Квадраттар бойынша нивелирлеу



бет5/5
Дата25.04.2022
өлшемі0,71 Mb.
#32148
1   2   3   4   5

Трассаны жерде бекіткеннен кейін, оны пикеттерге бөледі. Пикет (ПК) деп горизонталь ұзындығы 100м жер бетіндегі қашықтықты айтады. Әр пикеттің басы мен соңын тегістелініп кесілген ағаш қазықшаларымен жердің бетімен бірдейлетіп бекітеді. Қазықшалардан 20-25 см алшақ, алыстан көрінетін ұзын қарауыл тақтайшалар орнатылады, бұл тақтайшаларға пикеттің реттік нөмерлері жазылады. Мысалы, ПК42 (немесе ПК4/2)деген пикеттің нөмірі 42, трассаның басынан 4200м жүргізілген. Сонымен қатар, әр пикеттің ішінде қазықшамен бекітіп, қарауыл тақтайшамен белгіленген плюстік нүктелер орнатылады. Қарауыл тақтайшаларда артқы пикеттің нөмірі және нүктеге дейінгі қашықтық жазылады. Мысалы, ПК18+52, яғни айтқанда плюстік нүкте ПК18 бен ПК19 –дың арасында, ПК18-ден 52 м қашықтықта орналасқан. Жолдың ыңғайлы трассасы –тура сызық болып табылады. Бірақта жердің әртүрлі жағдайына байланысты, аралық пункттермен өту кезінде және шеткі пункттердің аралығы тым қашық болғанда, екі тура бағыттағы трасса сызықтары сүйір бұрышпен қосылады. Осы екі түзудің қосылысқан жерінде, жол қозғалысы бірқалыпты және қауіпсіз болуы үшін тура сызықтар қисықпен жанастырылады. Жол практикасында қисықтың екі түрі қолданылады: Шеңберлі және өткінші қисықтар. .

Соның ішінде жиі қолданылатын және қарапайым түріне жататын шеңберлі қисықтар. Жолда шеңберлі қисықты салу үшін, оның элементтерін және басты нүктелерін білу қажет. Қисықтарды пикетке бөлу үшін, алдымен басты нүктелерінің пикеттік орнын анықтау керек. Басты нүктелерінің пикеттік орнын бұрылыс бұрыш төбелерінен (ББТ) қисықтың элементтерін пайдаланып табады. Қисықтың негізгі нүктелерінде ағаштан жасалған бағандармен бекітеді, ал бағандарға бөлшек түрінде- алымына нүктенің атын, ал бөліміне пикеттік орнын жазады. Егер ББТ болса, онда қосымша бұрылыс бұрышының мәні жазылады. Түзу және қисықтар ведомосі арнаулы таблицамен безендіріледі. Онда трассаны жерге салғандағы жасалатын өлшеу нәтижелері кіргізіледі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет