, диалог – қуатталып отыратын сөйлеу. Тыңдаушы әңгіме үстінде түсінбеген нәрсесін анықтау мақсатында қолма-қол сұрақ қояды. Бұл жағдайда сөйлеушінің өз ойын түгел айтып беруіне, сөз болып отырған затқа қатынасын білдіруіне және тыңдаушыға сөзін толық түсіндіре алуына мүмкіншілік туады. Екіншіден, диалог сөйлеушілердің әлденеге тебіреніп сөйлеп, бір-бірін еліктіріп әкету жағдайында өтеді.
Әңгіме болып отырған ұғымды түсіндіруге сөйлеушінің мимикасы мен понтомимикасы жәрдем береді, сөйлеушінің көз нұры, қабақ қозғалысы, күлкісі, жымиюы, даусының интонациясы т.б. шаралар – оның айтқан пікірін тыңдаушылардың түсінігін жеңілдетін фокторлар. Мұндай шаралар сөздің мағынасын тереңдетуге, кейде тіпті ол мағынаны өзгертіп жіберуге де әсер етеді.
Диалогты сөйлеу синтаксистік құрамы жағынан жай, толымсыз, сұраулы және лепті сөйлемдер мол қамтылады. Сөз тптарынан одағай шылаулар көп кездеседі.
Сөйлеудің анағұрлым күрделі түрі – монологтік сөйлеу. Монологті сөйлеу дегеніміз – бір адамның өз ойын, пікірін ұзақ уақыт жүйелей, сабақтай баяндауы. Ол баяндама, әңгіме ұзақ сөйлеу формасында көрінеді. Монологты сөйлеу диалогты сөйлеу негізінде дамиды. Диалогтың сөйлеуде бір сөйлеуші хабарлап отырған материалдың көмегімен ұлғаюы біртіндеп жаңа сапаға жеткізіледі, яғни монологты сөйлеуді туғызады.
Монолог сөзге тән кейбір психологиялық ерекшеліктер:
монолог алдын-ала даярлықты тілейді.Белгілі жоспар құрып, сөйлеуші өз сөзін басшылыққа алып, ой-пікірін жүйелі баяндауға тырысады. Монолог ой жүйесінің бұзылғанын көтермейді;
монологтың мағыналы жағы мен оны тыңдаушысын баурап алатын тартымдылығы жағынан қатаң талаптар қойылады;
монолог сөз адамға әсер ететін сөздің мәнерлілігін (сөзді мәнісіне келтіріп айту) көбірек қажет етеді; монлогты құрайтын сөйлемдер грамматикалық талаптардан ауытқымайды.
Монологты сөйлеу диалогты сөйлеуге қарағанда сөздің мағыналық жағын сапалық жағынан елеулі өзгерістерге ұшырайды. Монологты сөйлеу – байланысты, тұжырымды болып, логикалық ойға қойылатын дәйектілік сияқты талаптарға бағынады.
Монолог сөйлеудің қарқыны мен үніне бірқатар талаптар қойылады. Диалогта аңғарылмайтын шапшаң сөйлеу, міңгірлеу, бірсарындылық монологта аса айқын байқалып тұрады. Монологтың мағыналық жағы оның иыңдаушысын баурап алатын тартымдылығымен ұштасу қажет. Тартымдылық дауыстың әсерлі болуын қалайды.
Мектеп табалдырығын енді аттаған бала монологты сөйлей алғанмен, монологты сөйлеуге күнделікті оқу-тәрбие жұмыстарында үйренеді.Мектепте түрлі бағдарламалар жасау, сыныпта газет шығару, мазмұндама, шығарма жаздыру, сахнада өнер көрсету, оқыған кітаптар жөнінде пікір алмасу, мектеп жиынына дайындалу, мектеп радиосында сөйлеу т.б. жұмыстарды орындау барысында монологтысөйлеу машықтары қалыптасып, беки береді.
Қоғам өзінің даму деңгейі жоғарлаған сайын өз қажеттілігін қанағаттандыратын сөйлеу түрін дүниеге келтіреді. Сондай сөйлеудің ерекше түрі – жазбаша сөйлеу. Ұлы ұстаз А.Байтұрсынов «Біздің заманымыз – жазу заманы, жазу мен сөйлесу ауызша сөйлеуден артық дәрежеге жеткен заман», - деп бекер айтпаған. Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеуге қарағанда күрделі процесс. Ол – сыртқы құрылысы мен қызметінің тәсіліне қарай ауызша сөйлеуден құбылыс.
Жазбаша сөйлеудің қиындығы мынада:
Диалогті сөйлеу екі немесе бірнеше адамдар арасында болса,жазбаша сөйлеу - әңгімелесуші, пікір алысушысы жоқ деп ақө қағаз арқылы өзмен-өзі не қиялдағы адамымен сырласуға бағытталған сөйлеу.
Жазбаша сөйлеу ойлаудың мазмұнын тілдің бұрыннан қалыптасқан дыбыстық жүйесімен емес, тілдің гафикалық таңбалары арқылы беріледі. Міні, сондықтан көрнекті психолог А.С. Выготский жазбаша сөйлеуді – сөйлеудің алгебрасы деп бекер айтпаған.
Оқушының қиындығы мол жазба жұмыстарына қызықтыратын ішкі мотивтерінің қалыптасуы.
Бастауыш сынып оқушыларының ойлауы негізінде нақтылы келеді. Теориялық ойлары әлі қалыптаса қоймағандықтан сөздің логикалық жағына, жазылатын оқиғаның, құбылыстың себеп-салдарлық байланысын дұрыс жазып бере алмайды.
Ауызша сөйлеу мен жазбаша сөйлеу түрлері бір-бірімен тығыз диалектикалық байланыста болады. Өйткені бұл сөйлемдердің физиологиялық негізі бар. Ол ми жарты шаралары қабығындағы екінші сигнал системасының механизмдері. Бірақ ауызша сөйлеудің негізіне есту түйсігі жатады. Сондықтан қазақта «Жыл атасы тұяқ, сөз атасы құлақ» деп бекер айтпаған, ал жазбаша сөйлеуде көру түйсігі мен кинестизиялық түсініктердің атқаратын рөлі ерекше. Мұнан жазбаша сөйлеудің қалыптасуына ауызша сөйлеудегі түсініктердің қатынасы жоқ екен деген ой тумайды.
Адамдар бір-бірімен қарым-қатынасты жоғарыда көрсетілген сөйлеу формалары арқылы жасайды. Бірақ олардың өзіндік ерекшеліктеріде бар. Мысалы, бірден белсенділік (диалог, пікірталас, айтыс т.б.) көрсетеді. Ал жазбаша сөйлеуде қарым-қатынасқа түсу талап етілмейді. Ауызша сөйлеуде айтушымен тыңдаушының ойды, пікірді айту үстінде түсінуді талап етеді. Кең ойланып отыруға, пікір қорытып отыруына ұзақ уақыт берілмейді. Ал жазбаша сөйлеуге жазушының айтпақ пікірін ойланып ұзақ ой елегінен өткізуге мүмкіншілігі бар. Ауызша сөйлеуде, айтқанда екінші рет қайталауға мүмкіншілік бар. Тыңдаушыға әсерлі болуы үшін интонация, мимика (бет қозғалыстары), понтомимика (дене қозғалыстары) т.б. әсерлі қимылдар пайдаланылады. Ал жазбаша сөйлеуде мәтін мазмұнын оқушыларға түсіндіруге арналған мұндай қосымша құралдар жоқ. Міне сондықтан адам ой-пікірін жазбаша түрде бергенде ауызша сөйлеуге қарағанда анық та дәл, кең де жүйлі бере білмесе, түсінуге қиын соғады.
Ауызша және жазбаша сөйлеу тіл материалдарын пайдалану жағынан да айырмашылықтары бар. Ауызша сөйлеу еркін, кейде қалыптасқан тіл нормасынан ауытқитын сөйлеу түрі. Жазбаша сөйлеу – көркем-әдеби, монологты сөйлеу – нормаға түсірілген тұрақты сөйлесу түрі. Жазбаша, ауызша сөйлеуге қарағанда грамматикалық талап – нормаға сай сөйлеу формасы.
Жазбаша сөйлеудің ауызша сөйлеуден тағы бір айырмашылығы: ол синтаксистік, сөздік, жеткізу құралдарының, ерекшелігі мен сөйлеу типі. Ауызша сөулеу синтаксисі құрылысы жағынан жазбаша сөйлеуге қарағанда анағұрлым қарапайым. Онда көбінесе жай сөйлемдер пайдаланады. Мұны сөйлеудің жеткізудің физиологиялық, психологиялық жағдайлармен түсіндіруге болады. Әрбір аяқталған ойды демді алып шығарғанша айтуға тырысамыз. Жазбаша сөйлеуде сөйлемдердің кез келген түрлері, кез келген көлемде қолдана береді.
6. Оқушылардың сөздің грамматикалық құрылымын қалыптастыру
Мақсаты: Оқушылардың сөздің грамматикалық құрылымын қалыптастыру жолдары мен әдістерін меңгерту
Қазіргі жаңартылған бағдарлама бойынша окып жатқан бастауыш мектептерде жүргізілген бақылауларымыздың кортындысы мынаны көрсетті: оку бағдарламасында берілетін білім мазмұнын әдістемелік-психофизиологиялық Тұрғыдан негізделгеніне қарамастан, бастауыш класс оқушыларының бәрі бірдей тиісті дағдыларды меңгере аламаған. Олардың бәрі бірдей өз ойын грамматикалық Тұрғыдан сауатты бейнелеп айтып, немесе жазып бере алмайды. Әсіресе қазақ тілінің момрфологиялық жүйесінен берілетін ұғымдарды өз тарапынан іс жүзінде қолдана алмайды. Нақты айтқанда, тілдің морфологиялық заңдылықтарын жете меңгермеуге байланысты бастауыш класс оқушылары жазу не сөйлеу барысында жіберген қателердің жалпы сипаты төмендегідей болып шықты:
Оқушылар сөздерге жалғауларды өз беттерімен дұрысжалғай алмайды. Мысалы: Мәншүкті Кеңес Одағыныңбатыры атағын берді. Дидардікі етігі кара. Дәптерге қабы жоқ. Ауылда барғанда түйе көрдім. Балдар
бәріміз ойнадым.
Өз беттерінше сөйлеу және жазу кезінде жұрнақтарды дұрыс пайдалану дағдылары калыптаспаған: Иттің кішкентай үйі бар (үйшік деудің орнына). Мысық айбаттады (айбаттанды, айбат шекті деудің орнына).
Оқытылған морфологиялык ұғымдарды сөйлем күрау барысында пайдалана білмейді: Мен айттым Іңкәрға.
Ойнадық Ерболатпен. Бүгін мектепке барамыз бесте.
Сөз құрамы, біріккен сөздер туралы түсіндірілген ұғымдар жазу кезінде ескерілмейді: Таспақа көрдім. Қосмекенді (Қосмекенді) адам туралы кино көрдім.
Ердөстік батыр болған. Мамам шаң солғаш алды.
5. Оқушылар жалпы есім мен жалқы есімді бір-бірімен ажырата білмейді: Жазда қойлар бақтым. Ауылда көлдер бар. Оларда балықтар көп. Балдар суға
шомылады. Малдар су ішеді.
6. Окушылардың сөздік қорын шағын. Білетін сөздерін өз
орнын тауып колдана алмайды, т.б.
Бұл аталған басты - басты себептердің кай-қайсысы да оку бағдарламалары мен окулықтарға емес, негізінен окыту ісіне қатысты.
Қазіргі оқыту ісі барысында колданылып жүрген негізгі әдістер төмендегідей:мұғалімнің сөзі; талдау); жаттығулар орындату; көрнекі құралдарды пайлалану (сызбалар, кестелер, суреттер, компьютер, т.б.); кітаппен жұмыс істеткізу; топсеруен (әтопсаяхат).
Жоғарыда атап өткеніміздей, бастауыш класс окушыларына грамматикалық ұғымдарды меңгертуде тусіндіргенді қайталап айтып беруге (реподуктивті) баулу әдісі ойдағыдай нәтиже бермейді. Бұл әдіске машықтанған оқушылар көбінесе грамматикалық ұғымдарды жаттап, еске сақтауға бейім болады. Ал жаттап алған білім мен дағдының көп уақыт өтпей-ақ үмтылатыны, оқушылардың күнделікті тұрымысында пайдаланбайтыны белгілі. Сондықтан әдіскер-ғалымдар бастауыш кластарда грамматикалық ұғымдарды меңгерту үшін қолайлы әдістемелік жағдайлар жасау қажеттігін көптеп айтып жүр. Мұндай әдістемелік жағдайлардың бірнеше түрі белгілі:
Оқушылардың белсенді ойлау қызметін іске қосу. Бұл
әдісті «проблемалық әдіс» деп те атайды. Кез келген жаңа
грамматикалық ұғымды меңгеру барысында оқушылардың
психо=физиологиялық қабылдау мүмкіндіктеріне карай проблемалық
жағдай туғызу мұғалімінің шеберлігіне байланысты. Әсіресе берілген
грамматикалық ұғымды пысықтау үшін орындалатын жаттығулырды
немесе үлестірмелі қима қағаздарды қызықты әрі түрліше епіп
пайдалануға болады.
Сөзге немесе сөйлемге қатысты оқушылардың саналы
лингвистикалық көзкарасын дамыту. Басқаша айтқанда, оқушыларға
бастауыш кластарға берілетін грамматикалық ұғымдардың бәрі ең
бсаты мақсатқа - олардың өз ойларын дұрыс, әсерлі баяндай білу
қабілетін дамыту мақсатында бағындырылуы қажет. Мәселен, балалар
күнделікті тәжірибесінде өз беттерімен сөйлеу немесе жазу кезінде
заттын сынын білдіретін сөзді сол заттын атын білдіретін сөздің
алдына қою керек екенін іштей біліп отырғаны дұрыс. («Жамилада
қалам қызыл бар» деп емес, «Жамилада қызыл қалам бар» деп).
Өтілген грамматикалық ұғымның айқын және көмескі
белгілерін маңгерту. Мысалы, «Кім? не? сұрақтарына жауап беретін
сөздер» тақырыбын өткенде, окушылар бұл сұрактарды нақтылы
заттардың немесе адамдардың атын білдіретін сөздерге дұрыс қояды да, дерексіз атауларға кездескенде шатасып қалады. Мысалы, уақыт, жел, күн, дауыл, т.б. сөздерді заттын атын білдіріп тұр деп ойлайды.. Немесе «Не істеді? неғылды? кайтті? сұрақтарына жауап беретін сөздер» тақырыбын өткенде, «жатыр, отыр, сүрады, жанды, деген сияқты нақтылы қимыл байқалмайтын сөздерге бұ_л сұрақтарды коймайды. Сондықтан грамматикалық ұғымға қатысты осындай дерексіз сөздердің белгілеріне арнайы тоқталып өту қажет.
4. Жаңа меңгерген грамматикалық ұғымды бұрын өтілген ұғымдар жүйесімен байланыстырып отыру. Бұл әдісті берілген білімді жинақтап отыру әдісі деп айтуға болады. Мысалы, «Сөз таптары» окып үйрену барысында негізігі есімдердің төмендегідей сызбасын оқушылардың естеріне салып койған артық емес.
5. Жаңа грамматикалық ұғымды түсіндіру үшін оқушылардың бұрынғы білімдері мен дағдыларына сүйеніп отыру. Жаңа тақырыпты меңгертудің өткен сабактардағы мағлұматтарды ұмытпауына, оны жаңа ұғыммен байланыстыра білуіне жағдай туғызады. Екіншіден, бұрынғы дағды жаңа тақырыпты игеруді жеңілдетеді.
6. Грамматикалық ұғымдарды көрнекі құралдар көмегімен
меңгерту. Бұл әдісте мұғалімнен ерекше шеберлікті талап етеді.
Тақырыптың сипатына байланысты көрнекі құралдар түрлендіріліп
пайдалану қажет. Бастауыш кластарда тілдің морфологиялық жүйесін
оқытуда қолданылатын көрнекі күралдарды (кесте, сызба, әріптер, не
сөздер кассасы, үлістіремелі қима қағаздар және компьютерге
арналған перфокарталар, т.б.) қолданылуы мақсаттарына қарай үш
топқа бөлуге болады: жаңа тақырыпты түсіндірер кезде балаларға
тілдегі құбылысты байқатуға, проблемалык жағдай туғызуға арналған күралдар; берілген ұғымды пысықтауға , балалардың іс
жүзілік дағдыларын дамытуға арналған кұралдар; берілген грамматикалық ұғымдарды жинақтауға арналған құралдар, т.б.
Көрнекі құралдар кандай мақсатка арналса да, олардың айқын, әдемі, қолдануға ыңғайлы болғаны дұрыс.
Жалпы окушыларға тілдің грамматикалык жүйесін меңгерту балаларды дерексіз ұғымдар туралы ойлауға баулуды талап етеді. грамматикалық ұғымдар дегеніміз - сөздерге, сөз тіркестеріне, сөйлемдерге, қосымшаларға т.б. қатысты белгілерді дерексіздене отырып жинақтап, жүйелеуі. Сондықтан грамматикалық ұғымдарды, оның ішінде тілдің морфологиялық жүйесін оқыту бастауыш класс оқушыларының психо=физиологиялық мүмкіндіктерін анық білуді қажет етеді. Атап айтқанда, олар:
Балалардың қабылдау мүмкіндігінен артық ұғымдарды
түсіндіруге болмайды.
Берілген ұғымды тым қарапайымдандырып, немесе қайта-
қайта түсіндіріп, оқушылардың белсенді таным қабілетіне кедергі
жасауға да болмайды. Мұндай жағдайда олардың сабаққа
қызығушылығы күрт кеміп, белсенділігі төмендейтіндігін психлог
мамандар ашық айтып жүр.
Берілген материалдардың мазмұнына орай, оқушылардың
психо=физиологиялық мүмкіндіктеріне байланысты сабактың
құрылымын, оқыту әдістерін түрлендіріп отыру қажет. Тиімді әдісі
табылмаса, кез келген қарапайым ұғымның өзін оқушылар ауыр қабылдайды, тіпті түсінбеуі де мүмкін. Ал қандай да бір күрделі ұғымды оқушыларға ыңғайлы әдісі тауып жеткізуге болады. Көптеген әдіскер-ғалымдардың дәлелдеп көрсеткеніндей, бастауыш клас оқушылдарына грамматикалық ұғымдарды меңгертудің бір жолы ойын әлементтері бар жұмыс түрлерін көп пайдалану.
Мәнерлеп оқу
Мақсаты: Мәнерлеп оқу туралы түсінік. Мәнерлеп оқу мен көркем сөз оқудың ерекшелігін ұғындыру.
Жоспары:
Мәнерлеп оқудың мақсаты.
Көркемсіз оқу өнері жайлы мәлімет.
Көркемсөз оқу мен мәнерлеп оқудың ұқсастығы, айырмашылығы.
Достарыңызбен бөлісу: |