Мәтін түрлерінің ерекшеліктерін қолдана білу және мағынасын жеткізе білуде қажетті функцияларды пайдалана білу.
Мысалы: баяндау, шағымдану, өтініш білдіру, алғыс айту, қысқарту (бірнеше сөздермен негізгі идеяларға тоқталу), қорытындылау.
Жазылымда қарастырылатын тағы да бір екі аспект- үйлесімділік пен жүйелілік.
Үйлесімділік дегеніміз сөйлеу және жазу тілінде грамматикамен сөздердің логикалық үйлесімде болуы. Ал үйлесімділік құралдары мыналар: үстеулер (кейін, сосын, келесі); есімдіктер (ол, сол, бұл,); шылаулар (дегенмен, әйткенмен, себебі).
Жүйелілік дегенге келетін болсақ, олоқырманға түсінікті болу үшін жазу тіліндегі идеялардың жүйелі және логикалық дұрыс байланыста болуы.
Белгілі бір жазылымды толық орындау үшін бірнеше қадамдар жасалады: Әуелі жазғың келетін нәрсені анықтап алу.
Ойыңды дұрыс жеткізуді жоспарлау
Бірінші нұсқасын (өзгертілуі мүмкін жазылым түрі) жазып көру
Түзету ( қателерді түзету және мазмұнын толықтыру)
Тексеріп шығу (сауаттылыққа тексеру және түзеу)
Дұрыс нұсқаны (екінші немес соңғы нұсқаны жазып шығу) жазу.
Жазылымды үйретудің бірнеше жолдары бар. Солардың ең бастылары продуктивті жазылым және процесті жазылым.
Егер үлгі беру арқылы жазылымды үйретсек, мұны продуктивті жазылым деп атаймыз. Яғни мұғалімдер жазылым түрлерінің үлгісімен таныстырып, мәтінімен жұмыс жасатуы керек. Белгілі бір жазылым үлгісі оның мазмұнымен, лексикасымен, стилімен және құрылысымен таныс болуға көмектеседі. Сонымен қатар үлгілер оқушыға қалай жазуы керек туралы идеяны да береді.
Ал егер де тәрбиеші оқушыларға жазылымның барлық қадамдарымен жұмыстануды қамтамасыз етсе, бұл процесті жазылым деп аталады. Толығырақ айтқанда, жазылымды жоспарлаудан бастап, алғашқы нұсқасын жаздырту, түзету, тексеруге дейін оқушыларды жұмыстандыру. Бұл оқушыларға жазылымның әртүрлі аспектілерімен әртүрлі уақытта жұмыстана білуге дағдыландырады. Мысалы, жоспарлау кезеңінде идеяларды ойлап табады және ұйымдастырады, алғашқы нұсқасын жазу кезеңінде өз ойларын жеткізу үшін қажетті сөздерді, сөйлем құрылымдарын іздейді, түзету және тексеру кезеңінде жазылымның ұйымдастырылуы, сауаттылығы, ондағы идеяларды бағалауға мүмкіндік береді, яғни өз жұмысының артықшылығы мен осал тұстары туралы ойлануға мүмкіндік береді.