Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


тақырып. Республикасының әкімшілік құқығының негіздері



Pdf көрінісі
бет23/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   132
5 тақырып. Республикасының әкімшілік құқығының негіздері. 
 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Дәрістің мақсаты: құқықтың мемлекеттік басқару процесін, атқарушы билік 
құрылымдарын және олардың құзыреттерін, мемлекеттік қызметшілердің міндеттерін, 
құқықтары және жауапкершіліктерін, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті, азаматтардың өмірі, 
құқықтары мен бостандықтарын сақтауды жүзеге асыру кезінде пайда болған қоғамдық 
қатынастарды түсіндіру. 
Сұрақтар: 
1. Әкімшілік құқық субъектілері, ұғымы мен түрлері.
2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет ұғымы және қағидаттары, 
топтастыру негіздері. 
3. Әкімшілік жауапкершіліктің ұғымы.
4. Әкімшілік жазалардың түрлері, оларды салу тәртібі.
Кілтті сөздер: тыйым салу, миграциялық қызмет, құқықбұзушылық, айыппұл, 
кінәлік.  
1. Әкімшілік құқық субъектілері, ұғымы мен түрлері.
Әкімшілік құқық — құқықтың мемлекеттік басқару процесінде, атқарушы билік 
құрылымдарын құру, олардың құзыреттерін белгілеу, мемлекеттік қызметшілердің 
міндеттері, құқықтары және жауапкершіліктерін анықтау, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті, 
азаматтардың өмірі, құқықтары мен бостандықтарын сақтауды жүзеге асыру кезінде пайда 
болған қоғамдық қатынастарды реттеуші саласы. 
Әкімшілік-құқықтық нормаларды мемлекет белгілейді. Әкімшілік-құқықтық 
нормалардың үлкен бөлігі сан алуан нормативтік құқықтық актілерде: заңдарда, 
Президенттің жарлықтары мен өкімдерінде, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 
қаулылары мен өкімдерінде, министрлердің, мемлекеттік комитеттердің, агенттіктердің, 
биліктің аймақтық және жергілікті органдарының қаулыларында мазмұндалған. Мұндай 
актілер әкімшілік құқықтың бастаулары деп аталады.
Бұлардың ішінен ең маңыздылары:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституция 1995 жылы 30 тамызда 
республикалық референдумда қабылданды,
- «Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 
жылғы 18 желтоқсандағы № 2688 конституциялық заңы
- Қазақстан Республикасының Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы 
«Қазақстан республикасының ішкі істер органдары туралы» заң күші бар Жарлығы,
- «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 
30 қаңтардағы № 155 Кодексi
- «Мемлекеттiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 
шiлдедегi № 453 Заңы. 
Төмендегідей әкімшілік-құқықтық қатынастарды ерекшелеуге болады: 
а) басқарма аппараты ішіндегі қатынастар (атқарушы билік органдарының жүйесі, 
органдардың, лауазымды тұлғалардың және мемлекеттік қызметшілердің құзыреті, 
олардың қарым-қатынастары, жұмыстың нысандары мен әдістері); 
ә) атқарушы билік органдары мен азаматтардың арасындағы қатынастар
б) қоғамдық тәртіп саласындағы азаматтар арасындағы қатынастар. 
Әкімшілік-құқықтық қатынастардың субъектілері азаматтар, атқарушы билік 
органдары, қоғамдық және діни бірлестіктер, жеке кәсіпорындар болуы мүмкін. Бірақ 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет