37
көрсеткіштері;
• Кейбір алдыңғы уақыт аралығында жеткен сапа көрсеткіштері;
• Тəжірибелі немесе теориялық жолмен табылған алдыңғы үлгілердің
көрсеткіштері;
• Өнімге қойылған талаптарда берілген сапа көрсеткіштері.
Функционалды көрсеткіш – тауардың функционалды көрсеткіші заттардың
тағайындалуына қажетті қанағаттандыру қабілетіне, қанағаттандыру құралына
қызмет етуімен сəйкестігін сипаттайды.
Бұл көрсеткіштер мынаған бөлінеді:
1) негізгі фунцияларды орындау;
2) əмбебап;
3) қосымша операцияларды орындау.
Негізгі
функцияларды орындау көрсеткіштері
тұтыну тиімділігінің
пайдалылығы, тұтынушы мен өнімдерді пайдалануда нақты қажеттіліктерді
қанағаттандыруы сипатталады.
Мысалы, тамақ өнімдерін тұтынумен алынатын пайдалы тиімділігі тамақ
өнімдерінің құрамында бар, белоктардың, көмірсулардың тұтынуында түзілетін
энергия мөлшеріне (кДж, ккал), сонымен қатар жеке заттардың сіңімділік
коэффициентін есептей отырып, тамақ өнімдері жəне оның құрамының
химиялық құрамының сапалылығымен өлшенеді. Кейбір азық-түлік тауарлары
үшін негізгі функция эргономикалыққа, сипаттамаларға сəйкес келеді. Мысалы,
дəлдік тауарлардың негізгі функциясы тамақпен бірге бір уақытта қабылданып
толық сіңуге қабілетті.
Əмбебап көрсеткіш. Тұтынушыға пайдалы берілген тамақ өнімдерінің,
қосымша фунциялардың болуын қолдану бойынша тағайындалу мүмкіншілігі
жəне жағдайлары кең диапазонда сипатталады. Мысалы,
қанттың сіңімділігі
жақсы, тағамдық құндылығы жоғары, 100г өнімде 1650 кДж ккал бар, дəмі
тəтті, тағамға қантты қолданудан басқа кондитерлік, тəтті нан өнімдері мен
сусындарға, жеміс-жидектерге жəне басқа да тағамдарға пайдаланады.
Қосымша операцияларды орындау көрсеткіші. Тасымалдау, сақтау, жою
жəне т.б. негізгі жəне қосымша функцияларды орындаумен қатар жүретін
“адам-өнім-орта”
жүйесі
этаптарындағы
өнімдердің
функционирлеу
ерекшеліктерін сипаттайды. Қосымша операцияларды орындау негізгі
функцияларды орындауға əсер етеді жəне тұтынушының туынды емес уақыт
шығындарын анықтайды. Мысалы, тұз тамаққа консервіленетін дəм бергіш зат
ретінде қолданылады.
Қауіпсіздік көрсеткіштер. Қауіпсіздік көрсеткіштері – адамның
өнімді
(жөндеу, сақтау, тасымалдау, тұтыну, шығару, қолдану процесі кезіндегі
қауіпсіздігін сақтау мен зиянсыздығын қамтамасыз ететін өнім ерекшеліктерін
сипаттайды. Бұл көрсеткіштер адамды, оның денсаулығын зиянды жəне қауіпті
заттардан, афиотоксиндер, ауыр металдардың тұздарын қамтамасыз етуді
орындайтын
талаптарды
ескереді.
Тауарларды,
оның
қауіпсіздік
көрсеткіштеріне сапасын бағалауда еңбек қауіпсіздігі, техникалық қауіпсіздік
ережелеріне нормалар бойынша мемлекеттік стандарттар жүйесі, халықаралық
ұйымдар, нормативті - техникалық құжаттарда
анықталатын талаптар
38
ескеріледі.
Жіберілген деңгейдің (мышьяк, кадмий, цинк, темір) зиян қаупінің
шектелген жағдайы. Тұтыну тауарларының қауіпсіздігі былай бөлінеді:
• Химиялық – улы элементтер (цинк, ауыр металдар, микотоксиндер,
антибиотиктер, гармондық препараттар жəне т.б.);
• Радиациялық – радионуклидтер, радиоизотоптар;
• Механикалық – үйкелу, ұрыну, деформация жəне т.б.;
• Электромагниттік жəне электрлік сəулелер: сызықтық, электрлік,
магниттік, электрлі-магниттік. Осы көрсеткіштердің жиынтығы өнімнің
сапасын құрайды.
Сапаны жобалау, сақтау жəне қолдану процестері сапаны
басқару жүйесіне кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: