Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет57/135
Дата25.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#143241
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   135
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
1) қызметкер мен жұмыс берушiнiң арасында қызметкерге берiлген мүлiк пен басқа 
да құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етпегенi үшiн өзiне толық материалдық 
жауапкершiлiк алу туралы жазбаша шарт жасалған;
2) заңдарға сәйкес қызметкерге еңбек мiндеттерiн орындау кезiнде жұмыс берушiге 
келтiрiлген зиян үшiн толық жауапкершiлiк жүктелген;
3) қызметкер мүлiк пен басқа да құндылықтарды бiр жолғы сенiмхатпен немесе 
басқа да бiр жолғы құжаттар бойынша есеп беруге алған;
4) қызметкер зиянды алкогольдiк, нашақорлық немесе уытқұмарлық мас болу 
жағдайында келтiрген;
5) зиян материалдардың, жартылай фабрикаттардың, бұйымдардың (өнiмдердiң), 
соның iшiнде оларды дайындау кезiнде, сондай-ақ жұмыс берушi қызметкерге 
пайдалануға берген құрал-саймандардың, өлшеу аспаптарының, арнаулы киiмдер мен 
басқа да заттардың жеткiлiксiздiгiнен, қасақана жойылуынан немесе қасақана 
бүлдiрiлуiнен келтiрiлген; 
6) зиян коммерциялық құпияны жариялау салдарынан келтiрiлген;
7) зиян қызметкердің қылмыстық тәртiппен қудаланатын әрекеттердiң белгiсi бар iс-
әрекеттерiнен келтiрiлген жағдайларда олардың кiнәсiнен жұмыс берушiге келтiрiлген 
зиянға толық мөлшерiнде материалдық жағынан жауапты болады.
 
Еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн, яғни қызметкердiң кiнәсiнен оған жүктелген еңбек 
мiндеттерiнiң орындалмағаны немесе тиiсiнше орындалмағаны үшiн жұмыс берушi 
тәртiптiк жазалардың мынадай түрлерiн қолдануға: 
1) ескерту жасауға; 
2) сөгiс беруге; 
3) қатаң сөгiс беруге
4) Еңбек кодексімен белгіленген жағдайларға сәйкес жеке еңбек шартын бұзуға 
құқылы. 
Тәртiптiк жазаны қолданудан бұрын қызметкерден жазбаша түсiнiктеме талап 
етiлуге тиiс. Тәртіптiк жаза терiс әрекет байқалған күннен бастап бiр айдан кешiктiрмей 
қолданылады және оны терiс әрекет жасалған күннен бастап алты айдан кешiктiрiп 
қолдануға болмайды. Әрбiр жолсыздық үшiн бiр ғана тәртiптiк жаза қ;олданылуы мүмкiн. 
Тәртiптiк жаза қолдану туралы бұйрық жазаға тартылған қызметкерге қол қойғызылып 
жарияланады. Тәртiптiк жаза қолданылған жағдайда жұмыс берушi жасалған терiс 
әрекеттiң ауырлығын, оның жасалу мән-жайларын, қызметкердiң соның алдындағы мiнез-
құлқын, еңбекке көзқарасын, сондай-ақ тәртiптiк жазаның жасалған терiс әрекеттiң 
ауырлығына сәйкестiгiн ескеруге тиiс. Тәртіптiк жазаға еңбек дауларын қарау үшiн 
белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн. 
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және сыбайлас жемқорлыққа жағдай 
туғызатын құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған 
күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылады және жазаны терiс қылық жасалған 
күннен бiр жыл кешiктiрiп қолдануға болмайды. 
Қылмыстық iс қозғаудан бас тартқан немесе қылмыстық iстi қысқартқан жағдайда, 
бiрақ адамның әрекеттерiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық белгiлерi болған 
кезде, тәртiптiк жаза қылмыстық iс қозғаудан бас тарту не оны қысқарту туралы шешiм 
қабылданған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей қолданылуы мүмкін. 
Тәртiптiк жазаның қолданылу мерзiмi оны қолданған күннен бастап алты айдан 
аспауға тиiс. Егер осы мерзiм ішінде қызметке жаңа тәртіптік жазаға тартылмаса, ол 
тәртiптік жазасы жоқ деп есептеледі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет