Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет119/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   132
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын мынадай құқық бұзушылықтар мен 
сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, егер оларда қылмыстық жазаланатын 
әрекеттiң белгiлерi болмаса, қызметiнен төмендетуге, қызметiнен босатуға немесе 
мемлекеттiк мiндеттердi атқарудан өзге де түрде босатуға не заңда белгiленген тәртiппен 
өзге де тәртiптiк жаза қолдануға әкеп соғады: 
1) басқа мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың қызметiне заңсыз араласу; 
2) аталған адамдардың не олардың жақын туыстары мен жекжаттарының 
материалдық мүдделерiн қанағаттандыруға байланысты мәселелердi шешу кезiнде 
өздерiнiң қызметтiк өкiлеттiгiн пайдалану; 
3) мемлекеттік қызметке және мемлекеттік ұйымдарға және жарғылық 
капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарға, оның ішінде 
акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық 
холдингтерге, ұлттық компанияларға, ұлттық даму институттарына, олардың дауыс 
беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі 
еншілес ұйымдарына, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу 
пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларға қызметке 
тұратын және қызметін жоғарылататын кезде заңда көзделмеген артықшылықтар беру 
(тамыр-таныстық, отбасылық жақындық). 
4) шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау кезiнде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз 
артықшылық көрсету; 
5) кiмге болса да табыс алуға байланысты кәсiпкерлiк және өзге де қызметтi жүзеге 
асыруда заңдарда көзделмеген кез келген жәрдем көрсету; 
6) мемлекеттiк мiндеттерiн атқару кезiнде алынған ақпаратты, егер ол ресми 
жариялауға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдделерге пайдалану; 
7) берiлуi заңдарда көзделген ақпаратты жеке және заңды тұлғаларға беруден 
негiзсiз бас тарту, оны кешiктiру, бұрыс немесе толық емес ақпарат беру; 
8) жеке немесе заңды тұлғалардың табыс етуi заңдарда көзделмеген ақпаратты бұл 
тұлғалардан талап ету; 
9) мемлекеттiк қаржы мен материалдық ресурстарды жекелеген кандидаттардың 
сайлау қорларына беру; 
10) жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қараудың және олардың құзыретiне 
кiретiн өзге де мәселелердi шешудiң заңда белгiленген тәртiбiн бірнеше рет бұзу; 
11) жоғары тұрған ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып 
мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтар тарту 
және қызметтен тыс қызмет көрсету; 
12) жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске 
асыруда көрiнеу кедергi жасау; 
13) кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеу, сондай-ақ оған бақылау жасау 
өкiлеттiгiн сондай қызметтi жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлғаларға беру; 
13-1) мемлекеттік бақылау мен қадағалау міндеттерін мемлекеттік органдық 
мәртебесі жоқ ұйымдарға беру; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет