Шәкірттері атынан
Жасқайыр ҚАРАҒОЙШИН
Көктем келіп, Халықаралық әйелдер мерекесі
жақындаған кезде көңіліміз көтеріліп, бір серпіліп
қаламыз. Өйткені, бұл біз үшін ерекше мереке,
ұмытылмас күн болып есептеледі. Сондықтан да
өткен кезеңге зер салып, атқарған жұмыстарымызға
шолу жасау қашанда көңілге қуаныш ұялатады.
Біздің механика және математика факультетінде,
соның ішінде іргелі математика кафедрасында
ғылым жолын қуған қыз-келіншектер аз деп айтуға
болмайды. Кафедрада математикамен айналысатын
түрлі ғылыми атақтары бар жиырмадан астам қыз-
келіншектер жұмыс істейді. Олардың бірқатары
өздерінің ғылыми еңбектері мен қосқан үлестеріне
қарай үлкен абырой-атақтарға ие болған.
Мысалы, өткен жылдың қорытындысы бойынша
доцент Айман Серікқызы Искакова «ЖОО-ның ең
үздік оқытушысы» атанды. Бұл атақ байқау жеңім-
паздарына әлемнің белді университеттерінде ше-
телдік тағылымдамадан өтулеріне, ғылыми-зерттеу-
лерін ойдағыдай жүргізулеріне, ғылыми және оқу
әдебиеттерін жарыққа шығаруларына, таяу және
алыс шетел мемлекеттерінің жетекші ғалымдары
арасындағы халықаралық ынтымақтастықты нығай-
туларына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, кафедрада
доцент міндетін атқарушы Ақсәуле Жұбанышева
Хельсинки университетінде (Финляндия) кадрлар-
ды даярлау курсынан өтіп қайтты.
Жалпы, математик ғалымдарымыздың
жетістіктері де жаман емес. «Дарын» Мемлекеттік
жастар сыйлығының лауреаты, іргелі математика
кафедрасы доцентінің міндетін атқарушы Айнұр
Маралқызы Темірханова Люлео технологиялық
университетінде (Швеция) математика саласы
бойынша PhD дәрежесін алу үшін «Тізбектердің
салмақты кеңістіктерінде дискретті Харди типтес
операторлардың бағалаулары» атты тақырыпта
докторлық диссертациясын қорғады. Сондай-ақ
математика мамандығы бойынша 3-курс докторанты
Шаймардан Серікбол да Люлео технологиялық
университетінде (Швеция) «q-анализедегі Харди
типтес жаңа теңсіздіктер» атты тақырыпта қорғап,
лицензиат дәрежесін алды. Біз болашақта да бұл
бағыттағы жұмыстарды жандандыра түсетін
боламыз.
Қол жеткен табыстарымыздың бірі ретінде өт-
кен жылы кафедраның 22 оқытушысының, соның
ішінде 14 қыз-келіншек ғалымдарымыздың ҚР Білім
және ғылым министрлігінің іргелі зерттеулерге
бөлінетін гранттарының жобаларын орындауға ие
болғанын айта кетуміз керек. Әрине, ол жобаларды
орындау біздің ғалымдарымыздан үлкен жауапкер-
шілікті, терең ізденісті талап ететіні сөзсіз. Сон-
дай-ақ өткен жылы біздің ғалымдарымыздың рей-
тингтік журналдарда отыз бір жарияланымы жарық
көрді.
Біз алдағы уақытта өзіміздің университетте
шығатын «Eurasian Mathematical Journal»
басылымын Thomson Reuters халықаралық базасына
кіргізіп, жоғары импакт-фактор дәрежесін алуды
жоспарлап отырмыз.
Бахытты ҚОШҚАРОВА,
Іргелі математика кафедрасының
меңгерушісі, физика-математика
ғылымдарының кандидаты
5
ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
№ 3-4 (208-209),
ақпан, 2016 жыл
Халықаралық
Әйелдер күні!
«Музей – мұралар мекені»,–
2001 жылдың мамыр айында өткен «Байырғы түркі өрке-
ниеті: жазба ескерткіштер» атты халықаралық ғылыми кон-
ференцияның шешіміне орай 2003 жылы 17 қазанда Күлтегін
атриумында «Жазу тарихы» музейі ашылды.
Жазу тарихы музейінің меңгерушісі болып бүгінге дейін әл
Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті тарих факуль-
тетінің түлегі Тамара Қожамқұл еңбек етіп келеді. Одан бері
мінеки он бес жыл заулап өте шығыпты. 8 Наурыз – Халықара-
лық әйелдер күні қарсаңында Тамара ханымды мерекемен құт-
тықтап, музейдің тарихы жайында айтып беруін өтініп әңгіме-
ге тарттық.
– Мұражайдың дүниеге келуі қалай басталды, кімдер
қомақты үлес қосты?
– Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
бас ғимаратындағы атриумға Күлтегін ескерткішінің ғылыми
көшірмесі 2001 жылдың 18 мамырында әкелініп орнатылды.
Бұл Монғолия жеріндегі әйгілі Күлтегін ескерткішінің Жа-
пония елінде жасалған көшірмесі болып табылады. Аталған
ескерткіш елімізге Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаевтың тікелей тапсырмасы бойынша, сол кездегі ре-
спублика Премьер-министрінің орынбасары И.Тасмағамбето-
втің басқаруы арқылы жеткізілді.
Музейдің дүниеге келуіне белгілі түркітанушы ғалым,
филология ғылымының докторы Мырзатай Жолдасбеков
ерекше еңбек сіңірді. Музейді ісін дамытуға белгілі ғалымдар
А.Сейдімбек, Қ.Салғара, Т.Жұртбай, Қ.Сартқожа қомақты
үлес қосты.
Ғалым-қайраткерлердің ұйытқы болуымен Монғолия
жерінен тарихымызға қатысты аса құнды дүниелер әкелініп,
музейіміздің маңызын арттыра түсті. Музей халқымыздың
ежелгі дәуірдегі жазуы мен қазіргі заманғы ақпараттық белгілер
тарихын баяндайды.
Тарихсыз ел болмайды, елсіз ер болмайды. Күлтегін ескерт-
кіші бүкіл түркі халықтарының мақтанышы болып қана қоймай,
Еуразия құрлығын мекендейтін елдердің тарихын баяндайтын
орын болып табылады. Осы ескерткіштің мәдени білім ошағы-
ның төрінен орын алуы, осындағы білім алып жүрген жастарға
рух, күш берері анық. Сонымен қоса осы ескерткіш тарихты қа-
стерлеуге шақырып, студенттерді отаншылдыққа, ұлтын сүюге
тәрбиелейді.
– Жазу тарихы мұражайының негізгі мақсаты не?
Ұлттық университеттің еуразиялық ұстанымына сәйкес
танымдық, оқу-әдістемелік бағытта жұмыс атқарып отырған
Жазу тарихы мұражайының негізгі мақсаты – түркі тектес ел-
дердің Еуразия кеңістігінде қолданған жазу үлгісімен және аса
құнды жазба мұраларымен таныстыру болып табылады.
Еуразиялық кеңістіктегі түркі халықтары қолданған
жазу үлгілері – әлемдік мәдениеттің аса құнды мұралары.
Мұражай ЕҰУ оқытушылары мен студенттеріне осындағы
жәдігерлерді оқу-әдістемелік ісінде пайдалануға жәрдемдеседі.
Сонымен бірге студенттердің жорықтары мен экспедициясын
ұйымдастыру, түрлі ұйымдармен хат жазысу және ЕҰУ
институттары оқытушыларымен тікелей байланыс орнату
шаралары арқылы мұражай қоры толықтырылып келеді.
Басқа мұражайлармен (Президенттік мәдениет орталығы,
С.Сейфуллин атындағы мұражай және т.б.) байланыс
орнатылды. Монғолиядан, Сианьнан, Алтай өлкелерінен
табылған жәдігерлер осында әкелініп, оған бөлек зал ашылды.
Университет музейінде қазірдің өзінде ежелгі түркі, фи-
никия, арамей, брахми, соғды, ұйғыр, манихей, қидан, қытай,
сириялық, армян, моңғол, тод, араб, латын және кирилл әліпби-
лерінің үлгілері бар. Елдік тарихымыздың куәсі дерлік Тоқта-
мыс хан жарлығы, Уәли сұлтан, Абылайханның мөрлері, Кене-
сары Қасымұлы хатының көшірмелері, Несториан құлпытасы,
Талас көне түркі І жазба ескерткіші, қыштағы араб графикалық
жазу, Елтеріс Құтлұғ қағанның бас мүсіні, Күлтегін кешенінің
кірпіші, қыш кірпіштегі жазу, В. Томсеннің ескерткіш бюсті му-
зей келбетін аша түседі.
Музейдің кіре берісінде түркі тілдес халықтардың тізімі
көрсетілген. Түріктерден бастап, шорларға дейін 28 түркі тіл-
дес халықтардың саны да анық жазылған. Ортадағы картина
«Қағанат қаһармандары» деп аталады. Бұл картинаның авторы
суретші Нұржан Қарымсақов, ал оның идеясы Мырзатай Жол-
дасбековтікі. Күлтегін бабамыз ортада бейнеленген. Күлтегін
VIII ғасырда өмір сүрген түркі халқынан шыққан қолбасшы, 16
жасында қол басқарған, 47 жаста қайтыс болған. Суретте қаған-
дар бейнеленген. Олар: Бумын, Естеми, Қапаған, Күлтегін, То-
ныкөк, Құтлық, Білге қаған. Қара жер мен көк аспанның аясын-
да бейнеленген бұл картина музей ажарын ашып тұр.
Мұражай тарихтың нақты көріністерін көз алдыңа әкеледі.
Ондағы әр экспонат өздерінің қамтитын кезеңіне орай жақсы-
мызды жаңғыртып, басқа бір таным дүниесінің табалдырығынан
әрі қарай жетелеп әкете береді. Мұражай экспонаттары та-
рих қойнауынан бүгінгі күнге тартылған көпір іспетті. Оларға
үңілген сайын арғы-бергі тарихпен жақынырақ танысып, көп
мәлімет аласың. Бізде кейінгі жылдарда Оңтүстік Сібір, Хакас,
Тыва, Алтай, Монғолия, және Қытай Халық Республикасының
Сиань, Шыңжаң өлкесіне жүргізген далалық экспедициясы
кезінде жинаған көне түркі мұраларымен толықты. Бүгінгі ХХІ
дейді Жазу тарихы музейінің меңгерушісі Тамара Қожамқұл
ғасырда егемен Қазақстанда өмір сүріп жатқан жас ұрпақтың
бойындағы ерлік пен елдік қасиеттің рухани негізі туып-өскен
жері мен елінің салт-дәстүрінен, ұлттық мәдени мұраларынан
бастау алады. Соның ішінде ел мен жер байлығын қорғап
қалған Күлтегін, Тоныкөктің ерлік істерін жастарымыз жадын-
да сақтауы тиіс.
– Музей орталығының университет өмірінен алатын
орны жайлы айтсаңыз?
Музейдің басты экспозициясы – Еуразия құрылығын ме-
кендейтін байырғы халықтардың бірі – қазақ халқының көне
жазба ескерткіштерінен бүгінге дейін қалыптасқан жазу та-
рихын баяндайды. Бұл елдігіміздің, халықтығымыздың айқын
айғақтарын көрерменге ретімен көрсетудің бір жолы болып
табылады. Бұл жоғары оқу орнында білім алып жатқан студент-
тердің отаншылдық сезімін оятуға, туған халқының тарихын
құрметтеуге, адамгершілік рухта тәрбиелеуге ықпал етеді.
Университет ректоры, тарих ғылымдарының докторы, про-
фессор Сыдықов Ерлан Бәтташұлы музей ісін дамытуға, қыз-
метін жақсартуға жіті көңіл бөліп келеді.
Университетте болып жатқан жаңалықтар мен айтулы
оқиғалар да музей өмірімен тығыз байланысты. Музейге
еліміздің белгілі лауазымды адамдары мен қоғамдық-саяси
қайраткерлері, ресми сапармен келген шетелдік мемлекет
басшылары, ғалымдары, басқа да мәртебелі меймандар жиі ат
басын бұрады. Мұнда келген қонақтар тілек кітабына қолтаң-
баларын қалдырып, музей ашу жолында еңбек еткен түрколог
ғалымдарға алғыстарын айтып жатады. Мектеп оқушылары,
Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарынан келген
студенттер, олимпиадаға келген мектеп оқушылары оқулықтан
оқыған ескерткіш тасты көзбен көреді, музейдегі жәдігер-
лерімен танысып, жақсы әсер алады.
Университетке қабылданған 1 курс студенттеріне Жазу та-
рихы музейі мен Күлтегін ескерткішіне экскурсия ұйымдасты-
рылып, таныстырылады. Музей осынау жоғары оқу орнында
білім алып жатқан студенттердің отаншылдық сезімін туғызуға,
ел тарихы мен рухани мұраларын танып-білуге құштарлығын
оятауға, адамгершілік рухта тәрбиелеуге ықпал етеді.
Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен Жүніс ОМАР
Біздің мақтаныштарымыз
Алдыңғы буынның аламан асыл қасиеттерін
бүгінгі аруларымыз өз бойларына сіңіріп жүзеге
асырып жүргендігі белгілі. Жоғары азаматтық
пен адами қасиеттерді лайықты жалғастырушы
замандастарымыз еліміздің қоғамдық және
экономикалық өміріне белсене қатысып,
жастарды білім нәрімен сусындатып, тәлім-
тәрбие беру ісіне қомақты үлестерін қосуда.
Сондай асыл жандардың қатарында Әлеуметтік
ғылымдар факультеті деканының студенттермен
жұмыс жөніндегі орынбасары Людмила
Магомедовна Гитихмаева мен «Әлеуметтік
педагогика және өзін-өзі тану» кафедрасының
доценті, психология ғылымдарының кандидаты
Алмагүл Рамазанқызы Мандыкаеваның ерекше
орын алатындығын сеніммен айта аламыз.
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні
қарсаңында ұстаз аруларымызға шын жүректен
бақыт, денсаулық, сұлулық пен көтеріңкі көңіл
күй тілейміз.
Әлеуметтік ғылымдар
факультетінің еңбек ұжымы
6
ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
№ 3-4 (208-209),
ақпан, 2016 жыл
Ақпарат айдыны
Өткен аптада «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасының
оқытушылары «Стандарттарды әзірлеу – халықаралық талап және үздік
тәжірибе» тақырыбындағы семинарға қатысты.
Іс-шара GIZ халықаралық ынтымақтастық бойынша Неміс қоғамының
қолдауымен «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» РМК
алаңында өтті. Семинарға қатысу үшін халықаралық сарапшылар, соның ішінде
DIN стандарттауы бойынша Неміс институтының халықаралық кеңесі бөлімінің
жобалық үйлестірушісі Зиглинде Кайзер ханым шақырылды.
DIN стандарттау бойынша жетекші неміс ұлттық ұйымы, стандарттарды
және басқа да нормативтік құжаттарды әзірлеу бойынша жалпыға танылған
әлемдік көшбасшы болып табылады. Ол халықаралық деңгейде Германияның
осы аймақтағы мүдделерін көрсетеді. Жалпы DIN-ға стандарттар мен басқа да
нормативтік құжаттарды әзірлеумен айналысатын 74 комитет кіреді.
Семинарда қарастырылған барлық мәселелер Қазақстан үшін өте маңызды.
Тәжірибе алмасты
Біліктілігін
жетілдіріп
қайтты
Тарих факультеті археология және этнология
кафедрасының оқытушысы Оразбаева Зарина
Берікқызы «Основы консервации, камеральной
обработки и хранения археологических нахо
док» атты 72 сағаттық курс өтті.
Біліктілігін жетілдіру курсы Ресей Федерациясы,
Екатеринбург қаласындағы бірінші Ресей
Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Урал федералдық
университетінде өтті.
Бағдарлама теориялық және практикалық
бөлімнен тұрды. Теориялық бөлімі музейде сақтаулы
тұрған археологиялық қазба жұмыстары барысында
табылған археологиялық жәдігерлердің металдан
жасалған заттарының өзгеріске ұшыраған түрін
анализдеу болды. Ал практикалық бөлімі ұйымның
арнайы лабораториясымен танысудан тұрды.
Археологиялық жәдігерлерді консервациялау
жұмыстарымен таныс болды. Практикалық жұмыс
көбіне керамикаларды реставрациялау жұмыстарына
арналды.
Дәрісті академик И.Э. Грабарь атындағы ВХНРЦ
жоғарғы категориясының сәулетші-реставраторы
Буршнева Светлана Георгиевна, Свердлов
аймағының өлкетану музейінің реставрация
шеберханасының меңгерушісі Тропина Марина
Ефимовна және Свердлов аймақтық өлкетану
музейінің ежелгі халық тарихы бөлімінің меңгерушісі
Панина Светлана Николаевналар жүргізді.
Атап айтқанда, стандарттаудың экономикалық аспектілері, стандарттарды
әзірлеу мен талқылауда қызығушы тараптың рөлі, стандарттарды әзірлеуде үздік
тәжірибелер қарастырылды.
"Еуразияақпарат"
Жақында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық қатынастар
факультетінің аймақтану кафедрасы Скандинавия түбегінің үш үлкен мемлекетінің (Швеция,
Норвегия және Финляндия) елшілерімен кездесу ұйымдастырды.
Іс-шараға Қазақстандағы Швеция Корольдігінің төтенше және өкілетті елшісі Христиан Камилл,
Қазақстандағы Норвегия Корольдігінің төтенше және өкілетті елшісі Оле Йохан Бёрной, Қазақстандағы
Финляндияның төтенше және өкілетті елшісі Илькка Райсанен, Халықаралық қатынастар факультетінің
деканы Б.Ж. Сомжүрек және Аймақтану кафедрасының меңгерушісі Ж.М. Медеубаева қатысты.
Кездесуді PhD докторы А.Т. Серікбаева жүргізіп отырды. Іс шара барысында Солтүстік серіктестік
мемлекеттерінің тарихы мен қазіргі жағдайы, Скандинавия мемлекеттерінің ЕО-дағы орны және рөлі,
солтүстік мемлекеттердің әлеуметтік қамтуды дамытудағы тәжірибесі, Скандинавия мемлекеттері мен ҚР
арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар мәселелері қарастырылды.
2016 жылдың 10 ақпанында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде кезекті
ректорат отырысы болып өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жасалынған баяндамалар білім
ордамыздың бірінші проректоры Жәмилә Нұрманбетованың төрағалығымен тыңдалды. Кезекті
ректораттың басты ерекшелігі – ол ағылшын тілінде жүргізілді.
Баяндамашылардың ағылшын тілін таңдауы тегін болмаса керек. Ректораттың күн тәртібінде Еуразия
ұлттық университетінің халықаралық ынтымақтастығын дамытуға қатысты мәселелер туралы сөз қозғалды.
«Бүгінде оқу ордамыздың халықаралық ынтымақтастығы білім беру қызметінің аймақтық және әлемдік
нарықта ЕҰУ танымалдылығын арттыру мен дамытудың стратегиялық маңызды тапсырмаларының бірі
болып табылатыны белгілі. Әсіресе, Халықаралық ынтымақтастық департаментіне айрықша міндет қойылып
отыр – Committedin Excellenceof Teaching and Research университет беделін қалыптастыру, – деп атап өтті
Жәмилә Нүсіпжанқызы. – Ынтымақтастықты жүргізу стратегиялық және операциялық қызметте жүзеге
асырылады. Әріптестерді табу, байланыс орнату, әріптестермен, білім алушылармен, профессорлармен үнемі
өзара байланыста болу, мәдени ерекшеліктер, дәстүрлер, уақыт пен халықаралық заңнамалық құжаттарды
есепке ала отырып, жедел жауап қату мен шешім қабылдау департаменттің негізгі міндеті болып саналады.
Мұның барлығы университет беделі мен рейтингісіне тікелей әсер ететіні сөзсіз».
2015 жылғы Халықаралық ынтымақтастық департаментінің қызметі туралы есепті департамент директоры
Анастасия Кармелюк, «ЕҰУ-дегі көптілді білім беруге талдау жасау және шетел тілінде білім беру
бағдарламаларын ашу келешегі» тақырыбында орталықтың директоры Дина Сапарова, «Университетте
бірлескен білім беру бағдарламалары мен қосдипломды білім беруді дамыту мен енгізу» тақырыбында
Халықаралық бағдарламалар бөлімінің бастығы Сәбина Меңдағазиева сөз етті.
Атап өтетін жәйт, жасалынған баяндамалардан соң, шетелдік ЖОО-лармен және ұйымдармен екі жақты
байланысты дамыту келешегі, ЕҰУ ғалымдары мен студенттерінің халықаралық байқаулар мен стипендияларға
қатысу шарттары сынды мәселелерге қатысты көптеген сауалдар туындады. Сұрақтар тек ағылшын тілінде
ғана емес, сонымен қатар қазақ және орыс тілдерінде қойылып, дәлелденді.
ЕҰУ үштілділік саясатын енгізуде
Студенттермен кездесті
7
ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ
№ 3-4 (208-209),
ақпан, 2016 жыл
Шын жүректен!
Әңгіме
Тар үй. Бөлме іші суық. Бірнеше күннен
бері от жағылмаған үй қайдан жылы болсын?!
Ал мен кішкене інім тоңып қалды-ау деп
жүрегім сыздап отыр. Оны бауырыма қысып,
жылытқандай боламын. Үйде кішкене керует
бар-тұғын. Інім екеуміз сол керуетте сыртқы
киімдерімізді шешпестен бүрісіп отырмыз.
Қатты тоңсақ та, көңілімізді бір нәрсе
жылытқандай болады. Ол – қазір қаладан
анамыз бен сіңіліміз келеді деген керемет ой.
Соны ойлаған кезде езуімізге күлкі үйіріліп, үйдің суығын еріксіз ұмытқандай боламыз.
Бала жүрегім анамды қатты сағынды. Оның амандығын тілеп, тезірек келуін күткенімізде
уақыт шіркін, тас болып қатып қалмасы бар ма?! Әншейінде уақыт зымырап жеткізбей,
құйын секілді бір орнында тұрмаса, ал бүгінгі үш сағаттың үш жылдай болып өтуі
тынымсыз балалардың жүйкесіне әбден тиді. Менің басыма тамаша ой келді. Ол - суық
үйді от жағып, жылытып қою. Бар ойым анамды қуантып, оған қамқоршы, қолғанат болу
еді. Ініме сол ойымды жеткізгенімде үркек балапандай көзін жыпылықтатты да, бетіме
біраз қарап, басын изеді. Мен қуанып кеттім, себебі өзі қыңыр болатын, үйге кіргеннен
бері «қарным ашты, апам қашан келеді, үйдің іші неге суық?» деп менің құлақ етімді
жеген.
Енді екеуміз тысқа шығып, ескі шананы тауып алдық. Күн аяз. Інімді қатты аяп
бара жатырмын. Қайта-қайта бет-аузын қымтай беремін. Өйткені адуыны күшті аязға
бес жасар сәбидің бетін үсіру не тәйірі! От жағуды жөнді білмесем де, анамнан біраз
үйренгенім бар еді. Сөйтіп, тезек тиелген сарайға да келдік. Шетінен әлім келгенінше
біразын шанаға сала бастадым. Өзімше құрғағына жармасып ала бергенімде тезектің бәрі
үстіме құлап, астында қалып қойдым. Ызадан жылап жібердім...
Жылағанымды тыйып, шашылған тезектерді шанаға салып үйге қарай інім екеуміз
әрең-әрең алып келдік. Артыма қарасам, жүрген жолымызда бір-бір тезектен шашылып
қалыпты. Інім болса маған мәз болып күліп тұр. Қолында қар. Маған шашпақшы. Еріксіз
мен де күліп, екеуміз біраз қармен ойнадық. Тезек өз жайында жатыр. Біз болсақ бетіміз
қып-қызыл болып, қар жамылған аққала секілдіміз. Көңіліміз тағы бір мәрте көтерілгендей
болды.
Отынды қайтадан жинап, күл алудың қамына кірістім. Өзім өмірден түйгенім көп
ересек адам секілдімін. Тым салмақтымын. Ара-арасында ініме жекіп қоям. Отынды
қалап, тұтатып көріп едім, тұтанбайды. Қайтадан көрем, тағы солай. Ініме көз салып ем,
керуерттің астынан доп тауып алған, соны қызықтап жүр. Денемнің қатты ауырғаны енді
ғана білінгендей болды. Мазам кете бастады. Анамның келетін уақыты жақын. Үй суық.
Емханадан шыққан анам мен бесіктегі сіңілім мұндай суық үйге қайтіп шыдайды?! Соны
ойлап ішім мұздап қоя берді. Бәрі де өмірдің ауыртпалығы. Тауқымет азабы. Ауылымызға
газ келгелі бірнеше жыл боп қалды. Біз секілді тұрмысы ауыр үйлер әлі от жағуда. Газ
Жылт еткен сәуле
болғанда бұлай қиналмас едік қой! Осылай ойға батып отырғанымда тезек арасынан бір
сәуле жылт еткендей болды. Қуанып кеттім. Өшіріп алмайын деп, қолыммен көлегейлей
бердім. Біртіндеп ошақ жана бастады. Үйіміз шағын болатын. Тез жылынарына сенімім
мол.
Анамның қалада болғанына бір ай болып қалды. Себебі қатты ауырып қалған. Емделу
үшін кеткен болатын. Кішкене сіңілімді өзімен ала кетті. Біз ініміз екеуміз әжеміздің
үйінде қалдық. Мен сабақтан шыға сала бірінші өз үйіме соғатынмын, себебі бала көңілім
өз үйіме қарай беттететін. Үй маңын қарайлап, кейін әжемдікіне асығам. Онда күтетін
інім бар. Мен сабақтан келгенімде өзі кәдімгідей еркелеп, ойындағын істейді. Мен жоқта
моп-момақан. Осы жылдың қыс мезгілі ешқашан ойымнан кеткен емес. Сондай ауыр
кезең. Әкеміз жоқ. Анамыз да жанымызда емес. Ініміз екеуміз жаутаңдап, біреудің қас-
қабағына қарайлаймыз. Еркінсіп ойнап-күле алмаймыз. Қалаған нәрсемізді жей алмаймыз.
Мен есімді білемін, төртінші сыныпта оқып жүрген кезім. Күнде кешкісін жатар алдында
анамды сағынып, қатты жылап алатынмын. Осылайша бір айды да өткіздік. Ең ауыры
– сағыныш. Осы аталмыш сезімнің қасында қалған дүние түк емес. Бала болғандықтан
қатты сағынасың. Көңілің жарты болып өсу деген өте қиын. Еркелегің келеді. Бұл бірінші
рет емес еді. Өйткені анам үнемі ауырып қалып, ауруханаға жатып емделіп келетін.
Бойымызды үйреткіміз келгенмен, бәрібір іштей қынжылып сағынасың!
Аналарың бүгін келеді дегенді естіп алғасын күннің суығына қарамастан, інімді
ілестіре үйге асыға келген түрім осы. Жаққан отынымның пайдасы тиген секілді. Үйдің
іші жылынып келеді. Шай қоюдың қамына кірістім. Бірақ үйде түк жоқ. Сонда да барымен
үстел үстіне шай әзірлеп жатқанымда есік қағылды. Арғы бөлмеде ойнап жүрген інім де
естіген екен. Қуанышымызда шек жоқ. Ентелей шауып, есік аштық. Анамыз бен сіңіліміз
келді. Бір-бірімізді құшақтап сүйіп, сағынышымызды басып, жарты көңіл толысып жатыр.
Анамыз жылап алды. Балапандарын сондай сағынған. Әрдайым тастап кетуге мәжбүр
болғасын қатты налиды. Қолынан келер басқа амал бар ма?! Анамыз үйге кіргенде
үйдің іші одан бетер жылынып, жарықтанып кетті. Ананың мейіріміне жетер не бар бұл
дүниеде?! Ана мейірімі мен шуағын төксе, қатуланып алған аяз да еріксіз босап қоя береді
екен. Інім менен бетер қуанып жүр. Бала болғанмен бәрін сезеді. Әкем бар кезде аса ерке
болатын. Қазір көп еркелемейді. Тұйықталып алған. Үйдің ішін жылытып қойғанымды
көріп, анам қуанып қалды. Мен де анама пайдамның тигеніне көңілім көтерілді. Сіңілімді
көтеріп, еркелетемін. Өзі өсіп қалған. Үйіне келгенін ол да сезгендей жымиып күледі.
Апам қайтадан шай демдеп, дастарханды жайнатып қойды. Бізге көптеген тәттілер,
сыйлықтар алып келіпті. Соларды ашып көріп, шетінен дәм де татып інім екеуміздің
көңіліміз шат. Осыдан артық бақыттың керегі де жоқ! Төрт көзіміз түгелденіп, жылынып
шәй іштік. Сондай бақыттымыз! Жарыса әңгіме айтып, мәз болысып күлеміз. Анама
айтар арызым көп еді. Бәрін де ұмытып кеттім.
Достарыңызбен бөлісу: |