Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет54/135
Дата25.12.2023
өлшемі1,88 Mb.
#143241
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   135
Байланысты:
Дәрістер

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия 
ұлттық университеті 
Пәннің оқу-әдістемелік кешені 
Басылым: 
жетінші 
ЕҰУ Ф 703-08-18. Пәннің оқу-әдістемелік кешені. Жетінші басылым 
iстеуге он сегiз жасқа толмаған адамдар мен түнгi уақытта жұмыс iстеуге тыйым салатын 
медициналық қорытындысы болған жағдайда өзге де адамдар жiберiлмейдi. 
Жұмыс берушi қызметкердiң сол жұмыс берушiде нақты жұмыс iстеген жұмыс 
уақытының есебiн жүзеге асыруға тиiс. Өндiрiс (жұмыс) жағдайлары бойынша 
қызметкерлердiң белгiлi бiр санаты үшiн белгiленген апта сайынғы жұмыс уақытының 
сақталуы мүмкiн емес, үздiксiз жұмыс iстейтiн ұйымдарда, жекелеген өндiрiстерде, 
цехтарда, учаскелерде, бөлiмшелерде және кейбiр жұмыс түрлерiнде есептi кезең iшінде 
жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына Еңбек кодексімен белгiленген қалыпты жұмыс 
сағаттары мерзiмiнен аспауға тиiстi жағдайда жұмыс уақытының жиынтық есебiн 
жүргiзуге жол берiледi. Жиынтық есеп жағдайында жұмыс уақытының күн сайынғы 
немесе апта сайынғы ұзақтығы жұмыс күнi немесе жұмыс аптасы сағаттарының 
нормасынан артық немесе кем болуы мүмкiн. 
Күнделiктi жұмыс (ауысым) ішінде қызметкерге демалу және тамақтану үшін 
жинақтап алғанда ұзақтығы бiр сағаттан кем болмайтын үзіліс берілуге тиiс. Бұл үзілiс 
жұмыс уақытына енгізілмейдi және қызметкер оны өз қалауы бойынша пайдаланады. 
Yзiлiс беру уақыты мен оның ұзақтығы жұмыс берушiнің актілерінде, жеке еңбек, 
ұжымдық шарттарда белгіленедi. Өндірiс жағдайлары бойынша үзiлiс беру мүмкін емес 
жұмыстарда жұмыс беруші қызметкерге жұмыс уақытында демалу мен тамақтану 
мүмкiндігiн қамтамасыз етуге міндеттi. Мұндай жұмыстардың тiзбесi, демалу және 
тамақтану тәртібi мен орны қызметкерлер өкілдерінің келісімі бойынша жұмыс берушiнiң 
актiлерiнде немесе ұжымдық шартта белгiленедi.
 
Жылдың суық мезгілiнде ашық далада, жылу берілмейтін жабық үй-жайларда 
жұмыс iстейтін, жүк тиеу-түсіру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге жылыну 
және демалу үшін арнаулы үзілістер беріледi. Арнаулы үзілістер жұмыс уақытына 
қосылады.
Бiр жарым жасқа толмаған баласы бар жұмыс iстейтін әйелдерге демалу мен 
тамақтану үшiн берiлетін үзілістен басқа, баланы тамақтандыру үшiн кемiнде жұмыстың 
әрбір үш сағаты сайын ұзақтығы отыз минуттан кем болмайтын қосымша үзіліс беріледі. 
Бiр жарым жасқа толмаған екi немесе одан да көп баласы болған жағдайда қосымша 
үзiлiстiң ұзақтығы кемiнде бір сағат болып белгiленедi. Баланы тамақтандыру үшiн 
берiлетiн үзiлiстер жұмыс уақытына қосылады және ақы төлеуге жатады.
 
Жұмыстың бiтуi мен оның келесі күнде (ауысымда) басталуы арасындағы 
қызметкердің күн сайынғы демалысының ұзақтығы 12 сағаттан кем болмауға тиіс. 
Қызметкерлерге демалыс күндерi (апта сайынғы үзіліссіз демалыс уақыты, сондай-
ақ Еңбек кодексінде көзделген өзге де уақыт) берiледi. Бес күндік жұмыс аптасы 
жағдайында қызметкерлерге аптасына - екі, ал алты күндiк жұмыс аптасында бiр демалыс 
күнi беріледi. 
Жалпы демалыс күнi жексенбi болып есептеледі. Бес күндік жұмыс аптасы кезiнде 
екiнші демалыс күні жұмыс берушiнiң актiсімен немесе жұмыс кестесімен белгiленедi. 
Егер ұжымдық және жеке еңбек шарттарында өзгеше көзделмесе екi демалыс күнi де 
қатарынан берiледі. 
Мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні, 7 қаңтар - 
православиелік Рождество демалыс күндері болып табылады. Мерекелiк күндер жұмыс 
күндеріне сәйкес келген жағдайда және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 
Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күндерiн басқа жұмыс күндеріне 
ауыстыруға құқылы. 
Жеке еңбек шарты бойынша жұмыс iстеушiлерге жұмыс орны (қызметi) мен орташа 
жалақысы сақтала отырып, ақы төленетiн жыл сайынғы еңбек демалысына кепiлдiк 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   135




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет