§31.Атомдық физика Атомның құрылысын және сәуле шығару спектрін зерттейтін физиканың бөлімін атомдық физика деп атайды Ағылшын ғалымы Томсон атомның келесі моделін ұсынды. Бұл модель бойынша атом өлшемдері 10-10м шамасындағы оң зарядталған сфера деп қарастырылады. Осы оң зарядталған сфераның ішінде заряды осы сфераның оң зарядына тең электрондар орналасқан. Томсонның моделі атомның кейбір қасиетін түсіндіргенмен оның көптеген қасиеттерін түсіндіріп бере алмады.
Резерфордтың тәжірибесі. Резерфорд металл фольгаларды (алтын, күміс) -бөлшектермен атқылады.
Суреттегі -бөлшектің көзі, Д-диафрагма, Ф - металл фольга, М - -бөлшектерін тіркейтін құрал.
- бөлшектің массасы сутегі атомының массасынан шамамен 4 есе үлкен, ал заряды 2 оң элементар зарядқа тең.
.
Қазіргі кезде -бөлшегінің гелий атомының ядросы екені белгілі. Бұл тәжірибе барысында Резерфорд кейбір -бөлшектердің 900 және одан да үлкен бұрыштарға ауытқитынын байқайды. Резерфордтың түсіндіруінше -бөлшектерді үлкен бұрыштарға ауытқытатын атомдағы бір жерге шоғырланған оң зарядтар болып табылады.
-бөлшек пен атомның өзара әсерлесу энергиясы келесі өрнекпен анықталады:
.
-бөлшек пен атомның өзара әсерлесуін сипаттайтын Резерфорд формуласы:
мұндағы: - -бөлшектің шашырауының дифференциалдық эффективтік қимасы, -бөлшектердің ағыны, яғни бірлік бетке бірлік уақытта түсетін - бөлшектердің саны.
Берілген шашыратушы зат үшін -бөлшектердің берілген энергиясында және ағынында:
Атомдағы оң зарядтардың, яғни протондардың саны сол элементтің Менделеев кестесіндегі реттік номеріне тең, .
Химиялық элементтің реттік номері сол элементтің атомындағы протондар мен электрондар санын көрсетеді.