Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет58/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   132
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
Еңбек даулары тараптардың келісімi бойынша немесе сот тәртiбiмен қаралады. 
Тараптардың келісімімен еңбек дауларын келiсiм комиссиясы қарауы мүмкін. Келiсім 
комиссиясы тараптардың бірлескен шешiмi бойынша жұмыс берушiлер мен 
қызметкерлердiң саны тең өкілдерінен тепе-тең негізде құрылады. Қызметкерлердің 
өкілдерi келiсiм комиссиясына ұйымның жалпы жиналысында (конференциясында) 
сайланады. Жұмыс берушінiң өкiлдерін ұйым басшысы тағайындайды. Келiсiм 
комиссиясын ұйымдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жұмыс берушi жүзеге 
асырады. Келiсiм комиссиясы өз құрамынан комиссияның төрағасы мен хатшысын 
сайлайды. 
Келiсiм комиссиясы арыз берушiнiң өтiнiшiн ол берiлген күннен бастап үш күн 
мерзiмде қарайды. Оны қарау нәтижелерi бойынша келiсiм комиссиясының шешiмi 
қабылданып, арыз берушiге берiледi. Келiсiм комиссиясының арыз берушiнiң талабын 
қанағаттандырған шешiмiн қарсы тарап үш күн мерзiмде орындайды. 
Еңбек кодекстің және еңбек туралы өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң 
сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен Ережеге сәйкес еңбек 
жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органның мемлекеттiк еңбек инспекторлары жүзеге 
асырады. 
Мемлекеттiк еңбек инспекторларының құзыретiне:
1) жұмыс берушi мен қызметкердiң Еңбек кодексті және еңбек қатынастарын 
реттейтін өзге де нормативтiк құқықтық актілерді сақтауын тексерулер арқылы 
бақылауды жүзеге асыру. 
2) еңбек туралы заңдардың бұзылу себептерiн анықтау және талдау;
3) Еңбек кодексінің 105-бабына сәйкес бақылаудың нәтижелерi бойынша 
ұйғарымдар беру;
4) еңбек туралы заңдардың сақталуын бақылаудың нысандары мен әдiстерiн 
жетiлдiру мәселелерi жөнiндегi шараларды әзiрлеу;
5) құқық қорғау органдарымен және басқа да мемлекеттiк органдармен өзара iс-
қимыл жасау енедi. 
Сұрақтар: 
1.Жеке еңбек шарты 
2.Еңбек дауларын қарастыру тәртібі қандай 
3.«Әлеуметтік серіктестік» нені білдіреді 
Ұсынылған әдебиеттер: 
1. Құқық негіздері: Оқу құралы / Б.Ө. Алтынбасовтың редакциялығымен. – Астана, 
«Мастер По» ЖШС, 2012. -336 б. 
2.«Қазақстан Республикасының Еңбек кодексi» Қазақстан Республикасының 2007 
жылғы 15 мамырдағы № 251 Кодексi // «Егемен Қазақстан» 2007 жылғы 22 мамыр № 132-
135 (24710). 
3.«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан 
Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi № 193-IV Кодексi // «Егемен Қазақстан» 
2009 жылғы 29 қыркүйек, № 315-318 (25715). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет