Бекіту сұрақтары: 1. «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулінің негізінде жатқан теория?
A) Әлеуметтік-сындарлылық тұрғыдан оқыту теориясы
B) Өздігінен білім алу теориясы
C) Қашықтықтан оқыту
D) Дайын білімді таратуға негізделген «дәстүрлі» әдіс
E) АКТ-ны қолдану
2. Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмыстары қандай түсінікке негізделіп
құрылған?
A) «Мұғалім – зерттеуші»
B)«Мұғалім – дамыту жұмысының көшбасшысы»
C) «Мұғалім – өзгеріс жасаушы»
D) «Мұғалім – тәлімгері»
E) «Мұғалім – оқытушы»
3. Мұғалімнің бағалауды кім үшін және қалай өткізу керек екендігі туралы түсінік
қайда көрсетілген?
A) Бағдарлама мазмұнында
B) Кестеде
C) Ережеде
D) Талаптар жиынтығында
E) Бағалаудың мақсатында
Әдебиет: Қоңырбаева, С.Болашақ педагог-мамандардың эмпатиясын дамыту [Текст] : монография / С. Қоңырбаева. - Алматы : Отан, 2015. - 99 бет.гМузыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі [Текст] : оқу құралы / С. С. Ағабекова. - Алматы : ССК, 2017
Бұзаубақова, К. Ж. Мектепке дейінгі білім инновациясы [Текст] : оқу құралы / К. Ж. Бұзаубақова, С. Н. Жиенбаева. - Алматы : Отан, 2015
Оқыту туралы ғылым және жаңа білім беру практикасы.1-том. [Текст] : оқу құралы. - Ғ.М.Кусайнов,А.К. Қағазбаева,Б.Т. Абыканова және т.б. - Алматы : TechSmith, 2019
№8 Дәріс тақырыбы: Оқыту мен оқуда ақпараттық коммуникациялық технологияны (АКТ) пайдалану
Сағат саны: 3 Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары: 1.Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану мақсаттары.
2.Оқу сапасын арттыру мақсатында сыныпта АКТ пайдалану әдістемесі.
Дәріс тезисі Технологиялық білім – оқытудың видео, веб-материалдарға қол жеткізу және басқа да сандық бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану сияқты қосалқы құралдары туралы білім. Бұл білім технологиялық құрылғылар саласындағы жеткілікті хабардарлықты да, оларды басқару үшін қажетті дағдыларды меңгеруді де меңзейді. Сандық технологияларға қатысты алғанда осы білімдер операциялық жүйелер және компьютерлік аппараттық құралдарды білуді, сондай-ақ мәтіндерді теру мен түзетуге, электронды кестелер құруға мүмкіндік беретін бағдарламалық құралдардың стандартты жиынтығын, браузерлер мен электронды поштаны пайдалана алу қабілеті болып табылады. Оның үстіне, ТБ құрамына перифериялық құрылғыларды орнату және алып тастауды, бағдарламалық жабдықтау жүйелерін, құжаттарды құру және мұрағаттауды т.б. білу кіреді.