Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Тақырып 15. Сыбайлас жемқорлықты әрекет үшін құқықтық жауаптылық



Pdf көрінісі
бет116/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   132
Тақырып 15. Сыбайлас жемқорлықты әрекет үшін құқықтық жауаптылық
 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Дәрістің 
мақсаты:сыбайлас 
жемқорлықты 
әрекет 
үшін 
құқықтық 
жауаптылықтүрлерін түсіндіру болып табылады. 
Жоспар: 
7.1 Сыбайлас жемқорлықты әрекет үшін тәртіптік жауаптылыққа тартушылық
7.2 Сыбайлас жемқорлықты әрекет үшін әкімшілік жауаптылыққа тартушылық
7.3 Сыбайлас жемқорлықты әрекет үшін қылмыстық жауаптылыққа тартушылық 
Түйінді сөздер:тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық жауаптылық. 
7.1 Сыбайлас жемқорлықты әрекет үшін тәртіптік жауаптылыққа тартушылық
Ғасырлар бойы адамзаттың ең ақылдылары қоғамдағы құқық бұзушылық себептері 
мен оны жою жолдарына бастарын қатырып келеді. Бүгінгі күні бұл мәселе заң 
ғылымында бұрынғыдай соншалық күрделі, әрі қарама-қайшылықты болып келеді. Оның 
өзектілігі - күмәнсіз. Құқық бұзушылық әрқашан болған. Сондықтан француз социологы 
Эмиль Дюркгейммен келіспеуге болмайды, ол қылмыс кез келген салауатты қоғамның 
элементі болып табылады деп санады. Осыған орай, бір де бір қоғам қылмысты мүлдем 
жоя алмайды. Олар болған, бар және әрқашан болады. Нақ сондықтан құқық 
бұзушылықпен күресудің жаңа теориялық тұжырымдамаларын үнемі тұжырымдау, жаңа 
әдістер мен рәсімдерді құрастыру қажет. Қылмыс, басқа әлеуметтік құбылыс ретінде 
үнемі дамып, жаңа түрге ие болады. Құқық бұзушылықпен күресуде негізгі күштер осы 
қателіктердің алдын алуға және оларды тудыратын себептерді жоюға бағытталған. Алайда 
құқық бұзушылық жасауға айыпты тұлғаларға қатысты құқықтық санкцияларды қолдану 
мүмкіндігін жоққа шығармайды. Нақ іздену арқылы, басқа шаралармен қатар құқық 
бұзушылықтың алдын алу қамтамасыз етіледі. Осы санкциялар өз беттерінше емес, құқық 
қолдану қызметі процесінде жүзеге асырылады. Оны жүзеге асыру барысында құзыретті 
органдар құқық бұзушылық жөнінде істерді қарастырып, шешім қабылдайды. Ізденімді 
қолдану, құқық бұзушылық жөніндегі істі қозғау негізі жасалған істе құқық бұзушылық 
құрамының болуы болып табылады. Сондықтан құқық қолдану қызметін жүзеге асыру 
құқық бұзушылық ұғымын терең білмейінше мүмкін емес. Қажетті білім құқық 
бұзушылықты дұрыс біліктілеуге, іс бойынша заңды шешімдер қабылдауға, заңдылықты 
сақтауды қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға 
көмектеседі. Құқық бұзушылықтың ең жалпы түрі қоғамға зиян келтіретін және заңға 
сәйкес жазаланатын қоғамға қарсы әрекет ретінде сипатталуы мүмкін. Құқық 
бұзушылықтың бәрі түгелдей табиғат пен заттардың күш әрекеттері емес, жануарлардың 
әрекеті емес, адамдардың іс-әрекеттері болып табылады. Адамның ойлары мен сезімдері 
құқық бұзушылық болып саналмайды.
Құқыққа қарсы жасалатын іс-әрекеттердің алуан түрлі себептеріне, жағдайларына
субъектілері мен сипатына қарамастан олардың бәрінде, құқық бұзушылық сияқты 
әлеуметтік құбылысқа жатқызуға мүмкіндік беретін ортақ белгілер бар. Заң құқық 
бұзушылық белгілерін бекітеді, ол құқық бұзушылықты адамдардың қоғамға қарсы басқа 
әрекеттерінен, мысалы, заңмен жазаланбайтын адамгершілікке жат қылықтан айыруға 
мүмкіндік береді. Біріншіден, құқық бұзушылық деп құқық нормалары тыйым салған 
заңды бұзатын іс-әрекет қана мойындалады. Сондықтан құқық бұзушылықтың маңызды 
белгісі – оның құқыққа қайшылығы. Құқыққа қайшылық оның белгіленген орнына 
қарамастан құқық талабынан шығып кетумен (құқықты теріс пайдалану) және т.б. 
бейнеленеді. Екіншіден, құқық бұзушылық – бұл әрекетке, жауапқа қабілетті, яғни заңмен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет