Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды



Pdf көрінісі
бет19/25
Дата06.03.2017
өлшемі1,58 Mb.
#7964
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25

 Шымкент жəне шиналар  
Дегенмен, стратегия шеңберінде «Орда-
басыда» орын алған аса белгілі «қателік» ол 
- Қазақстанда заманауи шина жасау өндіріс 
орнын құруға жасалған əрекеттерден жібе-
А. БӨКЕЕВА. Миллионер Дінмұхамед Ыдырысов өзінің бизнесін қалай орнықтырды

№12    2014    А И АТ
88
88
рілді. Компания банкроттық жағдайдың ал-
дында тұрған, кезінде өздерінің өнімдерімен 
бір заманда Ресейдегі Горький автозауытын 
қамтамасыз  еткен  белгілі  Шымкент  шина 
зауытын сатып алды. Кеңестік зауыттар кең 
масштабты  жұмыс  істеуді  жақсы  көретін, 
оның  ішінде  Шымкент  өндірістік  корпусы 
да 160 гектар жер көлемін иеленген еді. 
«Біз  несие  алдық,  $30  млн.  көлемінде 
өз  жеке  қаржымызды  салдық,  өндірісті 
тірілтіп...  жəне  үш  айдың  ішінде  бар-
лық  қоймаларды  толтырдық.  Сапасы 
ше  телдік  аналогтан  еш  кем  болмаса 
да  тұтынушылар  біздің  өнімді  сатып 
алғылары келмеді. Бағасы екі есеге дейін ар-
зандады, – деп есіне түсіреді «Ордабасы» 
қожасы. – Сатып  алушылар  сапасы  аса 
жоғары  тауарды  қажет  ететіндігін,  бұл 
істі біз алып жүре алмайтындығымызды, 
ескірген  технологияны  ауыстыру  үшін 
оған орасан зор инженерлік жəне ғылыми 
жұмыстар талап етілетіндігін, маркетинг 
қажеттігін  түсіндік. Сөйтіп, əріптестер  
іздестіре бастадық».
Белгілі Nokian Tyres концерні  əріптес 
болды.  Финдер  келіп,  барлығын  аралап 
көрген  соң  бұл  Шымкент  шина  шығару 
орнын  түгелімен  ысырып  алып  тастауды 
ұсынды. Олай болмаған жағдайда 160 гек-
тар  жер  астындағы  тозығы  жеткен  комму-
никациялармен  тиімділікке  қол  жеткізу 
мүм кін  емес  еді.  Жаңа  зауытты  Астанада 
тұрғызуды  шештік.  Онда  салықтық  же-
ңіл  діктерге  сəйкес  СЭЗ-і  бар  болатын. 
2007  жылдың 19 қазанында Ordabasy – 
Nokian Tyres кəсіпорнымен  бірлесе  оты-
рып  жеңіл  автокөліктерге  арналған  шина 
шы ғару  зауытының  құрылысын  салу  ту-
ралы  келісімге  қол  қойылды.  Фин  ком па-
ниясының  үлесі    10%  құрады.  Оны  50 % 
дейін  көтеру  мүмкіндігі  қарастырылды. 
Келісімшартқа сəйкес Nokian Tyres СП ноу-
хауға    беруі  тиіс  болатын.  Концерн  үшін 
Nokian  жəне  Nordman маркаларын шығару 
жəне  сонымен  бірге  арнайы  талданған 
жаңа  өнімді  өндіріп,  содан  соң  Қазақстан 
мен Орталық Азияға, сонымен бірге Ресей-
ге,  Шығыс  Еуропаға  сату  жоспарланған. 
Nokian Tyres өзі  толық қуаттылығы бойын-
ша өнім  шығару мерзімін (жылына 4 млн. 
шина) 2013 жылға белгілейді. Ал, алғашқы 
бес жылда  резервтің  35-65%-дық  қуаты  
пайдаланылады  деп  күтілген.
Бірақ,  ол  жүзеге  аспай  қалды.  Осы 
мер зімге  тура  бір  ай  қалғанда  АҚШ-та 
ипотекалық  көпіршік  жарылып  кетті.  Өз-
деріне  салынатын  айып  пұлға  қарамастан  
финдердің  Азиядағы жаңа жобаға қарауға 
еш мүмкіндігі болмады. 
Жуырда  Шымкенттегі 160 гектарда 
алғашқы  жеке  индустриялды  аймақ  іске 
қосылды.  Ыдырысовтың  сөзіне  қарағанда 
бұл  қызметке  сұраныстар  баршылық. 
Алаңның  50%  қазір  өз  иеленушілерін 
тапқан.  Əйткенмен,  салынған  қаржының 
қайтарымын ұзақ күтуге тура келеді.
Үлкен мұнай
«Ордабасының» ең сəтті де үміт күттірер  
ойдағыдай  жобасы  мұнай  болды.  Матен 
кені шін  өңдеген  компания 2005 жылы  
$200 млн. сатып алынған болатын.  Сома-
сы  бəсекелестер  ұсынғаннан  айтарлықтай 
көрнектілеу  еді, – деп  мойындайды  Ыды-
рысов.
«Бұған  барғанда  бізде  тəжірибе  де, 
кадрлар да жеткілікті, жобалау институ-
тымыз да бар болатын, – деп əңгімелейді 
ол.  –  Қажетті  ақшаны  жинау  үшін    (не-
сиеден  басқа),  барлық  жылжымайтын 
мүліктерімізді, жерімізді, қажет болғанда 
жұмыс  істейтін  кеңселерімізді  де  сатып 
жібердік».  Жылжымайтын  мүліктен  $100 
млн. жуық жинадық. Бір жылдан соң бұл 
активтер $20 млн. құрады.
Мұның  барлығы  да  «Алланың  құды-
ретімен» келген, сəтін салған  көл-көсір та-
быс еді, деп есептейді Ыдырысов: «Сатып 
алуды  бастағанда  бір  барель  мұнайдың 
бағасы  ауданда  $50  тұратын.  Келісім 
2006 жылы  аяқталды. Осы жобамен ті-
келей  айналысудың  нəтижесінде  коман-
да  екі  жылдан  соң  бұл  істі  абыроймен 
жүзеге асырып,  жоғары шыңға шықтық. 
Мұнайдың  бағасы  шарықтап  $147  дейін 
өсті».
2014 жылдың басында 95% сату қытай-
нидерланд Sino-Science Netherland Energy 
Group  «Матен  Петролеум»  келісімі  $535 
млн.  сомамен  аяқталды. «Ордабасы» 
коман дасының үлесіне 5% пен компанияны 
басқаруға қатысу мүмкіндігі қалды.
«Біздің стратегия – бизнесті ең жоғары 
деңгейге  (максимум) жеткізіп, бұл макси-
мум  бірнеше  жылға  жалғасатын  фазаға 
жеткенде сату», – деп түсіндірді Ыдыры-
Нарықтың жүгін нар тартар

№12    2014    А И АТ
89
89
сов. Бірақ, бұл жолдың болу факторын қайта 
өзгертпейді:  бұл  Украина  дағдарысына 
жəне мұнай  бағасының жүйелі түрде құл-
дырауына дейінгі уақтысында болды.
Түскен ақшалар  бірнеше жаңа жобалар-
ды қаржыландыруға жұмсалды, оның бірі, 
əлбетте,  мұнай  саласы  болып  табылады. 
Маңғыстау  облысындағы «Аңсаған петро-
леум» шағын компаниясы  сатылып алын-
ды.  Жылдың  соңына  қарай  өнімді  игеруді 
бастайтындықтарына сенімді. Мұнай баға-
сының  құлдырауынан  Ыдырысов  қауіп-
тенбейді: «Ең жоғары шыңға тек екі жыл-
дан соң ғана шығамыз, ал, ол уақытқа дейін 
барлығы  да  орнығатын  шығар  деп  ойлай-
мын».
Банктер мен «Алма ТВ» арасындағы 
ортақтастық деген  не?
Дінмұхамед  Ыдырысов  пен  оның  се-
рік  тестерінің  мұнайдан  басқа  өзгешелігі 
екі  жаңаны – бұрындары  «еуразиялық 
үштікпен» аффилиренген RBK Банкін жəне 
Дариға Назарбаева мен Нұралы Əлиевке 
тиесілі  «Алма  ТВ»  кабельді  операторын 
100%  иеленіп,  бақылау  жасауы  үлкен 
тербеліс тудырды. Осы уақытқа дейін Ыды-
рысов  пен    жəне  онымен  аффилиренген 
адамдармен  бірге    Сенім  Банкке  (соңынан 
ол Qazaq banki деп аталды)  бақылау жасау-
ды сатып алған болатын. Бір мезетте банк-
тер  мен  кабельді  теледидар  сияқты  осын-
шама  əртүрлі  активтерге  қызығушылыққа 
түсіндірме жоғарғы жақта жатыр.
«Кез келген дағдарыстан соң өрлеп-өсу 
болады, – дейді Ыдырысов. – Біз баға түскен 
кезінде  негізінен  өзіндік  баға  құнымен, 
ал,  кей  жерлерде  одан  да  төмен  бағамен 
сатып  аламыз.  Жəне    бұл  банктерді  да-
мытуда  өзіміздің  көріп,  байқайтынымыз 
бар. Болашақ – интернет-банкингте, сон-
дықтан  да,  біз  барлық  инфрақұрылымды 
осыған қарай жасаймыз. Бұрынғы инфра-
құрылымға  ондаған  миллион  долларды 
сал ған үлкен банктерге қайта құрылу өте 
күрделі. «Алма ТВ» кабельді теледидардың 
ең ірі операторы, сондықтан да қаржыны 
кең  тілмелі  интернетке  құятын  боламыз. 
Кабельдік теледидардың бұл жағынан  мүм-
кіндігі  өте  жоғары.  Мобильді  интернет 
қымбат жəне əркезде сапасы жақсы бола 
бермейді,  жер  серіктерінің  жылдамдығы 
ауа  райының  жағдайына  өте  тəуелді. 
Кабельді интернетте мұндай кемшіліктер 
жоқ, ақпарат қас-қағым сəтте жəне өте 
сапалы  беріледі.  мұның  барлығы  да  банк-
терге тікелей байланысты».
RBK  бойынша  жоспар – екі  жылдың 
ішінде  алғашқы ондыққа кіру. Оны Qazaq 
bankiсіне қосу жоспарда жоқ. Дамыту стра-
тегиясында  жеңіл-желпі  ерекшеліктер  бар. 
екі  банк  те  əмбебабты  болады. RBK-ны 
сатып  алған  кезде  жеке  капиталға  бағ-
дарланған  еді. «Алма  ТВ»  бойынша  сома 
келісімін    Ыдырысов  ашып  айтпады:  «Ай-
тарым,  бағасы  бізді  де  жəне  сатушыны 
да  қанағаттандырады, – дей  келе  мына-
ны  қосты: - Онда  бізден  басқа  да  сатып 
алушылар  болды.  Шынын  айтсақ,  біз  аз-
дап кешіктік – осыдан екі-үш жыл бұрын 
интернет-байланыс  нарығына  іс  жүзінде 
бəсекелестік  болмай  тұрғанда  шығуымыз 
керек еді».
ККС жəне сақтандыру: болашаққа 
деген есеппен
 Корпорациядан басқару компаниясына 
айналу «Ордабасының» барлық бизнестері 
үшін, оның ішінде Қарағандыда, аздап ОҚО  
коммуналдық қызмет көрсетумен айналыса-
тын «Қазақстандық коммуналды жүйелер» 
ЖШС  стратегиялық  жағынан  жақсы  деп 
есептейді  Ыдырысов.  Олар  бұл  бизнестік 
салаға  қаржылық  көмек  көрсетілмей,  са-
лықтар төленбей, тұралап қалған 2000 жыл-
дары енді. 
 «Мұндай бизнестің өсетіндігін біз 90-
шы  жылдардың  соңына  қарай  білгенбіз, - 
деп түсіндіреді Ыдырысов. – Ия, тарифтер 
төмен  болған,  қарыздар  көлемі  өте  зор, 
банктер қаржыландырғысы  келмеді. Олар 
түскен  табыстар  мен  кірген  кірістерге 
мəн  берді.  Осыған  қарап-ақ  коммуналды 
сектордың қандай жағдайда болғандығын 
жəне  табысын    пайымдауға  болар  еді. 
Бірақ,  бағаға бəрібір уақыт өте бір реті  
келетіндігіне біз сенімді едік жəне  өз қар-
жымызды  салдық.  Пайда  қазір  де  түсіп 
отырған жоқ, бірақ капитализация өсуде».
Соңғы  жылдары  ККС  ауқымды    жаң-
ғырту  жүргізуде.  Нəтижесінде  АСКУЭ 
барлық  төрт  деңгейді  енгізген  еліміздегі 
жалғыз энергетикалық  «Қарағанды Жарық» 
компаниясы  ешқандай  да  коммерциялық  
шығынға батқан жоқ.
ККС-те 12 мың  қызметкерлер  жұ мыс 
А. БӨКЕЕВА. Миллионер Дінмұхамед Ыдырысов өзінің бизнесін қалай орнықтырды

№12    2014    А И АТ
90
90
істейді,  бұл – барлық  топтағы  қызмет кер-
лердің жартысынан астамы.
Елімізде  сақтандыру  бизнесінің  (СК 
Amanat  Insurance) болашағы  (перспектива-
сы) сəулетті, деп есептейді Ыдырысов:
«Біз əлі де болса сақтандыруды дұрыс-
тап  бастай  алмай  келеміз.  Мысалы,  шет 
елдерде 
санэпидстанса 
мейрамханаға 
бар    майды.  Сақтандыру  компаниясы  сақ-
тан     дырылған  мейрамханалардың  стан-
дарт қа  сəйкестігін,  мысалы,  тамақтың 
сапасына  жəне  қауіпсіздігіне  деген  талап 
қоюшылардың  (клиенттердің)  талапта-
рына  ғана  сай бақылайды. Мұның өзі сы-
байлас жемқорлықты төмендетеді. Біз де 
бұған  жетеміз,  олай  дейтінім  қазақ стан-
дық  сақтандыру  нарығы  жыл  сайын  20-
25% өсіп келеді».
Құрылыс та жандана (Дінмұхамед Ыды-
рысов бірнеше құрылыс компанияларында 
ірі  көлемдегі  үлеске  ие)  түскен.  «Мұндай 
бағалар  əрине,  дағдарысқа  дейігідей  емес, 
бірақ,  табыс  қайтарылып  келеді», – деп 
нақтылай түсті ол.
2013  жылы  «Ордабасы»  тобы    көлемі 
$195 млн. астам  салық төледі.
БТА-мен  болған  оқиға
Əрине,  Мұқтар  Əблязовпен  болған 
жанжал  əңгімесі  «Ордабасының»  негізгі 
акционерлерін  айналып өткен жоқ. Оның 
банкісі мемлекет меншігіне айналдырылған 
соң  олигархтардың  органы  «Республи-
ка»  газетінде  «Ордабасы»  БТА  Банкін 
лақтырып кетті» атты материал жариялан-
ды.  Онда  корпорация  банкке  $150  млн. 
көлемінде  зиян  келтірді  деп  айтылған. 
Анықталғандай, 2007 жылы  «Ордабасы» 
БТА  Банкісіне  $180 млн.  депозит  салған 
жəне  іле-шала  сол  сомаға  жылына  13,5% 
несие  алған.  Соңынан 2009 жылдың 2 
ақпанында  БТА  Банктің  жаңа  басшыла-
ры осы операцияның барлық кепілдік  құ-
жаттары  «жоғалды»,  БТА  ақшалай  қаржы 
кепілдігі евробондыға ауыстырылып,  қай-
тарымы 2015 жылға  дейін  белгіленген, 
сол кездегі белгіленген баға 20% көп емес 
болатын,  міне  бұл  аталған  банкке  айтар-
лықтай шығын келтірді, деп жазылған. Ал, 
Ыдырысов  тіптен  де  бұлай  емес  (ол  бұл 
тақырыпқа  алғаш  рет  түсініктеме  беріп 
отырған сияқты)  деп сендіреді:
«Біз  ол  кезде  арабтармен  бірге  қор 
аш тық  (ол  қор  осы  күнге  дейін  жұмыс 
істеп  келеді),  ақшаны  көрсету  үшін  БТА 
Банкісіне  $160  млн.  салдық.  Ал,  менімен 
аффилиренген  девелоперский  компания-
сы  осы  уақытқа  дейін  банкпен  табысты  
жұмыс  істеп  келген.  Дағдарыс  болған 
кезде  оның  кепілдіктері  бағасызданды. 
Банк  сол  депозиттегі  $180  млн.  жуық 
несиені  (кредитті)  біздің  жабуымызды 
қалады.  Егер,  біздің  депозит  осы  компа-
ниямен  қалайда  байланысты  болса,  онда 
оны    банктік    қызмет  заңына  сəйкес  ав-
томатты  түрде  алып  қояр  еді.  Ондай 
байланыс  болған  жоқ.  Біз  бұл  несиені 
жабу  үшін  $83  млн.  қаржыны  жаратып 
$200 млн БТА еуробондысын алып банкіге 
бердік.  Ал,  девелопер  компаниясы    $67 
млн. оған дейін банкіге төледі. Бұдан соң 
еуробонды  тағы  да  көбірек  құнсыздана 
түсті.  Банктің  жаңа  командасының  қы-
сы мымен  қарыз  алушы  тағы  да $30 млн. 
төлеп  жəне  барлық  кепілдігін  беріп,  бан-
кротқа  ұшырады.  Сонымен,  ол  компания 
баршаның  пікірі  бойынша  басқа  қалған 
қарыз алушыларға қарағанда БТА  Бан кімен 
жақсы есеп айырысты». Ал, бұл бондылар 
несиешілердің  дауыс  беруі  кезінде  қайта 
құрылып отырған банктің пайдасына ше-
ші луіне бірден бір ерекше рольде ойнады. 
Келешекке жұмыс істеу
Дінмұхамед  Ыдырысов  қазақстандық 
өңдеуші  өнеркəсіптің  болашағына  сенеді.  
Жуырда  топ  «ҚазАзот»  компаниясының 
үле сін сатып алды. 
«Дағдарысқа дейін  елімізде  «голландық 
сырқаттың» барлық түрлері көрініс берді. 
Мысалы, бізде  электросақтауыш шамын 
шығаратын кішірек зауыт болды. Ол жы-
лына  небəрі  $200  мың  пайда  келтіретін, 
əйтсе де жұмыс істеді. Бірде бізге келіп, 
осы зауыт тұрған жерге $4 млн. ұсынды. 
Зауыт  сіздікі,  оны  тарқатып,  шығарып  
өздеріңмен  бірге  алып  кетулеріңе  бола-
ды  деді  олар.  Қазір  еліміз  дағдарыстан 
шығып  келеді.  Өңдеуші  сектор  үшін  пре-
ференциялар  бойынша  мемлекет  дұрыс 
саясат жүргізіп келеді деп ойлаймын мен. 
Біз инвестицияға жағдай жасау жөніндегі 
жаңа  бағдарламаға  мұқият  көңіл  ауда-
рамыз,  Дұрыс  бағыт  тапқан  кезде  оған 
міндетті  түрде  қатысамыз», –  деп  уəде 
етті Ыдырысов.
Бизнесменнің  пікірі  бойынша    бұған 
Кедендік Одақ та, əлемнің жетекші өнді ру-
шілерімен іскерлер Одағын құру мақ саты да  
ықпал ететін болады. Оны толған дыратыны 
тек  аумақтағы  ұзаққа  созылған  геосаяси 
қарбаластығы мазасыздандырады. 
«Қазір  кім  не  айтпасын,  бірақ,  санк-
Нарықтың жүгін нар тартар

№12    2014    А И АТ
91
91
ция  əрине,  əсер  ететіндігіне  Ыдырысов 
се німді. – Менің  түсінігім  бойынша  біз 
эко   но микалық  одақты  экспортқа  бірге 
шы ғу үшін құрдық. Ал, Ресейде басталған 
оқшауландыру мақсаты əрине зиянын ти-
гі зеді.  Ірі  бизнесті  қаржыландыру  проб-
лемасы («Ордабасының» кейбір жобала ры 
ресейлік  мемлекеттік  банктерден  не сие-
ленеді) басталып та кетті.  Егер де, мұ-
най бағасы қатты құлдырап кетсе, онда 
барлық бизнеске қиын болады».
Мұнай  бағасы $80 баррельден  төмен 
тү сіп  кетсе,  ең  қиыны  сол  болмақ,  деп 
есеп тейді Ыдырысов.
Ол  сонымен  қатар,  білім  күшіне  өте 
се неді  жəне  «Болашақ»,  Назарбаев  Уни-
вер ситеті  мен  зияткерлік  мектептері  өте 
жақсы. – Мұның  барлығы  да  еліміздің 
болашағы үшін мемлекетіміз жасап жатыр, 
– дейді ол. Дінмұхамед Ыдырысов – жеті 
баланың əкесі жəне олардың оқуымен өзі 
тікелей айна лысады. Үлкен ұлы мен қызы 
студент,  АҚШ-та,  екі  қызы  Сингапурде, 
кiшісі екі ұлы – Haileybury Almaty  оқиды, 
(ең кішісі біржарым жаста).
Неге Сингапурде?
«Онда қауіпсіз жəне білім беру деңгейі 
жоғары.  Мұндай  дəрежедегі  оқу  орнына 
түсу  өте  қиын,  бірақ  осыған  қарамастан 
бірнеше  Қазақстандық  жоғары  сынып 
оқушылары  (бұрын  мұнда  негізінен  тек 
қытайлар  мен  үнділер  оқитын)», –  деп 
біз бен  сұхбаттасушы  өзінің  мақтанышын 
жасыра  алмады.  Оның  сөзі  бойынша  біз-
дің  оқушылар  дайындықтың  жоғары 
дең    гейін  көрсете  алған.  Келесі  жылы  да 
син гапурлықтар  Қазақстанға қабылдау ко-
миссиясын арнайы  жібермек. 
Есімі  кеңінен  танымал  іскер  Ыды ры-
сов тың ермегі (хоббиі) – отбасы. «Жұ мыс-
тан  соң  үйге  асығамын – балаларыммен 
көбірек бірге болғым келеді», – деп мойын-
дады ол.  – Бұл тек құр сөз емес, – деп ма-
құл дайды Ержан Достыбаев. – «Ордабасы-
ны» құрушы қазір де өзін босаңсытуға жол 
бермейді. Іс сапарға шыққан кездерден бас-
қа  күндері  ертеңнен  кешке  дейін    кеңседе 
болып, жұмыс күнін толығымен қызметіне 
арнайды.
Ардақ БӨКЕЕВА,
«Forbes Kasakhstan» журналының 
рейтинг бойынша редакторы
А. БӨКЕЕВА. Миллионер Дінмұхамед Ыдырысов өзінің бизнесін қалай орнықтырды
2013 жылғы қарашада бір қызметкердің 
орташа айлық атаулы жалақысы 107 317 
теңгені  құрады.  Атаулы  жалақы  индексі 
2012  жылғы  қарашаға 106,4%, ал,  нақты 
жалақы  индексі 101,6% жетті.  Бұл  тура-
лы  ҚР  Статистика  агенттігі  хабарлады.
Салалық құрылымда ең үлкен жалақы кəсіби, 
ғылыми  жəне  техникалық  қызметте - 212,8 
мың теңге (орташа республикалық деңгейден 
2,0  есеге  асады),  кен  өндіру  өнеркəсібі  мен 
карьерлерді  қазуда - 200,6 мың  теңге  жəне 
қаржы жəне сақтандыру қызметінде - 199,2 мың 
теңге (1,9 есе) көлемінде белгіленді. Ең төменгі 
жалақы ауыл, орман жəне балық шаруашылығы 
қызметкерлерінде белгіленді - 62,5 мың теңге, бұл 
ел бойынша орта көрсеткіштен 41,8%-ға төмен.
Өңірлік бөліністе ең жоғарғы жалақы Атырау 
облысында  тіркелді - 186,2 мың  теңге,  бұл 
орташа республикалық көрсеткіштен 1,7 есеге 
асады. Солтүстік Қазақстан облысында мұның 
шамасы 73,5 мың теңгені құрады, бұл ел бойын-
ша орташа деңгейден 31,6%-ға төмен.
Зейнетақы туралы не білеміз?
Алғаш зейнетақы жүйесi XV ғасырдың 
екiншi жартысында XI Людовиктiң патша-
лы ғында  болған.  Ал  алғаш  рет  барлық 
жұмыскерге ортақ  мемлекеттiк зейнетақыны 
ресми түрде Германия канцилерi Отто фон 
Бисмарк  енгiздi.  Бұл 1889 жыл  болатын. 
Кейiннен, 20 жылдан соң зейнетақы жүйесiнен 
хабардар болған көбi өз мемлекеттерiне енгiзiп 
жатты. Олар: Ұлыбритания, Австралия, Аме-
рика  Құрама  Штаттары.  Олар  Германияға 
қарағанда  бұл  жүйенi  мемлекеттерiне  кеш 
енгiздi. Яғни бұл елдер ХХ ғасырдың 30 жыл-
дарында зейнетақы жүйесiн толық кiргiздi. Ал 
Қазақстанға  зейнетақы  жүйесi  Кеңес  Одағы 
арқылы  жеттi.  Ресейге  бұл  жүйенi  əкелген I 
Петр  болатын.  Бұрындары  зейнетақы  елге 
жасаған ерлiгi үшiн əскери шенi бар адамдарға 
берiлсе, кейiннен бұл заңға өзгертулер енгiзiлiп, 
1918  жылдан  бастап  зейнетақы  мүгедек 
жандарға берiлетiн болған. 1923 жылдан бастап 
кəрi  большевиктерге, 1928 жылдан  бастап, 
тау-кен iсi мен тоқымалық өнеркəсiпте еңбек 
ететiндерге берiле бастады. Ал 1937 жылдан 
бастап,  барлық  қаладағы  жұмыскерлер  мен 
қызметкерлердiң де қолына тидi.
Қазiр əлемнiң көптеген елдерiнде зейнетке 
шығу жасы 65 жас болып саналады. Еуропа 
мен  АҚШ-та 2060 жылдары  зейнетке  шығу 
жасын əйелдер үшiн де, ерлер үшiн 70 жасқа 
жоғарылату көзделiп отыр.
Ал  қазiргi  уақытта  əлемдегi  ең  жоғары 
зейнетке шығу жасы – 70 жас. 
Əлемдегi ең мардымсыз зейнетақыны Гру-
зия халқы алады. Ол жерде зейнетақы құны 
бар болғаны 40 долларды ғана құрайды.
Елімізде  ең  үлкен  жалақыны 
кім  алады ?
Білгенге – маржан

№12    2014    А И АТ
92
92
Мемлекетіміздің егемендік алғанына 
жиырма  үш  жылдың  жүзі  болып  бара-
ды.  Енді,  етек–жеңімізді  түріп,  есімізді 
жинап, болып жатқан оң өзгерістерге өң 
беріп,  жақсысын  асырып,  жаманын  жа-
сырып, саннан гөрі сапаға көңіл бөлетін, 
аз  да  болса,  саз  болатын  өнім  өндіруге, 
бел шешіп кірісетін уақыт жетті деп ой-
лаймын.
Мен бұл салаға елу жылдан астам 
уа қыт  қызмет  жасап  келемін.  Мем-
лекет тік  бақылау  саласында  да 
аз  қызмет  жасамадым,  тəжірибем 
жеткілікті.  Сон дықтан  да,  осы  са-
ланы  да  қалай  жақ сартуға  бола-
ды  деген  мəселенің  төңі регінде, 
көпшілік  қауымға  ой  тастап,  ке лелі 
ойларыммен  бөлісіп,  қайтсек  ауыл 
шаруашылығының  өнімін  көбі рек 
өндіріп,  сапасын  арттыруға  болады 
деген  мақсатта,  қолыма  қалам  алып, 
ойларымды  өрнектеп,  дəлелдеп,  осы 
саланы  басқарып  отырған  басшы-
лардың  назарын  аудара  алсам,  онда 
аздаған еңбектің зая кетпегені деп ұғар 
едім.  Мəселен,  кейінгі  кездері,  кіші 
кəсіпкерлікті  дамыту,  оны  аяғынан 
қою мақсатында, оларды жиі тексеріп 
мазаларын  алмау  үшін,  бірнеше  рет 
маротория  жарияланып,  бақылау, 
қада  ғалау  жұмыстарының  санына 
шектеу  болды.  Маротория,  əрине, 
өте құптарлық жағдай, шын мəнінде, 
біздердің  бақылаушылар, «шаш  ал, 
десең  бас  алып»  кəсіпкерлердің  тұ-
рақты,  тиянақты  жұмыс  істеулеріне, 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет