Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


тақырып Экологиялық және жер құқығы негіздері



Pdf көрінісі
бет59/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   132
Байланысты:
Дәрістер

9 тақырып Экологиялық және жер құқығы негіздері. 
Дәрістің мақсаты: ҚР жерлер қорын рационалды пайдалану, жақсарту және қорғау, 
құқықтық реттеу 
Жоспар: 
1. Экологиялық құқық ҚР құқығының кешенді саласы ретінде 
2. Табиғатты пайдалану құқығы 


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
3. Экологиялық құқық бұзушылықтың заңды жауапкершілігі 
Кілтті сөздер: жер, экология, табиғатты пайдалану 
Экологиялық құқықтың теориялық және әдеітемелілік салаларының негізгі 
тіректерінің бірі ұғымдар мен санаттар болып табылады. Мысалы экологиялық құқық 
негіздерімен оқып танысу барысында «экология», «қоршаған орта», «қоршаған ортаны 
қорғау», «табиғи ресурстар», «табиғат пайдалану» т.б. осы сияқты атуларды кездестіруге 
болады. Сондықтан солардың негізгілерінің мәнін ашып, қысқаша тоқталып кетуге 
болады. 
Қағидат – құқықтық-нормативтік материяның қабырғасы, негізгі бастамасы бола 
отырып, құқықтық реттеудің әдістерінің бағытын, мақсатын, міндетін, қазіргі тандағы 
экологиялық заңнамалардың мәнді сипатын, экологиялық қатынастардың дамуының 
объектівті заңдылықтарын көрсетеді. 
Экологиялық құқықтың мынандай қағидаттарын көрсетуге болады: 1) адамның 
өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы 
үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру; 2) Қазақстан 
Республикасының нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың 
қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген 
қажеттерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық 
міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу; 3) экологиялық жағдайы 
қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи 
экологиялық жүйелердіқалпына келтіру; 4) табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және 
молықтыру, табиғатты пайдаланғаны үшін кезек-кезеңмен ақы төлеуді енгізу және 
қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандыруды енгізу; 5) 
биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше 
маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету; 6) қоршаған ортаны 
қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны 
үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы; 7) қоршаған ортаға нұқсан келтіруге жол бермеу, 
қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау; 8) халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен 
жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласында белсенді 
түрде және демократиялық жолмен қатысуы; 9) халықаралық құқық негізінде қоршаған 
ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық қағидаттарын сақтау негізінде 
жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет