Курстың мақсаты



бет17/70
Дата19.12.2023
өлшемі296,11 Kb.
#140865
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   70
Байланысты:
ob4vToOUGJ78KD5vbwAkF92paZ2tUkcxOW9ZclUt

1. Іс-әрекет туралы түсінік
Адамның психикалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді.
Іс-әрекет әрекеттер тізбегінен тұрады. Әрекет дегеніміз - түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. Адам әрекеті сан-алуан. Оның негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі бір мақсат-міндеттерге бағытталып отыратындығында және жас мөлшеріннің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде.
Іс-әрекеттің әдеттпен қоса дағды, икем (ептілік), әдет деп аталатын компоненттері бар. Дағды дегеніміз - жаттығу, үйрену нәтижесінде қалыптасатын іс-әрекеттің автоматталынған құрамы. Ептілік дегеніміз - бұл білімдер мен дағдылардың нақты әрекетте көрінуі. Әдет - қандай да бір әрекетті орындауды қажетсіну немесе адамдық қасиетке айналдыру.
Іс-әрекет – жалпы адамзаттық тәжірибе негізінде саналы белгіленген мақсаттарға жету арқылы болмысты игерудің адамдық әдіс-тәсілдері.
Адамның қандай да әрекеті белгілі сеп-түрткілерден болады да нақты мақсатқа бағдарланады, сонымен бірге ол арқылы түрлі, мәселелер шешімін табады әрі адамның қоршаған ортаға болған қатынас, көзқарасын танытады. Іс-әрекет сананың барша қызметін, толықтай көңіл-күй толғаныстарын өз ішіне қамтиды. Әрбір адамдық қарапайым әрекет, яғни адамның нақты тән-денелік әрекеті – міндетті түрде қайсы бір психологиялық әрекетпен, әрекеттегі адамның басқаларға, қоршаған ортаға қатынасын білдіруші ауқымды күйзеліс-қуаныштары және бағаларымен бірлесе жүреді.
Іс-әрекетте қалыптасып, психика мінез-құлықта белгі береді.
¤зіндік іс-әрекеттің дерек-мәнін түсіну оның орындалу шарт, жағдайларына өзгерістер ендіреді, нәтижеде оның жалпы жүрісі мен сипаты жаңа өң алады; іс-әрекет сыртқы тітіргендіргіштерге жауап қимылдардың қарапайым бірігімі болып қалмастан, ол енді басқаша реттелуге түседі: іс-әрекет өзіне арқау болған физиология заңдылықтары тұрғысынан түсіндірілмей, психологиялық заңдылықтар биігінен айқындалуды қажет етеді.
Сана адам іс-әрекетін сырттай басқаратын тысқы орта күші емес. Ол іс-әрекеттің алғышарты, сонымен бірге оның нәтижесі де.
Сананың әрқилы денгейлері мен типтері сонымен бірге әрекет-қылықтың да түрлі деңгейлері мен санқилы типтерін білдіреді (бейсана жауап қимылдар, түсінімді әрекет, әдет қылықтар). Сана дамуындағы сатылар әрекеттің не мінездік қылықтың ішкі табиғатындағы өзгерістерді аңдатады, ал ішкі табиғи өзгеріс іс-әрекеттің сырттай шынайы өту психологиялық заңдылықтарына ықпал жасап, оларды өзгерістерге келтіреді. Осыдан, сана құрылымын өтіп жатқан әрекеттің сыртқы, шынайы көрінісімен анықтауға, түсіндіруге болады.
Сонымен, сана мен іс-әрекеттің не мінездік қылықтың бірлігі сана мен болмыстың не тұрмыстың, субъект пен объекттің бірлігіне негізделеді. Ал сана осы бірліктің мазмұнын жанама күйге келтіреді. Нысанға деген бір қатынастың өзі санаға да, әрекет-қылыққа да себепші болады, бірі – психикалық бейне (ой) пайда етсе, екіншісі – заттасқан әрекетке жұмылдырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   70




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет