Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет120/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   132
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
14) қызметi немесе жұмысы бойынша жоғары немесе төмен тұрған, не өздерiне өзге 
де түрде тәуелдi лауазымды адамдардың ақша немесе басқа да мүлiк салынатын сипаттағы 
құмар ойындар ойнауға қатысу; 
15) егер заңнамада көзделмесе, өздерiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген 
мiндеттерiн атқарғаны үшiн өзi тиiстi мiндеттердi атқармайтын ұйымдардан, сондай-ақ 
жеке тұлғалардан ақша, көрсетiлетiн қызмет және өзге де нысандар түрiнде кез келген 
сыйақы қабылдау сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар болып 
табылады. 
Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған 
теңестiрiлген адамның шотына келiп түскен, аталған адам бiлмейтiн ақша қаражаты, 
сондай-ақ осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып, тиiстi мiндеттерiн атқаруына 
байланысты алған қаражаты ол анықталғаннан кейiн екi аптадан аспайтын мерзiм iшiнде 
тиiстi салық органына мұндай қаражат түсуiнiң мән-жайы туралы түсiнiктеме табыс етiле 
отырып, республикалық бюджетке аударылуға тиiс; 
16) өзiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқаруына байланысты 
қызметi бойынша өздерiне тәуелдi адамдардан жалпы қамқорлығы немесе қызметіндегі 
енжарлығы үшін сыйлықтар алу немесе қызметiн қабылдау. 
Аталған адам бiлмей келiп түскен сыйлықтар, сондай-ақ оның осы тармақшаның 
бiрiншi абзацын бұза отырып тиiстi мiндеттердi атқаруына байланысты алған сыйлықтары 
жетi күн мерзiм iшiнде арнайы мемлекеттiк қорға тегiн өткiзiлуі тиiс, ал адамға осындай 
жағдайлар кезiнде көрсетiлген қызмет үшiн республикалық бюджетке ақша қаражатын 
аудару арқылы ақы төленуі тиiс. Өзiне сыйлықтар келiп түскен адам жоғары тұрған 
лауазымды адамның келiсiмiмен оларды аталған қордан тиiстi жерлерде қолданылып 
жүрген нарықтық бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды 
сатудан түскен ақша қаражатын арнаулы мемлекеттiк қор республикалық бюджетке 
аударады; 
17) жұбайының (зайыбының), туыстарының шақыруы бойынша олардың есебiнен; 
егер қарым-қатынасы шақырылатындардың қызметтiк әрекетiнiң мәселелерiн 
қозғамаса, өзге де жеке тұлғалардың шақыруы бойынша (жоғары тұрған лауазымды 
адамның немесе органның келiсiмiмен); 
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына немесе Қазақстан 
Республикасының мемлекеттiк органдары мен шет мемлекеттердiң мемлекеттiк 
органдарының арасындағы өзара уағдаластыққа сәйкес тиiстi мемлекеттiк органдардың 
және (немесе) халықаралық ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын; 
жоғары тұрған лауазымды адамның, не органның келiсiмiмен ұйымдардың қаражаты 
есебiнен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсiби, гуманитарлық шараларға қатысу 
үшiн жүзеге асырылатын, оның iшiнде сондай ұйымдардың жарғылық қызметi 
шеңберiнде жүзеге асырылатын сапарларды қоспағанда, шетел, сондай-ақ Қазақстан 
Республикасының жеке және заңды тұлғаларының есебiнен мемлекетішiлiк және шетелдiк 
туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруды қабылдау; 
18) несиелер, қарыздар, бағалы қағаздар алуда, жылжымайтын және өзге де мүлiктер 
сатып алуда заңнамада көзделмеген артықшылықтарды пайдалану. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет