Кїнделікгі экономикалыќ ґмірде адамдар арасындаєы ќатынастар јр


ҚАЗАҚСТАНТ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА ӨТУІ



бет7/12
Дата21.05.2022
өлшемі108,5 Kb.
#35222
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Диас курсовой

3. ҚАЗАҚСТАНТ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА ӨТУІ.
Қазақстан қазір ел ішінде біртіндеп нарықтық экономиканы тудыруға бағытталған құрылымдық реформаның жаппай қамтитын бағдарламасын жүзеге асыруда. Алғашқыда бұрынғы Кеңес Одағы шеңберінде жүзеге асырыла бастаған Қазақстандағы экономикалық реформа процесі, 1991 жылы желтоқсанда тәуелсіздік жарияланғаннан кейін тіптен үдеп кетті. Төуелсіздік жарияланған сәт пен қазіргі уақытқа дейінгі аралықтағы негізгі экономикалық уақиғалар: 1992 жылы қаңтарда бағаны ырықтандыру (либерализациялау), 1993 жылы қаңтарда қабылданған Конституцияда және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясында жекеменшік құқықты мойындау, 1993 жылы сәуірде ұлттық жекешелендіру бағдарламасын жасау, 1993 жылы қарашада ұлттық валютаны енгізу; 1993-1994 ж.ж. дағдарысқа қарсы бағдарламаны жасау; 1994-1996 ж.ж. қатаң ақша-несие саясатын жүргізу; индикативті жоспарлар жасау, 1997 жылы қазан айында Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасын қабылдау. Бұл бағдарлама экономиканы жан-жақты күшейтуді және сапалы жаңа межелерге алып шығуға қабілетті экономикалық тасқынды қамтамасыз етуді көздейді. "Егер біз стратегиямызды мүлтіксіз орындап, ынталы еңбек етсек, онда біз орталық азияның нағыз барысы бола аламыз және ұлт тұтастығына, әлеуметтік әділдікке және барша халықтың экономикалық жақсы тұрмысына сай тәуелсіз мемлекет ретінде - дамушы елдер үшін үлгіге айналамыз" - делінген Президенттің халыққа Жолдауында.
Осылай дей тұра, тек қана бай табиғи ресурстарға иек артып және барлық қарқынды экономикалық процесті "сонан ксйін" деп кейінге қалдыра берсек қателік болар еді. Бұл қателікті үш ел қазірдің өзінде жасап үлгерді (Сауд Аравиясы, Замбия, Нигерия), ал табиғи ресурстары болар-болмас, мардымсыз ғана Жапония, Сингапур секілді мемлекеттер әлдеқайда зор экономикалық дамуға көтеріліп отыр. Осы мысалдардан шығатын даму стратегиясындағы басты нерсе — әлемдік экономиканың кіндігі біртіндеп Азияға, Оңтүстік-Шығысқа, Азия-Тынық мұхит аймағына ауысатын болады. Сөйтіп Қазақстан Республикасы экономикалық күштер тепетендігінің ортасында, яғни Евразия орталығында болып шығады.
Еліміздің 2030 жылға дейінгі мерзімге белгілеген жеті басты бағыты: ұлттық қауіпсіздік және тәуелсіздік, ішкі саясаттағы тұрақтылық және қоғамды нығайту, инвестицияның жоғары деңгейінен және ішкі қаражатпен нарықтық экономика негізінде экономиканы көтеру, Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім алуы, жақсы тұрмысы энергетикалық ресурстар, инфра құрылым (әсіресе көлік және байланыс), кәсіпқойлы тиімді үкімет, сыбайлас жемқорлықпен және қылмыспен аяусыз күрес. Сонымен, аталған осынау артықшылық тізбесінің өзі-ақ Қазақстан басшылығының экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық және имандылық, түсініктер жағынан елдің стратегиялық дамуына кешенді жағдайда келіп отырғандығын күмәнсіз куәлендіре алады. Мұның өзінде табыс шарты болып дұрыс тандалынған стратегия аталынады. Мәселен, белгіленген бағытты жүзеге асыру үшін мықты басшының, жақсы ұйымдасқан адамдар тобының, саяси тұрақтылық және қоғамды нығайтудың, Заңның үстемділігі болуы шарт.
Өз экономикасын қайта құрудағы өте күрделі мәселелерді шешуге аяқ басқан Қазақстанның бастан кешкен қиыншылықтарын ескермеуге болмайды. Ол: жекеменшік сектордың жоқтығы, өндіріс ауқымындағы мемлекеттік кәсіпорыннан бастап, сауда ауқымындағы монополиялар, ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік сатып алу және несиелер мен мамандандырылған банкілерді мақсаткерлікпен бөлісуге дейін ескі құрылымға қоса макроэкономикалық тұрақтылықтың қажеттілігі. Мұның сыртында, экономикалық қызметке қатысушылар жұмыс істеуге мәжбүр болған жағдайдағы бағалар құрылымы әлемдік рынокпен байланыста емес еді, халықтың психологиялық дайындығы, адамдардың рыноктік қатынастарға барабар ойлау жүйесі болмаған.
Казақстан Республикасының "Қазақстан —2030" даму Стратегиясына орай Үкіметтің 1998-2000 ж.ж. арналған іске асырылар бағдарламасы жасалынды. Онда Үкіметтің 1998-2000 жылдардағы жұмыс мақсаттары айқындалған, атап айтқанда, экономикалық өсуді экономиканың нақтылы секторы арқылы түзеуді қамтамасыз ету, бюджет саласын реформалау және жүргізілген белсенді әлеуметтік саясат пен макроэкономикалық тұрақтылықты сақтау жағдайында еліміздің экономикасына инвестиция тарту.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдағы кезеңдегі қызметі төмендегідей басты міндеттерді орындауға бағытталған:
■ ұлттық кауіпсіздікті нығайту;
■ Қазақстан Республикасы Президентінің Стратегиясындағы мақсаттарға жету негізінде ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамды нығайту деңгейін ілгерілете беру;
■ экономикалық өсу қарқынын үдету;
■ әлемдік рынокқа энергия шығарушылардың біржола схемасын анықтау, жобалау, оның жекелеген участоктерінде құрылысты бастап және аяқтау жұмыстары;
■ халықаралық сауданы дамытуды қамтамасыз ететін транспорт пен коммуникацияның негізгі нысандарын қайта құру мен салуды аяқтау;
■ мемлекетті басқарудың принципті жаңа жүйесін құру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет