Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды


)  қоғамдағы  əмбебап  құндылықтар



Pdf көрінісі
бет12/24
Дата15.03.2017
өлшемі1,5 Mb.
#9472
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24

1)  қоғамдағы  əмбебап  құндылықтар 
мен  билеуші  элитаның  эгоистік  мүд-
делерінің  қайшылыққа  түсуі.  Ше-
неуніктер қарақан бастарының мүддесін 
ұлттық мүддеден жоғары қойып, сыбай-
Саяси сараптама

№2    2015    А И АТ
55
55
лас  жемқорлыққа  салынуы  қоғамның 
наразылығын туғызады; 
2) демократия идеясы мен əлеуметтік-
саяси  тəжірибенің  арасындағы  қай-
шылық.  Билік  өзінің  легитимділігі 
азай ған  сайын  жанталасып,  биліктен 
айырылып  қалмаудың  жолдарын  іздес-
тіре  бастайды,  адамның  құқықтары 
мен  бостандықтарын  аяққа  таптап,  сөз 
бостандығын шектеп, оппозицияға қатты 
қысым  көрсетеді,  бөгде  ойдағыларды 
(диссиденттерді) қатаң жазалауға көшеді. 
Демократиялық 
идеялар 
мемлекет 
террорының тасасында қалады; 
3) саяси жүйе ауқымында халықтың 
мүддесін  көздейтін  механизмдердің  бол-
мауы; 
4)  сыбайлас  жемқорлық  пен  бю-
рократияның белең алуы;
5)  көп  ұлтты  мемлекеттерде  шови-
низм, этникалық сепаратизм, эстремизм 
сияқты  жағымсыз  құбылыстардың  ту-
ындауы; 
6)  билеуші  элитаның  өзіндік  сенімі 
жоғалып,  кландық,  трайбалистік  жік-
шіл діктің тереңдеуі; 
7)  билік  тармақтары  арасындағы 
қайшылықтар,  ведомство  аралық  теке-
тірестердің көбеюі;
8)  билік  органдары  мен  қылмыс 
əлемінің  сыбайласып,  ауыз  жаласып 
кетуі.
Билік  легитимділігінің  дағдарысына 
алып  келетін  себептер  сан-алуан,  бірақ, 
олардың  барлығына  халықтың  билікке 
қатысты наразылық (протестік) көңіл күйі 
тəн.  Мысалы,  сайлаудың,  референдум 
мен  плебисциттің  əділ  өтпеуі,  инфляция 
мен  девальвацияның  əсерінен  болатын 
қымбатшылықтан  тұрмыс  тауқіметінің 
қиындауы,  жұмыссыздық,  қылмыстың 
өршуі, өмір сапасының төмендеуі т.б. саяси, 
экономикалық, əлеуметтік сипаттағы түрлі 
себептер халықтың наразылығын тудыра-
ды.  Билік  легитимділігінің  ресурстары 
сарқылған  сайын  халық  наразылығы 
өсуімен қатар, оппозициялық күштердің 
қоғамдық қолдауға ие болып, тез күшею-
іне  ықпал  етеді.  Наразы  халық  пен 
оппо зицияның мақсат-мүддесі түйіскен 
кезде ресми билікке талап-тілектер қою 
бас талады.  Əдетте, «халықтың  сені-
мін  ақтамаған  билік  отставкаға  кетуі 
тиіс»,  «жалақыны,  түрлі  əлеуметтік 
төлемдерді көтеру керек», «салықтарды 
төмендету  қажет»  т.б.  т алапт ар 
қойылады.  Билік  мұндай  талаптарды 
қанағаттандыра  алмаса,  наразылық 
одан  сайын  күшейіп,  ашынған  то-
быр  радикалды  іс-əрекетке  көшеді. 
Мұның  соңы  жаппай  бұзақылықтар, 
ереуілдер,  қарсылық  акцияларына 
ұласып, асқынған жағдайда төңкерістер 
мен азамат соғысына дейін өршіп кету 
қаупі бар. Бұған соңғы жылдары əлемнің 
түрлі елдерінде орын алған Қырғызстан 
мен Грузиядағы түрлі-түсті төңкерістер, 
«араб көктемі», украиналық майдан мен 
«гибридті соғыс», Еуроодақ елдеріндегі 
кəсіподақтардың  ұйымдастыруымен 
өтетін жұмысшылардың жаппай ереуілге 
шығуы жатады. Енді, осыларға қысқаша 
тоқтала кетейік.
Түрлі-түсті  төңкерістер – билікті 
күш  қолданбай  құлатудың  технологиясы 
саналады.  Түрлі-түсті  аталу  себебі – əр 
елдегі  билікке  қарсы  шығушылар  белгілі 
бір ашық түсті (сары, қызғылт, ал қызыл, 
көгілдір,  ақ,  ашық  жасыл)  бостандық 
үшін  күрестің  символы  етіп  таңдауы. 
Осындай  төңкерістердің  нəтижесінде 
постсоциалистік лагерь елдердің көбісінде 
(КСРО, Шығыс Еуропа, араб əлемі) саяси 
режимдер  ауысты.  Олардың  хроникасын 
ретімен  айтсақ  мынадай: 1989 жыл – 
Чехословакиядағы  барқыт  революция; 
2000 жыл – Югославиядағы бульдозерлік 
революция; 2003 жыл – Грузияда «раушан 
төңкерісі» – «вардебис  революция»;  2004 
жыл – Украинадағы  қызғылт  революция; 
2005 жыл – Қырғызстандағы мақпал рево-
люция; 2005жыл – Өзбекстанда түрлі-түсті 
төңкеріс жасауға талпыныс жасалды; 2005 
жыл – Ливандағы кедр революциясы; 2006 
жыл – Белоруссияда  василек  (көктікен 
гүл – егін  арасында  өсетін  ашық  көк 
гүлді  арамшөптердің  бір  түрі)  револю-
циясын жасауға талпыныс жасалды; 2008 
жыл – Арменияда  түрлі-түсті  төңкеріс 
жасауға  талпыныс  жасалды; 2009 жыл 
–  Молдавияда  түрлі-түсті  төңкеріс; 2010 
жыл – Қырғызстанда  екінші  төңкеріс – 
Қауын революциясы – (Халық төңкерісі). 
Бұл  аталған  елдердің  барлығындағы 
халық наразылығының себептері биліктің 
əділетсіздігі мен жауапсыздығы, біліксіздігі 
мен  ашкөз  жемқорлығы.  Яғни,  негізінен 
ішкі саяси себептер шешуші рөл ойнады. 
Сейілбек МҰСАТАЕВ. Антиамериканизм: Аңыз бен ақиқат

№2    2015    А И АТ
56
56
Егер, билік əділетті, ұлтжанды, патриотты 
болып, ел-жұртын ойласа халық та ондай 
билікті  құрметтейді.  Халық  билікке  разы 
болса, АҚШ тұрмақ, сайтан келіп азғырса 
да, ешқандай төңкеріс жасамайды.  
2014 жылы «Евромайдан» деп аталған, 
Украинада  туындаған  жаңа  төңкеріс 
Еуроодақ пен Кеден Одағының қайсысына 
қосыламыз  деген  саяси  даудан  туын-
дады.  Оның  аяғы  Ресейдің  ықпалымен 
Украинаның  Батыс  Шығыс  болып  бөлі-
нуіне,  Қырымды  Ресейдің  аннексиялап, 
өзіне  қосып  алуына  ұласты.  Ресей  өзінің 
басқыншылығын  ешқашан  мойындаған 
емес,  мойындамайды  да.  Халықаралық 
құқық  нормаларын  аяққа  таптаған  бұл 
əділетсіздік  əлемдік  қауымдастықтың 
нара зылығын туғызып отыр. Тағы да сол, 
күшті ел əлсізіне əлімжеттілік жасай баста-
са, оған АҚШ бастаған Батыс елдері қарсы 
тұрады. Қазір Ресейге қарсы экономикалық 
санкциялар  жасалуының  да  сыры  осын-
да.  Егер,  Ресей  бəлелі  жерге  бармағын 
сұқпай,  бүлінген  жерден  бүлдіргі  алмай, 
Украинаға тиіспесе, оған АҚШ та, Еуропа 
да тиіспес еді. Экономикалық дағдарыс та, 
аласапыран соғыс та болмас еді.
Ал,  «Араб  көктемі»  болса,  араб 
əлемінде 2010 жылдың аяғында бастау 
алған демонстрациялар мен бүліктердің 
(бір топ адамның мемлекеттік төңкеріс 
жасау  мақсатымен  еткен  əрекеті
толқыны. 2010 жылы 18 желтоқсанда 
Тунисте  Мохаммед  Буазизи  елдегі  кор-
рупция  мен  алым-салықтардың  ауыр-
лығына  наразылық  ретінде  өзін-өзі 
өртеп  жіберді.  Оның  жанқиярлық 
əрекеті тунистік халықтың жаппай бас 
көтеруіне  ықпал  етіп,  аяғы  төңкеріске 
ұласты.  Қысқа  мерзім  ішінде  халық 
наразылықтары  көрші  араб  елдеріне 
жайылып, 2011 жылы көктемде Алжир, 
Иордания,  Египет,  Йемен  елдерінде 
төңкеріс болды. 
«Араб көктемінің» кең етек жаюына 
əсер  еткен  факторлар:  араб  елдерінің 
көбісінде  елді  билеушілер 30-40 жыл 
бойы ауыспай ұзағынан отыруы, сыбайлас 
жемқорлықтан  мемлекеттік  аппараттың 
іріп-шіруі,  экономиканың  құлдырауы, 
халықтың  əлеуметтік хал-ахуалы төмендеп 
кетуі.  Əсіресе,  мұсылмандар  жұма  күні 
мешітке жұма намазына жаппай жинала-
тын  күн  болғандықтан,  діни  ғибадаттан 
кейін  күшті  ұйымдасқан  шерулер  мен 
қарсылық  акциялары  көп  орын  алған. 
«Араб  көктемінің»  нəтижесінде 
халық  толқуынан  төрт  елдің  билігі 
құлады:Тунис  президенті 2011 жылғы 
14  қаңтарда  Зин  əл-Абидин  Бен  Али  бас 
сауғалап Сауд Аравиясына қашты. Египетте 
2011 жылғы қаңтардың ортасынан бастап 
18  күнге  созылған  халықтың  қарсылық 
акцияларынан соң  2011 жылғы 11 ақпанда 
30 жыл ел президенті болғанХосни Муба-
рак отставкаға кетті.  Ливияны 40 жылдан 
астам билеген харизмалы лидер Муаммар 
Каддафи 2011 жылы 23 тамызда билігінен 
айырылып,  сол  жылы 20 қазанда  өзі 
дүниеге  келген  Сирт  қаласында  Ұлттық 
өтпелі кеңестің сарбаздары қолынан қаза 
тапты. Йемен президенті Али Абдалла Са-
лех 2012 жылы 27 ақпанда өзінің билігінен 
айырылды. Сонымен қатар, Оман, Марокко, 
Иордания, Судан, Мавритания, Джибути, 
Ливан, Батыс Сахара, Кувейт, Сауд Аравия-
сында билікке қатты қарсылық көрсеткен 
халық толқулары болды. Иордания, Кувейт, 
Сауд Аравиясы сияқты кейбір экономикасы 
күшті, бай араб елдері халыққа қаржылай 
көмек  беру,  қомақты  өтемақылар  төлеу 
арқылы бұқара араб наразылығының бетін 
қайтарды. «Араб көктемінің» зардаптары 
əлі күнге дейін жойылған жоқ, араб елдері 
дағдарыс  пен  азамат  соғысы  жағдайын 
бастан өткеруде. 
Қорытып айтар болсақ, бүгінгі таңдағы 
əлемдік саясатта АҚШ-тың гегемондығы 
анық  байқалады.  Əлемдік  саясаттағы 
Американың  араласқан  дау-жанжалдары 
көбінесе  халықаралық  қауымдастықтың 
мақұлдауымен, өткір қажеттіліктен туын-
дап отырады. Адам пенде болғандықтан, 
заң  болмаса, «Əй  дейтін  ажа,  қой  дейтін 
қожа» болмаса, ойына келгенін істеп, жай-
ылып  кететіні  бар.  Сол  сияқты, «бұзық» 
мемлекеттерді  де  қадағалап,  бассыз-
дықтарын тежеп отыратын бір күш қажет. 
Өкінішке  орай,  осындай  игі  мақсатта 
құрылған БҰҰ көп жағдайда дəрменсіздік 
танытады.  Сондықтан, «əлемдік  жан-
дарм»  рөлін  көбінесе  АҚШ  пен  НАТО 
елдері атқаруға мəжбүр. Бұл – бұлтартпас 
факт. 
Саяси сараптама

№2    2015    А И АТ
57
57
–  Мырзакелді аға, қазір қандай қыз-
метте жүрсіз? 
–  Еуразия ұлттық университетінде ме-
неджмент кафедрасында үш пəн бойынша, 
атап  айтқанда, «Мемлекеттік  басқарудың 
теориясы  мен  тəжірибесі», «Экономиканы 
мемлекеттік  реттеу»,  сондай-ақ, «Мемле-
кет  жəне  кəсіпкерлік»  деген  пəндерден 
дəріс  беремін.  Осы  пəндер  бойынша  оқу 
құ  рал дарын жаздым. Ол оқу құралын Мем-
ле кеттік  басқару  академиясы  мен  Еу ра зия 
ұлттық  университетінің  ғылыми  ке  ңес-
терінде  бекітті.  Республикалық  оқу-əдіс-
темелік  кеңес  те  бекітіп, 1000 дана  болып 
жарық  көрді.  Бұл  пəндерден  бұрын  қазақ 
тілінде оқулықтар жоқ екен.
–  Аталған  білім  ордасында  қандай 
ерекшеліктерді байқадыңыз?
–  Еуразия  университеті  қалыптасқан 
іргелі  білім  ордасы  болып  жетілгеніне  кө-
зім  жетті.  Баса  айта  кететін  жайт,  бұл  оқу 
орнында  университет  ректоры,  тарих 
ғы   лымдарының  докторы  Ерлан  Сы ды-
қов  тың  бастамасымен  жақсы  бір  рухани 
ор та  қалыптасқан,  оның  қатарында  ірі 
қайраткерлер,  білікті  де  білімді  азаматтар 
бар.  Соның  ішінде  жазушы,  ғалым  Қой-
шығара  Салғараұлы,  бұрынғы  сенаторлар 
əрі  ғалымдар  Əділ  Ахметов,  Ғарифолла 
Есім, белгілі қоғам қайраткері, ғалым Мыр-
затай Жолдасбеков бар. Əртүрлі ғылыми не 
шығармашылық басқосулар болатын болса, 
ортақ пікірімізді айтып отырамыз. Мұндай 
пі кір  алмасулар  жан-дүниемізді  молайтып, 
ортақ мүдде жолындағы қызметімізді жақ-
сарта  түседі.  Парасатты  адамдармен  ой 
бөліскенді  жаным  қалайды.  Бүгінгі  таңда 
кезінде  ғылыммен  айналысуға  ден  қой-
ғаным  дұрыс  болған  екен  деген  тоқтамға 
ке ліп отырмын.      
БІР  ПАЛАТАЛЫ  ПАРЛАМЕНТ 
ҚАЛЫПТАСТЫРАТЫН  УАҚЫТ  ЖЕТТІ
Мырзагелді КЕМЕЛ,
экономика ғылымдарының 
докторы
Бұл  оқу  орнының  бір  ерекшелігі  көп 
студенттері «Алтын белгі» мен мемлекеттік 
гранттың иегерлері. Олар оқуда үздік нəтиже 
көрсетіп  келеді,  өздеріне  де,  ұстаздарға  да 
жоғары  талап  қояды.  Аудиторияға  келіп, 
не  болса  соны  айтып  отыруға  ұяласың. 
Маңызды тақырыптарды қызыға тыңдайды. 
Əрине,  студенттердің  арасында  ұялы 
те ле фонмен  əуре  болып  отыратындар 
да, «Кейін  ғаламтордан  тауып  аламыз» 
дейтіндері де бар. Оларға: «Бұл саланың 
оқулығын ғаламтордан таба алмайсыздар. 
Емтихан  тапсырасыздар.  Сондықтан 
лек цияға баса назар аударыңыздар», – дей-
мін жəне жан-жақты ақпараттар беру 
арқылы қызығушылығын оятуға тырыса-
мын.
– Қажетті материалдарды қайдан та-
басыз?
–  Теория  жағынан  ағылшын,  орыс  тіл-
дерінде  жазылған  жəне  өз  ғалымдарымыз 
жазған  еңбектерге  сүйенеміз.  Əлемнің 
озық  экономистері  мен  менеджмент  ма-
ман   дарының  кітаптарын  пайдаланамын. 
Сон дай-ақ,  ғаламтордан  іздейміз.  Мем ле-
кет тік  басқару  академиясының  кітап хана-
сынан  бірқатар  материалдарды  табамыз. 
Сол  секілді  республикалық  журналдарда 
көп теген  құнды  мақалалар  жарияланады. 
«Саясат», «Экономика»  деген  журналдар 
бар,  университеттердің  ғылыми  басылым-
дары бар, «Тұран» университетінің «Қазақ-
стантану»  атты  семинары  бар.  Осы  басы-
лымдарды  зерделеп  отырамыз.  Сабақ  ара-
сында бос уақытымыз болғанда кітапханаға 
барып, газет-журналды ақтарамыз. 
  Мырзагелді  аға,  жаһан  тарихында 
əртүрлі  елдер  ортақ  мүдде  тұрғысында 
өзара  бір  келісімге  келіп,  одақтар 
құрғаны  белгілі.  Біраз  елдің  басын 
қосып  отырған  халықаралық  ұйымдар 
да  аз  емес.  Қазақ  елі  еніп  отырған 
Еуразиялық  экономикалық  Одақ  тура-
лы ойларыңызды ортаға сал саңыз?
Өзекті мəселе – орамды ой

№2    2015    А И АТ
58
58
–  Иə,  осы  Еуразиялық  экономикалық 
Одақты  біраз  зерделедім.  Бұл  Одақтың 
құрылуын  ғылыми  тұрғыдан  дəлелдегім 
келіп, бір мақала жаздым. 
Жаһандық  қоғамда  одақтасудың  бір-
неше  түрі  бар.  Мысалы,  федерациялық 
құрылым бар. Федерацияның классикалық 
үлгісі – Ресей Федерациясы. Өзіндегі түрлі 
ұлттардың  автономиялық  республика-
лары мен облыстары бар. Солардың бəрін 
біріктіріп  отырған  үлкен  федерация. 
Сол секілді конфедерация деген құрылым 
бар. Шекарасы бір, экономикалық, саяси, 
қорғаныс мүдделері тұрғысынан біріккен 
елдер  бар.  Конфедерацияның  үлгісі – 
Ұлыбритания  мен  Швейцария  десек  бо-
лады.  Əдетте,  Ұлыбритания  дегенде 
Англияны  ойлаймыз,  ал,  нақтылап  кел-
генде, олар төрт мемлекеттің бірігуінен 
құрылған. Атап айтқанда, Англия, Уэльс, 
Шотландия  жəне  Солтүстік  Ирлан-
дия  атты  əкімшілік-саяси  бөліктерден 
тұрады.  Əрбіреуінде  де  толық  еркіндік, 
заң  шығаратын,  атқарушы  билік  пен 
сот  жүйесі,  түрлі  басқару  органдары 
бар.  Бірақ,  ортақ  шекара,  аз  ғана  əскері, 
бір-біріне  тауарын  алдымен  ұсыну 
құқығы  бар,  жəрдем  беріп  тұрады. 
Швей цария  Конфедерациясы  да  солай, 
өз  ерекшеліктеріне  орай  төрт  бұрышы 
ресми төрт тілде сөйлейді, ортақ мүдде 
үшін  біріккен.Бұлардан  басқа  əртүрлі 
экономикалық  одақтар  бар.  Бүгінгі  таңда 
28 мемлекетті біріктіріп отырған Еуроодақ 
бұрын Еуропалық қауымдастық деп аталған. 
Бұл  құрылым  тек  экономикалық  мүддені 
қорғайды. Мысалы, Еуроодақ Американың 
долларына  бəсекелесе  алатындай  ортақ 
ақша түрін, яғни, евроны айналымға шы-
ғарды. Осылай елдердің үлкен бір ұйымға 
бірігуінен олар ұтып жатыр ма, ұтылып 
жатыр  ма,  оны  уақыт  көрсетеді.  Еуро-
одақтың  өз  мүшелеріне  қолдау  көрсе-
туде  тəжірибесі  қалыптасып  жатыр. 
Мысалы,  қаржы  дағдарысына  дендеп 
кіріп  кеткен  Грекияға  бірнеше  жыл-
дан  бері  қаржы  беріп  келеді.  Сол  секілді 
Бельгияға жəрдем беріп жатыр. Олардың 
Германия  сияқты  озық  елдері  бар.  Тағы 
да  Еуропа  экономикалық  ынтымақтастық 
жəне  даму  ұйымы  (ОЭСР-ЕЭЫДҰ)  деген 
халықаралық  экономикалық  ұйымның  да 
мақсаты – мүше  мемлекеттердегі  қаржы 
тұрақтылығын  сақтау  арқылы,  олардың 
экономикалық  дамуын  қамтамасыз  ету, 
халықты  жұмыспен  қамтуды  жақсарту 
жəне  тұрмыс  жағдайын  көтеру.  Кезінде 
Кеңес  өкіметі  осы  ұйымға  мүше  болғысы 
келген  еді.  Бұл  ұйымның  тəртібі  қатаңдау. 
Ешбір  мемлекетке  жеңілдік  жасалмай-
ды. Сол секілді ЕАСТ (Еуропа еркін сауда 
қауымдастығы), АТЭС (Азия-Тынық мұхит 
экономикалық  əріптестік  ұйымы),  ОПЕК 
(мұнай  экспорттаушы  елдердің  ұйымы), 
АСЕАН (Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің 
қауымдастығы) деген ұйым бар. Бұлардан 
басқа  да  əуелі  былай  басталып,  бірі  кіріп, 
бір  шығып  жататын  бірлестіктер  көп,  мы-
салы ГУУАМ (Грузия, Украина, Өзбекстан, 
Армения,  Молдова).  Осындай  біріккен 
құрылымдардың  қатарында  Дүниежүзілік 
сауда  ұйымы  да  бар.  ДСҰ-ға  мүше  елдер 
ішінде  тауар  өткізу  процесін  барынша 
жеңілдету,  шектеулерді  алып  тастау,  сырт-
тан келген тауарға қосымша салық салмау, 
акциз  салықтарын,  баж  салығын  салмау 
мүмкіндіктері қарастырылған. Бұл ел үшін 
де, тұтынушы халыққа да өте қолайлы əрі 
тиімді екені анық. 
Біздің үш ел құрып жатқан Еуразиялық 
Одақта да ДСҰ-дағыдай «бір ел – бір дауыс» 
қағидаты негізге алынған. Демек, үш елдің 
біреуі  қабылданатын  шешімге  келіспесе, 
шешім  қабылданбайды.  Басшылық  ор-
гандарда  да  тепе-теңдік  орныққан,  бір 
мүше – бір дауыс. Біреуі келіспесе, шешім 
қабылданбайды.  Бұл  қағидаттар  əр  елдің 
өз  мүддесін  қорғауына  мүмкіндік  береді. 
Одақтан  шығу  да  еркін.  Одақ – саясаттан 
тыс, ол жөнінде Елбасы əбден түсіндірген. 
–  ДСҰ-ға  кірудегі  процестің  ұзаққа 
созылғаны неліктен?
– ДСҰ-ға мүше болу үшін Қазақстанның 
ұзақ  мерзім  əрекет  жасап  отырғанының 
себебі,  біз  аграрлық  ел  болып  саналамыз. 
Біз  өндірген  ауыл  шаруашылығы  тауар-
лары  электр  қуатын  пайдалануда  жəне 
жолдың  қашықтығына  орай  бағасы  артып 
отыр.  Мысалы,  оңтүстік  өңірде  өндірген 
өніміміз  орталыққа  жеткенше  қымбаттап 
кетеді. Соның салдарынан сырттан келген, 
айталық,  қызанақ,  капуста,  картоп  сияқты 
өнімдер өзімізде өндірілгеннен екі есе арзан 
болуы  мүмкін.  Ал,  ДСҰ-да  Қазақстанның 
жəне  басқа  да  елдердің  ерекшелігі  мен 
жағдайы ескеріліп, жеңілдіктер сұрап отыр-
мыз.  Себебі,  ауыл  шаруашылығын  қорға-
масақ  болмайды.  Жеріміздің  кеңді гінен, 
тасымалдың  ұзақтығынан,  біраз  қиын-
дықтарға тап келіп отырмыз. Мысалы, 2012 
Мырзагелді КЕМЕЛ. Бір палаталы Парламент қалыптастыратын уақыт жетті

№2    2015    А И АТ
59
59
жылы жасалған есепке қарағанда, Оңтүстік 
Қазақстанда  жылыжайларда  өндірілген 
қызанақтың  бір  келісі 17 теңгені  құрайды, 
Астана төңірегінде жылыжайда өндірілген 
қызанақтың бір келісі 45 теңге болады. Ал 
Қытайдан  келген  қызанақтың  бір  жылдық 
орташа  бағасын  есептейтін  болсақ,  оның 
бір келісі 30 теңге. Осы өнімді біз базардан 
қыстыгүні əр килосын шамамен 550 теңгеге, 
жазда 150-180 теңгеге дейінгі бағаға сатып 
алып жүрміз. Сонда өндіруші мен тұтынушы 
арасындағы делдалдардың көптігі, олардың 
арсыздығы  мен  тойымсыздығы  анық  кө-
рі ніп  тұр,  соның  нəтижесінде  халыққа 
обал.  Міне,  Дүниежүзілік  сауда  ұйымына 
кіргенше біздер осындай  мəселелерді рет-
теп алғымыз келіп отыр. 
Біз  Ресеймен,  Беларусь  Республикасы-
мен  бірлесіп,  экономикалық  одақ  құру-
ға  ешқандай  қарсылық  танытпауымыз 
керек.  Өйткені,  біздің  халқымыз  аз.  Өн-
дірген  өнімімізді  сатып  алатын  тұ ты ну-
шылардың  саны  жетпейді.  Сол  себепті, 
біз  мақтанарлықтай  дайын  өнім  шығара 
алмай  келдік.  Соңғы  жылдарға  дейін  біз 
бар  болғаны 650 дана  автокөлік  құрас-
тырып  шығарған  кезіміз  болды.  Мұны 
қалай мақтанышпен айта аларсың? Ал, Өз-
бек станның халқы бізден екі есе көп. Сон-
дықтан, олар автокөлік шығарып жатыр. 
Жалпы,  ұлы  мемлекет  санатына  ену 
үшін жəне бəсекеге қабілетті болу үшін 
халықтың  саны  ең  кемі 30 миллион  бо-
луы керек деген ұғым бар. Орталық Азия-
да  тек  Өзбекстанның  тұрғындары  ғана 
30  млн-ға  жуық.  Қазақстан  жəне  басқа 
Орталық Азия елдерінің халқы ол межеге 
жетпейді.  Сондықтан,  өзіміз  шығарған 
тауарды  тұтынуда  проблемаларға  кез 
болып  отырмыз.  Тұтынушының  аздығы 
экономиканың  өсуіне  кедергі  келтіреді. 
Ал,  шетелге  сату  үшін  кедергілер  аз 
емес.  Осындай  қиындықтарды  еңсеру 
үшін  біз  кедендік  рəсімдерді  қысқартып, 
Ресеймен,  Беларусьпен  бірігіп,  Кеден 
ода ғын  құрдық.  Сол  арқылы  олардың 
тауарын  арзан  бағамен  алып,  өзіміздің 
артық өнімімізді аталған елдерге сатып 
отыруға  мүмкіндік  туды.  Үш  елдің  ара-
сында  ешбір  кедендік  салық  болмайты-
ны сатып алушы елдердегі бағаны арзан-
датады.  Бұл  кəсіпкер  үшін  тиімді.  Осы 
тұста айта кетейін, ел ішінде алаңдаушылық 
бар, біз де естіп жүрміз. Мəскеуге бағынған 
кезімізді  ұмыта  алмай  жүрміз.  Екіншіден, 
«Олар бүгін ішімізге кіріп алып, бірлескен 
кəсіпорындар  құрып,  кейін  өз  пайдасын 
іске  асырып  кетпей  ме?»  деген  уайым 
да  болды.  Мұны  Елбасының  өзі  көріп 
отыр.  Алдағы  бірлігімізді  сақтау  мəселесі 
өзіміздің  бəсекеге  қабілеттілігімізге,  ішкі 
рухымыздың  мықтылығына  байланысты. 
Ал, экономикалық тұрғыдан бірікпей, дами 
алмаймыз.  Мысалы,  Қарағандыда  ұшақ 
шығарғалы жатырмыз. Оны кім сатып ала-
ды?  Жарайды,  еліміздің  орталығындағы 
бидайға  дəрі  шашатындар,  оңтүстіктегі 
мақтаға дəрі-дəрмек себетіндер сатып алар. 
Одан басқасын кімге сатамыз? Сондықтан, 
сыртқа сатуға экономикалық одақтың пай-
дасы тиетін болады.
Бүгінгі  таңда  темір,  көмір,  алюми-
ний  жəне  басқа  да  осы  сияқты  қазба 
байлықтарымыз  ірі  жеке  кəсіпкерлік  ие-
ліктеріне  берілгендіктен,  сатылып  жатыр. 
Осы  шикізаттардан  дайын  өнімді  өзі-
мізде  шығарып,  шетелге  сату  басты  мақ-
сатымыздың  бірі  болып  келеді.  Сонда  ха-
лыққа жаңа жəне тұрақты жұмыс орындары 
ашы лады. 
 –  Енді ауыл шаруашылығы саласын 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет