Ақпараттық қорлардың ықпалдасуы қазіргі АЖ-ні құруда маңызды рӛл атқарады.
Мәліметтер қорлары, білім қорлары, қайталап пайдаланатын бағдарламалар қорлары
ақпараттық қорлар болып түсіндіріледі. Осы қорларды құруға жұмсалатын шығындар аса
елеулі, ал осыған дейін қолда бар қорлардың кӛлемі мен құндылығы аса зор және тез ӛсіп
отырады. Сондықтан қазіргі АЖ-ні құру кезінде екі есепті шешуге тура келеді:
1. Жаңаны әзірлеу немесе осыған дейін қолданыстағы АЖ-ні дамыту кезінде,
қолда бар ақпараттық қорларды пайдалануды қалай қамтамасыз ету керек;
2. Әртүрлі мақсаттағы бірнеше АЖ-нің жалпы (бӛлінетін) ақпараттық
қорларды бірлесіп пайдалануын қалай қамтамасыз ету керек.
Бұл ретте құрылатын АЖ-де пайдалануға жататын ақпараттық қорлардың мәліметтерді
берудің, білімді берудің, бағдарламалау тілдерінің әртүрлі модельдерінің кӛмегімен жүзеге
асырылуы және әртүрлі операциялық жүйелерде жұмыс жасауы мүмкін екенін ескеру қажет.
Демек АЖ құру үшін қолданылатын инструментальдық құралдар, сондай-ақ қосымша
жұмыс істейтін, құрылатын АЖ ортасына, ақпараттық қорлардың бірыңғайланған кӛрсетілімі
мен оған жүгіну тәсілдерін қамтамасыз ететін компоненттер кіруі тиіс.
Қазіргі АЖ-де сипаты ақпараттар беру тәсілдерімен анықталатын, ақпараттық
технологиялардың (АТ) бірнеше түрлерінің ұштасуы талап етіледі:
есептеу есептерін және/немесе басқару есептерін шешу;
мәліметтерді ӛңдеу;
мәтіндерді ӛндеу;
машиналық кескіндемелер;
бейнелерді ӛңдеу (статикалық немесе бейнекескіндер);
сӛйлесу хабарларын ӛңдеу.
Осы технологиялар үшін тиісті мәліметтер қорларын қолдайтын АЖ (мысалы, МҚБЖ)
орталарының жүйелік бағдарламаның қамтамасыз етілуі мен мәліметтердің тиісті типтерін
ӛңдейтін қолданбалы бағдарламаларды талап етеді. Ақпараттарды берудің осы тәсілдерін
пайдаланатын интерфейс құралдары қолдауы тиіс.