Кутыбаева Б. С. Астана 2018ж. А. Клизма. Клизманың түрлері. Негізгі бөлім



бет1/5
Дата27.09.2023
өлшемі0,75 Mb.
#111193
  1   2   3   4   5

«Астана медицина университеті» АҚ
Клиникаға кіріспе кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы:Клизмалар(тазалау, сифондық, босансытатын және емдік)
Орындаған: Бектұрсын А.Қ.
Бөрібаева Г.
Есеналы Ж.
Тобы: 215 ЖМ
Тексерген: Кутыбаева Б.С.
Астана 2018ж.
А. Клизма. Клизманың түрлері.
Негізгі бөлім:
Б. Тазалау клизмасы
В. Майлы клизма
Г. Гипертониялық клизма.
Д. Сифон клизмасы.
Е. Тамшы клизмасы
Ж. Дәрілік клизма
З. Жел шығаратын түтікті қолдану
И. Клизма қойғаннан кейін құралдарды өңдеу
Қорытынды
Жоспар:
Біз осы студенттік өзіндік жұмысында клизмалар тақырыбын қарастырамыз. Клизма дегеніміз не? Клизма дегеніміз -тоқ ішектің төменгі бөлігіне емдеу және диагноз қою мақсатымен әр түрлі сұйықтықтар жіберетін процесс.
Жалпы емдік клизмалар мына мақсатпен қолданылады: ішекті тазалауға – тазалау, сифон, босату. дәрілік заттарды тоқ ішекке еңгізу. Сонымен қатар клизманың бірнеше түрлері бар.
Клизманың түрлері:
1) Босату клизмасы:
Тазалау
Босаңсыту: Майлы, Гипертониялық
Сифондық
2) Дәрілік
Енді біз әрқайсысына жеке тоқталамыз.
Кіріспе
Тазалау клизмасын диагностикалау және емдеу мақсатымен: іш қату, операция алдында, босанар алдында, уланғанда, дәрілік микроклизма және тамызғыш клизма жасар алдында қояды. Тазалау клизмасын қойған кезде тоқ ішектің төменгі бөлігі босатылады. Бұл нәжіс массасының сұйықталуымен және тоқ ішек перистальтикасының күшеюімен іске асады.
Тазалау клизмасы
Мақсаты:нәжістен және газдан тоқ ішектің төменгі жағын ішек қозғалысын күшейту және нәжісті жұмсарту арқылы тоқ ішектің төменгі жағын нәжістен және газдан босату.
Көрсеткіші:
-іш қату;
-дәрілік (емдік), қоректік және тамшылы клизмалар алдында;
-пациентті асқазан- ішек жолдарын, зәр бөлу мүшелерін және кіші жамбас астауында орналасқан мүшелерді рентгенмен зерттеу алдында дайындау;
-операцияларға дайындау;
-тоқ және тік ішектерге эндоскопиялық зерттеулер жүргізу алдында дайындау.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет