Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет114/132
Дата27.01.2023
өлшемі1,88 Mb.
#63186
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   132
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
лауазымды тұлғалардың экономикалық мүдде декларацияларының мәліметтерінің 
дұрыстығын тексереді. Комиссия парламентті де сондай-ақ қоғамды да сыбайлас 
жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның пайдаланылуының нәтижесі туралы ақпарат 
береді, жемқорлықтағы күдікті тексереді. Комиссия қылмыс белгілерін немесе әкімшілік 
бұзушылықтарды анықтаған кезде материалдарды тергеуге тапсырады. 
Жалпы компьютерлендіруден – сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына адам 
факторының қатысын болдырмаудан басқа - Эстонияда сыбайлас жемқорлықпен 
байланысты қылмыстарды анықтаумен айналысатын тергеушілер және полиция 
қызметкерлерінен тұратын штаты бар арнайы полиция құрылды. 
Сондай-ақ 1999 жылдың басында Эстонияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес 
туралы заң қабылданды. Бұдан басқа шенеуніктің өз қызметін теріс пайдалану немесе 
пара фактісі туралы хабарлауға болатын тікелей телефон байланысы бар.
Білімді және тұрғындардың тұрмысын компьютерлендіру эстон халқының өмірін 
түбегейлі өзгертуге мүмкіндік берді деп айтуға болады. Қазіргі ақпараттық технологиялар 
мемлекет пен халықтың тілдесу үрдісін жеңілдетті және бюрократиялық кедергілерді 
жоюға көмектесті. Эстонияның «Электронды үкімет» жүйесі - бұл осы елдің ақпараттық 
технологиялар саласында алға жылжығандығының жоғары дәрежесінің көрсеткіші.
Біздің еліміз – Қазақстаннның соттық-құқықтық қатынастары бойынша бай тарихи 
тәжірибесі бар. Көшпелі қоғам негізінде құрылған қазақ әділ соты өзінің бірегейлігіне 
қарай жалпыға қадірі артып, «Әділеттіліктің алтын ғасыры» деп аталды. Халық жадында 
алтын ғасыр би әділдігінің және Тәуке хан билігінің кезіндегі заңдылықтың өркендеу 
кезеңімен байланысты. Билер соты қазақ қоғамының өмірінде нығаю рөлін атқара 
отырып, мемлекеттің маңызды институтына айналып, оның тірегі болды. Осы кезде 
атақты «Жетi Жарғы» жарық көрді. 
«Жетi Жарғының» негізгі бөлімдері: 
1. «Жер дауы» - мұнда жайылым мен суат туралы дауларды шешу жолдары 
қарастырылған. 
2. Отбасылық неке қию заңында некені қию, некені бұзу тәртібі, ерлі-
зайыптылардың құқықтары мен міндеттері, отбасы мүшелерінің мүліктік құқықтары 
белгіленген.
3. Әскери заң, әскери міндетін атқаруды, бөлімдерді құруды және әскери бастықты 
сайлауды реттейді. 
4. Сот туралы ережеде сот ісінің тәртібі белгіленген. 
5. Қылмыстық Заңда өлтіруден басқа әртүрлі қылмыстар үшін жазалау түрлері 
белгіленген. 
6. Құн Заңында өлтіру және денеге ауыр зақым келтіргені үшін жазалау түрлері 
белгіленген. 
7. «Жесiр дауында» жесірлер мен жетімдердің жеке және мүліктік құқықтары
сондай-ақ қайтыс болған адамның туыстарының оларға қатысты міндеттері реттелген.
"Жетi Жарғыға"сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тікелей қылмысты адам тартылады, 
сонымен бірге қауымның ұжымдық жауапкершілігі қағидасы кеңінен тараған. Сонымен, 
егер жауапқа тартылушы сотқа келмесе немесе тиісті айыппұлды төлемесе, онда айыппұл 
бүкіл қауымға салынатын. Мұндай жағдайда қауым мүшелеріне жауапқа тартылушыға өз 
қалаулары бойынша жаза қолдану құқығы беріледі. Қазақтарда бас бостандығынан айыру 
сияқты жазалау шарасы да, абақты да болмаған. Зерттеушілер қазақтардың қылмыстық 
құқығының адамгершілігін атап өтеді. Тек жеке жағдайда ғана өлім жазасы қолданылған. 
Мұндай жағдайларға зорлау және біреудің әйелін ұрлау жатады. Үкімді орындайтын 
ешқандай арнайы органдар болмаған. Бұл құқыққа талапкер ие болған. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   132




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет