Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ҧлттық университеті
Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Басылым: алтыншы
ЕҰУ Ф 703-08-17 Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Алтыншы басылым
Тақырыптыц мазмҧны: Ақпарат кез келген жүйеге дабылдар түрінде келеді. Физикалық
үдерістердің әртүрлі параметрлері бергіш (датчик) кӛмегімен
әдетте электр дабылдарына
түрленеді. Негізінен, үзіліссіз ӛзгеретін ток немесе кернеу электр дабылдары болып cаналады,
бірақ, мысалы, радиоколацияларға импульстік дабылдардың келіп түсуі мүмкін. Басылған
мәтін әріптермен, цифрлармен және ӛзге таңбалармен бейнеленеді.
Келіп түсетін ақпаратты үзіліссіз түрде, сол сияқты дискреттік дабылдар түрінде сақтауға,
беруге және ӛндеуге болса да, ақпараттық технииканың дамыған қазіргі кезеңінде дискреттік
дабылдарға артықшылық беріледі,
сондықтан дабылдар, негізінен, дискретті дабылдарға
түрленеді. Осы мақсатпен әрбір үзіліссіз дабыл уақыт ішінде (дискретизациялау)
және деңгейі
бойынша кванттау операцияларына тартылады.
Үзіліссіз уақыт атқарымдарының шамалар жиынтығымен кӛрсетілетін, координациялар
деп аталатын, мәндері бойынша алғашқы үзіліссіз атқарым
берілген дәлдікпен қалпына
келтірілуі мүмкін атқарымға түрленуі дискретизациялау болып түсіндіріледі. Координаталар
рӛлін, кӛбінесе, уақыттың белгілі бір мезеттерінде саналған,
атқарымдардың лездік мәні
орындайды.
Мәндердің үзіліссіз шкаласымен кейбір шамалардың, дискреттік мәндер шкаласы бар
шамаға түрленуі
кванттау болып түсіндіріледі. Ол
кез келген лездік мәнді,
кванттау
деңгейлері деп аталатын, рұқсат етілген мәндердің түпкі жиынының біріне ауыстыруға
әкеледі.
Дискретизациялау операцияларын жүргізу
нәтижесінде и(t) дабыл (16 а-сурет) түріне
ӛзгеруі 16 б-суретте кӛрсетілген, ал дискретизациялау мен кванттау операцияларын бірлесіп
жүргізу нәтижесінде ӛзгеруі 16 в-суретте кӛрсетілген.
16 в-суреттегі кванттау деңгейлерінің саны 8-ге тең. Әдетте олар елеулі түрде кӛп.
Импульстер деңгейі бойынша әртүрлі осындай жиынды тіпті үлкен емес қашыктықта беру ӛте
сирек қолданылады. Егер деңгейлерге нӛмірлеу жүргізілетін болсақ, онда оларды беру
сандарды беруге әкеледі. Сол уақытта, бұл санды санаудың қандай да бір жүйесінде кӛрсетіп,
берілетін дабылдардың шамалы жиынымен айналып ӛтіп кетуге болады.