Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық
82
және саяси дамуы (1991-2008 жж.).
1.
Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы және ТМД-ның құрылуы.
2.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы.
3.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы.
4.
Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси дамуы.
5.
Қазақстан - әлемдік қауымдастықта.
1. Қазақстанның тәуелсіздігінің жариялануы және ТМД-ның
құрылуы.
КСРО-ның құлауының басты себептерінің бірі – экономикалық дамуда артта
қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы,
сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің
төмендігі еді. Сонымен қатар, соғыстан кейінгі жылдары КСРО АҚШ-пен әскери бәсекеге
түсіп және капиталистік елдермен әскери-стратегиялық тепе-теңдікті сақтау үшін қорғаныс
ісіне аса көп қаржы шығарды. 1950-1990 жылдар арасындағы 40 жылда әскери шығын 20
триллион долларға жеткен. Мұндай зор шығындар экономиканы орасан зор зардаптарға
ұшыратты.
Қазақстан экономикасының артта қалуы және ондағы кемшіліктер туралы 1986 жылдан
бастап ашық айтыла бастады. 12-бесжылдықта (1986-1990 жж.) республика экономикасын
қайта құру мүмкіндіктері іздестірілді, жаңа идеяларды іске асырудың жолдары
қарастырылды. Мұның өзі бесжылдықта ұлттық табыстың өсуінде, әлеуметтік ахуалды
жақсартуда, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде кейбір табыстарға қол жеткізді.
Дегенмен қоғамдық өндіріс көлемі қойылып отырған талаптардың деңгейінен көп
төмен жатты. Оның негізгі себебі басқарудың әкімшіл-әміршіл жүйесінің икемсіздігіне
байланысты еді. Ең бастысы өндірістің тиімділігін арттыруда экономикалық тетіктер жете
пайдаланылмады, оның толып жатқан көздері іске қосылмады. 1990 жылдың орта шенінде
өнімнің өсу қарқынының бұрынғы жылдармен салыстырғанда мықтап құлдырағаны
байқалды. Дағдарыс экономиканың барлық салаларын қамтыды. Ол саяси-әлеуметтік
жағдайға теріс әсерін тигізе бастады. Көмір алқаптарындағы кеншілердің, металлургтердің
тұрмыс дәрежесі мейлінше төмендеді. Осыған орай, олар өздерінің наразылығын ашық
білдіре бастады. Кеншілер ұжымдарының еріктілігін, шығарылған көмірдің кейбір бөлігін
өздерінің қалауынша сатып, қажетті тауарларға айырбастап алып отыруға мүмкіндік берілуін
талап етті.
Экономикалық дағдарыс республиканың өнеркәсіп өндірісінің көптеген салаларын
қамтыды. Оларға қажетті жабдықтар жетіспеді. Әсіресе, халық тұтынатын тауарларды өндіру
нашар жағдайда болды. Қажетті материалдардың жеткіліксіздігінен күрделі құрылыстың
қарқыны баяулап, жоспарлар орындалмады.
Осындай күрделі жағдайда Республика экономикасын нарықтық қарым-қатынас аясына
шығару мақсатымен 1991 жылдың ақпан айында Жоғарғы экономикалық кеңес құрылды.
Оның құрамына енген белгілі экономист Г.Явлинский, АҚШ-тан келген доктор Бэнг тағы
басқа ірі экономист мамандар республика экономикасына нарықтық қатынастарды енгізудің
мүмкіндіктерін іске қосу мәселесімен шұғылданды.
Қазақстанда мемлекеттік меншікпен қатар жеке меншіктің жаңа формалары –
акционерлік
қоғамдар,
жалдық
және
кооперативтік
кәсіпорындар,
фермерлік
шаруашылықтар, біріккен кәсіпорындар, түрлі қауымдастықтар мен бірлестіктер қалыптаса
бастады. 1991 жылдың ортасында республикада 35 біріккен кәсіпорындар, 16 сыртқы
экономикалық қауымдастықтар, халықаралық коммерциялық банк жұмыс істеді.
83
Дегенмен, әртүрлі себептерге байланысты бірінші кезекте Кеңес Одағы
республикаларының бір-бірімен біте қайнасып, бірігіп-кірігіп кеткен шаруашылық қарым-
қатынасының бұзылуына байланысты Қазақстанда экономикалық қиындықтар күшейді. 1991
жылдың қорытындысында қоғамдық өнім шығару соның алдындағы жылмен салыстырғанда
7,2%-ке, ұлттық табыс 10%-ке, еңбек өнімділігі 5,4%-ке төмендеді. Тұтыну-сауда
саласындағы жағдай шиеленісе түсті. Жеке сауда тауар айналымының ерекше қысқаруы
“көлеңкелі” экономиканың кеңінен өрістеуіне, халықтың тұрмыс дәрежесінің одан әрі
төмендеуіне алып келді. Елде ақшаның құны түсіп кетті. Құны жоқ қағаз ақшаның көлемі
1991 жылы 1990 жылмен салыстырғанда 4,5 есе өсіп 8,7 миллиард сомға жетті, оның 3
миллиарды 1991 жылдың соңғы екі айында шығарылды. Республиканың мемлекеттік қарызы
7,8 миллиард сомға дейін өсті. 1991 жылы Қазақстандағы барлық кәсіпорындар мен
ұжымдардың 11%-і шаруашылық жылын шығынмен аяқтады. Халық тұтынатын тауарлар
азайды.
Өнеркәсіп тауарларына бағаның айтарлықтай қымбаттауы аграрлық сектордың
жағдайын едәуір қиындатып жіберді. Соның салдарынан, егер 1991 жылы ауыл шаруашылық
өнімдерін сатып алу бағасы 1,5-3 есеге дейін өссе, ауыл шаруашылығына қажетті механизм
мен машиналарды сатып алу бағасы одан бірнеше есе асып түсті. Оның үстіне ауыл
шаруашылық өнімдерін өндіру біраз төмендеді. Оған 1991 жылғы болған қуаңшылықтың
үлкен зардабы тиді. Нәтижесінде жоспарланған астықтың тең жартысы ғана алынды, мал
шаруашылығын жеммен қамтамасыз ету 60-65%-тен асқан жоқ. Соның салдарынан
республикада ет, сүт, жұмыртқа сатып алу деңгейі төмендеді. Бірқатар облыстарда малдың
саны азайды. 1991 жылы 1990 жылмен салыстырғанда ауыл шаруашылық өнімі 8%-ке, еңбек
өнімділігі 11%-ке төмендеді. Мемлекетке небәрі 3,2 миллион тонна астық сатылып, бұл
барлық жиналған астықтың тек 27%-ін ғана құрады. Колхоздар мен совхоздардың қаржы
жағдайы нашарлап, экономикалық тиімсіз шаруашылықтардың саны 5 есеге дейін өсті.
Халық шаруашылығына жұмсалған қаржының барлық көлемі 1990 жылмен
салыстырғанда 7%-ке азайды. Іске қосылуға тиісті 57 халық шаруашылығы объектілерінің
тек 30-ы ғана бітіп, оның есесіне аяқталмаған құрылыстар саны 1,4 есеге көбейді. Оған
жұмсалмай қалған қаржы 1991 жылдың аяғында 17 миллиард сомға жетті. Транспорт
бойынша 1990 жылмен салыстырғанда жолаушыларды тасу 8%-ке қысқарды. Шет елдерге
бұрынғысынша шикізат, жартылай өңделген материалдарды шығару басым болды. Оның
60% қара және түсті металлургия өнеркәсіп өнімдерін құрады. Есесіне республика басқа
жерлерден бұрынғыша машина жасау өнеркәсібіне қажетті жабдықтардың 250-ден астам
түрлерін, 13% көлемінде халық тұтынатын тауарларды, сондай-ақ тамақ өнеркәсібіне керекті
материалдар мен шикізатты алдырды.
Мұндай жағдай өзге республикаларда да орын алды. Осыған байланысты Кеңес Одағы
елдерінде ұлттық толқулар күшейді. Сумгаиттегі, Таулы Карабахтағы, Вильнюстегі,
Ферғанадағы оқиғалар ұлттық мәселелерді шешудің ешқандай бағыт-бағдары жоқтығын
айқындады. Кеңес басшылары ұлт мәселесінің байыбын терең түсінбеді, ұлтаралық
қатынастар мен оны шешудің жолдарын нақты көрсетіп бере алмады. Сондықтан бірқатар
ұлт республикалары Одақтан бөлініп шығу, өздерінің егеменді мемлекет болуы жөніндегі
талаптарын қойды. Міне, осының нәтижесінде 1988 жылдың қараша – 1989 жылдың мамыр
айлары аралығында Балтық жағалауындағы Эстония, Литва, Латвия республикалары
өздерінің егемендігі туралы алғашқы құжаттарын қабылдады. Сөйтіп, олар КСРО құрамынан
шығып, жеке тәуелсіз мемлекетке айналды. Осыдан кейін, көп кешікпей-ақ, яғни 1989-1990
жылдары егемендік туралы Декларацияны КСРО-ның басқа республикалары да қабылдады.
Елдегі мемлекеттік өкімет билігі жүйесі мен экономиканың шұғыл күйреуі жағдайында
1990 ж. 25 қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы
Декларация қабылдады.Бұл Декларацияда негізінен мына мәселелерге мән берілді: КСРО
мен ҚазКСР арасындағы қатынас келісім-шарт негізінде жүзеге асады; Республика
әкімшілік-аумақтық құрылымға, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени-ұлттық
құрылыстарға байланысты барлық мәселелерді дербес шешеді; Республика өз аумағында
84
Қазақ КСР заңдарын бұзатын КСРО заңдарының қолданылуын тоқтатуға құқылы;
Қазақстанның өз шекарасындағы аумағына қол сұғылмайды, бөлінбейді және оның
келісімінсіз өзгертілмейді; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің келісімінсіз оның аумағында басқа
мемлекеттердің әскери құрамалары, олардың әскери базалары орналаса алмайды; Қазақстан
өзінің дербес ішкі әскерін, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздік органдарын ұстауға
құқылы. Қазақ КСР халықаралық қатынастарда дербес, өзінің мүдделеріне сай сыртқы
саясатын жүргізеді. Декларацияның жаңа одақтық шарт жасасу және Қазақ КСР жаңа
Конституциясын қабылдау үшін негіз болып табылатындығы туралы арнайы бапта
көрсетілді. Егемендік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын
шапшаңдатты, мұның өзі елдегі болып жатқан оқиғалармен тығыз байланысты еді. 1991
жылдың ортасынан-ақ Қазақстан басқа республикалармен бірге іс жүзінде орталыққа
оппозицияда болды. Қазақстанның бастамасы бойынша Белоруссиямен, Украинамен,
Ресеймен және басқа республикалармен бір-бірінің егемендігін, қалыптасқан шекараларды,
орнатылып жатқан өзара пайдалы экономикалық байланыстарды мойындау туралы екі
жақты келісімдер жасалды. 1990 жылы желтоқсанда төрт республика – Ресей, Украина,
Белоруссия және Қазақстан егеменді мемлекеттер одағын құру туралы инициатива көтерді,
Новоогарев келісімін талдап жасау жөніндегі бірлескен жұмыс басталды.
1991 ж. 18-21 тамыз аралығындағы «Тамыз бүлігі» бұл жұмысты үзіп жіберді. КСРО
вице-президенті Г.И. Янаев, КСРО премьер-министрі В.С. Павлов, КСРО Мемлекеттік
Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы В.А. Крючков, КСРО Ішкі істер министрі Б.К. Пуго, КСРО
Қорғаныс министрі Д.Т. Язов, КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы А. Лукьянов, т.б. 18 тамыз
күні Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитет (ТЖМК) құрып, елдегі барлық
билік осы ұйымның қолына өтетіндігін мәлімдеді. Бұл іс жүзінде Кеңес Одағындағы ескі
мемлекеттік билік пен қоғамдық қатынастарды сақтап қалу мақсатында Мәскеуде
ұйымдастырылған төңкеріс еді. Осы кезде Қырымда (Фороста) болған КСРО президенті
М.С.Горбачевтың сыртқы әлеммен байланысын үзіп тастаған ТЖМК мүшелері оны өз
қызметін атқаруға денсаулығы жарамайды деп хабарлады. Бұл төңкеріс 20 тамызда қол
қойылуға тиіс «Егеменді мемлекеттер одағы туралы шартқа» қарсы бағытталды. Ол шарт
Кеңестер Одағына кіретін республикаларға бұрынғыдан әлдеқайда көп дербестік беретін.
Тамыз бүлігінде елде қалыптасып келе жатқан демократия нышандарын тұншықтыру және
нарықтық қатынастардың орнығуына жол бермеу арқылы елдегі әміршіл-әкімшіл жүйені
сақтап қалу көзделді. Төтенше жағдайлар жөніндегі Мемлекеттік комитеттің № 1 қаулысына
сай саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық қозғалыстардың қызметі
тоқтатылатын болды және митингілер мен демонстрациялар өткізуге, көше шерулеріне,
ереуілдерге шығуға тыйым салынды. Тамыз бүлігіне қарсы күресті Ресей президенті Б.Н.
Ельцин басқарды. Оны Мәскеу қаласының мэрі Г. Попов, Ленинград облысы мен қаласының
басшысы А. Собчак, КОКП басшыларының бірі А. Яковлев, Э. Шеварднадзе және т.б.
қолдады. Төңкерісшілерді жоғары шенді әскерилер мен партиялық номенклатураның шағын
бөлігі ғана қолдады. Бұл өз кезегінде тамыз бүлігінің көп ұзамай басылуына алып келді.
Мәскеудегі жұртшылық шеруге шығып, тамыз бүлігін айыптады. 21 тамыз күні Ресей үкіметі
жіберген ұшақпен Горбачев Мәскеуге жетті. Ол елдегі басшылықты қайтадан қолына алды.
ТЖМК мүшелері тұтқынға алынып, үстерінен қылмыстық іс қозғалды.
Тамыздағы мемлекеттік төңкерістің болуымен және орталықтың ешқандай ымыраға
келмеуімен байланысты одақтас республикалардың жетекшілері бұған дейін жүргізіп келген
келіссөз талаптарынан бас тартты. Ол КСРО-ның күйреуін және бұрынғы одақтас
республикалардың, оның ішінде Қазақстанның егемендік алуын шапшаңдатты. КОКП, оның
бір бөлігі Қазақстан Компартиясы тарихи аренадан кетті.
1991 ж. 8 желтоқсанда Белорусь, РСФСР және Украина республикаларының
басшылары Минск қаласында (Беловеж нуы) кездесіп, мәлімдеме қабылдады. Онда саяси
одақ тұйыққа тірелді, сондықтан республикалардың Одақтан шығуы объективтік процесс
және тәуелсіз жеке мемлекет құру шынайы факті болып отыр деп көрсетілді. Себебі,
орталықтың жүргізіп отырған тоғышар саясаты елді терең экономикалық және саяси
85
дағдарысқа алып келді, халықтың тұрмыс деңгейі төмендеп кетті, қоғамда әлеуметтік
шиеленіс, ұлттар мен халықтар арасындағы қайшылықтар мен қақтығыстар күшейді деп атап
өтілді. Мұның өзі бұрынғы Одаққа кірген мемлекеттердің жаңа одағын – Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығын (ТМД) құруға жол ашты. Бұл құрылым бұрынғы Одақ бойынша
осы кезге дейін алынған халықаралық міндеттердің орындалуына кепілдеме береді, ядролық
қарудың таралуына жол бермейді және оған бірыңғай бақылау орнатуды қамтамасыз етеді, -
деп атап көрсетілді.
Алайда, бұл шешім әуелгі кезде басқа республикалар тарапынан қарсы көзқарастар
туғызды. Өйткені, заң бойынша Одаққа кірген Қазақстан, Орта Азия, Закавказье
республикаларының келісімінсіз бұл үш республика егемендік туралы күрделі мәселені жеке
дара шешуге тиіс емес еді. Міне, осыған байланысты 1991 ж. 12 желтоқсанында Ашхабад
қаласында Орта Азия республикалары мен Қазақстан басшыларының кездесуі болып өтті.
Онда ТМД-ға тек барлық республикалардың тең құқықтық негізінде құрылушылық
жағдайын мойындағанда ғана қосылуға болатындығы ерекше атап көрсетілді.
1991 ж. 21 желтоқсанда Алматыда 11 республика өкілдері қатынасқан кездесу болды.
Олар тең құқықтық жағдайдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылғандығы жөніндегі
шартқа қол қойды. Алматыда қабылданған декларацияда Минскідегі айтылған жалпы
принциптік мәселелердің барлығы мақұлданды. Жаңадан құрылған Достастық мемлекет
басшылары және үкімет басшыларының Кеңесі деген жетекші органдар құрды. Онда жалпы
бағыттағы көкейтесті саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу көзделді.
Достық Одаққа кірген мемлекет басшылары Біріккен Ұлттар Ұйымы алдында бұл тәуелсіз
мемлекеттердің барлығын осы халықаралық ұйымға толыққанды мүше етіп алу туралы
өтініш жасады. Сонымен қатар бұрынғы КСРО-да жасалған ядролық қаруды және оған
әскери басшылық жасауды бірігіп іске асырып отыру жөніндегі келісімге қол қойылды.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы осы кезге дейін Кеңестер Одағы қол қойып, халықаралық
дәрежедегі жасаған келісімдердің орындалуын өз мойындарына алады деп көрсетті. Сөйтіп,
1991 жылғы желтоқсандағы Алматы қаласында бас қосқан тәуелсіз елдер басшыларының
келісімі КСРО-ның өмір сүруін тоқтатумен аяқталды.
Міне, осындай күрделі жағдайда республикадағы жоғары атқарушы және билік
жүргізуші өкімет басшысы ретінде Қазақ КСР-ның Президентіне жеткілікті өкілеттік беру
қажеттігі пісіп жетілді. Мұндай өкілеттіктер республика парламенті 1991 ж. 20 қарашада
қабылдаған Қазақ КСР-ның “Қазақ КСР-нда мемлекеттік өкімет билігі мен басқару
құрылымын жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына (Негізгі заңына) өзгерістер мен
қосымшалар енгізу туралы” Заңы бойынша берілді.
1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республика Президентін
бүкілхалықтық сайлау өтті. Халықтың демократиялық жолмен өз еркін білдіруі арқасында
Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланды. Республикада көптеген өзгерістер жасалды:
прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, әділет, сот органдары қайта құрылды;
Қазақстанның мемлекеттік қорғаныс комитеті ұйымдастырылды; Президенттің одаққа
бағынатын кәсіпорындар мен ұйымдарды Қазақ КСР-і үкіметінің қарамағына беру туралы,
республиканың сыртқы экономикалық қызметінің дербестігін қамтамасыз ету туралы,
Қазақстанда алтын запасы мен алмас қорын жасау туралы жарлықтары шықты. 1991 ж. 2
қазанда қазақ жерінде Байқоңыр ғарыш алаңы 40 жыл өмір сүргенде тұңғыш рет онан
ғарышқа бірінші ғарышкер қазақ Т.О.Әубәкіров ұшты.
1991 ж. 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ы атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді.
1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында
парламент депутаттары “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Заң
қабылдады. Заңның бірінші бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет деп
жарияланды. Ол өзінің жеріне, ұлттық табысына жоғары иелік ету құқы бар, тәуелсіз сыртқы
және ішкі саясатын жүргізеді, басқа шет мемлекеттермен халықаралық құқықтық
принциптері негізінде өзара байланыс жасайды деп көрсетілді. Республиканың барлық
ұлттарының азаматтары Қазақстанның біртұтас халқын құрайды, олар республикадағы
86
егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттік биліктің қайнар көзі болып табылады.
Республика азаматтары өздерінің ұлтына, ұстайтын дініне, қандай қоғамдық бірлестікке
жататынына, тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, шұғылданатын қызметіне,
тұрғылықты орнына қарамастан бірдей құқықтар иеленіп, бірдей міндеткерлікте болады
делінген. Заңда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігі мен территориялық тұтастығын
қорғау мақсатында өзінің Қарулы Күштерін құруға хақылы екендігі, республика
азаматтарының әскери міндетін өтеу, оның тәртіптері мен талаптары жөнінде айтылған.
Сөйтіп, 1991 жылғы 16 желтоқсан республиканың тәуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге
танылды.
Осыдан кейін Қазақстан тәуелсіз, егемен мемлекет ретінде дами бастады. Еліміздің
жаңа конституциясының жобасы дайындалды. Облыстардың, қалалардың және аудандардың
басқару органдарына реформалар жүргізілді. Жаңадан әкімдер лауазымы енгізіліп, олардың
алдына Президент пен Үкімет шешімдерін орындау, жергілікті жерлерде экономикалық,
мәдени-әлеуметтік мәселелерін шешу міндеті қойылды. Әкімдерді тағайындау, оларды
қызметінен босатуды Қазақстан Президенті мен жоғарғы әкімшілік органдары жүргізетін
болып белгіленді. Ал бюджетті бекіту, оның орындалуын қадағалау, депутаттармен жұмыс
жүргізу, тұрақты комиссиялардың қызметіне басшылық ету, әртүрлі қоғамдық ұйымдармен
байланыс жасау Кеңестердің қарауына берілді.
Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүниежүзінің ондаған елі таныды.
Біздің елді алғашқылардың бірі болып Түркия, сол сияқты АҚШ, Германия, Франция,
Ұлыбритания және т.б. ірі-ірі мемлекеттер мойындады. Қазақстан шет елдерде
дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашуға кірісті. Ал Алматыда шетелдік елшілік пен
миссия, халықаралық және ұлттық ұйымдардың өкілдіктері жұмыс істей бастады.
Республиканың егемендікке қол жеткен алғашқы кезінен бастап-ақ мемлекетаралық және
үкіметаралық келісім-шарттарға қол қою жүзеге асырылды.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында үлкен келелі міндеттер тұрды. Олар -
елдің ішкі жағдайында Егемен Қазақстан мемлекетінің тұтастығын нығайтып, нарықтық
экономикаға көшу, көп ұлтты елдің бірлігін сақтауда барлық мүмкіндіктерді пайдалану. Ал,
сыртқы саясаттағы басты міндеттер - Қазақстанның бүкіл дүниежүзі елдерімен
байланыстарын одан әрі дамытып, алдыңғы қатарлы өркениетті мемлекеттердің қатарына
қосылу, елдің қауіпсіздігін қорғау, әлемде бейбітшілікті сақтай отырып, ядролық соғысты
болғызбау. Республика халқының ерік-жігері осындай аса маңызды міндеттерді жүзеге
асыруға бағытталды.
Достарыңызбен бөлісу: |