Кутыбаева Б. С. Астана 2018ж. А. Клизма. Клизманың түрлері. Негізгі бөлім


Көрсеткіші: қоректік заттарды табиғи жолмен, яғни ауыз арқылы немесе парентеральды жолмен енгізу мүмкін болмаған жағдайда. Қарсы көрсеткіштері



бет4/5
Дата27.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#111193
1   2   3   4   5
Көрсеткіші: қоректік заттарды табиғи жолмен, яғни ауыз арқылы немесе парентеральды жолмен енгізу мүмкін болмаған жағдайда.
Қарсы көрсеткіштері:
-тоқ ішек айналасында және тік ішек маңында жедел қабыну немесе ойық жара болу;
-жиі қанайтын геморрой;
-тік ішектің қатерлі ісігі;
-тік ішектің сыртқа шығып түсіп кетуі немесе оның маңындағы жарықшақтар.
Дәрілік клизма.
Немесе микроклизма. Оны тоқ ішектің төменгі бөлігінің шырышты қабатына жергілікті әсер етуі үшін және тоқ ішектің шырыштысы арқылы дәрілік препараттардың (жүрек гликозидтері, хлоралгидраттар) сіңуі арқылы ағзаға толық әсер етуі үшін қолданады. Дәрілік клизманың алдында 20-30 минут бұрын тазалау клизмасын жасайды. Науқас клизмадан кейін бір сағаттан кем емес жату керек.
Мақсаты: емдік.
Пациентті дайындау: дәрілік клизманы қоюдан 30-40 минут бұрын тазарту клизмасын қойыңыз.
Жел шығаратын түтікті қолдану
Егер ішектен тазалау клизмасымен жел шығаруға қарсы көрсеткіштер орын алса, онда арнайы диетаға қарамай, белсендірілген көмірді қабылдау қажет. Сонда жел шығаратын түтікті енгізеді. Оның ұзындығы 40 см, ішкі диаметрі 5-7 см, сыртқы соңы сәл кеңейтілген, ал дөңгеленген жағында орта тұсында және қырында тесіктері бар.
Мақсаты:Ішектердегі газдарды шығару.
Көрсеткіші: метеоризм (газдың көп пайда болуына байланысты немесе оның ішектерден нашар шығарылуына байланысты іш кебу).Асқазан ішек – жолдарын эндоскопиялық зерттеулерге дайындық кезіңде.
Қарсы көрсеткіші:
-асқазан – ішек жолдарынан қан кету;
-тоқ ішек айналасында және тік ішек маңында жедел қабыну немесе ойық жара болу;
-жиі қанайтын геморрой;
-тік ішектің қатерлі ісігі;
-тік ішектің сыртқа шығып түсіп кетуі немесе оның маңындағы жарықшақтар.
Клизма қойғаннан кейін құралдарды өңдеу
Газ шығарушы түтікті, асқазан зондын манипуляциядан кейін міндетті түрде заласыздандыру керек. Залалсыздандырудың алдындағы өңдеудің бірінші үш кезеңінен өтеді:
0,06% деохлор ерітіндісі бар бөлек ыдыста жуады.
0,06% деохлор ерітіндісіне 1 сағатқа салып қояды.
Ағынды су астында шаяды.
Заласыздандыру алдындағы өңдеуден соң, резеңке бұйымдар автоклафқа салынады: қысым 1,1атм, t –120 градус, уақыты 45 минут.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет