Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет56/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   132
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Қызметкерлерге жалақы төлеу, егер жеке еңбек, ұжымдық шарттарда өзгеше 
көзделмесе, әдетте, олардың жұмысын орындайтын жерiнде жүргiзiлуге тиiс. Тұрақты 
жұмыс орнынан тыс жерде (iссапарда, тапсырысшының ұйымдарында және 
басқаларында) жұмыс берушiнiң тапсырмасын орындаушы қызметкердiң жалақысын 
жеткiзудi жұмыс берушi өз есебiнен қамтамасыз етуге тиiс. 
Қызметкердiң жалақысынан ұстап қалу сот шешiмi бойынша, сондай-ақ Қазақстан 
Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда жүргiзiледi. Қызметкердің 
жалақысын бiр немесе бiрнеше атқарушы құжаттар бойынша өндiрiп алған кезде оның 
жалақысының кемiнде елу проценті сақталуға тиiс. 
Кепілдік жəне өтеу төлемдер. Басшы Қазақстан Республикасының заңдарына 
сәйкес қызметкердiң жұмыс орнын және лауазымын сақтай отырып, оны мемлекеттік 
және қоғамдық мiндеттердi орындау уақытына жұмыстан босатады. 
Мерзiмдi медициналық тексеруден өту кезiнде жұмыс берушiнiң есебiнен осындай 
тексеруден өтуге мiндеттi қызметкердiң, сондай-ақ донордың тексерiлетiн және қан құю 
үшiн қан тапсыратын күндерінде жұмыс орны (қызметi) мен орташа жалақысы сақталады. 
Жұмыс берушi қызметкердi өндiрiстен қол үзiп, бiлiктiлiгiн арттыруға және қайта 
даярлауға жiберген кезде оның жұмыс орны (қызметi) мен орташа жалақысы сақталады, 
сондай-ақ тараптардың келiсiмiне сәйкес басқа да шығындар өтеледi. 
Қызметтiк iссапарларға жiберiлетiн қызметкерлерге: 
1) iссапарда болған уақыты үшiн тәулiкақылар; 
2) тағайындалған жерге барып-қайту жолы бойынша шығындары; 
3) тұрғын үй-жай жалдау жөнiндегi шығындары төленедi. 
Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтiк жәрдемақылар жалпы 
ауруларға байланысты (жарақат алуға, жүктiлiктi жасанды жолмен бұзуға, карантинге 
байланысты, туберкулез немесе кәсiптiк ауру себебiнен уақытша басқа жұмысқа 
ауыстырылған кезде) еңбекке уақытша жарамсыздық жағдайларында және заңдарда 
белгiленген басқа да жағдайларда тағайындалады. 
Жүктiлiк және босану бойынша әлеуметтiк жәрдемақылар, сондай-ақ тiкелей 
перзентханадан бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) әлеуметтiк жәрдемақылар 
жүктiлiк пен босану бойынша бүкiл демалысқа немесе бала асырап алған күннен бастап, 
сәбидiң туған күнiнен елу алты күн өткенге дейiнгi кезең үшiн демалысқа тағайындалады. 
Қызметкерге жалпы ауруға, еңбекте мертiгуге және кәсiптiк ауруға байланысты, 
жүктiлiк және босану бойынша еңбекке уақытша жарамсыздық жөнiнде әлеуметтiк 
жәрдемақыларды, сондай-ақ бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) әлеуметтiк 
жәрдемақыларды жұмыс берушi өз қаражаты есебiнен төлеуге мiндеттi. 
Жұмыс берушiнiң мүдделерiн көздеп кадрлар даярлау үшiн жұмыс берушiнiң өз 
қаражаты есебiнен қызметкердi оқытуға немесе оқуға жiберуге құқығы бар. Жұмыс 
берушiнiң қаражаты есебiнен оқыған, бiлiктілiгiн арттырған немесе қайта даярлаудан 
өткен қызметкер сол жұмыс берушiде тараптардың жеке еңбек шартында келiскен 
мерзiмiнде жұмыс iстеуге мiндеттi. Қызметкердiң бастамасы бойынша немесе 
қызметкердiң кiнәсi салдарынан жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша жеке еңбек шарты 
бұзылған жағдайда жұмыс берушiге қызметкер өзiн оқытуға байланысты шығындарды 
жұмыс iстеу мерзiмiнiң жұмыс iстелмеген мерзiмiне бара-бар етiп, толығымен төлейдi. 
5. Еңбек даулар, оларды шешу тәртібі. Жеке еңбек шартында осы шарт 
тараптарының материалдық жауапкершiлiгi нақтыланады. 
Қызметкерлердiң толық материалдық жауаптыжағдайлары. Қызметкерлер:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет