Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет20/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   132
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
2.Ұжым адвокаттары және оның ұйымы 
3.Салық және кеден қызметінің органы
Ұсынылған әдебиеттер: 
1. Оспанов Қ.И. Құқық негіздері.- Алматы: Жеті жарғы, 2007. 
2. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері: оқулық. – 
Құраст. Е. Баянов.- Алматы, 2003. 
4 – дәріс. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару  
Дәріс мақсаты: қоғамда адамдарға қарым қатынасты – мемлекеттік билікті жүзеге 
асыруға негізделген, мемлекеттік басқаруда басқарушы әсерлері мемлекеттік билікке 
сүйенеді, бекітіліп, онымен қамтамасыз етіледі.
Дәріс жоспары:
1. Мемлекеттік басқару жүйесінің түсінігі, пәні мен міндеттері.
2.Мемлекеттік басқару жүйесінің құрылымы.
3.Мемлекет басқару субъектісі ретінде. Мемлекеттің негізгі сипаттамалары
мемлекеттің қоғамдық функциялары, мемлекеттік басқарудың объектісі.
4.Мемлекеттік басқарудың айрықша ерекшеліктері.
Кілтті сөздер: мемлекет, мемлекеттік басқару, менеджмент,субъект 
Мемлекеттік басқару: түсінігі, принциптері, басұару органдары. Әкімшілік құқықты 
реттеудің пәні болып көбінесе мемлекеттік басқару сферасында қалыптасатын қоғамдық 
қатынастыр табылады. Сондықтан, әкімшілік құқытың мәнін қарастырмас бұрын, оны 
реттеудің, яғни мемлекеттік басқарудың пәнін оқу керек.
Мемлекеттік бақару—бұл қоғам дамуында қоғамдық процестерді тікелей, тәжірибелік 
ұйымдастыру бойынша атқарушы және реттеуші қызмет. Кең мағынада мемлекеттік басқару 
(мемлекеттің істерін басқару) мемлекеттің барлық органдарымен іске асырылады. Мемлекеттік 
басқару – бұл: а) заңдарды орындау бойынша қызмет; б) адамдар мен түрлі объектілерді 
ағымдық реттеу болып табылатын қызмет, бұл олар үшін заң асты актілерді шығарумен 
байланысты болады.
Тар мағынада (немесе әкімшілік-құқықтық аспектіде) мемлекеттік басқаруды 
мемлекеттік басқарудың заң асты мен бақылау асты органдардың атқарушы және 
реттеуші, заңды түрде билікке ие қызмет, ол халық шаруашылықтың, әлеуметтік-мәдени 
және әкімшілік-саяси құрылыс басшылығын тәжірибелік және тікелей жүзеге асуына 
бағытталады. 
Мемлекеттік басқарудың принциптері —басқару құрылатын және басқару аппараты 
қызмет ететін негізгі басқарушы алғышарттар, олар белгілі ережелер түрінде қалыптасуы 
мүмкін. Мемлекеттік басқарудың принциптері заңнамада, бұйрықтарда, жарғыларда, 
үкімдерде бекітілім алады. Қоғамдық өмір сферасына байланысты ажыратады: қоғамды 
жалпы басқару, экономикалық басқару, әлеуметтік, саяси, рухани-идеологиялық басқару; 
қоғамдық байланыстар құрылымына байланысты: қоғамның экономикалық, сәйкесінше 
саяси, әлеуметтік және рухани дамуын басқару және т.б.
Басқарудың субъектілері бойынша бір бірімен өзара байланысатын басқарудың 
алты түрін белгілеуге болады. 
Мемлекеттік басқару – субъект ретінде мемлекет болады, басқаша айтқанда, үштік: аумақ, 
халық, билік. Мұнда басқару негізінде бірегейлік, зайырлық, қауіпсіздік және уақыттың 
тарихи масштабында барлық қазақстандық социумның дамуы.
Жергілікті өзін өзі басқару мемлекеттік басқарудың астыңғы және ерекше демократиялық 
түрі ретінде, оның субъектісі болып қоныстар мен әкімшілік аумақтардың тұрғындары 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет