Бекіту сұрақтары: 1.Кәсіптік білім беру менеджментінің педагогикалық бағыттау принципы:
A) басшылық қызметті негізгі сала кәсіптік оқыту мен тәрбиелеу ісі төнірегінде топтасуы
B) өзін-өзі сынай білу
C) менеджердің тұрақты шығармашылық ізденісі
D) басқару қызметі мен әкімшілік басшылықтың өзара үйлесімді әрекет етуі
E) менеджердің психологиялық және педагогикалық заңдылықтарды игеруі
2.Менеджердің басқару қызметін өзара бөлісу принципі:
A) басшылық қызметті негізгі сала кәсіптік оқыту мен тәрбиелеу ісі төнірегінде топтасуы
B) өзін-өзі сынай білу
C) менеджердің тұрақты шығармашылық ізденісі
D) басқару қызметі мен әкімшілік басшылықтың өзара үйлесімді әрекет етуі
E) ұжымдық шығармашылық пен ұжымдық саналы қызметіне арқа сүйеуді талап ету
3.Басқару үрдісінің пәрменділік принципі
A) басшылық қызметті негізгі сала кәсіптік оқыту мен тәрбиелеу ісі төнірегінде топтасуы
B) өзін-өзі сынай білу
C) менеджердің тұрақты шығармашылық ізденісі
D) басқару қызметі мен әкімшілік басшылықтың өзара үйлесімді әрекет етуі
E) менеджердің психологиялық және педагогикалық заңдылықтарды игеруі
Әдебиет: Қоңырбаева, С.Болашақ педагог-мамандардың эмпатиясын дамыту [Текст] : монография / С. Қоңырбаева. - Алматы : Отан, 2015. - 99 бет.гМузыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі [Текст] : оқу құралы / С. С. Ағабекова. - Алматы : ССК, 2017
Бұзаубақова, К. Ж. Мектепке дейінгі білім инновациясы [Текст] : оқу құралы / К. Ж. Бұзаубақова, С. Н. Жиенбаева. - Алматы : Отан, 2015
Оқыту туралы ғылым және жаңа білім беру практикасы.1-том. [Текст] : оқу құралы. - Ғ.М.Кусайнов,А.К. Қағазбаева,Б.Т. Абыканова және т.б. - Алматы : TechSmith, 2019
№4 Дәріс: Қалай оқу керектігін үйрету
Сағат саны: 2 Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары: 1. Қалай оқу керектігін үйрену
2. Мұғалімнің оқушылардың қалай оқу керектігін үйрену қабілеттерін дамыту жөніндегі
әрекеттері.
3. Бүкіл зейінді және педагогикалық амал-тәсілдерді оқушыларға бағыттау және оларға
қалай оқу керектігін үйренуде көмек көрсету.
4. Қалай оқу керектігін үйренуге қатысты оқыту әдістері мен тәсілдері
Дәріс тезисі Оқу ұғымының мазмұны қол жеткен нәтижелер немесе пайдалы тәжірибе тұрғысынан қарастырылуы мүмкін. Зерттеу жұмыстарына жүргізілген талдау оқу нәтижелерінің бес түрін анықтауға мүмкіндік берді:
1. Оқу білімнің сандық ұлғаюы ретінде. Оның нәтижесі алынған ақпарат болып
табылады (негізгі міндет – «көп білу»).
2. Оқу есте сақтау ретінде. Нәтиже – қайта өндіруге болатын есте сақталған көлемді
ақпарат.
3. Оқу ақпарат жинақтау ретінде. Нәтиже – есте сақталып, қажет болған жағдайда
қолдануға да болатын дерек, дағды және әдістердің айтарлықтай мөлшердегі жиынтығы.
4. Оқу мағынаны ұғыну және оның мәнін анықтау ретінде. Бұның нәтижесі –
оқушының пәннің құраушы бөліктері мен шынайы өмір арасындағы өзара байланыстарды
анықтай алуы.
5. Оқу шынайылықты өзгеше түсіну және түсіндіру тәсілі ретінде. Нәтижесі – әлемді
өзгеше қырынан қарастыру арқылы танып-білу.