Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата28.02.2017
өлшемі20,2 Mb.
#5062
1   2   3   4

Меруерт МАКЕНБАЕВА

Көзқарас

12

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 3-4 (208-209), 

ақпан, 2016 жыл

Физика-техника факультеті «Техникалық 

физика» кафедрасының доценті физика-математика 

ғылымдарының   кандидаты Әсет Қайнарбай 

Жұмабекұлы 2015 жылдың үздік зерттеулері мен 

жетістіктері конкурсының жеңімпазы – Қазақстан 

Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы 

қоры сыйлығының лауреаты атанды. 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш 



Алар асулар 

әлі алда

Президенті – Елбасы қорының 

сыйлығы 2008 жылы бекітілген. 

Республикалық байқауға үздік 

зерттеулер, шығармашылық 

жобалар және бағдарламалар 

келесі номинациялар бойынша 

ұсынылады: әуен, театр және 

бейнелеу өнері, кинематография, 

көркем әдебиет, журналистика, 

физика, математика, инженерлік, 

әлеуметтік және гуманитарлық 

ғылымдар. 

2015 жылы республикамыздың барлық 

аймақтарынан 120-дан аса ғылыми және 

шығармашылық жобалар ұсынылды, соның ішінен 

«Техникалық физика» кафедрасының физика-

математика ғылымдарының   кандидаты, доцент 

Әсет Қайнарбайдың жұмысы үздік атанып, жеңімпаз 

болды. 


Жазушы Ғабит Мүсірепов «ХХ 

ғасырдың Гомері» атандырып, «Ха-

лық поэзиясының алыбы» деп баға 

берген, 99 жыл өмір сүріп шын мәнін-

де де халық жүрегінен өшпестей 

орын алған,  халық ақыны, жыршы 

Жамбыл Жабаевтың туғанына биыл 

170 жыл толды. Соған орай респуб-

лика көлемінде Жамбыл айлығы 

Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл

Өлең – жырдың алыбы

ұйымдастырылып, түрлі іс-шаралар 

атқарылып жатқаны белгілі. Еура-

зия университетінде өткен шара-

ның маңыздылығы – жаңа заманның 

жастарына Жамбылдың ақындық, 

жыраулық ерекшелігін таныту. Бұл 

орайда дөңгелек үстелді ашып беріп, 

алғашқы кіріспе сөз сөйлеген  М.Жұ-

мабаев атындағы Әдеби бірлестіктің 

жетекшісі, филология ғылымдары-

ның докторы, профессор Рақымжан 

Тұрысбектің алдымен талант иесін өз-

гелерден ерекшелендіріп тұрған дара 

қасиетіне маңыз берді. «Жамбылды 

ерекшелендіріп тұрған қасиеті – 

 

оның ақындық өнері, жыраулығы мен 



жыршылығы. Ол өзіне дейінгі арнаны 

байытты. Оның суырып салмалығы-

ның өзі бөлек бір тақырып. Ақынның 

100 жылдығында жазушы Сапарғали 

Бегалиннің «Жамбыл» деген еңбе-

гі жарық көрді. Ол Жәкеңді көзімен 

көрген адам. Сол еңбегінде Жамбыл-

ды шын мәнінде халықтың адамы, туа 

бітті зор талант иесі еді деп көрсетеді. 

Өз  жұрты мен нағашы жұртында 

ақындық, әншілік-күйшілік арнаның 

болғанын жазады. Жалпы ақын тура-

лы естеліктердің қай-қайсысынан да 

Жамбыл Жабаев шығармашылығы-

ның бүгінге дейін өз деңгейінде та-

нылмай келе жатқанын әңгіме арқа-

уына айналдырды. «Біріншіден, 

қоғамда ауыз әдебиетін архаизм деп 

қарайтын түсінік болса, екіншіден, 

Жамбыл тұлғасын түсінбеу шілік бар. 

Сондықтан айсбергтің сыртқа шығып 

тұрған бөлігін ғана көретініміз си-

яқты, біз оның тұлғасының кішкене 

ғана бөлігін танып жүрміз. Оның 

көптеген шығармалары бізге жет-

сыйлығының иегері, ақын Дәулетке-

рей Кәпұлы Жамбылдан бата алған 

халық ақыны, композитор Кенен 

Әзірбаевтың «Жамбыл жыр» атты 

дастанынан үзінділер орындап, халық 

ақынының әдеби хатшылары жазып 

қалдырған біршама естеліктерімен 

бөлісті. 

Жалпы, дөңгелек үстел магис-

транттар мен студенттер үшін ұй-

ымдастырылғандықтан, шараға олар 

өте белсенді қатысты. 1-курс магис-

транттары Айбек Қали, Мұқият Қой-

шыбай, сондай-ақ, Еуразия гумани-

тарлық институтының студенті Ме-

реке Жұмабеков халық ақынына өлең 

арнаса, Айдана Сариева, Гүлжайна 

Алтынбекова, Айтолқын Молдабеко-

валар Жамбылдың атақты «Өтеген 

батыр», «Сұраншы батыр» дастан-

дары мен айтыстары негізінде баян-

дама жасады. Сондай-ақ, Қажыға-

ли Боранбай кезінде халық ақынын 

одақ көлемінде танымал еткен «Ле-

нинградтық өренім» өлеңін нәшіне 

келтіре оқып берді. Университеттің 

3-курс студенттері Райымбек Сафи-

оллаев, Көркем Орынжай, Айжан 

Қапезовалар да Жамбыл өлеңдерін 

жатқа оқып, шараның ажарын аша 

түсті.


Студенттер Бейімбет Сейілхан 

мен Дәулет Жәлеловтер бір-бірімен 

айтысып, өз өнерлерін паш етті. Дөң-

гелек үстел барысында халық ақыны-

ның Қытай қазақтарына танылуы да 

баяндама арқауына айналды. Сонау 

1955 жылдары өлеңдері қытай тіліне 

аударылып, 1980 жылдардан бастап 

қазақ оқулықтарына шығармалары 

енген Жамбылдың танымалдығы 

Қытай қазақтары арасында өте жоға-

ры.  Дөңгелек үстел соңында Әдеби 

бірлестіктің жетекшісі, профессор 

Р.Тұрысбек халыққа арқа сүйеген, 

халық мүддесін жоғары қоя білген 

таланттың шығармашылығы қай за-

манда да өзектілігін жоғалтпайтынын 

айтып, магистранттар мен студент-

терді Жамбыл шығармашылығының 

зерттелмеген тұстарына назар ауда-

руға шақырды.  

Айгүл  СЕЙІЛОВА,

магистрант

біз болмысы бөлек тұлғаны танимыз. 

Сондай-ақ, бір айта кететін нәрсе – 

жуырда  «Қазақстан» телеарнасы  4 

сериялы «Жамбыл» тарихи драма-

сын түсірді. Оны ақынның туған күні, 

яғни 28 ақпан қарсаңында арнадан 

көрсетеді», – деді ол.

Филология ғылымдарының кан-

дидаты, доцент Болат Қорғанбеков 



Еуразия ұлттық университетінде Қазақ әдебиеті кафе-

драсының ұйымдастыруымен Жамбыл айлығының аясында 

«Өлең-жырдың алыбы» деген тақырыппен дөңгелек үстел 

өтті. Оған Қазақ әдебиеті кафедрасының 1-курс магистрант-

тары мен студенттері, сондай-ақ Еуразия гуманитарлық ин-

ститутының бір топ студенттері қатысты. Дөңгелек үстел 

барысында  Еуразия университеті кітапханасының кітап көр-

месін ұйымдастыруы шараның маңыздылығын еселей түсті. 

кен жоқ» деген ғалым, 

Жамбылдың ақындығы бір 

төбе, жыршылық, жырау-

лық өнері бір төбе екенін 

жеткізді. Оның «Алпа-

мыс», «Шора батыр», 

«Мұңлық-Зарлық» дастан-

дарынан басқа да қағазға 

түспегенін, есесіне бұл де-

ректердің қырғыздарда бар 

екенін алға тартты. Оның 

себептерін де айтты. Б.Қорғанбеков 

Жамбыл шығармашылығының тар-

тымды болатын себебін  ақынның 

рухани ілімді меңгергендігімен түсін-

дірді. Жамбылдың бізге беймәлім 

қадір-қасиеттері көп екенін, оны 

зерттей түсу қажеттігін атап өтті. 

«Дарын» мемлекеттік жастар 

Сондай-ақ, 6М072300 – «Техникалық физика» 

мамандығының магистранты Тілеуғабылов 

Олжастың «PbSкванттық нүктелерінің 

негізіндегі күн сәулесінің концентраторлары» 

 

атты баяндамасы  университетімізде дәстүрлі 



өткізілетін «Ғылым және білім – 2014» атты 

жас ғалымдардың ІХ Халықаралық ғылыми 

конференциясында физика-техникалық бағыты 

бойынша жүлделі бірінші орынды иеленді. 

Бүгінде доцент Әсет Қайнарбай ғылыми 

жұмыстарды Астана қаласының мектеп 

оқушыларымен жалғастырып, зор жетістіктерге 

қол жеткізіп отыр. Атап айтқанда, АйданаТасанби 

І дәрежелі дипломмен марапатталып, жалпы білім 

беретін пәндер бойынша Республикалық ғылыми 

жобалар конкурсының қалалық кезеңінің физика 

секциясының жеңімпазы атанды. 



Баспасөз қызметі

13

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 3-4 (208-209), 

ақпан, 2016 жыл

 Қазақ әскери баспасөзінің 

тарихы зерделенді



Жақында ҚР Тұңғыш 

Президенті – Елбасы атындағы 

Ұлттық қорғаныс университетінде 

әскери басылымдардың шығу 

тарихын зерделеу мақсатында 

ғалымдар мен профессорлардың 

қатысуымен дөңгелек үстел 

басындығы кездесу өтті.

Жиынға Қазақстан 

Журналистика академиясының 

президенті, тарих ғылымдарының 

докторы, профессор Сағымбай 

Қозыбаев, Әл-Фараби атындағы 

Қазақ ұлттық университетінің 

доценті Александр Рожков, 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия 

ұлттық университеті Журналистика 

және саясаттану факультетінің 

деканы Қайрат Сақ, аталмыш 

университеттің оқытушылары Дүрәлі 

Дүйсебай мен Жүніс Омар, әскери-

тарихи мұражайдың және «Сарбаз» 

газеті редакциясының қызметкерлері 

қатысты. 

Осы отырыста баяндама жасаған 

Александр Рожков «Сарбаз» 

газетінің  шығу тарихына тоқталып, 

жан-жақты сипаттама берді. 

«Қазақстандағы әскери баспасөздің 

тарихы 1992 жылдан емес, 1929 

жылы тұңғыш қазақ тілінде шыққан 

«Қызыл әскер» және 1969 жылы 

шыққан «Боевое Знамя»  газетінен 

бастау алады» деген өз көзқарасын 

білдірді.  1992 жылдың 16 желтоқса-

нында сәрсенбі күні Алматыда орыс 

және қазақ тілінде «Қазақстан сар-

базы» газетінің бірінші саны шықты. 

Бұл басылым ҚР Қорғаныс министр-

лігіне қарасты шыққан елдегі алғашқы 

әскери газет болды. 

Бас қосуда Сағымбай Қозыбаев 

соғысқа дейін және соғыстан 

кейін де шығып тұрған әскери 

басылымдарды сөз етті. «Қым-қуыт 

майданда шыққан әскери газеттер 

және үнпарақтар «оқы да, өртеп 

жібер» деген пиғылмен кеткен талай 

басылымдардың атын атау мүмкін 

болмай қалды. Соғысқа дейінгі және 

соғыстан кейінгі қазақ баспасөзін 

анықтап қарау керек. Әлі де зерттей 

түсу қажет»,- деді ол. 

Журналистика және саясаттану 

факультетінің деканы Қайрат 

Сақ айтылған мәселелерді қолдай 

отырып әскери кафедра базасында 

журналистерді даярласақ деген 

ұсыныс білдірді. 

– Жоғарыда айтқан әріпте-

стерімнің сөзін қолдаймын. Біз 

жауынгер халықтың ұрпағымыз 

ғой. Күлтегін ескерткіші – тұнып 

тұрған патриоттық жазба. Тасқа 

қашалып жазылса да, ақпаратты 

жеткізу, сақтау   идеясы тұрғаны 

анық. Әскери журналистика 

бастауы сол кезден басталған десек, 

қателеспейміз.  Ал, енді қазіргі таңда 

салалық журналистерді дайындау 

өте маңызды. Баспасөз, теле, радио, 

спорт, фото, интернет журналистері 

бар. Енді  әскери  журналистерді 

дайындауға  ден  қоя  бастадық.  Біздің 

арамызда  Қорғаныс  министрлігінің 

баспасөз  қызметінде  ұзақ  жылдар 

қызмет  еткен  әскери журналист 

Жүніс Омар, Дүрәлі Дүйсебай ағамыз 

отыр.  Егер де әскери  журналистерді 

даярлайтын 

болсақ, 


осындай 

азаматтардың сабақ бергені жөн деп 

есептеймін. 

Жиынның қорытындысында 

жиналғандар «Сарбаз» газетінің 87 

жылдық тарихы бар екенін мақұлдады. 

Бұған қоса, «Боевое знамя» және 

«Қызыл әскер» газеттерінің тарихи 

жалғасы екендігі айтылды.  

Сондай-ақ, әскери журналистерді 

дайындауда «Бауыржантану» 

және «Әскери-патриоттық тәрбие 

беру» секілді пәндерді қосу 

мәселесін пысықтау және Л.Гумилев 

атындағы ЕҰУ әскери кафедрасы 

мен ҚР Қорғаныс министрлігінің 

базасында жоғары оқу орындарының 

студенттеріне арналған жазғы 

«Әскери дискурс» семинары мен 

мамандандырылған курстарды өткізу 

мәселесін қарастыру шешілді. 

Ж. ТОЛЫБАЙ

«Болашақ» стипендиясының иегері



Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану 

кафедрасының оқытушысы Мейірқұлова Аида 

Бақытбекқызы ҚР Президентінің «Болашақ» 

халықаралық стипендиясының иегері атанды. 

Оқытушы ғылыми-зерттеу тағылымдамасын «Білім 

беруді басқару» мамандығы бойынша Ұлыбритания, 

Кембридж университетінің Білім беру факультетінде 

өтеді.

Ғылыми-зерттеу тағылымдаманың тақырыбы 



«Педагогика, педагогикалық білім беру, педагогикалық 

көшбасшылық, куррикулум мәселелері». Сонымен 

қатар тағылымдама белгіленген бағыт бойынша 

оқытушылардың біліктілігін арттыру, оқу 

бағдарламаларын жасау мен білім беруді бағалау 

бойынша теориялық білім мен тәжірибені қамтымақ. 

Бағдарламаның мазмұны педагогика мен білім 

беру бағдарламаларға шоғырланған. Бұл бағдарламаға 

қатысушылардың Кембридж  университетінде, сонымен 

қатар университеттен  тыс жерлерде, яғни түрлі 

мектептер мен білім беру мекемелерінде өз зерттеулерін 

жүргізуге мүмкіндіктері болмақ. 

А.Б. Мейірқұлова магистратура бойынша біздің 

университеттің «Педагогика және психология» 

мамандығының түлегі. Магистратураны бітірген соң 

университетте сабақ беруде. Ағылшын және түрік 

тілдерін еркін меңгерген. Қазақ және орыс топтарына 

«педагогика», «психология», «тәрбие жұмысының 

теориясы мен әдістемесі», «этнопедагогика», «өзін-өзі 

тану» пәндері бойынша дәріс береді. Сонымен қатар, 

ағылшын тілінде дәріс оқуда. Оқытушы студенттермен 

де тығыз қарым-қатынас жасайды. Әлеуметтік шаралар 

ұйымдастырып, волонтерлық істермен де айналысады. 

Аида  Бақытбекқызы 2015 жылы өткен Республикалық 

педагогикалық олимпиадада «Самрұқ» тобымен ІІ 

орынды университет  еншісіне алып берген еді. Біз аяулы 

ұстазымызды алда  келе жатқан Халықаралық әйелдер 

күнімен  құттықтап, деніне саулық, еңбегіне жеміс 

тілейміз.

Фариза  БАҒДАТОВА, 

студент


14

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 3-4 (208-209), 

ақпан, 2016 жыл



Тұсаукесер

Жастар  жобасы

ҒҰЛАМАЛАР 

ТУРАЛЫ  БАСЫЛЫМ

«Отырар кітапханасы» ғимаратында 

Еуразия ұлттық университетінің 20 жылдығын 

атап өту аясында Қазақстандық дәстүрлі ислам 

тарихы бойынша бірегей дерек көзі болып 

табылатын «Садуақас Ғылмани. Заманымызда 

болған ғұламалардың ғұмыр тарихтары» атты 

басылымның тұсаукесері өткізілді. 

Осы тұсаукесерді ашқан оқу орнының 

әлеуметтік даму жөніндегі проректоры, филология 

ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА 

коореспондент-мүшесі Дихан Қамзабекұлы бұл 

кітап біздің заманымызда болған ғұламалар туралы 

нақты ақпараттар беретін құнды еңбек екенін атап 

өтті. Айта кету керек, бұл басылым қазақ және 

ағылшын тілдерінде жарық көрген. Оны қазақ 

және ағылшын тілдерінде дайындап, шығаруға 

Ә.Қ.Муминов пен А.Дж. Франк өз үлестерін қосқан. 

Кітаптың тұсаукесерінде Садуақас Ғылманидың 

перзенті, артында қалған көзі Үкіжан «әкесінің қап-

қап болып жатқан еңбектерін жинақтап, кітап етіп 

шығару арманым еді, бүгін сол арманымның жүзеге 

асқанына қуанып отырмын» деп, ағынан жарылды. 

Әкесінің қолжазбаларын жинақтап, дайындаған 

ғалымдар мен адамдарға, соның ішінде оны басып 

шығаруға демеушілік жасаған Бөгенбай ұрпағы 

Ерлан Барлыбаевқа шын ниетімен алғыс сезімін 

білдірді. Сондай-ақ, әкесінің еңбектерін зерттеуге 

өз үлестерін қосқаны үшін профессор Самал 

Төлеубаева мен PҺD докторы Исатай Бердалиевке 

алғыс хаттарын тапсырып, сый-сияпат көрсетті. 

Академиктер  Болат  Көмеков пен Ғарифолла 

Есім, филология ғылымдарының докторы, 

профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Серік 

Негимов, ҚР Мәдениет министрлігі Діни 

істері комитетінің мәдениеттер мен діндердің 

халықаралық орталығы директорының кеңесшісі 

Аманбек Мұқашев, Садуақас қажы Ғылмани 

мешітінің наиб-имамы Мамлук қажы және басқалар 

өз ойларын білдіріп, оның үлкен академиялық 

еңбек екенін, алдағы уақытта да Садуақас  Ғылмани 

қолжазбаларымен жұмысты жалғастырып, оны 

зерттей түсу қажет екендігін атап өтті. 

Шығарманың авторы Садуақас қажы Ғылмани 

(1890–1972), Ақмола облысы, Ерейментау 

ауданының тумасы, 1952–1972 жылдар аралығында 

Қазақстан мұсылмандары Қазиатының төрағасы 

қызметін атқарған. Ол терең діни білімі, 

ғұламалығымен ерекшеленген, 40-тан астам 

шығарма жазып, өз артынан бай рухани мұра 

қалдырған тұлға.

Бұл кітап қазақ және америкалық шығармашылық 

топтың бірлестікте  дайындаған басылымы. Оған 

С. Ғылманидың өзінің қолтаңбалы түпнұсқа 

шығармалары негізге алынды. Қолжазба 528 беттен 

Карьера және бизнестік-әріптестік бөлімі 2016 

жылға арналған даму Стратегиясы аясында жұмыс 

орнын таңдау мен карьерлық өсуді жоспарлау мәселесі 

бойынша білім алушылармен бірқатар кездесулер 

ұйымдастыру, семинарлар және тренингтер өткізуді 

жоспарлаған. Соның алғашқысы  – «Жастар кәсіпкерлігі 

және еңбекпен қамтамасыз ету» жобасы, оның 

ұйымдастырушысы мамандарды даярлау, қайта даярлау 

және біліктілігін арттырудың Еуразиялық орталығы (әрі 

қарай – ЕКДО). Бұл жобаның жетекшісі университеттің 

түлегі Данара Беделова болып табылады. 

Аталған жоба университеттің бітіруші түлектерінің 

еңбекке орналасуына және еңбек нарығына бейімделуіне 

бағытталған. 

Бұл жобаның аясында білім алушыларға жұмысқа 

орналасу және кәсіпкерлік тақырыптарындағы сұрақтар 

бойынша түсіндіру жұмыстары жоспарланған. ЕКДО 

өкілдерінің факультеттер арасында білім алушылармен 

кездесулер кестесі бекітілді, ол 2016 жылғы ақпан және 

наурыз айларында өткізіледі. 

Сондай-ақ,  2016  жылғы   ақпан  айында    жаратылыс-

тану, әлеуметтік ғылымдары факультеттерінің, 

халықаралық қатынастар, заң және экономика 

факультеттерінің студенттерімен кездесулер өткізілді. 

Бұл кездесулерде студенттерді қызықтырған 

сұрақтарға түсініктемелер беріліп, ЕКДО жұмыс 

берушілер базасы, ЕКДО түлектерінің жұмысқа орналасу 

көрсеткіштері және жастар кәсіпкерлігін ұйымдастыру 

механизмдері түсіндірілді. 

Баспасөз қызметі

тұрады.  Ғұмырнамалық сөздік тоғыз тарауға 

бөлінген, бұл тарауларда Қазақстанның солтүстік 

және орталық өңірлерінен шыққан, кезінде 

білімдарлығымен ел аузына іліккен 59 ұлағатты 

ғұламаның өмірбаяны жинақталған.

Дәстүрлі ислам тарихы бойынша маңыздылығы 

шәк келтірмейтін аталмыш дереккөздің жарық көруі 

қазақ мұсылман қоғамының өткені мен болашағын 

зерттеуге жаңа мүмкіндіктер ашып отыр, яғни діни 

топтар мен түрлерін, ғұламалар қауымдастықтары 

мен оларды ойландырған түйткүл мәселелер, 

өзара пікірталастарын зерделеуге септігін тигізеді. 

Сонымен қатар бұл шығарма Қазақстанның жаңа 

және қазіргі заман тарихын зерттеуде де өзіндік 

орнын алары даусыз.



Мақсұтбек ОТАШЕВ

15

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 3-4 (208-209), 

ақпан, 2016 жыл



Олар  жайлы білгің келсе...

ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 

МОЛ ҚЫЗМЕТ

Поздравляем!

Поздравляем  с днем рождения   КУКАНОВУ 

АЙЖАН БЕЙСЕМБАЕВНУ!!! Желаем ей 

крепкого здоровья, успехов в работе, исполнения 

желаний и всех земных благ!!! 

Айжан    Бейсембаевна    работает  в  Евразийском 

национальном университете им. Л.Н. Гумилева, 

на должности заведующей Студенческого дома 

№1 около десяти лет, пользуется уважением в 

коллективе, добросовестно относится к своим 

обязанностям, очень скрупулезно выполняет 

поручения вышестоящего руководства.

Студенческий дом № 1 является примером 

по чистоте и санитарному состоянию, и 

мы, коллектив, жители,  этим гордимся. Честная, строгая, но 

очень справедливая заведующая. На Айжан Бейсембаевну можно 

положиться, потому что, это человек, который всегда протянет руку 

помощи коллегам, всегда поможет в трудную минуту.

На территории Студенческого дома № 1 находится офис 

Профсоюзной организации «Сенім», и благодаря Айжан Бейсембаевне 

между активистами организации, жителями и коллективом налажены 

теплые и дружеские отношения. Она является примером для всего 

нашего маленького  коллектива.



Коллектив Студенческий дом №1,

 исп. директор «Сенім»

 Султан  АЛЛАБЕРГЕНОВ 

В жизни каждого человека происходят 

юбилейные события, определяющие как его 

профессиональные достижения, так и жизненные 

вехи.

В  этом году у ИГИЛЬМАНОВА 



АМАНГЕЛЬДЫ АБДРАХМАНОВИЧА семи­

десяти   летний юбилей. Поэтому хотелось искренне 

поздравить его, сказать в его адрес добрые слова. 

Древняя мудрость гласит: «Велик тот учитель 

который исполняет дело, чему учит, владеет 

всеми секретами своей профессии, потому что 

добросовестно и успешно проходит все ступени».

Амангельды Абдрахманович к. т. н.  профессор,  

ведущий специалист в области прикладной  геодезии, автор многочисленных  

учебников,  и учебных пособий, талантливый педагог, прекрасный человек и 

мудрый наставник.

Сколько сил, доброты, знаний, упорного труда потребовалось, чтобы за 

годы своей деятельности дать прочные, глубокие знания сотням студентам, он 

находится вечном поиске, вечном труде и мы коллеги, гордимся тем, что судьба 

свела нас с Вами.

Ваш образ пример для подражания, Примите от нас искренние пожелания 

всего хорошего: здоровья, большого человеческого счастья, всех земных благ.

Коллектив  кафедры 

«Геодезии и картографии» 

Театр киім ілгіштен, ал Л.Н. Гумилев атындағы 

Еуразия ұлттық университеті Рұқсатты бақылау 

қызметінен басталатындығы  айдан анық.  Бүгінгі 

таңда аталмыш қызметтің қарамағына университет 

аумағында орналасқан он алты нысан қарайды. Бұл 

нысандардың қауіпсіздігін және онда қызмет ететін 

профессор­оқытушылар мен білім нәріне сусындап 

жүрген студенттердің тыныс­тіршілігі мен тәртібін 

тәулік бойы құрамында  жүзден астам адамы  бар 

Рұқсатты бақылау қызметі өз жауапкершілігіне 

алған. 


– Біздің қызметіміз соншалықты көзге 

көрінбегенімен атқаратын істеріміздің ауқымы 

кең. Оқу корпустары мен студент үйлеріне 

келіп­кетушілерді рұқсат қағазбен кіргізіп 

шығаруды, студенттердің      сабаққа   және  

жатақханаға  белгіленген уақытта келуін, 

сырттан бөтен адамдардың кіріп кетпеуін, 

ғимараттардың қауіпсіздігін қадағалап отырамыз. 

Қарамағымыздағы он алты нысанда 500­ден 

астам бейне бақылау қондырғылары орнатылған. 

Олар тәулік бойы жұмыс істейді. Демек, осы 

қондырғылар арқылы бүкіл нысандар кезекшілікке 

түскен қызметкерлеріміздің  күшімен бақыланып 

отырады, – деді бізбен әңгімесінде Рұқсатты 

бақылау қызметінің басшысы Миржан Карлұлы 

Әбілмәжінов. 

Сондай­ақ ол Рұқсатты бақылау қызметінде ұзақ 

жылдардан бері еңбек етіп өз ісін жетік меңгерген, 

оқу ғимаратының қауіпсіздігі мен студенттердің 

тәртібін  қадағалауға  өзіндік  үлестерін 

 

қосып    жүрген Төлеубек Әділханов, Жанайдар 



Сүлейменов, Серікболсын Искаков, Талғат 

Дүйсенбенов сияқты азаматтардың да есімдерін 

мақтанышпен атады. Сөз арасында Талғат 

Рашидұлы Дүйсенбеновтің бүгін кезекшілікте 

тұрғандығынан құлағдар етті.

Күнде көріп жүрсек те көптеген адамдарға 

пәлендей көңіл аудармайтынымыз рас. Орта бойлы, 

тап­тұйнақтай киінген, үлкенге құрмет кішіге ізет 

көрсетіп тұратын азаматтың есімі Талғат екенін 

енді білдім. Оның киген киімі мен жүрген жүрісінен 

талғамы биік, тазалыққа жаны құштар жан екендігі 

бірден байқалды. 

Ол  1977 жылы ақпан айында Ақмола облысы, 

Астрахань ауданы, Петровка ауылында туған. 1994 

жылы Петровка ауылындағы мектепті бітірісімен 

1995­1997 жылдары арнайы мамандандырылған 

«Бүркіт» батальонында азаматтық борышын 

өтеген. 1997­2003 жылдары Астана қаласында 

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 

мамандандырылған күзет қызметі басқармасында 

қызмет атқарған. Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ 

агротехникалық университетін бітірген. Күзет 

қызметінде 18 жыл тәжірибесі бар. Л.Н.Гумилев 

атындағы  Еуразия ұлттық университетінде 2009 

жылдан бері Рұқсатты бақылау қызметінде еңбек 

етіп келеді. Жан жары Жанармен бір ұл екі қыз 

тәрбиелеп өсіріп отырған үлгілі отбасының 

отағасы. Талғаттың бар өмірбаяны осы. 

Бүгінде Талғат еңбексүйгіштігімен, өзіне 

тапсырылған жұмысқа деген жауапкершілігімен 

әріптестеріне үлгі­өнеге болып жүр. Ол әсіресе 

спорт десе ішкен асын жерге қояды. Самбо, жекпе­

жек, дзюдо, қол күресі, кір тасын көтеру, волейбол, 

шаңғы жарысы, жеңіл жүгіріс сияқты спорт 

түрлерінен жарыстарға қатысып қарсыластарын 

қапы қалдырып келеді. Университетте 2009 

жылдардан бері өткізілетін дәстүрлі «Сергектік 

және денсаулық» спартакиадаларына үзбей 

қатысып жүр. 2012 жылы волейболдан, 2013 

жылы шаңғы жарысынан, 2014 жылы кір тасын 

көтеруден алдына жан салмай жеңістің биік 

тұғырынан көтеріле білді. Биылғы жылы өткізілген 

спартакиадада 24 келі кір тасын көтеруден бағын 

сынап жүлдегер атанды.

Талғат университетте өткізілетін басқа да 

спорттық шаралардан тыс қалып көрген емес. 

Еліміздегі мемлекеттік және басқа да атаулы 

мерекелерге арналған іс­шараларда ұлттық спорт 

түрлерінен өткізілген жарыстарға қатысып 

спорттың бұқаралығын арттыруға өз үлесін қосып 

келеді. Ол спорттың денсаулық кепілі екендігін 

жақсы біледі. Спорт оның сенімді серігі. 

Жүз адамның жүзін білгенше, бір адамның 

атын біл демекші біз бүгін еңбектері көп елене 

бермейтін, бірақ оқу ордасының және сіз бен біздің 

қауіпсіздігіміз үшін түнгі ұйқыларын төрт бөліп 

жүрген азамат жайында көпшілікті құлағдар еттік. 

Университетімізде Талғат сияқты еселі еңбегімен 

ел құрметіне бөленіп, мінсіз қызмет атқарып жүрген 

қыздар мен жігіттер аз емес. Болашақта олар туралы 

да газет бетінде жазатын боламыз.

Жүніс  ОРМАШҰЛЫ


16

ЕУРАЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

№ 3-4 (208-209), 

ақпан, 2016 жыл

    

ҚҰРЫЛТАЙШЫ:

Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университеті

ДИРЕКТОР – 

БАС РЕДАКТОР

Кенже ЖҰМАҒҰЛОВ

Журналистер:

Жүніс  ОМАР

Мақсұтбек ОТАШЕВ

Гүлзабира ШӘУЕНОВА

Техникалық редактор

Жанар ПЕРНЕБЕКОВА 

Фототілші

Ербол  ЕРДЕНБЕК

Газет ТОО "Медиа-холдинг ERNUR" 

баспаханасында басылды.

Таралымы -1000 дана. Газет айына екі рет шығады.

ГАЗЕТТІҢ ИНДЕКСІ: 64900

ГАЗЕТ КУӘЛІГІ - №49841-Г, 

Қазақстан Республикасының 

Ақпарат министрлігінде тіркелген.

Тапсырыс № 2121

РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:

010000, Астана қаласы, Қ. Сәтбаев көшесі, 2-үй, 

347 бөлме. Тел: 709500, 31 325 (ішкі байланыс)

Жарияланған мақалалардағы автор пікірі редакцияның

 көзқарасын білдірмейді.

Сахнада – «Астана Опера» 

Бізде қонақта

«Астана Опера» театрының симфониялық 

оркестрі университетімізде қонақта болып, қазақ 

композиторларының шығармаларын орындады. 

Бұл кездесуді ұйымдастыруға оқу орнының 

«Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігі мұрындық 

болды. Оның жетекшісі Кенжеғали Мыржықбай 

айтып өткендей, бірлестік ұлт тұлғаларымен, қоғам 

қайраткерлерімен, белгілі ақын-жазушылармен, 

өнер адамдарымен кездесулер ұйымдастырып қана 

қоймай, жақсы тақырыптық концерттер өткізуді 

де дәстүрге айналдыруда. Мұның өзі университет 

ректорының бұл іске, атап айтқанда әдебиет пен 

музыканың майталмен шеберлерімен  және театр 

ұжымдарымен байланысты нығайтуға баса назар 

аударып отырғанын көрсетеді.

Еліміздегі жас өнер ұжымдарының бірі – 

«Астана Опера» театры опера-балет туындыларын 

орындап қана қоймай концерттік бағдарламаларға 

да бой ұрып жүр. Симфониялық оркестрге ҚР 

еңбек сіңірген қайраткері, танымал дирижер Абзал 

Мұхитдинов жетекшілік етеді. Бұл өнер ұжымы 

соңғы екі-үш жылда көптеген шетелдерде, атап 

айтқанда Нью-Йорктегі Карнеги-холлында өнер 

көрсетіп, қазақ композиторларының шығармаларын 

әлемге танытты. Болашақта «Астана Опера» 

театры Санкт-Петрбургтегі Маринев театрында 

өнер көрсетеді деп күтілуде. Айта кету керек, өнер 

ұжымының репертуарында қазақ, орыс, Батыс 

Еуропа композиторларының 

таңдаулы шығармалары бар.

Симфониялық оркестр оқу 

орнының сахнасында алдымен 

өмірден ерте өткен талантты 

композитор Тілес Қажығалиевтің 

«Дала аңызы» симфониялық 

сюитасын орындады. Бұл шығарма 

«Қозы Көрпеш–Баян сұлу» дас-

танының ізімен жазылған. Ол 

Адажио, Құдалар, Пассакалья, 

Ауыл, Қыз қуу сияқты бес бөлімнен 

тұрады.


Концерттің екінші бөлімінде 

белгілі композитор Сергей 

Прокофьевтің «Ромео мен 

Джульетта» балетінің музыкасынан 

екі сюита орындалды. Сондай-ақ  Фин музыкасының 

классигі Ян Сибелиустың оркестрмен скрипкаға 

арналған концерті қойылды. Фин композиторының 

шығармаларын дарынды скрипкашы Ержан 

Күлібаев тамаша интерпретациямен орындап 

берді. Ол Мадридтегі «Рейна София» атындағы 

корольдік музыка мектебін бітірген.

Ержан Күлібаев біздің елімізді әлемдік деңгейде 

танытқан өнер иесі, ол көптеген халықаралық 

байқауларда, соның ішінде Позанидегі Генрик 

Венявский атындағы байқауда және Буэнос-

Айрестегі халықаралық байқауда жеңіске жеткен 

танымал скрипкашы. Өткен жылы Е.Күлібаев 

америкалық «Wasһington Award» сыйлығының 

лауреаты атанды.

Концерт өзінің күрделілігімен танымал: онда 

композитор скрипканың барлық сазды және асқан 

шеберлік мүмкіндіктерін барынша ашып көрсетуге 

тырысады. Ерекше сазды әуендері бар, шабытқа 

толы элегия – мұндағы әуендер романтикалық 

музыканың ең биік шыңы. Оны музыка танушы 

ретінде профессор Кенжеғали Мыржықбай әр 

орындалған шығарманың тарихы мен музыкасын 

тыңдармандарға түсіндіріп, жүргізіп отырды.

Концерт соңында оқу орнының әлеуметтік даму 

жөніндегі проректоры, филология ғылымдарының 

докторы, профессор, ҚР ҰҒА коореспондент-

мүшесі Дихан Қамзабекұлы ректордың атынан 

симфониялық оркестрге тамаша өнер көрсеткені 

үшін алғыс айтып, оларға шығармашылық табыстар 

тіледі.

М.ЖҮНІС

Shauenova_ga@enu.kz

enu.gazeta@mail.ru

университетi




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет