Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті Пәннің оқу-әдістемелік кешені Басылым: алтыншы ЕҰУ Ф 703-08-17 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
Қосалқы - жүйелер ішіндегі байланысты кӛрсетеді, олар негізгі атқарымдарды,
сонымен қатар жүйенің басты атқарымдарын толықтырады.
Қолданыстағы, талап етілетін, жою, қажет емес атқарымдар - атқарымдарды
әдіснамалық бағалау тәсілі.
Атқарымдарды бағалау тәсілдемелері үш кӛрсеткіштерді есептеуден тұрады:
атқарымдар мәні - v(i) статистикалық тәсілдемелер атқарымдарды орындау дәрежесі - FO(i,j) ~ факторлық талдау атқарымға жұмсалатын шығындар мөлшері - N(i,j) ~ сараптамалық бағалаулар Жаһандық бағалаудың негізі - жүйенің тиімділігі, сондай-ақ сыни атқарымдардың
бейімін бағалау, мысалы, керексіз немесе керісінше, жоқ атқарымдардың бар болуы.
Оның алдағы бейнесі ретінде жүйенің проблемалық жағдайлары мен объективті
мақсаты берілген мақсатты нәтижелерге жету бойынша белгілі бір әрекеттерді жүзеге
асыруды талап етеді.
Бұл жағдайда жүйе атқарымын қойылған мақсаттар жүйесіне жетудің тәсілі
(әрекеттер жиынтығы) ретінде анықтаймыз.
Ақпараттар жиынын ойдағыдай анықтау үшін бұрын атап ӛтілген:
ақылмандар талқысы әдісі;
Дельфи әдісі,
сценарийлер әзірлеу әдісі пайдаланылуы мүмкін.
Бірқатар жағдайларда атқарымдар жиынын генерациялау үшін оның ішкі
шектеулері мен қарама-қайшылықтарын білмейтін сыртқы сарапшыларды қатыстыру
ұсынылады.
Мысалы, «Нақты кәсіпорынның талаптарына сәйкес келетін мамандар даярлаудың
сапасын қамтамасыз ету» мақсаттарын жүзеге асыру кезінде, мына атқарымдарды
(қызмет түрлерін) тұжырымдауға болады:
мамандарды мақсатты даярлау бойынша шарттар жасау;
студенттерді жеке оқытуға ауыстыру;
кәсіпорын талаптарына сәйкес келетін мамандандырылған сабақтар циклін дайындау;
оқу үдерісінің материалдық базасын дамыту және т.б.
Нақты проблемалық жағдайлар (максаттарды тұжырымдау және оларға жету
тәсілдері, яғни атқарымдар) үшін жүйелер құрудың ілгеріде қарастырылған кезеңдері
мынадай логикалық қадамдарды -олардың арасындағы осындай элементтер мен
қатынастарды (жүйенің ішкі құрылымын) анықтауды талап етеді.
Атқарымдарды жүзеге асыру үшін қажет кез келген мазмұн элементтерін жүйенің
бӛліктері немесе компоненттері деп атайтын боламыз. Жүйелер (компоненттер)
бӛліктерінің жиынтығы оның элементтік құрамын құрайды. Мұнда бӛлінбейтін болып
қарастырылатын жүйелердің элементтері қарапайым (элементтер) деп аталатын
болады.
Бір элементтен артық жүйелер бӛлігі ішкі жүйені құрайды. Сонымен бірге, нақты
атқарымды іске асыратын ішкі жүйенің әрбірін, ӛз кезегінде, жаңа жүйе ретінде
қарастыруға болады. Атқарымдарды іске асыру үшін қажет мақсаттарға қатынасы
бойынша түбегейлі бӛліктер арасындағы қатынастардың тәртіпке келтірілген жиыны
жүйенің құрылымын құрады.
Құрылым ұғымы structure деген, «құрылыс, орналасу, тәртіп» ұғымын білдіретін
латын сӛзінен шығады, ал құрылымның неғұрлым дәлірек анықтамасы мына түрде
беріледі: «Жүйе элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы ӛзара
байланыстар құрылым болып түсіндіріледі». Мұнда байланыс ұғымы бір мезгілде
жүйелердің құрылымы (статика) мен атқарымын (динамикасын) сипаттауы мүмкін.
Бұдан ӛзге талдау жүргізу кезінде құрылымның екі айқындаушы ұғымы: материалдық
құрылым мен формалды құрылым пайдаланылады.