Л I м а. Ақтанова алалар әдебиеті (Қазақ балалар драматургиясы мәселелері) Оқу қуралы ifb u a h t p j f б а с п а с ы астана-2011


§ Сәрсен:  Кәдімгідей  кеме!  Ол  ешбір  отынсыз-ақ,  күн



Pdf көрінісі
бет3/14
Дата06.03.2017
өлшемі9,7 Mb.
#8274
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
§
Сәрсен:  Кәдімгідей  кеме!  Ол  ешбір  отынсыз-ақ,  күн 
сәулесінің күшімен суда жүзетін болады ».
Байқағаны мы здай,  Сәрсеннің  алғаш қы  арманы,  ті- 

легі өте орынды. Алайда, сол арманына ж ету үш ін оған 
білім керек екенін ол кейінірек түсінеді.  Сәрсеннің ой- 

лап  тапңан  кемесінің  ңүрылысы  да  ерекше:  «Кеменің 
ішінде  су  толтырылған  үлкен  қазан  түрады.  Оның  тү- 
біне  затты  үлкейтетін  шыны  орнатылады.  Ол  шыны 
Күн  сәулесін  өзі  тартады.  Ал  ңазанның  үстіне  затты 
кіш ірейтіп көрсететін шыны орнатылады. Ол суды суы- 

тып  түрады.  Демек,  ңазандағы  су  астыңғы  жағынан 
қайнап,  буға айналып,  жоғары көтеріледі.  Онда барып 
суып, суға айналып, қайта төмен түседі», -  дейді.  Мар­
ж ан мен Сәрсеннің диалогі арңылы Сәрсеннің білім мен 
ғылымнан хабары нашар тек қүр арманшыл екеніне көз
44

жеткізеді.  Оңу  мен  білім  кітапта  екенін  автор  туралап 
айтпай, екі оқушы әңгімесі арңылы жаңсы түсіндірген. 
Ал  «Ағалық ақыл »  («Үстаздың ақыл ») пьесасында мек­
теп оқушылары өздері таңдаған болашақ мамандықтары 
туралы дауласады. Аман деген бала ңолөнер шебері бо- 
луды  армандаса,  Айдар  аңын  болуды  қалайды,  Ахмет 
қолбасшы,  яғни  әскери  адам  болсам  деп  ңиялдайды. 
Үшеуінің  дауын  Мүңан  мүғалім  келіп  шешеді.  Ол 
балаларға таңдаған өнерлерінің бәрі де ж ақсы ,  ж үртқа 
пайдасы бар екенін түсіндіреді. Б. Ысңақовтың творчес- 
твосын зерттей келе Ш. Ахметов былай деп бага береді:
« Автордың бүл пьесаларының қайсысы болса да қызың- 
ты сюжет,  тартымды оңиғаларға ңүрылған.  Оларда ба­
лалар бойындағы зеректік, тәртіптілік, еңбексүйгіштік, 
адалдық,  адамгершілік,  үйымшылдың  сияңты  асыл 
қасиеттер  дәріптеледі,  ал  кейбір  балалардың  бойын- 
да  кездесетін  тентектік,  өтірікш ілік,  ж алқауш ылық, 
дөрекілік, мақтанш ақтық сияңты жағымсыз ңылыңтар
әшкереленеді...»  /6 ,1 9 7 /.
Қ азақ  балалар драматургиясында  оқуш ы  балалар- 
дың  өмірі  ғана  суреттеліп  қойған  жоң.  Балаларға  ар- 
налған шығармаларда тақырыптағы пьесалар да көптеп 
ж азы ла бастады.  Ертегі сарынымен  жазылған  С.  Бега- 
линнің  *Тапқыр бала»  пьесасының оңиғасы  қызықты, 
тілі орамды болып келеді.  Ж .  Қалиасқаров  «Қазақстан 
мүғалімі»  журналында  аталған  пьесаға  тап  тартысы 
түргысынан  қарап,  сын  айтады.  Ертегілік  пьесадан 
идеологиялық  мән  іздейді.  Кеңестік  идеологияға  сай 
осындай  баға  алған  пьесаны  бүгінгі  заман  талабымен 
ж аңаш а бажайлау жөн деп ойлаймы з. « Әдебиетшілердің 
басым  көпш ілігі  көтеріп  отырған  мөеелесін  таптың 
деңгейде  қарастыруга  үмтылды.  Сондықтан  да  ондай 
толғам-толғаныстар  бір  жаңты.  Қ азақ  өдебиетінде  бо­
лып ж атқан жайларды түгелдей ңамтудың орнына, сол 
кездегі  үстемдік  етіп  түрған  саясаттарың  ыңғайына 
қарай  жығылды,  сондыңтан  өдебиетке  өділ  баға  беру 
қиын  еді»  деген  пікірге  сүйене  отырып,  жаңаш а 
көзқараспен  қарау  дүрыс.  Пьесаның  сюжеті  бойынша
45

жас  бала Әппекім  мен  шешесі  аштан  өлмес  үшін  амал 
табады. Қарапайым халы қ арасында белгілі Алдар көсе, 
Тазша бала бейнелері сияқты  Әппекім де өз ақылымен 
маңсатына жетеді.  Тап тартысы дейтіндей тартыс жоң. 
Сондықтан  да  пьесадан  тап  тартысын  іздеу  дүрыс  бол- 
мас.  Ертегілік  таңырыпқа  жазылған  пьесалардың бірі  -  
С.  Жүнісовтің  «Бәсеке»  деген шығармасы.  Пьеса ж аңа 
жыл.  кешіне  арналған.  Ж ануарлардың  ж ы л  басына 
таласуларындағы  сияқты.  Бірақ  мүнда  ңүстар таласңа 
түседі.  Адам  баласына  ең  пайдалы  ңүс  қайсысы  де­
ген  сүрақ  төңірегінен  үлкен  бәсеке  өрбиді.  Әр  ңүс  өз 
жетістіктеріне тоқталып,  өздерінің ерекшеліктерін ай- 
тады.  Көрермен  бала  үшін  пьесаның  қүндылығы,  оны 
әр түрлі қүстардың мінезімен,  мекенімен,  тіршілігімен 
таныстыруында.  Ең соңында А яз ата шығып:  «Қай қүс 
билік  алуға  лайыңты,  өздеріңіз  шешіңіздер»,  -   дейді.
Бүл да қүстарға берілген мінездемелерден кейін баланы 
ойландыру үшін айтылған.
Қ азақ  балалар  драматургиясының  тууын  ауыз 
әдебиеті  мүраларымен  байланыстырып,  драмаға  ке- 
ректі  негізгі  элементтерді  шешендік  сөздер,  айтыс- 
тар,  ертегілерден,  мысалдардан  көрдік.  Халың  ауыз 
әдебиетінің  қазіргі  балалар  драмасының  алтын  бесігі 
екенін  дайын  монолог,  диалогтарды  талдап  байқадық. 
Ж алпы ,  қазақ  драматургиясындағы  үздік  туынды- 
лардың  барлығы  ауыз  өдебиетімен  байланысты  болып 
келетінін  Ә.  Тәжібаев  өз  еңбегінде  атап  өткен.  Дәлел 
ретінде М.  Әуезовтің  « Еңлік-Кебек »,  « Айман-Шолпан» 
пьесаларын,  F.  Мүсіреповтің  «Ақан  сері-Аңтоқты », 
«Қозы  Көрпеш-Баян  сүлу»,  «Ңыз  Ж ібек»,  т.б.  ауыз 
өдебиеті  мүрасымен  байланысты  ж азы лган  үздік  пье- 
саларды  көнтеп  атауға  болады.  Олай  болса,  тамыры 
терең  халы қ  ауыз  өдебиеті  бүгінгі  ңазақ  драмасының 
негізі,  бастау  көзі  деп  нық  айта  аламыз.  Қазаң  бала­
лар драматургиясында да  торт  аяғын  тең басқан  туын- 
дылар  ауыз  өдебиетімен  байланысты  туған  дүниелер 
болды.  Мөселен,  М. Аңынжановтың  «Алтын саңа»  пье- 
сасы,  С.  Бегалиннің  «Тапңыр  бала»,  Ө.  Тәжібаевтың
46

«Жомарттың  кілем і»,  Б.  Соңпаңбаевтың  «Тапңыр 
Қожанасыр», С. Жүнісовтің «Бәсеке», т.б. пьесалардың 
ғүмырларының үзаң болуы асыл мүра ауыз өдебиетімен
байланыстылығында.
Қ азақ  балалар  драматургиясындағы  тың  тақырып- 
тардың  бірі  балаларды  мектепке  тарту,  оқуға  шақыру 
болды.  Бүган  I.  Ж ансүгіровтің  «Мектеп»  атты  пьеса- 
сын  жатңызамыз.  Одан  кейінгі  кездердегі  мектептегі 
бала  өмірі,  олардың  өзара  қары м-қаты насы   Б.  Ыс- 
ңақовтың,  Б.  Тәжібаевтың,  М.Гумеровтің,  Н.  Ғабдул- 
линнің  С.  Балғабаевтың,  Ө.  Боранбаевтың,  М.  Қа- 
банбаевтың 
және 
т.б. 
балалар 
жазушыларының 
туындыларынан көреміз.  1960 жылдарда қазақ балалар 
драматургиясының  қалыптасу  кезеңі  аяқталып,  оның 
даму кезеңі басталды. Осы жылдардан бастап драматур- 
гияда бала мінезін, психологиясын көрсетуге тырысқан 
тың таңырыптар  дүниеге  келе  бастады.  Кеңестік  идео­
логия қүрығынан, цензурадан асып кете алмаса да бала 
жан дүниесін, оның іш кі сезімін корсету аздап болса да 
дами  түсті.  Мәселен,  Е.  Елубаевтың,  Ә.  Табылдиевтің 
пьесаларында  аталған  таңырыптар  сөз  бола  бастады. 
Е.  Елубаевтың  «Саған күш ік керек пе?»,  «Өжет»  пьса- 
ларында  бала  мінезі,  бала  психологиясы  сөз  болса, 
Ә.  Табылдиевтің  шағын  драмалың  шығармаларында 
балаларға  адамгершілік  ңағидаларын  сөз  етіп,  тәрбие 
мәселесін  көтереді.  С.  Балғабаевтың  «Жымбала,  Мико 
жөне қасқыр» пьесасы балаларды оқуға, білім алуға ын- 
таландырса, М. Қабанбайдың «ЗКиһанкез Ти-Ти»  пьеса­
сы бүлдіршіндерге қайырымдылық туралы сыр шертеді. 
Балаларға арналған драмалың шығармаларды жанрлық 
жағынан  ж іктесек  комедиялың,  драмалық  туындылар 
екеніне  көз  жеткіземіз.  Трагедиялы қ  шығармаларды 
ересек  балаларға  арналған  туындылардан  байқаймыз. 
Ересек балалар үшін  «Күшігінен таланған»,  «Сталинге 
х а т » ,« Қара торғай » сияқты трагедиял ық туындал ардың
берері мол.
Алайда,  қазақ балалар драматургиясындагы шығар- 
малардың  көбінің  жас  оқырман  мен  көрерменнің
47

көңілінен  шыға  алмағаны  рас.  Ең  алдымен,  идео­
логия,  цензура  қуғыны  өсер  етсе,  екеншіден  көп 
туындылардағы  ұлттық  белгінің  болмауы,  үлттық 
ерекш еліктің  болмауының  себебі  еді.  Қ.  Ергөбеков 
1920-30  жылдардағы  әдебиетке  баға  бере  келе:  «Орыс 
әдебиетінде  бар  үлгіні  пайдалана  отырып,  кейіпкер 
тіліне,  автор  баяндауына  орыс  сөздерін  тоғыта  мол 
кіріотіру  -   қазақ  аңын  ж азуш ыларының  әсершіл, 
балаң  ж айыны ң  көрінісі»,  —  деген.  Алдымен,  осын- 
дай  әсершілдікпен,  кейіннен  үранмен  ж азы лған  туын- 
дылардың  балалар  үшін  берері  аз  болды.  Балалар 
әдебиеті,  әрине  тәрбиелік  те  маңсатты  көздейді.  Де- 
генмен,  болашаң үрпаңтың рухани-эстетикалың талға- 
мына, өсері болар туындының көп болғаны дүрыс.
Ңазаң  балалар  драматургиясы  зерттелмей  жатңан 
сала болғандықтан, ең алдымен, балалар үшін ж азы лған 
пьесаларды жинаңтап, кезеңге бөлін,  жас ерекшелігіне 
байланысты саралауды жөн көрдік. Сонымен бірге, зерт- 
теу барысында балаларға арналған пьесаларды таңырып 
бойынша  ж іктеп  және  де  әр  пьесаның  жазылған 
уаңытына  ңарап  әділ  талдау  жасауды  маңсат  еттік. 
Кеңестік  идеология  түсында  белгілі  идеяга  бағынып 
жазылган пьесалардың өздерінен де бала ж ан дүниесіне 
әсер і  болар  тү стар ы н   к ө р сету ге  т ы р ы с т ы қ .  Ғ алы м
А.  Сейдімбековтіңж ал п ы әдебиетдамуы туралы: «Ж ал­
пы,  өнер табиғатына тән даму,  толысу жағдайы бүгінгі 
қазаң  әдебиетінде  өзекті-өзекті  екі  сипатымен  түлға 
танытып  отыр.  Бірі  -   бүрыннан  қалыптасқан  дәстүрді 
жалғастыра отырып, сол дөстүрді алтын түғыр ете оты­
рып,  ж аңа  өрістерге  шыгуы.  Екіншісі  — ңалыптасқан 
дөстүрді  саналы  түрде  орай  өтіп,  белгілі  дәрежеде 
жаңаш ылдың  өрнектердің  бой  көрсетуі.  Мүның  екеуі 
Де үдайы даму,  тынымсыз  іздену үстіндегі  әдебиет пен 
өнердің бойында болатын игі  ңасиет»,  -  деген сөзін ба­
лалар драматургиясының дамуы мен толысуына байла­
нысты да айтуға болады.
48

Қазаң балалар драматургиясы бүгінгі күні өз арнасы, 
j  өз дөстүрі мен жаңалығы бар үлкен сала дегіміз келеді. 
Қазаң  балалар  драматургиясының  туу,  қалыптасу 
жолы  дегенде,  халық  ауыз  әдебиетінің  асыл  үлгілері 
балалар драматургиясының алғаш қы негізі. Халықтық 
туындылар  мен  драматургиялың  шығармалардың 
арасындагы  өзара  ерекше  байланыс  бар.  Белгілі 
ғалымдар  (М.  Әуезов,  Ә.  Тәжібаев,  Р.  Нүрғалиев,  т.б.) 
еңбектеріне  ғылыми  ой-түжырымдар  дәлелденген. 
Балаларға  арналган  драмалық  туындылардың  қазіргі 
таңдагы қалыптасуына негіз болған, рухани уызы ауыз 
өдебиетіндегі  балалар  айтысы,  ертегілер,  ойындың 
фольклоры,  мақал-мәтелдері,  шешендік  сөздердегі 
диалогтар  мен  монологтар  екені  белгілі.  Қазақ  ба­
лалар  драматургиясының  үздік  деген  туындылары 
да  халыңтың  үлгідегі  шығармалар  негізінде  туған. 
Мөселен,  М.  Ақынжановтың  «Алтын  сақа»  пьесасы 
халық  ертегісінің  ізімен  жазылса,  Ш.  Қүсайыновтың 
«АлдарКосе», Б. Соңпақбаевтың «Тапқыр Қожанасыр» 
туындылары аңыз-әңгімелер желісімен туған пьесалар. 
Бүлдіршіндер  үшін  жазылған  аңдар  туралы  ертегілік 
сарында дүниеге келген көптеген пьесалар, ертегілердің 
исценировкалары  да  жогарыда  айтқан  пікірлерді
дөлелдей түспек.
Әлем  әдебиеті  дамуындағы  озың  дәстүрлерді  иге- 
ре  отырып,  халың  рухымен  сабақтас  туындылардың 
дүниеге  келуі  заңды  ңүбылыс.  Әдебиет  -   үнемі  қоз- 
ғалыста,  даму  үстінде  күрделеніп,  ж аңа  сапаға  ие 
болып  отыратынын  балаларға  арналған  драмалың 
туындылардың  тууы  мен  қалыптасуынан  байқадық. 
Қоғам  өміріндегі  өр  түрлі  саяси,  өлеуметтік,  эконо- 
микалық  өзгерістер  әдебиеттің  дамуына  өсер  ететіні 
белгілі.  Осы  ретте,  ғалым  Р.  Нүрғалиевтің  «Өдебиет 
аса  сезімтал  прибор  төрізді,  халық  өміріндегі  тит-
тей  өзгерістің  өзі  оның  айнасына  түспей  қалмайды» 
/1 7 ,3 0 5 / деген ойын балалар драматургиясы мөселесіне 
де байланысты дей аламыз. Әдебиет ңогамдық сананың
4-№75
49

нақтылы беинеленуі десек, сол сананы ң дамуы  белгілі 
бір  кезеңдегі  ңоғамның  ілгерілеуіне,  ңарқынды  өсуіне 
байланысты.  Олай  болса,  ңайнар  көзін  ауы з  әде- 
биетінен  алған  ңазаң  балалар  драматургиясының  да 
дамуы,  ілгерілеуі  белгілі  ңоғамда  өмір  сүрген  жеке- 
леген  ж азуш ылардың  ш ығармаш ылың  ізденісімен 
сабақтасып 
ж атады . 
Балалар 
драматургиясының 
ңалыптасуының  басы  болған  I.  Ж ансүгіров,  М.  Аңын- 
жанов,  Ш.  Қүсайынов,  Ә.  Тәжібаев,  Қ.  Бадыров,  т.б. 
ш ығармалары  кейінгі  ж азуш ы ларға  бағыт  алуға  мүм- 
к ін д ік   туды рды   дей  ал ам ы з.  1960-70  ж ы л д ар д ағы  
б а л а л а р   д р а м а т у р г и я с ы н ы ң   д а м у ы   Қ .  М ү ң ы ш е в , 
Б .  Т ә ж іб а е в ,  Б .  Ы с ң а ң о в ,  Ң.  Ы д ы р ы со в ,  М.  Гу- 
м еров,  Н.  Ғабдуллин  еңбектерімен  байланысты  бо­
лып,  өз  кезеңінің  мәселелерін  көтеріп,  бала  бейнесін, 
бала  үлгі  алатын  үлкендер  бейнесін  көрсете  алды. 
1980 жылдардың бір ерекш елігі  -  бала мінезін,  психо- 
логиялың,  іш кі жан дүниесін корсету десек,  осы орайда, 
ш ығарма ж азған Ә. Табылдиев, Е. Елубаев, Р. Ж әш иев, 
т.б.  ж азуш ылардың  еңбектері  елеулі  дегіміз  келеді. 
1990 жылдардағы  ел тәуелсіздігімен  бірге ж аң а сипат, 
ж аңа  мазмүн  алған  балалар  драматургиясы  Б.  Тай- 
ж ан,  Т.  А хм етж ан,  С.  Әуелбекова,  К.  О разбекүлы, 
Д.  Исабеков,  А.  Ақпанбетүлы,  т.б.  ж азуш ы ларды ң 
елеулі  еңбектерінің  арңасында  дамудың  белгілі  бір 
сатысына  көтерілгенін  байңаймыз.  Ол,  әсіресе  бала­
лар  драматургиясында  үлттың  реңк,  үлттың  сипат 
мәселесіне  байланысты  көтерілген  баспалдагы  екенін 
баса айтңымыз келеді.  «Кейіпкер таңдау, сюжет ңалау, 
өмір материалдарын сүрыптау проблемаларына келген- 
де ңазақ драматургтері екі арнаны ңатар алып жүрген: 
бірі  -   эпостың  ізі,  тарихи  аңыздар,  биографиялық 
сюжеттер,  екінш ісі  —  заман  проблемасы,  өмірдің 
көкейкесті  күйлері»  деген  түж ырымға  балалар  драма- 
тур гиясындағы  пьесаларды  талдай  отырып,  толық 
ңосыламыз.  Қазаң  балалар  драматургиясының  туу, 
қалыптасу, даму ж олы осыны дөлелдейді.
50

Бекіту сүрақтары:
1.  Қазақ  балалар  драматургиясының  ңалыптасу 
кезеңдері.
2. Балалар драматургиясының негізгі тақырыптары.
3. Халың ауыз әдебиеті мен балалар драматургиясының
байланысы.
Әдебиеттер тізімі:
1.  I.  Жансүгіров.  Шығармалар  жинағы.  Т.5.  —  Алма­
ты: Жазушы,  1988. — 365 б.
2.  М.  Горький.  Әдебиет  туралы.  —  Алматы:  Жазушы,
1984. -  421 б.
3.  Ш.  Ахметов.  Қазақ  балалар  әдебиеті  тарихының
очеркі. -  Алматы: Жазушы,  1965. -  135 б.
4. С.  Қирабаев. Екі томдың. Т.2.  —  Алматы:  Жазушы,
1 9 9 1 .-2 2 5  б.
5. Ә. Тәжібаев. Бес томдық шығармалар жинағы. Т.3.4.
— Алматы: Жазушы, 1981. -  550 б.
6.  Б.  Ыбырайымов.  Ой  мен  сөз.  —  Алматы:  Жазушы,
1985. -   225 б.
7. 
Қ.  Ергөбеков.  Тағдырлар  толғауы  //I I   Сөзстан, 
6-кітап.  — Алматы: Жалын,  1988. — 263 б.
8.  М.  Әуезов.  Уақыт және өдебиет.  -  Алматы:  ҚМКӘБ,
1962. -  428 б.
9.  Ә.  Төжібаев.  Қазақ  драматургиясының  дамуы  мен
қалыптасуы  — Алматы: Жазушы,  1971. —
 415 б.
10.  Р.  Нүрғалиев.  Арқау.  Екі  томдық.  Т.1.—
  Алматы:
Жазушы,  1991. —
 517 б.
11. P. Pүстембекова.  Бейімбет Майлин драматургиясы.

 Алматы: Жалын,  1969. і  136 б.
12. М. Дүйсенов. Қазақ драматургиясының жанр, стиль 
мөселесі.  — Алматы: Ғылым, 1977. —
 185 б.
13. Ордалиев С. Қазаң совет драматургиясының очеркі.
— Алматы: Жазушы,  1964. -  276 б.
14.  Ш.  Ахметов.  Қазақ  балалар  өдебиеті  тарихының
очеркі.  —  Алматы: Ж азуш ы,1965. —
 276 б.
51

15. 
Р.  Нүрғалиев.  Арқау  T .l.  —  Алматы:  Жазушы, 
1 9 9 1 .-5 1 7  6. 
1
16.  Б.  Ыбырайым.  Қазіргі  ңазаң  прозасы  жөне  руха- 
ни  эстетикалық  даму  мөселелері  //Д ок.дисс.  —  Алматы,
1 9 9 8 .-3 2 0  6. 
^
17.  Қазаң  совет  балалар  жазушылары.  Құрастырған: 
Ергөбеков Қ.  —  Алматы: Ж алын,  1987. -  189 б.
18.  Ә.  Тәжібаев.  Қазаң  драматургиясының дамуы  мен 
қалыптасуы.  —  Алматы: Жазушы,  1971. -  415 б.

I I Т А Қ Ы РЫ П
Қ А ЗА Қ  Б А Л А Л А Р  ДРАМ АЛЫ Қ 
Ш Ы ҒА РМ А Л А РЫ Н Ы Ң  Ш А ҒЫ Н  ТҮРЛЕРІ
М ақсаты: Ш ағын драмалың шығармалардың түрлері 
мен  ерекшелігіне  тоқтала  отырып,  драматургиялың 
шығармалардың жанрлың жүйесі туралы түсіндіру.
Тірек  сөздер:  әдеби  процесс,  интермедия,  скетч, 
өдеби-музыкалық қойылым.
Ж оспары:
1. Ш ағын балалар драматургиясының жанрлың ерек- 
шелігі.
2.  Қ.  Ыдырысов,  Ә.  Табылдиевтердің  шағын  дра-
малың шығармалары.
3. Е. Елубаевтың балаларға арналған пьесалары.
Қандай да болмасын ж анр өз ішінен шығармада сурет- 
телген өмір шындығының мазмүны мен ауңатына қарай 
іш кі түрлерге жіктеледі.  Осындай табиғи процесс бала­
лар  драматургиясынан  да  байқалып  жатады.  Ж алпы 
драмаға  ңарағанда,  балалар  драматургиясында  шағын 
түрлері едәуір орынға ие болады. Бүл, түтастай алғанда, 
балалар өдебиетінің төл ерекшеліктерінен туындап ж а­
тады.  Сол  себепті де  ңазақ балалар драматургиясының 
дамуы  көлемді  пьесалармен  бірге,  шағын  түрлерінің 
тууына  өкелді.  Қ азақ  балалар  драматургиясының  ин­
термедия, скетч, бір актілі пьесалар, өдеби-музыкалық 
ңойылымдар сияқты үсақ түрлері де дами түсті. Әсіресе, 
мектеп,  балабақша  өміріндегі  дөстүрлі  мерекелердің 
көбейе  түсуі  үсақ  драмалық  шығармалардың  көптеп
тууына себеп болды.
53

Қ азақ  балалар  драматургиясының  үсаң  жанрла- 
рын  топтасаң,  Қ.  Ы дырысовтың  1963  ж ы лы   ш ықңан 
«Ойнайың  та,  ойлайық»  ж инағы на  кірген  интерме- 
диялары   мен  инсценировкалары  алғаш   болып  көзге 
түседі.  Қ.  Ы дырысовтың  ш ағын  ш ығармаларындағы 
негізгі  кейіпкерлері:  мектеп  оқуш ылары  Болат,  Орақ, 
М аржан,  Сөрсен жөне үнемі ақы лш ы  ретінде көрінетін 
Жүмбақбай  атай (кейде ж ай ғана  «атай»  аталады).  И н­
термедия  дегеніміз  -   концерттік  қойылымдардың  ара- 
сында көрсетілген шағын күлкілі пьеса немесе көрініс. 
Қ.  Ы дырысовтың  аталған  кітабына  кірген  алғаш қы  
интермедия 
«Тіанысу»  деп  аталады.  Бүл  шағын 
ңойылымда  Болат  Орақты  дүрыс  сөйлеуге,  үқьіпты 
киінуге, таза жүруге баулиды. Ораңтың сахнаға алңам- 
салңам киімімен ңалай болса солай келуі, сөзін үмытып 
ңалуы салаң балаларда ж и і кездесетін сипаттар болуы- 
мен  ерекшеленеді.  Ал  «Ешкімді  де  бермейміз»  интер- 
медиясы халың ойыны  «Айгөлек»  негізімен ж азы лған. 
Мүнда балалар екіге бөлініп, өз ж етістіктерін ортаға са- 
лады. Ш ағын көріністе ойын элементерімен бірге айтыс 
та қамтылған. Бірінш і топ балалары қарсылас топтан:
Ей, достарым, достарым,
Ақылга айтқан. көніңдер,
Жацынырақ келіңдер.
Ж ауапца дәл сеніңдер.
Одан да көп керіспей,
Оқуда озат әрі іскер,
Жақсы бала Жаннцрды,
Бізге әкеліп беріңдер, — 
v
деп  ж аңсы  оқитын  баланы  сүрайды.  Ал  Ж аннүрдың 
топтастары:
Біз Жаннцрды бермейміз,
Одан да біздер Ержанга,
(күліп)
Ерінбейтін, талмайтын,
Ойын десе калмайтын.
54

Сансызбаев Сэкенді, 
Алганын біз жөн дейміз,
деп  жаңсы  оқитын  жолдастарын  қимаи,  орынына  на- 
шар оңитын баланы өтірік мақтап алуды үсынады. Осы 
арада  өзінше  шағын  тартыс  туады.  Нашар  үлгеретін 
Сәкен  мен  жаңсы  оқитын  Ж аннүрдың  топтастары 
қайсысын  жібергісі  келмейтіні  және  еңбексүйгішті 
неліктен өздеріне қалдырғылары келуі, еңбексүйгіштік 
дәріпте л іп , әсерлі ж еткізілуін негіз деген. Ен ді Сәкен мен 
Ж аннүрды  топтастары  өнер  көрсетіп,  сатып  алулары 
керек  болады.  Бірақ  топтастары  нашар  оңушы  ретінде 
Сәкенді қалдырмайды,  ол үш ін де өнер корсетеді.  Риза 
болған Сөкен:
Рахмет саган, достарым,
Бос селтеңді тастадым.
Үмытылмас шеттетпей 
Қатарыңа қосқаның 
Қарыздар боп қалмаймын 
Бәріңе мцны арнаймын,
Келіп тцр бір эн бастагым, —
деп өзі бір өн бастайды.  Қ.  Ыдырысовтың аталған кіта- 
бына  енген  интермедиялардың  көбі  жүмбаң  шешу 
түрінде,  ойын  түрінде  келеді.  Мөселен,  «Ертіс  бойын 
жағалап»  интермедиясында  Жүмбақбай  атай  Ертіс 
өзені бойындағы ңалаларды жүмбақтап жасырады. Бүл 
балалардың географиялық білімін толы ңты рса,« Көктем 
келді  күлімдеп»,  «Алатау  аясында»  сияқты  шағын 
қойылымдарды  көру  арқылы  табиғат  ңүбылыстарын 
дүрыс  бағалауга  үйренеді.  Өлең  жолдарымен  берілген 
түстары жаттап алуға ж еңіл,  айтуға ыңғайлы.  Кітапңа 
кірген  «Кім  қалай  демалады?»,  «Кім  таба  қояды?», 
«Әрқашан  күн  сөнбесін»  жөне  т.б.  интермедиялардың 
жас  көрерменге берері  мол.  «Еркін  қандай бала екен?» 
интермедиясында Қ. Ыдырысов негізгі кейіпкер ретінде 
мектепте  озат,  төртіпті,  үлгілі  баланың  жиналыста
55

қаралғаны  туралы  айтады.  Негізгі  тартыс  Еркін  деген 
баланың үйдегі өрекеті  мен  мектептегі өзін үстауының 
қарама-ңайшылығынан 
шығады. 
Баланың 
үйдегі 
ңылығын  көршісінің  ауызынан  естісек,  мектептегі 
өзгерген  қалпын  сыныптас  досының  айтқанынан 
білеміз.  Екі  суреттеуде  бір  кейіпкер екі түрлі,  екі  бала 
сияңты көрінеді.
Мектепте:
Қай жцмысқа жцмсаса 
Көремін алда жургенін.
Үйде:
Көрдік біз де жцмысын,
Ондай ісі қцрысын.
Ойыншыгын тартып an,
Жылатты кеше інісін.
Мектепте:
Естімедік біз мцны,
Мектепте Еркін цлгілі.
Баяндама жасады,
Еңбек жайлы ол бір куні.
Үйде:
Еңбек жайлы деймісің?
Ондай болмас жай кісің.
Бізге салса берер ек,
Еріншектің бэйгесін.
Мектепте:
Бос ойынды сцймейді,
Қыздарга да тимейді.
Концерт болса Еркінің 
Өлец айтып, билейді.
Үйде:
Көршілер де суй дейді,
Табаны жерге тимейді.
Жолбарыс болып бақырьіп,
Туйе болып билейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет