Л I м а. Ақтанова алалар әдебиеті (Қазақ балалар драматургиясы мәселелері) Оқу қуралы ifb u a h t p j f б а с п а с ы астана-2011



Pdf көрінісі
бет1/14
Дата06.03.2017
өлшемі9,7 Mb.
#8274
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
8274

б 83(5К)
А37
Ж О Ғ А Р Ы  
Б І Л І М
А. Ақтанова
Қазақ балалар драматургиясы  мәселелері

Р іЪ Ч -
Ж О Ғ А Р Ы
Ж
б
Б  I  Л  I  М
А.  Ақтанова
АЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ
(Қазақ балалар драматургиясы  мәселелері)
Оқу қуралы
ifb U A H T
p J f
 
Б А С П А С Ы
Астана-2011

УДК 821.0 

'
Б Б К 83.8  /   Д 
І 5
А37 
%  #  ;  § I ІОЖ
Баспаға Абай атындағы 
Қазақ ҮПУ-нің жанындағы 
«Білім» 
тобындағы мамандықтар 
бойынша оқу-әдістемелік секциясы
үсынған (Хаттама № 10,  23.06.2009)
Пікір жазғандар
Еспенбетов А.С 
даты, профессор;
филология ғылымдарының  канди-
Тоқсамбаева А.О.
  -   филология  ғылымдарының  канди­
даты
, Ақтанова А.
Балалар әдебиеті: 
Қазақ балалар драмапгургиясы 
мәселелері. Оқу ццралы
. -  Астана: Фолиант, 2011.
-  200 бет.
ISBN 978-601-292-332-2
^азаң  б ал ал ар  
өдебиетінің  зерттеу  нысанынан  кеі 
қ ал ған   саласы  
-  балалар драматургиясына арналган 
алы нда 
автор қазақ балалар драматургиясының туу, 
$
саралап
Бүгінгі
қ а з а қ  
балалар драматургиясының эстетикалық 
мен 
үлттық ерекшеліктері де арнайы зерттелген.
Оқу  қүралында  арнайы  жинаңтарға  шыққан  драмалық
туындылар  мен  мерзімді  баспасөз  беттерінен  орын  алған 
шығармалар талданған.
Кітап  жалпы  өдебиет  сүйер  қауымға  жөне  филология
мамандығында  оқитын  студенттер  мен  магистранттарға 
ар н ал ган .
С.Торайғыров 
атындағы  ПМУ-дің 
іакадемик 
С.Бөйсемб° 
атындағы  ғылыми
УДК 821.0 
ББК 83.8
і
ISBN 978-601-292-33iU
I
T
2011
аспасы, 2011

МАЗМҮНЫ
Алғы сөз.................................................................................. 4
Кіріспе..................................................................................... 6
I тақырып
Қазаң балалар драматургиясының туу, даму жолдары ..15
II тақырып
Қазақ балалар драмалық шығармаларының шағын
түрлері....................................................................................53
III тақырып 
Балаларға арналған драмалық шығармалардың 
таңырыптың ж іктелуі 
79
IV тақырып 
Ертегілік тақырыпта жазылған драмалық
шығармал ар........................................................................... 98
V тақырып
Ересек балаларға арналған драмалық шығармалар..... 133
VI тақырып 
Тарихи-өлеуметтік тақырыпта жазылған
драмалық шығармалар..................................................... 151
Қорытынды..........................................................................167
Төжірибелік сабақтардың  тақырыптары......................175
Студенттің оқытушы басшылығымен орындайтын өздік
жүмыстары................................. ........................................179
Студенттің өз бетімен орындайтын тапсырмалары  ..... 181
Тест тапсырмалары............................................................183
Тест сүраңтарыньщ кілті...................................................191
Глоссарий.............................................1..............................192
Өдебиеттер  ..........................................................................195

А Л Ғ Ы  СӨЗ
Қазіргі  ңазаң  балалар әдебиеті  салаларының  ішінде 
ғалымдар  назарынан  тыс  ңалып  келе  ж атңан  балалар 
драматургиясы  жоғары  оңу  орындарында  «Балалар 
әдебиеті»  пәнінің  ішінде  ңарастырылады.  «Балалар 
әдебиетінің»  қазіргі  заманға  сай  оқулығының  болма- 
уы  оңу  үдерісінде  өз  қиындыңтарын  тудырады.  Б ала­
лар  әдебиетінің  драматургия  саласына  арналған  оңу 
қүралында  кредиттік  жүйемен  оқитын  оңу  топтары 
студенттеріне  дәрістік,  тәж ірибелік,  өздік  жүмыстар 
шеңберіндегі тапсырмалар берілген.
Балаларға  арналып  ж азы лған  алғаш қы   пьеса 
(1934  ж .)  мен  балалар  театрының  ашылуынан  баста- 
латын  балалар  драматургиясының  тарихы  75  жыл- 
дан  енді  ғана  асты.  Осы  аз  уақы тты ң  ішінде  бала­
лар  драматургиясының  өзіндік  туу,  қалыптасу,  есею 
кезеңдерін  саралауға  арналған  еңбектің  маңызы  зор. 
Балалар драматургиясын оның бастау көзі болған ауыз 
әдебиетінсіз елестету мүмкін емес. Ғасырлар бойы халың 
түрмысымен  біте  ңайнасып,  үлттың  дөстүрді  бойына 
сіңірген  маңал-мәтелдер,  халы қ  өлеңдері,  ертегілер, 
аңыз-әңгімелер, айтыстар кейінгі ңалыптасңан балалар 
драматургиясының іргетасы деуге негіз толың.
Өмірдің  орнында  түрмайтыны  сияңты,  әдебиет  те 
үнемі  даму  үстінде  болатыны  белгілі.  Даму  дегенде, 
өткендегі дөстүр мәнін, бағыттауш ылық, негіздеуш ілік 
рөлін ескерген жөн. Өзгерген заманның өскелең талабы 
көркем  әдебиетке,  оның  ішінде  балалар  әдебиетіне  де 
ж аңа талаптар қояды. Ал мүның өткен дәстүрдің өзіндік 
толығу,  өрістеу  мүмкіндігін  кеңейтетіні  аны қ.  Соның 
нәтижесінде қаламгерлер шеберлігінің ысылуына ж аңа 
өріс ашылатыны айңын. Бүл ізденістер әрбір кезеңдегі,
4

әр  онжылдықтағы  өзіндік  ортаң  дөстүрмен  бірге,  өр 
драматургтің өзіндік стилі  ңалыптасуына,  суреткерлік 
амал-төсілдердің толығуына ыңпал етеді.
Қазіргі  ңазақ  балалар  өдебиетінің  балалар  драма- 
тургиясы  саласына  арналған  оңу  ңүралында  типтік 
оқу  бағдарламасында  бар  жөне  автордың  жеке 
зерттеулері негізінде қарастырылған балалар жазушы- 
драматургтерінің  балаларға  арналған  шығармалары 
талданған.

К ІРІС П Е
Қазаң  балалар  өдебиетінің  әлі  зерттелмей  жүрген 
бір  бөлігі  -   балаларға  арналған  драмалық  туындылар. 
Ж алпы ,  ңазаң  драматургиясының  тууы,  дамуы  және 
қалыптасуы дегенде, ңазаң балалар драматургиясының 
өзіндік даму жолын,  ерекшелігін  сараптау қаж еттілігі 
туады.  Қ азақ балалар драматургиясының бастау көзде- 
рін  іздегенде,  ңазаң  ауыз  өдебиеті  үлгілеріне  келіп 
тоңтаймыз.  Балаларға  арналған  сүрамаң,  қаламаң, 
айтыс  ойындар,  маңал-мәтелдер,  ертегілер  мен  аңыз- 
әңгімелердің қазіргі қазаң балалар драматургиясының 
тууы  мен  қалыптасуына  ықпал  етті деуге  негіз  толың. 
Ж аңа  үрдіс  бір  күнде  тумайды,  ол  ғасырлар  бойы 
қалыптасңан 
дәстүрмен 
жөне 
үрпаңтан-үрпаңңа 
берілетін  рухани  игіліктің  негізінде  дамиды.  Үлттың 
әдебиетіміздің  рухани  уызы  — ауыз  әдебиеті  балалар 
драматургиясының да бастау көзі екені белгілі.
Балалар  драматургиясы  қазаң  әдебиеттану  ғы- 
лымында  мүлде  аз  зерттелген,  тіпті  кенж е  қалған 
сала  екені  анық.  Балаларға  арналған  драмалық 
шығармалардың  зерттеуші  ғалымдардың  назарынан 
тыс  ңалуы  балалар  драматургиясының  кенжелеп  да- 
муымен  байланысты  деуге  де  болады.  Әйтсе  де,  қазаң 
балалар  өдебиетіне,  қазақ  балалар  драматургиясы- 
на  арналған  бірен-саран  зерттеулер  мерзімді  баспасөз 
беттерінен орын алды.  Ең алдымен,  балалар әдебиетіне 
көңіл бөліп, балалар әдебиеті мөсвлвсінө мақала арнаған 
I.  Ж ансүгіров  болды.  Осы  орайда,  балаларға  арналған 
а л ға ш қ ы   п ьесан ы ң   («М ектеп»  п ьесасы )  авто р ы   да
I.  Ж ансүгіров екенін еске алған орынды.
Балалар  драмасын  зерттеуде  орыс  өдебиеттану 
ғылымында  бірңатар  маңызды  еңбектер  ж азы лды .
6

Бұл  ретте,  ең  алдымен,  В.Г.  Белинский,  Н.Г.  Черны­
шевский,  М.  Горький,  К.  Чуковскийдің,  т.б.  балалар 
әдебиетіне арналған еңбектерін атаған жөн.
Қазақ  балалар  әдебиетінің  зерттелу  тарихына  көз 
салсақ, белгілі ақы н, жазуш ы, ғалымдар I. Жансүгіров, 
Ш.  Ахметов,  С.  Қирабаев,  Ә.  Тәжібаев,  А.  Нүрңатов, 
Б.  Ыбырайым,  Қ.  Ергөбеков,  т.б.  еңбектері  де  назар 
аударарлың.
Тікелей  ңазаң  балалар  драмасына  арналмаса  да 
ж алпы   ң а з а ң   д р а м а с ы   т у р а л ы   з е р т т е у л е р   ж а з ғ а н  
М. Ә уезов, Ә. Тәжібаев, Р. Нүрғалиев, Р. Рүстембекова, 
М.  Дүйсенов,  С.  Ордалиев  еңбектері  бүл  салаға  бастау 
боларлың, бағыт боларлық үлгілер.
Ал  қазаң  балалар  драматургиясы  жөнінде  арнайы 
монографиялың зерттеулер ж азы ла қоймаса да,  әр кез- 
де,  әр  дәрежеде  жекелеген  ізденістер,  пікір  айтулар 
баршылың.
Балаларға  арналған  драмалық  шығармалар  оңу- 
лыңтар  мен  хрестоматияға  арнайы  түрде  кіргізілмесе 
де,  мектеп,  балабақшаларда  ертеңгіліктер  мен  мереке- 
лерде  жас  жеткінш ектерге  жол  тауып  жатты.  Әсіресе, 
балаларға  арналған  «Үлан»  («Қазақстан  пионері»), 
«Ақ 
желкен» 
(«Пионер»), 
«Балдырған» 
сияңты 
газет-журналдар  арңылы  шағын  ньесалар,  мерекелік 
қойылымдар балаларға жетіп отырды.
Балаларға  арналған  ньесалардың  арнайы  ж инақ 
болып  шығуы  да  балалар  драматургиясының  дамып, 
қалыптасуына  өз  үлесін  тигізді.  Алғашқы  балалар 
ж и нағы н ы ң   бірі  ретінде  1959  ж ы лы   ж ары ң   көрген 
Б.  Ы сқақовтың  «Кішкене  театр»  кітабын  атауға  бо- 
лады.  Зерттеуші  Ш.  Ахметов  өз  еңбегінде  Б.  Ысқақов 
ш ы ғармаш ы лы ғы на  бы лайш а  баға  береді:  «Б.  Ысқа- 
ңов  -   қазақ  балалар  драматургиясын  жасауға  жөне 
оны дамытуға  атсалысып  келе  жатңан  қаламгерлердіқ 
бірі.  Оның  мектеп  сахнасына  арналған  «Екі  оқушы», 
«Түймедейден  түйедей»,  «Ағалық  ақы л»,  «Ж аңа  жыл 
кешінде»,  «Бейбітшілік  жеңеді»  атты  пьесалары  мен 
инсценировкалары  «Пионер*  журналы мен  «Қазақстан
7

пионері»  газеттерінде  ж ары ң  көрді.  Ал  1959  ж ылы 
оның  мектеп  сахнасына арналған  пьесалары  «Кішкене 
театр» деген атпен өз алдына ж еке кітап болып ш ықты. 
Автордың бүл пьесаларының ңайсысы болса да қызың- 
ты сюжет,  тартымды оңиғаларға қүрылған.  Оларда ба­
лалар бойындағы зеректік, тәртіптілік, еңбексүйгіш тік, 
адалдық,  адамгерш ілік,  үйымш ылдық  сияқты   асыл 
ңасиеттер  дәріптеледі,  ал  кейбір  балалардың  бойын- 
да  кездесетін  тентектік,  өтірікш ілік,  ж алқаулы қ, 
дөрекілік, мақтанш аңтың сияқты  жағымсыз қылыңтар 
әш кереленеді».  Ш.  Ахметовтің  аталған  еңбегі  балалар 
әдебиетіне  арналған  алғаш қы   зерттеу  еңбек  болуымен 
ерекше. 
:  : 
s
Ғалым  С.  Ордалиевтің  «Қазақ  совет  драматур- 
гиясының  очеркі»  атты  еңбегіндегі  1950-60  жылдар- 
дағы  қазаң  балалар  драматургиясының  мөселесін 
көтерген  көлемді  мақаласының  да  маңызы  зор. 
М ақаланың  авторы  1950-60  жылдардағы  балаларға 
арналған  пьесалардың  біраз  бөлігін  идеялы қ,  таңы- 
рыптың  жағынан  талдаған.  М аңалада  сол  кездегі 
д р ам ату р ги яд ағы   тарты с  мөселесіне  то қ тал а  к е л іп , 
Қ .  Б ады ров  пен  М.  А қ ы н ж а н о в т ы ң   «А лты н  с а қ а » , 
М.  А ңы нж ановты ң  «Ыбырай  Алтынсарин»,  Ш.  Қүса- 
йыновтың  «Нүрлы тас»,  Ш.  Байж ановтың  «Әлия  Мол-
дағүлова»  және  т.б.  авторлардың  ш ығармаларын  тал- 
дап, өз бағасын береді.
Алайда, автор пьесаларды талдау барысында идеялың 
бағытты үстанған. Мөселен, «Алтын саңа» пьесасын тал- 
дай  келе,  «Алтын  саңа»  пьесасының  авторлары  халың 
ауыз  өдебиетінің  әр  түрлі  үлгілерін  жете  меңгеріп, 
орынды пайдаланғандыңтарымен ңатар,  бүгінгі күннің 
маңсаты болған жастарды коммунистік рухта төрбиөлву 
идеясымен дүрыс үш тастыра білген. Сондықтан да пье­
са ежелгі уаңыттағы вртегі-аңыздарды суреттеу арңылы 
қазіргі таңны ң талабы на үн қосады »,  —  дейді. Деген- 
мен  де,  С.  Ордалиевтің  аталған  маңаласы  сол  кездегі 
ңазаң балалар драматургиясына баға беруімен,  ж іктеп, 
саралауымен ңүнды деи аламыз. Автор өз маңаласында
8

тек  қазақ  балалар  драматургиясы  ғана  емес,  орыс 
балалар  драматургиясына  да  назар  аударып,  қазаң 
жөне  орыс  балалар  пьесаларындағы  үқсастыңтар  мен 
кемшіліктеріне твңталып өтеді.
Балаларға арналған пьесалар жинағы туралы пікірін 
Ж .  Қалиасңаров  «Қазақстан  мүғалімі»  журналына 
жарияланған мақаласы арңылы білдіреді. Автор « Пьеса­
лар* атты ж инаққа кірген он төрт туындыға өзінше баға 
беріп, талдайды.  Ж .  Қалиасңаров та пьесадағы тартыс- 
тан  таптық  мөн  іздейді:  «Жинақтағы  «Тапқыр  бала»  -  
ертегі сарынымен жазылған пьеса. Оңиғасы қы зы қ, тілі 
орамды.  Мүнда екі тап белдесіп,  күреске түседі:  қалың 
елге  зорлық-зомбылың  жасап,  қан  қаңсатқан  қара 
күштің иесі мен оның айналысындағы баскесерлер бол- 
са, екінш ісі-еңбекш ібүңара, оныңақылғакемеңгерүлы 
Әппекім.  Ол  тапңырлығымен  өлімді  жеңіп  ш ығады». 
Мектеп  өмірі,  бала  түрмысын  суреттейтін  пьесаларда 
көбіне өдепті мен өдепсіз,  үңыпты  мен үңыпсыз,  салаң 
балалардың  мінездері  өңгімеленеді.  Шынында  да, 
қандай да бір шығарма ж азу үшін  не тал тартысын,  не 
коммунистік  идеяны  насихаттау  міндет  болған  түста 
басқаша сын айту мүмкін де емес еді.
Балаларға  арналған  шығармалардың  ерекшелік- 
тері  туралы  орыс  зерттеушілерінің,  өсіресе  В.Г.  Бе- 
линскийдің,  Н.Г.  Чернышевскийдің,  М.  Горькийдің, 
пяян  кешніі  жазушылар  К.  Чуковский,  С.  Маршак,  т.б. 
еңбектерінде  сөз  бола  бастады.  В.Г.  Белинский  бала- 
ларға арналған шығармалардың жас ерекшелігіне бай- 
ланысты  болу  керектігін  айтса,  М.  Горький  балаларға 
арналған шығармаларда көрінетін коммунистік рухтағы 
төрбиеге көбірек көңіл бөлуді үсынған. С. Маршак бала­
лар өдебиетіндегі стиль мөсе лесіне назар аудартады.
Қазақ  зерттеушілері  де  балалар  өдебиеті  тура­
лы  өз  пікірлерін  аз-аздап  болса  да  білдіріп  жатты. 
С.  Қирабаев  «1949  жылғы  балалар  өдебиеті»  деген 
мақаласында  балалар  өдебиетіне  ңойылатын  негізгі 
талаптарды  айтады:  «Балалар  өдебиетіне  қойылатын 
негізгі  талаптар:  біріншіден,  шығарманың  оқиғалы
9

(сюжетті)  болуы.  Оқиға  қы зғы лы қты   болып,  балалар- 
ды өзіне тартып отыруы керек.  Екіншіден, балалардың 
білім  дөрежесі,  жас  өзгешеліктері  ескерілуі  керек.  Б а­
лалар үшін  ж азылған кітаптар әр кластағы баланың өз 
тіліне,  өз  білімінің,  педагогика  түрғысынан  үстамды, 
дидактиканың  принциптерін  қамтуы  керек».  Ғалым 
С.  Қирабаев бүдан кейін де балалар әдебиеті мәселесіне 
арналған  «Балаларға  үлкен  өдебиет  жасайың»  деген 
мақаласында  балалар  өдебиетіне  ңойылатын  биік  та- 
лаптар  жөнінде  айтады.  Ж әне  де  автор  маңаласында 
жоғарыда  айтылған  ойды  дамыта  келіп,  балалар  үш ін 
жазылған шығармалардың тіл тазалығы мен көркемдігі 
ең басты талаптардың бірі екеніне мән береді.
Балаларға  арналған  туындылардың  ерекш еліктері
туралы,  балалар  үшін  ж азы лған  шығармалардың 
көкейкесті  мөселелері  туралы  сыншы  Қ.  Ергөбековтің 
қүрастыруымен ж арыңңа ш ықңан «Сөзстан» кітабының 
айтары көп. Кітапта С. М аршак, А. Барто, С. Михалков, 
С.  Бегалин,  Ө.  Түрманжанов,  С.  Омаров,  М.  Әлімбаев, 
Б.  Соңпаңбаев,  Ә.  Дүйсенбиев,  Ң.  Ы дырысов,  т.б.  ба­
лалар  жазуш ыларының  ш ығармаш ылыңтары  туралы 
жэне  де  балалар  әдебиетінің  негізгі  мәселелері  тура­
лы  мақалалар  бар.  «Ақ  кеме  алыстап  барады»  деген 
мақаласында Б. Сарбалаев қазақ балалар прозасындағы 
орлеу, осу туралы айтса, Қ. Ергөбеков «Мейір гүлденген 
ж ү р ек»  мақаласында  ақы н Ә.  Дүйсенбиевтің ақындың 
шеберлігіне  тоңталады.  Б.  Кенжебаев  «Көне  дөуірдің 
көркем мүрасы » деген сүхбатында ауыз өдебиеті мен ба­
лалар әдебиетінің байланысына назар аудартады.  Осы- 
лайш а,  ж инаңқа  енген  маңалалар  балалар  өдебиетінің 
проза, поэзия саласындағы жетістіктер мен кемш іліктер 
туралы  сыр  шертеді.  Алайда,  балалар  драматургиясы 
мәселесі  туралы  тағы  да  сөз  жоң.  Мүнымен  жоғарыда 
аталған  мақалалардың  ңүнын  төмендетпейміз.  Қайта
балалар драматургиясының назарға ілікпегеніне  көнДл 
аудартңымыз келеді.
Бүгінгі  балалар  прозасындағы  рухани  эстетикалық 
даму  мен  үлттылы қ  мәселесін  байланыстыра  зерт-
10

теген  Б.  Ыбырайымның  «Қазіргі  қазақ  прозасы 
жене  рухани  эстетикалық  даму  мәселелері>>  атты 
докторлық 
диссертациясының 
жалпы 
балалар 
өдебиетінің  зерттеліміне  қосары  мол.  Автор  диссер- 
тадиялық  еңбегінде  көркемдік  шындықтың  ұлттық 
ерекшеліктермен  байланысты,  сабақтас  екеніне  на- 
зар  аудартады.  Осы  ойын  жалғастыра  келе  зерттеуші: 
«Өлі  ж еткілікті ескерілмей жүрген  мөселелердің бірі  -  
үлттық ңасиет, үлттың дөстүр, нақыш, рухты орағытып 
өтуге болмайды...  Өрбір адамның рухани  анасы  іспетті 
үлттық-халықтық  дөстүрден  алыстау  адамды  ерте  ме, 
кеш пе рухани шаршауға, депрессияға, психологиялық 
дағдарысқа  белгілі  мөлшерде  үшыратпай  қоймайды*,  -  
дейді.  Б.  Ыбырайымның  «Ой  мен  Сөз*,  «Сырлы  әлем* 
кітаптарында  бүгінгі  күндегі  балалар  өдебиетінің 
көтерер жүгі туралы айтылады.
Балалар  өдебиетіне  арналған  зерттеулер  қатарына 
«Қазақ  балалар  өдебиетінің  кітапханасы»  айдарымен 
шығып келе жатңан көп томдықтың алғы сөзіне жазыл- 
ған пікірлерді де қосуға болады.  Сол томға шығармасы 
кірген автордың өмірбаяны,  шығармашылығы туралы, 
үсынылып  отырған  туындыға  берілетін  баға  туралы
пікір айтылады.
Қазаң  балалар  жазуш ыларының  суреткерлік  порт-
ретін  беруге  арналған  «Қазаң  совет  балалар  жазушы- 
лары»  атты  кітапта  С.  Бегалин,  Қ.  Мүқышев,  М.  Гу- 
меров,  Қ.  Ыдырысов,  Е.  Елубаев,  Ә.  Дүйсенбиев, 
Б.Соңпаңбаев  жөне  т.б.  жазупіылардың  өмірбаяндары 
айтылады.  Қаламгерлердің  балалар  әдебиет
пікірлері,
балаларға
драмалық шығармалар арнаған М. Гумеров, С. Омаров,
Е. Елубаевтардың мақалалары назар аудартарлың.
Қазаң  балалар  өдебиетіндегі  проза,  поэзия  саласын 
зерттеген  ғалымдардың  еңбектеріне  сүйене  отырып, 
жалпы балаларға арналған туындылардың қандай болуы 
керек екені жөнінде мағлүмат алам ы з. Ал ңазақ драма- 
тургиясы н ж ан-ж ақты  зерттеген ғалы мдар М. Әуезов, 
Р . Нүрғал иев, С. Op дал иев, Ә. Тәжібаев, Р . Рүстембекова,
11

М.  Дүйсенов,  Ж .  Әбілев  жөне т.б.  еңбектерінен  жалпы 
драматургия жанрының ерекш еліктері туралы мәлімет 
ала  отырып,  балалар  драматургиясының  өзіндік  сипа- 
тын  ашуға  тырыстың. 
Қ азақ  драматургиясының 
қалыптасу  кезеңінде  ж азы лған  М.  Әуезовтің  «Жаңсы 
пьеса -  сапалы әдебиет белгісі»,  «ҚызЖ ібек» ңандай?», 
«Дінді өшкерелейтін  пьеса»,  «Ңазақ  сахнасындағы  ау- 
дарма  пьесалар»,  т.б.  маңалалары  ж алпы   драмалық 
шығармалардың  өзіндік  сипатын,  кейіпкер  өрекетін, 
драмадағы  тартыс  мөселесін  қозғайды.  «Ж аңсы  пьеса  — 
сапалы  әдебиет  белгісі»  деген  маңаласында М.  Әуезов: 
«Оқиғасы  тығыз  қүрылған,  істелуі  босаң  емес,  ңүрыш 
пьеса  керек.  Ол  үшін  әрбір  түлға  көп  ойланып,  көп 
сүрыптаудан  туған  болсын»,  -   деп  талаптар  ңояды. 
Ал  «Драматургия  заңы  туралы  кейбір  ойлар»  деген 
маңаласында  М.  Әуезов  драмалың  шығармалардың 
теориялың  мәселелерін  айта  келіп,  драманың  архи- 
тектоникасына  мүңият  ңарау  жөнінде  ой  айтады. 
Зерттеуші  Ә.  Тәжібаев  «Ңазақ  драматургиясының  да- 
муы  мен  ңалыптасуы»  атты  кітабында  ңазақ  драма- 
тургиясының  тууы  мен  ңалыптасуын  халың  ауыз 
әдебиетіндегі  ертегі,  аңыз-өңгімелер,  мақал-мәтелдер, 
айтыстармен  байланыстырып,  ңазаң  драмасының  түп- 
тегін  халың  мүрасымен  сабаңтайды.  Трагедиялың, 
комедиялың 
ш ығармалардың 
табиғатын 
аш ып, 
кейіпкер  характеріне  тоңталады.  Үлт  әдебиетіндегі 
драмалың  шығармалардың  ж анрлы қ  дамуы  туралы, 
драма  жанрының  спецификалың  ерекш еліктері  тура- 
лы,  драманың ж үйелі зерттелуі,  идеялық-эстетикалың 
ерекшеліктерін  айқындау,  драмалық  ж анрды ң  даму
тенденциясы н аш ы п көрсетуді м ақсат ете ж а зы л ға н
Р .  Нүрғалиевтің  «Айдын»  атты  монографиялың  еңбе-
гінің  қазіргі  ңазаң драматургиясының багыт-бағдарын 
айңындауда маңызы зор.
Қазіргі ңазаң балалар драматургиясының ңыр-сырын 
ашып,  жанрлың  ж аңтан  ж іктеп,  кейіпкер  характерін 
ашатын  көлемді  зерттеудің  ж оқты ғы  тақыры пты ң 
көкейкестілігін  көрсетеді.  Оңу ңүралында балалар мен
12

жасөспірімдер  театрының  ашылуымен  дүниеге  келген 
М.  А қ ы н ж ан о в  пен  Қ .Б а д ы р о в т ы ң   «А лты н  с а қ а » , 
М.  Ақынжановтың  «Ыбырай  Алтынсарин*  және  т.б. 
1950-60  жылдары  ш ыңңан  пьесалары  алғалщылар 
ретінде талданды. Негізгі талдау объектісі болған пьеса- 
лар -   1960-70 жылдарда ш ы ққан туындылар. Сонымен 
бірге, 1980-90 жылдардағы қоғамдың тоңырау кезіндегі 
бірен-саран  пьесалар  мен  қазіргі  «жаңа  әдебиет*  ата- 
лып жүрген  1990-2000 жылдар туындыларына көбірек 
назар  аударылды.  Балаларға  арналған  драмалық 
шығармаларды жас ерекшелігіне сәйкес, шартты түрде, 
негізінен екі топқа бөліп ңарастырылды:
1. Бүлдіршіндерге арналған драмалық шығармалар
2.  Мектеп  оңушыларына  арналған  драмалық  шы- 
ғармалар.
Мектеп  оқушыларының жас  ерекшелігіне еәйкес  өз
ішінде тағы да екі топқа:
а) төменгі сынып оқушыларына арналған;
ә) жоғарғы сынып (яғни, ересектерге) арналған туын­
дылар  деп  жіктелді.  Сонымен  бірге,  жүмыс  көлемінде
балаларға  арналған  драмалық  туындылардың  шағын 
түрлеріне  көнДл  бөлінді.  Шағын  драмалық  туындылар 
қатарына мектеп,  балабақша өмірінде жеткіншектерге 
эстетикалық  тәрбие  беру  мақсатында,  тіл  дамыту 
мақсатында  қойылған  скетчтер,  инспенировкалар,  ин- 
термедиялар  мен  тақырыптық  ңойылымдар  алынды. 
Жүмыс  көлемінде  балаларға  арналған  пьесалардың 
тақырыптық-идеялық  максатын  ашумен  бірге,  көр- 
кемдік  дәрежесін  саралауды  жөн  деп  санадық.  Ж ас 
жеткінш екке  сөз  ңадірін  түсіндіріп,  көркем  сөздің 
қүдіретін  бағалауға  тәрбиелейтін  драмалық  туын- 
дылардың  мөні  зор.  Балаларға  арналған  драмалық 
туындыларда кездесетін көп сөзділік, ақыл айтуш ылық, 
кейіпкер  тілінің  жүтаңдығы  сияқты  кемшіліктер  де 
ескерілді.  Сонымен  бірге,  басты  назар  өр  драмалық 
туындыдағы  үлттық  реңк,  үлттық  бояу  мөселесіне  ау­
дарылды.  Осы  ретте,  ғалым,  зерттеуші  Б.  Ыбырайым* 
ның  1970-80  жылдардағы  балаларға  арналган  шығар-
13

м аларда  үлтты қ  ерекш еліктер  мүлдем  ескерілм ей 
кеткені туралы айтқан пікіріне ңосыламыз.
Ал,  кейінгі,  тәуелсіз әдебиет түсында туған С.  Әуел- 
баеваның  «Оюхан  мен  Ж оюхан»,  А.  Ақпанбетүлының 
«Қайырымды  қасңы р»,  Д.  Исабековтің  «Әбіл-Дихан- 
ның  арманы»,  К.  Оразбекүлының  «Үлыс  оң  болсын», 
Б.  Тайжанның  «Тосыннан  тойланған  той»,  Т.  Ахмет- 
жанның  «Қара  торғай»,  т.б.  пьесаларында  көрінетін 
үлттың  ерекш елікке  баса  назар  аударылды.  Соны- 
мен  бірге,  балалардың  жас  ерекш еліктеріне  сәйкес 
драмалық  туындылардың  да  өзіндік  ерекш еліктері, 
өзіндік күрделенуінің болатыны драмалың туындылар- 
ды  талдау  кезінде  наңтылана  түсті.  Мөселен,  төменгі 
сынып  оңушылары  мен  бүлдіршіндер  үш ін  ж азы лған 
драмалың  шығармаларда  драма  түрлерінің  шекарасы 
ж оқ болса, ересектер үшін ж азы лған пьесаларды драма, 
комедия, трагедия деп ж іктеуге мүмкіндік бар.
Қ азақ  балалар  драматургиясын  кенж елеп  туды  де- 
сек  те,  оның  тууы  мен  дамуына бағдар  ж асай  отырып, 
балаларға  арналған  драмалық  туындылардың  қазіргі 
кезде ңазақ балалар әдебиетінің үлкен бір арнасы болып 
ңалыптасқанына көз ж еткіземіз.
14

I ТА Қ Ы РЫ П
ҚА ЗАҚ Б А Л А Л А Р  ДРАМ АТУРГИЯСЫ НЫ Ң ТУУ,
ДАМУ Ж О Л Д А РЫ
Мақсаты:  Қазаң  балалар  драматургиясының  туу, 
қалыптасу жолдарын наңтылы мысалдармен дәлелдеу. 
Балалар  драматургиясының  өзіндік  ерекшелігін  сара- 
лап көрсету.
Тірек сөздер: драматургия, тартыс, шағын драмалың 
шығармалар, дөстүр, жаңашылдың.
Жоспары:
1.  Балалар  драматургиясының  қалыптасуының  ал- 
ғашқы кезеңі туралы .
2.  Балаларға  арналған  драмалық  шығармалардың 
тақырыптары.
3. Халың ауыз өдебиеті және балалар драматургиясы.
4. Балаларға арналған алғашқы пьесалар.
Қазаң балалар өдебиетінің үлкен бір саласы  -   қазақ 
балалар драматургиясы.  Ңазақ әдебиеті ғылымында  аз 
зерттелген сала ңазаң балалар өдебиеті екені белгілі. Ал 
сол аз қарастырылғандардың ішінде мүлде назар ауда- 
рылмай келгені -  қазіргі қазаң балалар драматургиясы.
Қазақ өдебиетінің эпос, лирика салаларына қараған- 
да  драма,  оның  ішінде  балалар  драмасының  кенже- 
леп  тууы  да  бүл  сала  зерттелуінің  кешеңдеп  қалуына 
өсер етті.  Қазақ  драматургиясының алғашңы  қадамын
1914  жылы  Семей  қаласында  Абайға  арналғян  кеште 
қойылған  «Біржан  мен Сара*  айтысының  инсцениров- 
касы  дер  едік.  1917  жылы  Семей  облысында  Өйгерім 
үйінде  қойылған  М.  Өуезовтің  «Еңлік-Кебек*  пьесасы 
қазақ драматургиясының басы деуге негіз болады.
15

Қазаң  балалар  драматургиясының  тууын,  қалып- 
тасуын  зерттеуші  Ш.  Ахметов  1946  ж ы лы   ңазаң  бала­
лар  театры  аш ылып,  сонда  алғаш   ңойылған  М.  Ақын- 
жановтың  «Алтын  сақ а»  пьесасын  қазаң  балалар 
драмасының  басы  ретінде  таниды.  Расында  да,  бала­
лар? а арналған драмалың ш ығармалардың көбейе түсуі 
балалар  театрының  ашылуымен  тығыз  байланысты 
еді.  Әйтсе де,  бүған дейін I.  Ж ансүгіровтің  1934  ж ы лы  
балаларға  арнап  ж азған  «Мектеп»  атты  пьесасының 
болғанын  үмытпау  керек.  L  Ж ансүгіровтің  «Мектеп» 
пьесасы балаларды оқуға, білімге ш ақыру тақырыбына 
арналған.
Балалар  өмірін  бейнелеген  шығармаларды  сара- 
лау  үшін  алдымен  сол  туындыларды  баланың  жас 
ерекшелігіне 
байланысты 
ж іктеген 
жөн 
дегіміз 
келеді.  М.  Горький  өзінің  «Балалар  әдебиеті  туралы» 
мақаласында  белгілі  ортаға  арналмаған  «адрессіз* 
шығармалардың  үлкенге  де,  балаға да  қаж етсіз  болып 
қалатыны  туралы  айтңан.  Демек,  балаларға  арналған 
драмалық  шығармаларды  олардың  жас  ерекшелігіне 
байланысты  ж іктеп,  саралау  ңажет.  Ңазаң  халқы  
баланың  өсу,  есею  сәттерін  сатылап  бөліп,  оның 
әрқайсысын өзінше атаған.
Бүл  ж іктеу  баланың  жас  ерекшелігімен  сәйкес, 
нәресте,  сәби,  бөбек,  бүлдіршін,  үлан,  ж еткінш ек, 
жасөспірім  деп  аталған.  Ал  қазіргі  кезде  балалар 
әдебиетін  мектептегі  сыныпқа  бөлуді  басш ылыңқа 
алып:  1)  мектеп  жасына  дейінгі  әдебиет;  2)  бастауыш 
сыныптарға  арналған  әдебиет;  3)  орта  сыныптарға 
арналған;  4) жоғарғы сыныптарға арналған туындылар 
деп  ж іктеу  орын  алған.  Осы  ж іктеулерді  басш ылыққа 
ала  отырып,  ңазақ  балалар  драматургиясындағы 
шығармаларды екі үлкен топқа бөлдік:
1)  бүлдіршіндерге  арналған драмалық  шығармалар;
2)  мектен  оңушыларына  арналған  драмалың  туынды­
лар.
Әдебиет  ж анрларыны ң  ішіндегі  ең  күрделісі  де, 
ңиыны да -  драматургия ж анры . Себебі, сөйлеу тілімен
16

ғана  жасалатын  туындының  өз  шарттары  мол.  Қазақ 
драм атургиясы ны ң  дам уы н  талдай   келе  зерттеуш і 
Р . Нүрғалиев драмалық шығармалардың ерекшеліктері 
туралы  бы лай  дейді:  «Әдебиеттің  ерекше  түрі  -   дра­
матургия  театрды  нысана  етеді,  сахнаға  ңойылу  үшін 
жазылады.  Танымдық-төрбиелік  мөні  бар,  идеялың-
эстетикалық  әсері  орасан  күш ті  өнер
драматургия
тағдырлар  тоғысуы,  характерлер  қақтығысы,  сезімдер 
шайқасын  көрсетіп,  аса  қатал  композиция  талапта- 
рын  ескере  отырып,  ерекше  көркемдік  ңүрал  — диа- 
логтар  мен  монологтар  арқылы  болмыстың  сан  алуан 
шындыңтарын  ашады,  өмір  ңүбылысына  баға  береді,
билік айтады ».
Олай болса,  балаға арнап шығарма жазғандар алды- 
мен  қандай  шарттарды  орындауы  керек?  Ең  бірінші, 
баланың  ж ас  ерекш елігіне  сәйкес  оның  психология- 
сын  ескеру  ңажет.  Бала  қаш анда  айналасындагы  өтіп 
жатңан  қүбылысты  білуге тырысып,  тылсым дүниенің 
сырын  аш уға  асыга  үмты лады .  Ж ас  ерекш елігі 
ескеріл мей ж азы лған ш ы ғармаларды ң баланың психо- 
логиясын бүзып,оны ерте есейтетіні туралы В.Г. Белин­
ский  былай  деген:  «Барлың  мәселе  оларға  (балаларга) 
арналған кітапты дүрыс таңдауда. Дүрыс үсынылмаған 
кітаптың зияны кітал оқымағаннан да асып түседі. Бала 
рухының мезгілсіз, ерте жетілуі аса зиянды өрі ңауіпті. 
Бала -  бозбала да емес, ересек те емес, бала болып қалуы 
керек»
.
Балаларға 
арналған 
драмалық 
шығармаларды 
жіктеу,  сараптау  кезінде  ол  туындылардың  осындай 
ерекше  белгілерін  де  басшылыңқа  аламыз.  Баланың 
дүниетанымы өрі ңарапайым, өрі күрделі. Бүл талаптар 
балалар  өмірін  ж азу  үшін  В.Г.  Белинский  айтқандай, 
«балалар  жазушысы  болып  туу  керек*  деген  пікірге
Балал
ерекш елігі
оны ң  т іл і.  Осы  орайда,  белгілі  ғалы м
3.  Қабдоловтын драм і тілі
драмадагы
ең басты,  ең шешуші 
күші  де,  өлсіздігі  де!
2-№75
ЯІЗДВД и в  ВДаДавшб 
атындағы  ғылыми


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет