Бекіту сұрақтары: 1.Сыни ойлаудың негізгі дағдыларына жатпайды:
A) Мониторинг
B) Бақылау
C) Сараптау
D) Шешім
E) Интерпретация
2. Мұғалім көшбасшылығының дамуына ықпал етпейді:
A) Оқушыларды бектіліген стандарттарға сәйкес оқыту
B) Өзгеріс енгізу үшін әріптестермен бірлесе стратегиялық шешімдер
қабылдау
C) Тәжірибені жетілдіру бойынша бастаманы өз қолына алу
D) Кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысу
E) Бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинау және қолдану.
3. Жиынтық бағалау мақсаты:
A) Оқуды сертификациялау немесе алға жылжыуды тіркеу, оқудың қорытындысын
шығару үшін баға қою
B) Бағаларды қорыту
C) Талантты және дарынды балаларды айқындау
D) Оқудың жалпы қорытындысын шығару
E) Ары қарай оқытуды түзету жоспарын құру
Әдебиет Қоңырбаева, С.Болашақ педагог-мамандардың эмпатиясын дамыту [Текст] : монография / С. Қоңырбаева. - Алматы : Отан, 2015. - 99 бет.гМузыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі [Текст] : оқу құралы / С. С. Ағабекова. - Алматы : ССК, 2017
Бұзаубақова, К. Ж. Мектепке дейінгі білім инновациясы [Текст] : оқу құралы / К. Ж. Бұзаубақова, С. Н. Жиенбаева. - Алматы : Отан, 2015
Оқыту туралы ғылым және жаңа білім беру практикасы.1-том. [Текст] : оқу құралы. - Ғ.М.Кусайнов,А.К. Қағазбаева,Б.Т. Абыканова және т.б. - Алматы : TechSmith, 2019
№5 Дәріс:Әңгімелесу және диалогтік оқыту
Сағат саны: 2 Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары: 1.Диалогтік оқытудың мәні
2.Оқу сапасын жақсарту мақсатында сабақта әңгімелесуді пайдалану әдістемесі
Дәріс тезисі Выготскийдің оқу моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқу жеңіл болмақ. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен, ЖАДА аясында қарастырылғандықтан оқу табысты болмақ. Выготскийдің оқуда сөз, сөйлеу негізгі рөл атқаратындығы туралы пікірі тәжірибеге негізделген (эмпирикалық) зерттеулермен дәлелденген. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында да жүзеге асатынын көрсетті. Кейінірек Мерсер және Ходжкинсон (2008) зерттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына негізделе құрылып, оқу барысындағы диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді. Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін дәлелдер жеткілікті.