Л I м а. Ақтанова алалар әдебиеті (Қазақ балалар драматургиясы мәселелері) Оқу қуралы ifb u a h t p j f б а с п а с ы астана-2011


§ Ғалымбек.  Мен  достарымды  ала-щ ла  деп  бөл-



Pdf көрінісі
бет7/14
Дата06.03.2017
өлшемі9,7 Mb.
#8274
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
§
Ғалымбек.  Мен  достарымды  ала-щ ла  деп  бөл- 
меймін. 
щ
Ажар. Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
 
*
Сонда да солардың бар таңдамасы, -  
деп Абай атамыз айтқандай,  шындыгында достың да 
таңдаулысы бар емес пе?
Ғалымбек. Ажартай, адамдарды, эсіресе жақын дос- 
тарды өйтіп «сортқа»  бөлу эдепсіздік болмай ма?
Ажар.  Мысалы,  сен  келешектпе  галым  болуды 
таңдадың,  бцл  арман  — таңдау.  Ал  келешекте  мәңгі 
бірге жцретін дос адамды элі таңдаган жоқсың...»
Міне,  берілген  үзіндіден  байқағанымыздай,  Ажар 
қыз  балаға  төн  үяңдыңты  кейін  ысырып,  өзіндік 
қылығымен  ерекшеленеді.  Ғалымбекке  деген  сезімін 
ашық  білдіреді.  Ал  Ғалымбектің  түсінбеген  қалып 
танытуы  да  оның  ерекшелігінің  айнасы.  Пьесадағы 
жеткіншектер  арасындағы  махаббат  сезімін  білдіретін 
түсы осы ғана.  Автор Ажар  мен  Ғалымбек  арасындағы 
осы сезімді дамыта түссе, жас жеткіншектің өсу психо- 
логиясын көрсететін пьесаның бір қыры ашылар еді.
Пьесада негізгі кейіпкер, басты кейіпкер дейтін бей- 
нелер жоқ.  Мүндағы кейіпкерлердің әрқайсысы өзінше 
бас  кейіпкер.  Шығарма  Еркіннің  шағын  монологімен 
басталады: 
т
«Еркін.  ( көрермендерге) Сэлем,  достар! Агайындар! 
Өмірдегі ең қымбат нэрсе не? Білесіңдерме?.. Ол
 -  
уаңыт. 
Мен  әрбір  минутымды  босқа  жібермей,  уақытымды 
цқыппен  пайдаланып  жцрмін...  Өз  ісіме  уақытымды 
жеткізе  алмай  жургенде,  маган  Сәлім  деген  кергіген 
кесір  оқушы  кедергі  жасады...  Міне,  өзі  де  келе  жа-
тыр». 
,
 
И я  
V*-  -
102

Одан  арғы  Сәлім  мен  Еркін  диалогынан  Сәлімнің 
ара-түра екілікті де алып жүретін орташа оңушы екені 
байқалады.  Бірақ Сөлімнің де өнер-білімнен мүлде ңүр 
алақан  еместігі  болашақ  спортшы  екені  де  біршама
таны лған.
Сөлімнің  бір  екілігі  сыныпты  артңа  тартады  деп 
оған  Еркінді  көмекке  жіберу  әрекеті  де  мектеп  өмірін 
жинақтап  көрсету  талабына  бағындырылған.  Еркін  —
 
болашаң  аңын.  Сондықтан  оның  Сәлімнің  намысын 
ояту үтттітт тисе сөйлеуі де біршама нанымды шыңқан:
«Еркін. Кемшілік  кешірілмейді,  тузетпіледі. Жагдай 
бэрінде де болады. Бірац сыныптың намысы мен уақыт 
бэрінен де қымбат, міне мәселе қайда жатыр?..
Білесің бе, досым, сен,
Оцу ушін не қымбат?
Ең қымбатың — уақыт.
Соны тусін, сырын бақ...
Ынта мен жігер болмаса,
Оқуьің ойга қонбаса,
Оқушы болу — әурелік,
Оқудың өзі
 — далбаса!
Сәлім.  Мащл...  Мен  өз  кемшілігімнің  кесірін  енді 
тцсіндім».
Пьеса соңында сынып жетекшісі Ерденнің оқу үлге- 
рімі  ж үз  пайызға  жеткенін  айтуынан  Сәлімнің  де  оңу 
үлгерімі жақсарғаны көрінеді. Автор осы арқылы өзара 
сынның, оқушылардың өзін-өзі басқаруының рөлін аша 
түскен.  Автор  балалардың  іс-өрекеттерінен  көрінетін 
кейбір  жағымсыз  қылықтарды  Ажар  мен  Ғалымбек 
жасаған  ңүлтемір  (робот)  «Өнерпаздың»  ауызымен 
айтңызады.  Бүл  да  пьесаға  өзвк  болған  ой  өркіндігі, 
өзара сынды өрістету мақсатына бағындырылған. Жал­
пы,  пьеса  1980  жылдардағы  жастар  өмірін  көрсетуге 
қүрылған.  Сондықтан  да  шығарма сол  жылдардың ру- 
хына лайыңталған туынды болып шыққан.
103

Балаларға пьеса арнап жүрген жазушылардың бірі — 
Ескен Елубаев. Оның ңаламынан пхыңқан  «Өжет»,  «Бір 
уыс бидай»,  «Саған күшік керек £ге?»  пьесалары -  мек­
теп  сахналарында  ңойылатын  негізгі  ңойылымдардың 
бірі.  Е.  Елубаевтың балаларға арналған шығармалары- 
на тән ерекшелік  —  бала мінезін,  бала  психо логиясын 
боямаламай,  шынайы  түрде  бейнелеу  деп  санаймыз. 
Оның  «Өжет»  пьесасы азамат согысы  кезіндегі оқиғаға 
қүрылған.  Негізгі  кейіпкер  —  Балабекті автор тентек- 
теу,  еркелеу  етіп  көрсетеді.  Анасы  оны  үйқыдан  ояту 
үшін еркелетіп:
Айналайын баладан,
Тауып алган даладан.
Далада бала жата ма,
Тцсіп қалмаса шанадан,
Шанада бала жата ма,
Сцрап алмаса Алладан 
Қошақаным, щлыным,
Ботақаным, жцлыным.
Тцр, экебас,
Тцр, көкебас,—
дейді.
Үзіндіден 
автордың 
үлттық 
бояуды 
үтымды 
пайдаланғанын  көреміз.  Себебі,  «Айналайын  баладан» 
деп  басталатын  өлеңді  естіп  өспеген  қазаң  баласы  жоқ 
шығар.  Бүл жолдар,  ең алдымен,  ңазақи реңкті айқын 
көрсетеді. Сонымен бірге, қазаң балаларының үғымына 
жаңындығы тағы бар. Балабектің өзін ересек, үлкен са- 
найтыны да бала психологиясын ашатын штрихтар. Әр 
бала өзін ересектермен қатар қойып, тез есейгісі келетіні 
белгілі. Балабек те сондай көп қарадомалаңтың бірі.
«Үлкен болды демейсің,
Мені малга теңейсің», —
деген  сөздері  іштей  еркелеткенді  үнатқанымен,  өзін 
үлкен санағандығын байқатады.
104

Өзенге барып ңүнаныңды суғарып кел дегенде Бала- 
бек бала мінезіне тән сылтауға көшуімен ерекшеленеді:
Өзің білесіц бе, щнаныңды сугарып, 
тцрганда, ысқырып тцруым керек.
Анасы:
Ысқырып тцрсаң ысқырып тцр,
Мынау не деп кері іс қылып тцр.
Балабек:
Менімен ешқайсыңның ісің жоқ,
Ысцырар ем, тісім жоқ.
Балабектің  анасының  ашуланғанын  көріп  және 
үйден  ытып  шығуы  бәрі  Балабектің  өсу,  қалыптасу 
ерекшелігін  танытады.  Ал  ауылына  ақтың  әскерлері 
келіп,  бүкіл  ауылды  дүрліктіргенде  де  Балабек  артық 
мінез  көрсетпейді.  Тек  оған  бәсіреге  берген  қүнанын 
ақтар  тартып  алып,  өзін  теуіп  жібергенде  ғана өзіндік 
ашу  білдіреді.  Автор  баланың  өзіндік  өш  алуын  ерек­
ше  патриоттың  сезімнен  емес,  ңатардағы  пендеге  тән 
сезім  көрінісі  ретінде  бейнелегендігі үтымды  шыңқан. 
Жазушы  белгілі  бір  тапты  жақтағандығынан  ақтың 
офицерінен  өш  алған  етіп  Балабекті  көрсетсе,  бүл 
жасанды  болар  еді.  Балабек  мінезіндегі  балаға  тән 
қияңқылығы,  қыстығып  барып  өжеттенуі  нақтылы 
берілген. 
Пьеса 
оқиғасының 
шиеленісуі 
ақтың 
өскерінің  ауылға  келіп  қоқан-лоңы  көрсетуінен  баста- 
лады.  Оған  дейінгі  көріністер,  Балабектің  Керең  шал- 
ды  мазақ  қылуы  негізгі  тартыс  алдындағы  дайындық, 
қалыпты  психологиялық  жағдайды  қызықтау  ретінде 
берілген. Шалдың орта қап тарыны атына өңгере алмай 
жатңаны,  оған  Балабектің көмектесуі де  шынайы.  Ар- 
тынша  оның  өзінің  тентек  мінезіне  басып  шалдың  на- 
мазын бүзғызуы бала ерекшелігін аша түседі. Автор ре-
маркада осы көріністі жақсы көрсеткен:
«(Керең  шал  белбеуін  шешіп,  шапанын  жайып 
жіберіп,  намазын  дауыстап  оңи  бастайды.  Отырып,
105

түрады,  жерге  маңдайын  басады.  Еріккен  Балабек 
шалдың артына түрып алып, мазаң етіп түр).
Балабек (оңыстан айқайлап)
Ата, әй, ата!
Керең  шал  (намазын  доғара  салып,  бірдеме  болып 
қалды ма екен деп)
A -а?!
 
I
(Балабек шек-сілесі ңатып күледі. Ішегі түйіліп жер­
ге аунайды). 
j
Балабек:
Намазыңызды қаза қылдыңыз,
Алла тагаладан цят емес пе,
Мцныцыз?!
Намаз оқып тцрып
Сөйлеуге болмайды.
Аңыретте
Тозаққа шыжгырады ондайды!»
  -
Деп  шалды  мазақ  қылып  әрі  аңыретпен  ңорңытады. 
Біраң  осы  көріністің  өзі  жеңіл  күлкіні  келтіріп,  Бала- 
бекке деген жаман көзңарасты қалыптастырмайды. Иә, 
үлкенді  мазақтау,  келемеждеу  жаман  ңылың.  Бірақ 
пьеса басталғаннан таныс болған Балабекке кешіріммен 
ңараймыз.  Себебі,  оның  әрекетінде  бүзаңылың  емес, 
ерке  тентектік  бар.  Әрі Балабек  сияқты  баланы  әркім- 
нің  өз  ауылынан  да кездестіре  алатыны  оның бейнесін 
типтендіріп түр. Е. Елубаев шығармаларына тән негізгі 
белгілердің бірі — жеңіл юмор мен сөздердің үңсастығын 
үтымды пайдалануы. Мөселен, ақтың әскері:
«Араларыңда  большевик  бар  ма?»  —  дегенде  оның 
сөзін үңпаған ауыл аңсақалы:
«Балшебек жоқ бізде,
Аршабек бар.
(Ақтың  офицерінің  көзі  ақшиып  шошып  кетеді. 
Қолын наганның кабурына апарады).
Қайда ол?
106

Ауыл ақсақалы.
Міне -  Аршабек»
Немесе  одан  кейінгі  көріністегі  ауыл  ақсақалынан 
аңтың офицері атын сүрағанда,  ол сасқанынан өз атын 
үмытып қалып, Балабектің анасынан өз атын сүрауы да 
нанымды өрңекте л ген:
«Көсегең көгергір, келінжан,
Менің атым кім еді?
Анасы.
Жэке-ау!
Қалай айтпам апгыңызды?
Сіздің атпыңызды айгпуга болмайпгын
Білмейсіз бе салтпымызды?
Ақтпың офицері атпам двп оқшалванда.
Бцл кісінің есімі,
Бірге гполмайтпын Жәке 
дейміз, келіндері, өзіміз — дейді 
Есімі еске тпцскен. а қ са қ а л :
Атпым Жартпыбай.
Есім шывыті састпым гой, тпуге,
Мынаның мысы баспгы гой, тпцге».
Осы  сияқты  қазақ  үлтына тән  бояу  белгілердің  мол 
болуы пьесаның сөтті шықңанына дөлел болып түр. Пье 
сада үзіліс, бөгеліс жоң. Оңиғалары бірінен соң бірі, бір
қалыппен туып, көрермендерінжалықтырмайды. Қайта
өр  көріністегі  қызықты  эпизодтар  оқырманды  өзіне 
баурап, тагы не болар екен дегендей өсерде қалдырады. 
Пьесадағы  кейінкер  сөздерінің  белгілі  бір  үйқасқа 
ңүрылғандығы да өрі жеңіл, өрі көрермендерге түсінікті 
болуымен  ерекшеленеді.  Е.  Елубаевтың  балаларға  ар 
налып жазылған тағы бір пьесасы  «Бір уыс бидай»  деп 
аталады. Мүнда да ерке, тентек бала өрекеті суреттеледі. 
Алайда,  алғашқы  «Өжет»  пьесасындағы  Балабекті 
қызыңтаған д ай, Батырдың өрекетін, тентектігін қүптаи 
бермейміз.  Балабектің  еркелігі  өжет  өрекетке  өкелсе, 
Батырдың  еркелігі  тек  кесірлік  пен  төрбиесіздікке
107

әкеледі. Бүл пьесада да Батырды әжесі қатты еркелетеді. 
Тіпті  оның  артынан  еріп  жүріп  киіндіріп,  мүрнын  да 
сүртіп беруі, т.б. Батыр ерекшелігін танытады.  *Өжет» 
пьесасында  Балабек  анасының  еркелеткенін  үнатпай, 
оның сөзін мазаңтап  қайталаса,  «Бір уыс бидайда»  Ба­
тырды досы Түрыстың келемеждеуі берілген.
Артынан екеуінің қалталарынан бірі бидай, екіншісі 
күріш  дәнін  алып  шығып  атыса  бастауы,  ізінше  одан 
жалығып ңыздарды атқылай бастауы — бәрі кейіпкерді 
шынайы көрсету талабына сай өрілген. Мәселен:
« Қыз:
Агай, агай,
Мына Батыр
Бізді бидайдың дәнімен атып жатыр, 
Көзімізді шыгаратын болды,
Кластыц еденін қараңьізшы,
Бидай мен кцріштің дәніне лықа толды.
Мұғалім:
Обал-ай! Обал-ай!
(Аягын басатын жер таба алмайды)»
Міне,  осы  үзіндіде  еденде  төгіліп  жатңан  дөннің
көптігін  «лыңа толды»  деген сөздер білдірсе,  автордың
«аяғын  басатын  жер  таба  алмады»  деген  ремаркасы-
нан дөннің көп шашылғаны аның көрініп түр.  Батырға
жердегі  дәнді  жинауға  мүғалім  бүйырғанда,  оның
аяғымен  сиыра  бастауы  да  төрбиесі  нашар  ерке  бала
ңылығын  шынайы  түрде  ашады.  Міне,  осы  көрініс-
тен-ақ, кесірлі тентек екені байңалған. Батырдың өзінің
бүлдірген  ісін  мойындамай  түруы,  тіпті  мүғалімнің
сөзін үнатпауы бәрі қалыптасңан теріс төрбие нөтижесі
екені  ашылады.  Пьесада  өрі  қарай  Батырдың  сабаң
оңымайтын жалңау екені де үтымды штрихтер арқылы 
көрсетілген:
Мүғалім.
Тақтага иіық!
Батыр.
Сабаққа дайын емеспін.
108

Мүгалім.
«Бірсің». Тәртібің де «бір»
Кунделігіңді экел.
Батыр.
Үйде цмытып кетіппін.
Мүғалім. Б арда алып кел.
(Батыр сумкасын жинап алып жайбарақат шыгып 
кетеді).
Батырдың 
жағымсыз 
өрекеттерінің 
бірте-бірте 
күшейіп түсуін жөне бүл арңылы теріс бағытңа түскен 
жас  баланың  өзін  оң  бағытқа  икемдеуі  қиындағанын 
ашу талабын аңғартады. Сөйтіп, шығарма басында өжесі 
өркөлөтквн  тентек  бала  өнді  ешкімді  місө  түтпаитын 
бүзық  балаға  айналу  үстінде  алынып,  оның  қүлдырау 
жолы кең қамтылып, кейіпкерді жан-жақты танылуы- 
на  негіздеген.  Екінші  көріністе  оның  тыныш  жатңан 
күшікті ызаландырып, мазасын алуы да шынайы кесте-
ленген. Оның:
«Асыраган кцшігің өсе келе,
Қабаеан ит болып шықсын десең,
Соның қамын жесең,
Ызаландырып, таяқпен турткілеп, 
Мазасын алып, тыныштық бермей,
Қашқалацтаганына көнбей,
Ойнап цру керек,
Кунде өстіп тцру керек»,
 -
деген сәздврі мазасыз мінөзін айқындай түсөді. Күшіккө 
тиіскенімен қоймай, оның енді тыныш жатқан бүзауды 
сүйрелеп  сүзеген  етпек  болуы  да  бала  табиғатына  сай
ашылған:
«Қайтсем 
де сцзеген гып 
шыеарамын мцны мен
,
Жаттыцтырам, жалықпастан кунімен!»
  —
деген  сөздерінен  сабақ  оңымаса да,  бүзау мен  күшікті 
ызақор қылуға уаңыт табатын бала әрекеті анық таны-
лады.
109

Бала  мінезінің  өзгеруіне  оның  тентек,  ңияңқы  бо- 
луына үлкендердің  әсері  екенін  автор  атасы  мен  әжесі 
арасындагы  диалог  арқылы  білдіреді.  Баланы  тым 
әспенсітудің арты жаман болатынын атасы ескертсе де, 
өжесінің үнемі  Батырды  ақтап сөйлеуі бала төрбиесіне 
деген үл кен дер қателігін ашуға ң үры лған.
«Атай:
Біздің Батыр
Әбден әспенсіп кетті.
Еркелетуді тиятын мезгіл жетті.
Жалгыз-жалгыз деп есіртпіп алмадық па,
Тэрбиесінен көз жазып қалмадық па?
Әжей:
Жэ, сандалма. Немепе?
Жылап жцріп Алладан сцрап алган немере,
Сен, алжыган шал, бьщсытпай отыр,
Ілініп-салып жцріп оқыр»,
 -
дейді.  Әрі  қарай  әж есі  жаңсы  оңып  көзге  түссе,  елдің 
көзіне түсіп көз тиіп ңалады деген «қауіп» айтады. Осы-
лайша,  жаңсы  көрген  немересін  үлкен  кісінің  тым  ая- 
л айтыны шынайы берілген.
Алғашңы  көріністердегі  Батыр  мінезіндегі  тым 
шолжаңдық  ңайдан  шығып  жатқанын  атай  мен  әжей 
арасындагы  диалог  наңтылай  түседі.  Автор  бала 
тәрбиесіне, оныңөсу, даму психологиясына үлкендердің 
тікелей  қатысы  барын  көрсетеді.  Пьесадағы  негізгі 
идея  атай  мен  өжей  арасындагы  бала  тәрбиесі  туралы 
диалог  арқылы  жеткіншек  Батырдың  іс-әрекеті  мен 
мінезіндегі  өзгерістің  себебінің  ашыла  түсуіне  байла­
нысты  өрістетеді.  Конфликтісіз  драма  болмайтыны 
белгілі.  Пьесада  негізгі орталың  тартыспен  бірге,  соны 
негіздеуші, өрбітуші үсақ тартыстар да болады. Үсақ ин- 
тригал ар кейде орталың, яғни негізгі тартысты нақтылай 
түсу  үшін  де  керек.  Мәселен,  өжеймен  атай,  атай  мен 
Батыр, Батыр мен мүғалім, мүғалім мен өке, Батыр мен 
өке арасындағы диалогтар үсаң тартыстар ретінде бірін- 
бірі дамытып, бала төрбиесіндегі негізгі олқылықтарды
110

ашуға  бағытталған.  Пьесада  тартыс  мөселесі  таңырып 
пен  идеяны  ашуда  шешуші  рөл  атқарады.  Кейіпкер 
мінезі  мен  әрекеті  де  осы  тартысқа  байланысты.  Осы 
ретте  белгілі  зерттеуші  С.  Ордалиевтің:  «Конфликт 
дегеніміз -  өзінен-өзі пайда бола алатын нәрсе өмес,  ол 
өмірдегі  әр  түрлі' адамдардың  күрес  үстінде  көрінетін, 
түрліше 
характерлерін 
ашатын 
күпх. 
Конфликт 
мөселесін  объективтік  өмірлік  қажеттілік  деп  үғып, 
оны  драмалың  шығарманың  сюжет  қүрылысының 
міндетті  заңы,  драмалык  әрекеттің  пружинасы,  қала 
берсе  драманың  өзіндік  жанрлық  ерекшелігі  деп 
білуіміз  керек»,  -   деген ғылыми  ой-түжырымын пьеса 
талдау  барысында  үнемі  назарда  үстау  абзал.  Расында 
да,  егер  пьесада  тартыс  болмаса,  ол  драмалық  туынды 
болудан  қалады.  Пьеса  соңында  өкесінің  бір  уыс  би­
дай ды  шашып  тастап,  бір-бірлеп  теруге  бүйырғанын, 
еденде  шашылған  дөнді  жинап  болып  Батырдың  «ух» 
деп  маңдай  терін  сүрткені  берілген.  Біреудің  еңбегін 
ңадірлеу керектігін әкесі баласына осылайша түсіндіреді. 
Пьеса соңында өке көрермендерге қарап:
«Ақылымның жеткен жері,
Меніц берген жазам осы болды.
Ал сіздер қайтер едіңіздер?»
  -
дейді.
Бүл  арңылы  автор  өз  көрермендеріне  ои  салады. 
Бала төрбиесіндегі  күрделі  мөселелерге  көрермендерін 
де үңілте түседі.  Зерттеуші Р.  Нүрғалиев:  «Көрерменге
арнай  сөйлеу,  сырласқандай,  әңгімелескендей  сыңай 
таныту  — спектакльді  жандандырып  ж іберертәсіл», 
дейді. Е. Елубаев пьеса соңында осы төсілді пайдаланып 
көпшілікті,  соның  ішінде  жас  көрерменді  де  ойлануға 
шаңырады.  Автордың  «Саған  күшік  керек  пе?»  -   де­
ген  пьесасының  оқигасы  созылып,  тым  шүбалыңқы 
шыңқан.  Жеке-жеке оңиғалары мен кейіпкер тіліндегі 
сөз қолдануы үтымды шықңанымен, пьесаның айтайын 
деген  ойы  көмескілеу.  Жеке  эпизодтарының  шынайы 
түрде  шықңанымен,  пьесадағы  тартыс  нақтылы  емес.
111

Сол  себепті  де  шығарма  өз  маңсатына  жете  алмаған. 
Алдыңғы  таңырыптарда  талданған  шығармалар  жасы 
кішілерге  арналғандықтан,  кейіпкердің  мінезіндегі 
көпқырлылың мәселесіне тоңталмадың. Ал жеткіншек 
үшін кейіпкер мінезі мен әрекетіндегі әр түрлі сипаттың 
болуы маңызды.
Е. Елубаевтың  «Саған күшік керек пе?»  пьесасының 
басты  кейіпкері  Қуаныш  бойынан  да  осындай  мінез 
түрлілігін көреміз.  Оның күшіктерге жаны ашып,  ара- 
сына түсуі негізгі тартысқа баратын жол . Сол күшіктер 
үшін әкесінің заңға тарты л а жазд ауы, бірақ Қуаныштың 
күшіктерді  аман  алып  ңалуы  кезінде  оның  бірбеткей 
мінезі,  біржақтылығы,  аяушылық,  т.б.  сезімдері 
біршама  көрінген.  Ал  оның  әпкесі  Шолпыға  келіп 
жүрген  Наңышты  үнатпауы,  тіпті жек  көруі  бала  пси- 
хологиясына сай шыққан.  Пьеса соңында даудың басы 
болған  күшіктерді  ауыл  балалары  таратып  әкеткені, 
Қуаныштың көңілінің жай табуы көрсетілген. Осы кез- 
Де 
бүлардың үйіне Нақыш  келіп бір күшігін сүрағанда 
Қуаныштың  Нақышты  кешіре  салмауы  да  шынайы 
берілген.  Бәрі  жаңсы  аяқталғанда бас  кейіпкер  кеңдік 
көрсетуі дәстүрлі тәсіл екенін ескерсек те, Е. Елубаевтың 
кейіпкерінің бірбеткей ңалпы шегелене түскен:
«Ңуаныш: Сенің төбетің бар емес пе?
Кушік неңе цажет бола қалды?
Нақыш:  Төбетіміз...  не  деуші  еді?  Иттердің  әбден 
ж асы  жеткенде,  қартайды деуші мв еді,  әлде  кэрі  бол­
ды  деуші  ме  еді?  Үруге  ерінеді.  Сондықтан  жас  кцшік 
асырамацшымын. Кцшігіцнің біреуін бер.
Қуаныш.  Жоқ!  Балалар  алып  кетті.  Бар  болса  да,
бермеймін.  Кет  цйден.  (Жан-жагына  қарап  mac  іздейді).
Жоеалт  көзіңді.  Кціиікшілін.  Білвм  свні.  Квт  двген  соң, 
кет!..»
 
"  


Міне,  «күшік  оқиғасына»  байланысты  ңаншама  сөз
естісе  де  Қуаныштың  алған  бетінен  таймайтын  ерек- 
шелігін жазушы жете танытңан.
Қорыта  айтқанда,  Е.  Елубаев  балалар  драматургі 
ретінде өзіндік стилі, өз қолтаңбасы қалыптасңан жазу-
112

шы дейміз. Оның шығармаларының жас көрермендерге 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет