Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды



Pdf көрінісі
бет8/24
Дата15.03.2017
өлшемі1,5 Mb.
#9472
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24

бағдарлама»  бойынша 2020 жылға  дейін 
73,3  мың  педагогикалық  қызметкерлер  бі-
лік тілікті  көтеру  курстарынан  өтеді.  Бірақ 
біліктілікті көтеру жолдары əлі де нақтылы 
анықталмаған.  Осыған  байланысты  рес-
понденттерге біліктілікті көтерудің 5 жолын 
бағалау ұсынылды.
Мұғалімдер  біліктілікті  көтерудің  ең 
тиімді жолы білім мен тəжірибені өзбетінше 
Амантай НҰРМАҒАМБЕТОВ, Амангелді АЙТАЛЫ. Ұстазын ұлықтамаған ұлт ұтылады

№2    2015    А И АТ
36
36
меңгеру  деп  есептейді,  респонденттердің 
49,9%-ы  немесе  əрбір  екінші  мұғалім 
осы  жолды  қалайды.  «Мемлекеттік  бағ-
дарлама»  да  өздігінен  білім  алу  мен    өзін  
жетілдіруді  педагог  қызметінің  маңызды 
ба ғыты  деп  қарастырады.  Ал,  мұғалімге 
таңдау  мүмкіншілігін  беретін  біліктілікті 
жетілдірудің жолын олардың 47,5% қалайды. 
Ал, егер біліктілікті көтерудің тегін баламалы 
курстары болса, оны 43,6% мұғалім таңдауға 
дайын,  егер  ақылы  курстар  қызық  жəне 
пайдалы  болса,  17%  мұғалім  оны  таңдауға 
да  келіседі.  Ал,  білім  жүйесінде  дəстүрлі 
қалыптасқан бір ғана орталықта біліктілікті  
мұғалімдердің 12,7% ғана қолдайды.
Зерттеу  мұғалімдерді  бірсарын,  қы-
зықсыз біліктілікті көтеру курста ры ның 
жалықтыратындығын,  оларды  дəс  түр-
лі  емес  əртүрлі  жолдармен  өтетін  курс-
тардың тартымдығын байқатты.
Педагогикалық қызметке жағымсыз 
əсер ететін факторлар
Қазақстан мектебіндегі күрделі ахуалдың 
тууы мен олардың себептері туралы сарап-
шылардың  пікірлері  қызығушылық  ту-
дырады. Əрине, бірінші кезекке мұғалім дерді 
əлеуметтік қорғау мəселесі алға шығады, ал, 
ол өз кезеңінде қоғамда қалыптасқан мұғалім 
кəсібінің  бейнесін  терең  ұғынуды  талап 
етеді. Мұғалімнің кəсіби қызметі күрделі 
əлеуметтік  жəне  мəдени  жағдайда  өтуде, 
себебі  оның  қоғамдағы  орны  мен  (оның 
кəсіби шеберлігінен ХХІ ғ. жас ұрпақтың 
білімі мен мəдениеті тəуелді) материалдық 
жағдайы алшақ. Аз да болса материалдық 
жағдайын  қолдау  үшін  қосымша  табыс 
табу  бос  уақытын  біліктілігін  көтеруге, 
шығармашылық жұмысқа арнауға мүм-
кіндік  бермейді.  Өткен  жүзжылдықтың 
90-жыл дарымен  салыстырғанда  мұға-
лім дердің  материалдық  жағдайы  аз  да 
болса  жақсарды,  айлық  уақытында  бе-
ріледі.  Бірақ,  реформа  нəтижесінде  мұ-
ға лімдердің  үміті  толық  ақталмады, 
олардың қоғамдық мəртебесі көтерілмеді. 
Сондықтан, 27,8% мұғалім  педагогтар 
жұмысына  еңбекақының  төмендігі  жа-
ғым сыз  кері  əсер  етеді  деп  есептейді. 
Олар  мұғалім  бола  жүріп  материалдық 
жағынан  алаңсыз  өмір  сүруге  бол май-
тындығын айтады.
«Еңбек  ақы  материалдық  жағынан 
өмір сүруге жеткілікті болады» дегенге се-
нетін  мұғалімдер саны аз. Бірақ, қазақтардың 
менталитетін  ескерсек,  əсіресе,  ауылдық 
жерде азға қанағат ететіндер көп. Қазақ мұ-
ғалімдерінен  (мектептегі  мұғалімдердің 
көпшілігі  қазақтар) «Шүкір,  айлығымыз 
жетеді» дегенді жиі естуге болады. Сонда да 
мұғалімдерді  өздерінің  əлеуметтік  статусы, 
мұғалім  кəсібінің  беделі  көп  ойландырады. 
Мұғалім еңбек ақысының төмендігі күр-
делі  əлеуметтік  мəселелердің  тууына 
əкеп соғады, оқыту сапасын төмендетеді, 
мек тепте  жемқорлықтың  өсуіне  жəне 
басқа келеңсіз жағдайларға алып келеді. 
Еңбек ақының төмендігі мен мемлекеттік 
қолдаудың  əлсіздігінен  білім  беру  қыз-
меткерлері  өзінің  жəне  отбасының  ең 
маңызды  тұрмыстық  мəселелерін  атап 
айтсақ,  тұрғын  үй,  денсаулық  сақтау, 
демалыс  т.б.  шешуге  мүмкіндік  таба 
алмайды.  Біздің  болжамымыз  бойынша, 
Қазақстандағы  білім  беру  саласын  құт-
қару шы-қазақтардың  барға  қанағат 
ететін менталитеті. Азға қанағат ету мұ-
ғалім  кəсібінің  əлеуметтік  статусы  мен 
беделін бағалағанда да байқалады. Жауап 
бергендердің тек 24,2%-ы əлеуметтік статус 
пен  мұғалім  кəсібінің  беделі  жоғары  емес 
деп  есептейді.  Қазақстандық  мұғалімдер 
өздерінің  еңбек  құқығын  қорғаудың  Ресей-
дегі, басқа мемлекеттердегі білім беру қыз-
мет керлері  арасында  көптеп  кездесетін 
ереуіл сияқты қарсылықтарға бара бер мейді.
Мұғалімнің төмен еңбек ақысы тек педа-
гогикалық қызметтің мазмұнына ғана сəйкес 
емес, ол оның статусы мен беделіне, əлеумет 
жағдайын,  оның  кəсіби  өсуін  тежейді,  əрі 
қарай  педагогикалық  тоқырауға  əкеп 
соғуы  мүмкін.  Мемлекет  тарапынан  мұ-
ғалім  еңбегін  жоғары  бағалау  көбіне 
тек  ресми  түрде  айтылып  жүр.  Мұғалім 
ең бе гінің  төмендігі,  мұғалім  кəсібінің 
беделсіздігі  білім  беру  жүйесі  үшін  қауіп 
төндіріп отыр. Мұғалімдер бұл мəселелерде 
мемлекеттің 2015 жылға  қарай  өзгерістер 
болады  деген  үмітте.  Педагогикалық  қыз-
мет керлердің  айлығы  экономиканың  жеке 
секторындағы  еңбекақы  мөлшеріне  жақын-
дайды  деп  күтілуде.  Дегенмен,  біздің 
зерттеуіміз байқатқандай, жалпы  орта білім 
беру  саласында  педагогикалық  қызметке 
жағымсыз  əсерін  тигізетін  əлеуметтік-пси-
хологиялық мəселелер де аз емес. 
46%, яғни, əрбір екінші эксперт ата-ана-
лармен қарым-қатынастың күр делі екен дігіне 
назар аудартады. Бұл қай шы лықтың астарын-
да ата-аналардың баға л ауы мен мұғалімдердің 
Ойтолғақ

№2    2015    А И АТ
37
37
өзін-өзі бағалауы сəйкес келмеуі жатыр, бұл 
ата-аналарды  да,  мұғалімдерді  де  ойлан-
дыратын  қара ма-қайшылық.  «Мұғалімдер 
қыз ме тінде  не  ұнамайды?»    деген  сұрақ-
қа  31,9%  «қа ғазбастылықты»  атайды. 
Қағаз бас ты  лықты азайту оған кеткен уақыт-
ты  не гізгі  педагогикалық  қызметке  арнауға 
мүм  кіндік  берер  еді.  Ал,  оның  себебі  мұ-
ғалімдердің 17,7%-ы көрсеткендей, жо ғары 
жəне  бақылаушы  органдардың  жиі  тек-
серістерінен.  9,4%  эксперттерді  мұға лім-
дердің денсаулығы мен жасы ойландырады. 
Олар  əртүрлі  аурулармен  ауырады,  ауыр 
жүйке-психологиялық  жағдайларды  бас-
тарынан  кешіреді,  санаториялық  емделуге 
мұқтаж.
Мұғалім еңбегін саралап,  аттестация-
лау  арқылы  оның  əлеуметтік  жағдайын  
көтеруге  «Мемлекеттік  бағдарлама»  да 
көңіл  аударады.  Ал,  əзірше  аттестация 
педагог  еңбегін  əділетті  саралап,  ақы 
төлеудің  тиімді  тетігіне  айнала  алмай 
отыр. Біліктілік аттестациясын өткізумен 
байланысты  ұжымдарда  психологиялық 
күйзеліс  туады,  ол  еңбекақыға,  педа-
гог  беделіне  əсер  етеді,  оның  еңбегінің 
маңыздылығын дəлелдейді.
Мұғалімдердің  4,3%  мектеп  əкім шілі-
гімен  өзара  қатынас,  басшылардың  жұмыс 
істеу  стильдері  мазалайды,  бірақ  көптеген 
педагогтар мектептегі қарым-қатынас демо-
кратиялық  негізге  құрылғандығын  атайды. 
Сауалнамаға  эксперттер  өз  тараптарынан 
да пікірлер қосқан. Олар мұғалім қызметіне 
əсер  ететін  келеңсіз  фактор  ретінде  білім 
беру  басшыларының  кəсіби  деңгейлерінің 
төмендігі мен «ҚР білім жəне ғылым минис-
трлігі басшылығындағы жемқорлық» психо-
логиялық ахуалға жағымсыз əсер ететіндігін 
атайды.  2,2%  мұғалім  біліктілікті  көтеру 
мүмкіндігіндегі  қиындықтар  жəне  оның 
қиын дығын  көрсетіпті.  Біз  жоғарыда  қайта 
даярлау жүйесін бағалаудағы мұғалім пі кір -
лерінің  əртүрлігі  туралы  айтқанбыз.  Білік -
ті лікті  көтеру  бағдарламалары  жеке  сұ-
раныстарға  сəйкес  сараланған  икемделуге 
тиісті.  2,9%  мұғалім  оқушылармен  қарым-
қатынастың қиындығын атайды. Мұғалімдер 
өз тараптарынан «оқығысы келмегенді оқыту 
қиын» дегенді қосады.
Педагогикалық қызметтегі 
мұғалімдерді қанағаттандыратын 
факторлар
Мұғалім  мамандығы  барлық  қиын-
дық тар  мен  мəселелерге  қарамастан, 
əлеу меттік-психологиялық  жəне  кəсіби 
жағынан  өзіне  деген  қызығушылықты 
жойған  жоқ.  Біздің  зерттеуіміз  бойын-
ша,  мұғалім  кəсібінің  құндылықтарын 
жүйелесек,  төмендегідей  бірізділік  бай-
қалады: 17,9% жауап беруші немесе əр ал-
тыншы мұғалім ең маңызды себебі, ретінде 
«кəсіби таңдауына сəйкестігі» жəне «еңбек-
тің  шығармашыл  мазмұнын»  есеп тейді. 
Мұғалім  нақты  бір  мектептегі  жұмысқа, 
ең бек  ақысына  қанағаттанбауы  мүмкін, 
бірақ,  мұғалім  үшін  мұғалімдік  кəсіптің 
беделі  құнды,  ол  тұлғаның  шығармашыл 
əлеуетін дамыту үшін мүмкіндік беретінімен 
де  құнды.  Сондықтан  да,  «жұмыстың 
шығар машыл  мазмұнымен»  қоса  16,1% 
экс перттер  «кəсіби  шеберлікті  дамыту 
мүмкіндігіне»  басымдық  береді.  Көптеген 
мұ ғалімдер  тарапынан  мұғалім  еңбегін 
ба ға лауда  əртүрлі  эмоциялық  көңіл-күй  
бай  қалғанымен,  15,3%  мұғалім  жұмысы 
қоғамда  оңды  бағасын  алды  деп  есептейді. 
Педагогтар  мəдени  ортада  болғандарын 
баға лауы  мүмкін,  сондықтан  да,  9,6%  рес-
понденттерді  педагогикалық  ұжымдағы  өз-
ара  қарым-қатынас  қанағаттандырады.  Пе-
дагогтар  мұғалім  еңбегін  «таза,  ыңғайлы 
жұмыс» деп те құрметтейді. Мұндай бағаны 
еңбек жағдайына 8,4% мұғалім берді. Бірақ 
тек  6,7%  білім  беру  қызметкерлері  ғана 
еңбекақыға  риза.  Мұнда  да  қазақтардың 
қанағат  қарын  тойғызады  менталитеті  бай-
қалады. 5% мұғалім қосымша жұмыс жасау 
мүмкіндігін жағымды фактор деп есептейді: 
репетиторлық жəне басқа ақылы қызметтер 
материалдық  жағдайға  көмегін  тигізеді. 
Мұғалімдерді  қанағаттандыратын  маңызды 
себептер – осылар. Олар мұғалімнің маман-
дығына, тұрған орнына, өңіріне байланысты 
əртүрлі  жағдайда  бірдей  болмауы  мүмкін. 
Бірақ  бір  нəрсе  анық  қандай  жағдай  бол-
масын  бізді  оптимистік  қорытындыларға 
əкелмеуге тиіс.
Мұғалімдердің көңіл-күйі
Педагогтардың  ақырындап  болса  да 
елдегі жəне білім саласындағы өзгерістерге 
бейімделіп  келетіндігі  күмəн  туғызбайды. 
Амантай НҰРМАҒАМБЕТОВ, Амангелді АЙТАЛЫ. Ұстазын ұлықтамаған ұлт ұтылады

№2    2015    А И АТ
38
38
Жұмыссыздық  жағдайында,  əсіресе,  ауыл 
мектебіне  кадрлар  жетпей  жатырған  тұста, 
мұғалімдер жұмыссыз қаламыз деп аса көп 
мазаланбайды,  сонымен    бірге  көптеген 
жағ дайлар  оларды  ойландыратынын  біле-
міз.  Сондықтан  «Сіз  мұғалім  кəсібінің 
мəртебесі,  жоғары  төленетін  мамандық 
болады  дегенге  сенесіз  бе?»  деген  сауал 
берілді. Жауаптары мынадай болды: 60% – 
сенеді, 10%  –  сірə сенбейді, 8,8% – тіпті, 
сенбейді, 6% – екінші  мамандық  алып, 
басқа  жұмысқа  ауысуды  қалайды;  0,2%  да 
осылайша  ойлайды,  «бірақ  кеш  қалдық» 
дейді; 15% «жауап беру қиналамын» депті. 
Мұғалімдердің  басым  көпшілігі  болашаққа 
сеніммен  қарағанмен,  əлеуметтік  жағдайы 
мен  мəртебесіне  алаңдаушылық  та  орын 
алып отыр. 
Түйін
Білім  беру  саласындағы  ағымдағы 
жағдай  «Мемлекеттік  бағдарламада»  ег-
жей-тегжейлі  талданып,  бəсекелестікке 
қа бі летті  білім  беруді  жетілдіру  жолда-
ры  анықталды.  Мектеп  педагогтары  білім 
берудің  стратегиялық  міндеттерін  жүзеге 
асыруға  оңды  бағыт  ұстанған,  елімізді 
жаңартуда  білім  берудің  маңыздылығын 
түсінеді.  Мұғалімдер  өте  қарапайым  мате-
риалдық  жай-күйі  жағдайында  да  өз  абы-
ройларын  түсірмей,  ізгілікті  құнды лықты 
бағдарын  сақтап  келеді.  Дегенмен,  мек-
теп  ерекше  əлеуметтік  институт  ретінде 
қоғамның  барлық  əлеуметтік  топта-
рымен,  өмірдің  барлық  саласымен, 
тұрғындардың  демографиялық  жəне 
мə дени  құрылымдарымен  тығыз  байла-
нысты. Қоғамның экономикалық, саяси, 
əлеуметтік  жəне  мəдени-идеологиялық 
өмірдегі  барлық  проблемалары  мек-
тепті  айналып  өтпейтіндігі  өзінен-өзі 
түсінікті. Мəселе мынада: тек білім беру 
жүйесі  қоғамға  тəуелді  емес,  білім  беру 
саласының  да,  оның  кадрларының  да 
бүкіл  қоғам  өміріне,  яғни,  экономикаға, 
саясатқа жəне мəдениетке қайта ықпалы 
бар. Мектептің білім беру саласында ұзақ 
жылдар  бойы  шешімін  күтіп  тұрған 
күр делі  əлеуметтік  жəне  экономикалық 
мəселелер қордаланып қалды. Біздің зерт-
теуіміз көрсеткендей, материалдық жəне 
əлеуметтік-психологиялық  жағынан  да 
олар білім беру қызметкерлеріне, мектеп-
ке  айтарлықтай  қауіп  туғызып  отыр.
Білімсіздік,  кітап  оқуға  деген  ынтаның 
азаюы,  мектептегі  жемқорлық,  мұғалім 
мəртебесінің  төмендегі,  олардың  кəсіби 
деңгейінің  төмендігі,  педагогтар  мен 
оқушылардың  ата-аналарымен  күрделі 
қарым-қатынастар, қағазбастылық жəне 
басқа  да  мəселелер  алаңдатады.  Мұға-
лімдерді  білімін  көтерудің  сапасы  ойлан-
дырады, олар қайта даярлаудың дəстүрлі 
емес түрлерін таңдайды.
Мұғалімдердің  əлеуметтік  бағдары  мен 
əлеуметтік жай-күйін анықтау бойынша экс-
перттер  ретінде  алынған  педагогтар,  пси-
хологтар  жоғары  оқу  орындарының  əдіс -
керлері,  білім  беру  қызметкерлері,  орта  бі-
лім  беретін  мекемелердің  басшылары  жəне 
тəжірибелі мұғалімдер көзқарастары барлық 
мəселе  бойынша  негізінен  сəйкес  келеді. 
Олар атап өткендей, бір жағынан, білім беру, 
əлеуметтік қорғау мəселелері ұзақ уақыт бой-
ына мұғалімдерді ойландырып келсе,  екінші 
жағынан,  жағымды  өзгерістерге  үміттене, 
мұғалімдер  жаңалыққа  деген  бағдарын 
жоғалтпады. Сонымен қатар, мұғалімдер ара-
сында өмірдің күрделеніп, өзгеріп, жаңарып 
тұратын  ахуалына  бейімделуіне  салқынын 
тигізетін селқостық пен енжарлық та кеңінен 
тараған. Күдіктер мен қауіптерді сөзбен емес, 
тек іспен, нақты тəжірибелермен, мектеп пен 
мұғалімге  қатысты  мемлекеттік  саясаттың 
өзгеруімен ғана еңсеруге болады.
Педагогтардың   барлық сұрақтар бойын -
ша  қоғамдық  пікірлерін  зерттеу  мұға лім-
дердің  көңіл-күйін,  олардың  білім  беру  са-
ласы  алдында  тұрған  мəселелерін  сезінуге, 
оларды тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. 
Бұл  пікірлер-білім  саласындағы    реформа-
ларды  түсінудің,  елде  жүргізіліп  жатырған 
өзгерістерге  көзқарастардың  айнасы.  Пе да-
го гикалық қауымның тілектеріне орай білім 
саласы  үнемі  нақтыланып  отырса,  қазақ-
стандық мектептің дамуына зор  ықпал етері 
сөзсіз.
Ойтолғақ

№2    2015    А И АТ
39
39
Қазақстанның  автохтон  этносы  бо-
лып  табылатын  қазақтардың  өз  елінің 
мəдени,  саяси  жəне  əлеуметтік  стра-
тегияларын  таңдауға  əсері  бар  ма  де-
ген  сауалға  бір  мəнді  жауап  беру  қиын. 
Өйткені,  бүгінгі  таңда  қазақтар  мəдени 
жəне  тілдік  тұр ғыда  біртұтас  ұлт  бол-
май  отыр.  Параллель  екі  тілді  əлемде 
(орыстілді  жəне  қа  зақтілді)  өмір  сүріп 
жатқан  қоғамның  ұлттық  мүддені  түсі-
нуі  де  кереғарлық  сипат та  болады.  Мұ-
ны  БАҚ-та  жарияланған  қоғамдық  пі-
кір лерден  айқын  көреміз.  Мемлекеттің 
күллі  саласында  функцио налдық  тұр-
ғыда  басым  тіл  рөлін  атқарып  отырған 
орыс тілі өзі қаласын я қала масын қазақ 
тілі нінің өркен жаюына кедергі келтіруде. 
Əсіресе,  полиэтностық  қала лық  жерде 
оның  барлық  салада  үстем дігін  анық 
байқаймыз.  Осыған  сəйкес,  орыс  тілін 
қолданушылар қазақ тілді лерге қара ған-
да қоғамдағы ықпалы тұрғы сынан ана-
ғұрлым қуатты əрі пəр менді.  
Жетпіс жылдық бодандық тарихи  жағ-
дайға  байланысты  қазақтілділер  қуып  же-
туші  жəне  қайталаушы  рөлде  қалуға  мəж-
бүр  болуда.  Шешім  шығарушы  жо ғары 
эшалон,  саяси  элита  қазақ  тіліндегі  ақ-
параттарға екінші сұрыптағы дүние деп 
қарайтыны еш құпия емес. Мұндай жағ-
дайда ең алдымен кімнің арман-мұраты 
мен мұң-зарына құлақ асатыны айтпаса 
да  түсінікті.  Шенеуніктердің  пайымдау-
ында  кəсіби  құзыреттілік  тұр ғысынан 
да  орыстілділер  қазақтіл ділерден  артық 
делінеді.  Бұл  таптаурын  болған  көзқарас 
болса  да  адамдардың  санасында  əжептəуір 
орын  алған  жаңсақ  наным  болып  отыр. 
Отар шылдық  зардабының  салқынын  əлі 
ҚАЗАҚТАР  МӘДЕНИ  
ЖӘНЕ
  ТІЛДІК  ТҰРҒЫДА 
БІРТҰТАС  ҰЛТ  БОЛМАЙ  ОТЫР
Жарас СЕЙІТНҰР,
əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің
 жалпы жəне этникалық психология 
кафедрасы
Көзқарас
сезінудеміз. Қазақстанда ғана орын алған 
пародокс  жағдай:  тілдік  кемсітушілікке 
мемлекетке өз атын берген этнос ұшырап 
отыр. Де-факто орыс тілін міндетті түрде 
білу, оған қосымша ағылшын тілін білу 
талабы  қосылған  соң  əлеуметтік  са-
тыда  көтерілу  этнофор  қазаққа  үлкен 
мұң. Тек мемлекеттік  тілді ғана білетін 
монотілді  қазақ  үшін  атамекенінде  өзін 
өзі  жүзеге  асыру  («самоактуализация») 
еш  мүмкін  емес.  Ға лам тор  билеген 
заманға аяқ басқан уа қытта қазақ бала-
сы  қаншалықты  өз  төл  тілінде  қажетті 
ақпарат  ала  алады?  Əдетте,  студент тер 
мен магистранттар тарапынан қазақ тілінде 
ақпарат өте аз деген шағымды жиі естиміз. 
Мəселен,  психология  мамандығы  бойын-
ша  қазақ  тілінде  жарық  көріп  жатқан  оқу 
құралдары  мен  əдебиеттерге  айтылар  сын-
дар  көп.  Оқушы  студенттер  сөздер  мен 
сөз  тіркестерінің  ұйқасы  болмағандықтан 
мəтіндерді  тү сін бей  қиналамыз  дейді.  Ра-
сында да, ғы лыми қазақ тілі орыс тіліндегі 
сөздерді мағынасына қарамай тура ауда-
рып алынғандықтан калька тілге айна-
лып кетті. Мына əлемдік тілдер тарапынан 
лингвоцид жүріп жатқан заманда  қазақ тілі 
толыққанды даму үшін мемлекет тарапынан 
бұрын-соңды болмаған үлкен қолдау қажет. 
Тіл  дамуына  арналған  қаржы  түрлі  тү-
сініксіз  шараларға  жұмсалып  жатқан 
қар жылардан  анағұрлым  ұлт  үшін  пай-
далы. 
Бұл  жерде  өзіміз  үшін  басын  ашып 
алатын  бір  мəселе  бар:  неге  халықтар 
же ке  мемлекет  құруға  ұмтылады?  Тек 
қарнымыз  тоқ,  көйлегіміз  көк  болуды 
ғана  ойласақ,  онда  алпауыт  бір  дер-
жаваның  қанаты  астында  қамсыз  жүре 
беруге  болар  еді.  Мұндайда  жеке  адам 
ретінде  тыныш  өмір,  тіршілік  қауіп-
сіздігің  қамтамасыз  етіледі,  бірақ,  ру-
хани  еркіндіктен  бас  тартасың,  психо-
логиялық  қорлыққа,  кіріптарлыққа 

№2    2015    А И АТ
40
40
кө   нуге  тура  келеді.  Əрине,  онда  ұлттық 
өркендеу  (тілің  мен  мəдениетің)  жайлы 
сөз де болмайды. Ресейді мекендейтін Сібір, 
Қиыр  Шығыс  жəне  Солтүстіктің  байырғы 
халықтары  (якуттар,  тувалықтар,  хака-
стар,  алтайлықтар,  тофалар,  шорлар, 
удэгейлер,  нанайлар,  эвенкілер,  чукчалар 
жəне  т.б.)  тағдырын  бастан  кешесің.  Не 
үшін  еврейлер  екі  мың  жылдан  кейін 
мемлекетін қалпына келтіруге ұмтылды? 
Өйткені,  мемлекет  этносты  жойылудан 
сақтаудың  ең  мықты  кепілі!  Ұлттың 
басты  мұраты – мəңгі  болу,  жер  бетінен 
із-түзсіз  құрып  кетпеу.  Адамзат  жылдан 
жылға азайып не жойылып бара жатқан 
жануарлар  мен  өсімдіктерді  қорғайтын 
Қызыл кітапты ойлап тапқанымен, жой-
ылу  қаупі  бар  халықтарды  қорғайтын   
арнайы тізімді жасамай отыр. Халықтың 
этномəдениеті  мен  тілін  қорғайтын  төл 
мемлекеті  болмаса  ол  дəл  біреудің  есі-
гінде күн көрген адамның күйін ке шеді. 
Қожайынның  қабағына  қарап  өмір  сү-
реді, соның көңілін табуға тырысады. Ал, 
конфедерация, жартылай отар мемлекет 
болу кредитке алған пəтерде өмір сүретін 
отбасы өміріне ұқсайды. Борышын төлей 
алмаған жағдайда одан айырылып қалу 
қаупі  бар.  Есі  дұрыс  халық  қайсысын 
қалайтыны айтпаса да түсінікті. Жалпы, 
адамзат тарихынан жеке тəуелсіз  мемлекеті 
жоқ  этностардың  тағдыры  өте  аяныш-
ты  екендігін  білеміз.  Бүгінгі  жаһандану 
дəуірінде қаншама тілдер мен мəдениеттер, 
халықтар  жер  бетінен  жойылып  кетті  жə-
не  жойылу  үстінде.  Қазіргі  уақытта 
əлем де  геосаяси  жəне  экономикалық 
теке тірестермен  қатар  мəдениет  пен 
тілдер  арасында  да  майдан  жүріп  жа-
тыр.  Бұл  мылтықсыз  майданда  жеңіске 
жету үшін не істемек керек?  Соңғы бір 
ғасыр  төңірегінде  біржола  жойылып 
кеткен  сансыз  тілдердің  тарихынан  ха-
бардармыз, ал, бірақ, жаңадан пайда бо-
лып  жатқан  тіл  туралы  естігеніңіз  бар 
ма?  Ондай  фактілер  жоқ.  Демек,  ақыр 
аяғында  тек  өзін  мойындатқан  тілдер 
ғана қалады. Өзін мойындатқан тіл ғана 
өмір  сүруге  құқылы.  Қазақ  тілі  туралы 
ол  өзін  мойындатты  деп  айта  аламыз 
ба?  Шын  мəнінде  қазақ  тілі  ұлттық  ва-

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет