курстың тақырыптық жоспары дәрістер №1. Дәріс



бет7/15
Дата11.05.2023
өлшемі41,66 Kb.
#91810
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ КАСИБИ МУГАЛИМ

Бекіту сұрақтары:
1. Келтірілген мысалдардың қайсысын қалыптастырушыі бағалаудың үлгісі ретіне
пайдалануға болмайды?
A) Мұғалім бағаны өтілген тақырып бойынша тест үшін қояды
B) Мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексеріп болған соң қысқаша
түсініктемелер жазады
C) Мұғалім оқушылардың сабақтағы бағаларын дауыстап айтады және
тәжірибені жақсарту үшін ұсыныстар айтады
D) Оқушылар бір – бірінің жұмыстарын бағалайды
E) Мұғалім мен оқушы сабақ үлгерімдерінің критерийлерін бірге
жасайды
2. Оқушыларды ынталандыру және дамыту үшін әңгімелесуді қандай формада
қолдану қажет деп ойлайсыз?
A)Диалог
B)Жұптық жұмыс
C)Ұжымдық жұмыс
D)Монолог
E)Топтық жұмыс
3. Оқытудағы әңгіме түрлерін атаңыз.
A) Әңгіме-дебат, кумулятивті әңгіме, зерттеушілік әңгіме
B) Талдау, қолдану, топтық әңгіме
C) Сұрақ қою, жауап алу, әңгіме-дебат
D) Зерттеушілік әңгіме, диалог, түрткі болу
E) Диспут, кумулятивті әңгіме, талдау
Әдебиет:

  1. Қоңырбаева, С.Болашақ педагог-мамандардың эмпатиясын дамыту [Текст] : монография / С. Қоңырбаева. - Алматы : Отан, 2015. - 99 бет.гМузыкалық тәрбие теориясы мен әдістемесі [Текст] : оқу құралы / С. С. Ағабекова. - Алматы : ССК, 2017

  2. Бұзаубақова, К. Ж. Мектепке дейінгі білім инновациясы [Текст] : оқу құралы / К. Ж. Бұзаубақова, С. Н. Жиенбаева. - Алматы : Отан, 2015

  3. Оқыту туралы ғылым және жаңа білім беру практикасы.1-том. [Текст] : оқу құралы. - Ғ.М.Кусайнов,А.К. Қағазбаева,Б.Т. Абыканова және т.б. - Алматы : TechSmith, 2019

6 Дәріс тақырып Талантты және дарынды балаларды оқыту
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары жоспары:
1.Сабақта тиісті тәсілдерді қолдану.
2.Талантты және дарынды оқушыларды жандандыру үшін даралап оқыту
Дәріс тезисі
Барлық мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшiн қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл - ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап ететiн едәуір күрделі мәселе. Әртүрлi теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберiнде қолданылады. Тәжiрибеге жасалған талдау оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мектеп бүкіл оқушылар үшін мектеп стандартын күрделендіре отырып, бастауыш буын деңгейінде «жалпымектептік саясатты» және орта буын деңгейінде «кеңейтілген» мектеп тәсілін құрған жағдайда анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізе алатынын көрсетті. Талантты немесе қабілетті үнемі айқындай отырып бастауыш мектептердiң мұғалiмдерi өздерін «дарынды бақылаушылар» ретiнде көрсетуге тиіс Мұғалiм оқушының талантты немесе дарынды екенін қалай анықтайды? «Талантты және дарынды балаларды анықтау» жөніндегі кейс-стадиі сыныптардың әрқайсысында талантты және дарынды балаларды анықтау жөніндегі әртүрлі әдістерді қолданып, олардың 1-тобының балаларымен (4–7 жас шамасында) жүргізілген үш жобаны суреттейдi:
1) бірінші зерттеуде мұғалімдер есту қабілеті нашар және ағылшын тілі ана тілі емес балалар үшін кеңейтілген, тапсырмалары танымдық сипаттағы мектепішілік бағдарлама
жасады. Шектеулі вербалды қарым-қатынасты қолдана отырып, осы тапсырмалар қабілеттің жоғарғы деңгейін көрсетті. Бір тапсырмада қарапайым вербалды қарым- қатынас пен дене қимылын қолдана отырып, олар судың ағысын көрсетті, ал екіншісінде өздеріне және аюға жеткілікті кең үй жасау үшін суретті нұсқауларды пайдаланды; ал үшінші тапсырмада олар әнді тыңдаған соң жауабын жазу үшін әртістік қасиеттерін пайдаланды. Соңында олар жыл- дам сөйлей алмаса да, жоғары деңгейдегі сенімділіктерін, зейінмен тыңдай алатынын және тұрақты қызығушылықтары ұзаққа созылатынын көрсеткен дарынды және талантты балалар екендігі анықталды.
2) екінші жобада балалардың қуанышын және сыныптың сауалнамасына қатысуға дайын екендігін бағалау үшін «бірегей» және «үлгерімі нашар» дарынды және талантты оқушылардың тұрмыстық ахуалын бағалайтын тест пайдаланылды. Алған деректер бойынша бір үлгермей қалған талантты оқушының табысы мен қызығушылығы төмен болғандығын, бірақ сонымен қатар оның әртүрлі нақты іс-әрекеттерді орындауға қабілетті және оң көзқараспен қарайтындығын көрсетті. Мұғалімдер осы ақпаратты оның білімділік мүмкіндігін өзгерту үшін пайдаланды және бұл оның сыныптағы пәндерге қызығушылығын, өз ортасына құштарлығын жоғарылатып, сонымен қатар идеяларының дербестігін арттырды.
3) үшінші жобада мұғалімдер дарынды және талантты балаларды айқындауға ата- аналарды тарту мүмкіндіктерін анықтау міндетін қойды. Олар қандай әдістердің көмегімен балалардың ерекше таланты мен жеке қызығушылықтарын анықтағанын түсіндірді. Олар ата-аналармен ақыл-ой қабілеттері туралы әңгімелесіп, ата-аналардың қарапайым сауалнама толтыруын өтінді. Ата-аналар мен мұғалімнің кездесуінде бұл сауалнама олардың балаларының мінез-құлқынан келтірілген мысалдарды, үйде және мектепте ойнайтын ойындарды талдауға негіз болды, бұл ересектерге бала өзін «ақылды» етіп көрсеткен жағдайларды анықтауға, сондай-ақ дамудың келесі кезеңіне өтуге шешім қабылдауға көмектеседі. Мұғалімдер жүзеге асырған бұл жобалар «Дарынды және талантты балаларды бірінші негізгі кезеңде тәрбиелеу» деген жұмыста жарияланды
(Koshy et al, 2006).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет