Кїнделікгі экономикалыќ ґмірде адамдар арасындаєы ќатынастар јр


Өтпелі процестер өзінін сипаты жағынан табиғи-эволюциялық және табиғи-реформаторлық болып келеді



бет6/12
Дата21.05.2022
өлшемі108,5 Kb.
#35222
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Диас курсовой

Өтпелі процестер өзінін сипаты жағынан табиғи-эволюциялық және табиғи-реформаторлық болып келеді.
Қоғамның бір жүйеден екіншісіне табиғи-эволюциялық процеске көшуі әдетте ғаламдық эволюциялық процесс шеңберінде байқалады. Алайда ғаламдық өзгерістер шеңберінде өтпелі процесс табиғи-реформаторлық сипаткд ие болуы мүмкін. Өтпелі процестің табиғи-реформаторлық сипаты өтпелі экономиканың локалдык типінде байкалуы мүмкін.
Мысал ретінде, реформаторлык сипаттағы локальды өтпелі экономикаға 1917-ші жылдан кейінгі Ресейдегі социализм құрылысы кезеңін айта аламыз. Осындай жағдай 1946-шы жылдан соң Шығыс Еуропа мен Азия елдерінде болды. Реформаторлық сыйпаттағы эволюциялық типке мысал ретінде, соғыстан кейінгі Германияның тоталитарлық қазіргі типтегі нарықтық экономикаға өтуін айтамыз Белгілі неміс ғалымы әрі экономисі Людвиг Эрхардтың (1897-1977 жж.) жасаған бағдарламасынын негізінде ету жүзеге асты.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағытталған аралас нарықтық экономикаға өтуі ТМД елдеріндегі сияқты эволюциялық-реформаторлық сипат алды. Нарықтық экономикаға өтудің Қазақстан Республикасындағы басты міндеттері мыналар:
1. Мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу және жекешелендіру. Мемлекетсіздендіру — мемлекеттін экономиканы тікелей басқару қызметін алып тастауын айтамыз. Меншікті жеке меншікке жекешелендіру мемлекеттің абсолютгік монополиялық меншіктілігін жоюды білдіреді. Мемлекеттік меншіктің үлесі азайып, шамамен 30-40 % шеңберде қалады.
2. Қазакстандық кәсіпкерлердің әлеуметтік жігінің қалыптасуы (еңбекке қабілетті тұрғындардың жалпы санының 10-15% қамту).
3. Нарықтық инфрақұрылымнын қалыптасуы, басты нәрсе – тауар мен кор биржасы және басқада әртүрлі нарықтың құрылуы.
4. Бәсекелістік пен кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен экономиканы монополиясыздандыру.
5. Бағаны бейтараптандыру, сұраным мен ұсыным негізінде рыноктық сипаттағы бағаға көшу.
6. Экономиканың қаржы-экономикалық тұрақтануы.
7. Өтпелі кезеңде тұрғындардың әлеуметтік қорғау жүйесін мықты қамтамасыз ету.
Нарыққа өту өзіндік мақсат емес, әлеуметтік бағытталған аралас экономиканы құрудың құралы. Экономика адам үшін емес, экономика адам үшін болуы керек.
Жекешелендіру тек қана үшінші кезеңде (1996-1998 жж.) ғана аяқтала бастады. Сондай-ақ жекешелендіру мен өңдірісті көтеру өнеркәсіптегі сияқты ауыл шаруашылығында шет инвесторларының қатысуымен жүзеге асты.
Реформалау практикасы көрсеткендей, Қазақстан Республикас таңдап алған бағыт — аралас әлеуметтік бағыттағы нарықты экономиканы қалыптастыру — республиканың өзіндік жағдайын өзінің моделін құру факторын көбірек ескереді. Қазакстан ары қарай реформаны жүргізгенде басқа елдің өтлелі экономикадағы әлсіздігі мен жетістіктерін есекере отырып, нарықтық экономиканың өзіне тән ұлттық моделін құрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет