Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды



Pdf көрінісі
бет1/25
Дата06.03.2017
өлшемі1,58 Mb.
#7964
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

  Л Т Т Ы       О А М Д Ы   –  С А Я С И   Ж У Р Н А Л
Журнал 1976 жылы  Халықтар  Достығы  орденімен, 2002 жылы  Қазақстан 
Журналистика  Академиясының  «Алтын  Жұлдыз», 2008 жылы  Қазақстан 
Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
1921 жылғы  
қыркүйектен   
шыға бастады
№12, 
ЖЕЛТОҚСАН
, 2014
МАЗМҰНЫ
ЗАМАНХАТ
Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ. Қазақ өкпесі...................................................................................3
ІЗГІЛІКТІ ҚОҒАМҒА БАРАР ЖОЛДА
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. Нұрлы жол – болашаққа бастар жол..........................................4
ҰЛЫТАУДАН ӨРГЕН ҰЛАҒАТ
Ғарифолла ЕСІМ.  Ұлытау – билік ордасы.............................................................................10
Көпсекбай ТӨЛЕБАЕВ, Дəулет ЖАЙНАҚОВ, Шаймұрат ӨТЕПБЕРГЕН. Халыққа 
қарата айтылған сөз.......................................................................................................................16
КЕЛЕЛІ КЕҢЕС
Жания ƏБДІБЕК. Ақпараттық кеңістікті қалай қорғаймыз?.................................................17
КЕЛЕЛІ КЕҢЕСКЕ ОРАЙ
Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ. Ақпараттық қауіпсіздік, кибер соғыс жəне БАҚ 
жауынгерлері....................................................................................................................................23
Айдос САРЫМ. Ақпараттық кеңістіктің бұйдасын бос жіберу – қазақ элитасы 
үшін үлкен күнə................................................................................................................................28
ЕРКІН ОЙ МІНБЕРІ
Сейілбек МҰСАТАЕВ. Қазақтың «Біздікі» жəне «өзгенікі» деген ұстанымы  
неге соқтырады?..............................................................................................................................33
МƏНІ ЖОҒАЛМАҒАН МАҚАЛА
Секен ДОРЖЕНОВ. Дүниеқорлық: жақсы ма, жаман ба?...................................................41
ОЙТОЛҒАҚ
Əбдiрашит БƏКIРҰЛЫ. Қазақтың ұлттық зиялылығының дағдарысы......................45
ТАРИХИ ТАНЫМ
Əлімғазы ДƏУЛЕТХАН. Бүкіл  Қытайды үш ғасыр билеген мажурлар 
жəне дағұр-Солұндардың (Евенкілер) аянышты тағдыры................................................49
Арман ƏУБƏКІР. Ғұрыптық кешендердің тарихи кезеңдердегі 
этносемантикалық сабақтастығы..............................................................................................54
БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН – 120 
Жолтай ƏЛМАШҰЛЫ. Бейімбеттің биігі................................................................................61

ҚҰРЫЛТАЙШЫ ЖƏНЕ ШЫҒАРУШЫ:  
«Қазақ  газеттері»  Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 
Бас директор – Редакторлар кеңесінің төрағасы Жұмабек КЕНЖАЛИН
БАС  РЕДАКТОР:  Аманхан ƏЛІМҰЛЫ
РЕДАКЦИЯ  АЛҚАСЫ:  Ораз  ҚАУҒАБАЙ,  Қыдыралы  ҚОЙТАЙ  (редактордың 
орынбасары – жауапты хатшы)Серікқали ХАСАН.
РЕДАКЦИЯЛЫҚ КЕҢЕС: Сарбас АҚТАЕВ, Есберген АЛАУХАН, Əділ АХМЕТОВ, 
Бүркітбай АЯҒАН, Өмірхан ƏБДИМАНҰЛЫ, Раушанбек ƏБСАТ ТА РОВ, Ғарифолла 
ЕСІМ,  Əбіш  КЕКІЛБАЕВ,  Уəлихан  ҚАЛИЖАН,  Ғалымқайыр  МҰТАНОВ,  Нұрлан 
НЫҒМАТУЛИН,  Серік  ПІРƏЛИЕВ,  Кенжеғали  САҒАДИЕВ,  Қуаныш  СҰЛТАНОВ, 
Ерлан СЫДЫҚОВ, Кеңес ҮШБАЕВ, Əбдісағит ТƏТІҒҰЛОВ, Бектұр ТӨЛЕУҒАЛИЕВ, 
Зарема ШƏУКЕНОВА.
«ҚАЗАҚ ГАЗЕТТЕРІ» ЖШС-нің облыстардағы  өкілдері: Жанғабыл ҚАБАҚБАЕВ (Ақтөбе облысы) – 
8-713-2-55-31-48, Батырбек МЫРЗАБЕКОВ (Қарағанды облысы) – 8-710-2-90-19-73, Толымбек ЫБЫРАЙЫМ 
(Астана) – 87013457938 Оразалы ЖАҚСАНОВ (Қостанай облысы) – 87772307184.
АҚЫН АҚЫН ТУРАЛЫ 
Төреғали ТƏШЕНОВ. Мінуардың  жан əлемі........................................................................70
МЕНІҢ ҰСТАЗДАРЫМ
Өмірхан ƏБДИМАНҰЛЫ. Заңғар Засурский........................................................................73
КЕЛБЕТ 
Раушанбек ƏБСАТТАРОВ, Əміржан ШАЛТЫКОВ. Дарынды ғалым-заңгер, 
қайраткер, ұлағатты ұстаз............................................................................................................78
Қайсар ƏЛІМ. Плазма физикасының атасы...........................................................................82
НАРЫҚТЫҢ ЖҮГІН НАР ТАРТАР
Ардақ БӨКЕЕВА. Миллионер Дінмұхамед Ыдырысов өзінің бизнесін қалай 
орнықтырды.....................................................................................................................................86
ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕ, ОРАМДЫ ОЙ
Нұрмахамбет АЙТУҒАНОВ. Жасанды түрде, қолдан жасалынып отырған 
мəлімет мемлекетті алдау, көзбояушылық..............................................................................92
ТОСЫН ОЙ
Құдияр БІЛƏЛ. Дəстүрлі дін тағылымы..................................................................................97
БОЯМАСЫЗ ӨМІР
Мұқият ҚОЙШЫБАЙҰЛЫ. «Балық ауыз, бақа тілдес» тілі шұбар, ділі жетімдер 
бұны түсіне ме?..............................................................................................................................101
КӨЗҚАРАС
Қосылған ƏБЖАНОВ. Телесериалдардың тəлімі қандай?..............................................104
ҒАЛЫМ МІНБЕРІ
К. БЕГАЛИНОВА, Г. ҚАСЫМБАЕВА. Қазақстандық білім беру жəне тəрбиелеу 
жүйесінің рухани жəне этномəдени аспектілері....................................................................106
Үмбетхан СƏРСЕМБИН.  Түркі-қазақ мəдениетінің тарихи кеңістігіндегі 
Қожа Ахмет Иассауи даналығы................................................................................................108 
ЖУРНАЛ ЖЫЛНАМАСЫ
«Ақиқат» журналында 2014 жылы жарияланған материалдардың тізімі...................111
Журналдың орысша, ағылшынша мазмұны........................................................................116

№12    2014    А И АТ
3
Заманхат
Қамсыз жатқан қазақтың көңіліне соң-
ғы  кезде  ғана  кіре  бастады.  Басқа  келген 
нəу беттің қайдан келгенін, кімнен болғанын 
біле алмай, əркімнен көріп өкпелейді. Пай-
даланып  отырған  жерін  мұжыққа  алып 
берді  деп  үкіметке  өкпелейді.  Қазақ  жерін 
қа зыналық  етуге  неге  көнген  өткендерге 
өкпелейді.
Төменде қазақ өкпелеуінің жөні бар ма, 
жоқ па – соны жазбақпын.
Біздің  заманымыз – өткен  заманның  ба-
ласы,  келер  заманның  атасы.  Атадан  қалған 
мирасымыздың  жайы  мағлұм,  балаға  бұл 
қалыпта  тұрып  не  мирас  қалдырмақпыз,  оны 
болжауға  да  артық  əулиелік  қажет  емес.  Көп 
жұртта да ғылым, өнер кем, бəрі қарайлас 
тең заманда қазақ та қалт-құлт етіп өз ал-
дына хан болып жүрді. Хандары да, халқы 
да  ғылым  өнерді  керек  қылмаған.  Бірімен 
бірі жауласып, басқа берекелі жұмыс ойлан-
баған. Өзге жұрттар ілгері басқанда, қазақ 
кері  басқан.  Ханы  надан,  халқы  надан 
жұрты  мықты  мемлекеттің  жанында  өз 
алдына  хан  болып  тұруға  көп  күш  керек 
екен. Ол күш алтыбақан ала ауыз қазақта 
болмаған. Хан басын қарашаға теңгеру жеңіл 
болмаса  да,  өз  алдына  жұрт  болып  тұра  ала-
тын  болмаған  соң,  хандарымыз  халқыменен 
Россияға қосылған.
Қазақ жерінің қазыналық болғанына өкіну 
–  білмегендік.  Əуелі – қазыналық  етемін  де-
генде  көнбеске  шара  жоқ.  Екінші,  жер  өзінде 
болмаса, қазаққа пайдалы емес, бəле болар еді. 
Жер өзінде болған естек жұртын көрмей жүрміз 
бе?! Жері көп, малы көп естек көрінбейді ғой. 
Шаруа  жерімен  бай,  жерінен  айырылған  соң, 
жұмыс  біткені.  Естекті  жерден  жұрдай  ғып 
түбіне  жеткен  надандық  пен  жалқаулық. 
Шай, шекер, шүберектей болмашы нəрсеге 
сатып,  естектер  жерін  тауысты.  Жерден 
айы рылып, шаһар шаһарға тозып, тентіреп 
кет ті, кетпегені кедейліктен жүре алмайды. 
Тұр ған  шаһарының  көшесін  сыпыратын, 
қорасын  тазалайтын,  отынын  жаратын, 
боқ тығын таситын о ғайри қара жұмыс қы-
латынның бəрі болмаса, көбі естек.
Қазақтың  естектен  надандығы  да,  жал-
қау лығы да кем емес. Жер өзінікі болса, қазақ 
естектің істегенін істемейді деп кім айтар?! Ай-
татын адам болса, тыңдауға бармын, істемейді 
деп айтуға жоқпын.
Қазақтың  əлі  күнге  жерден  қол  үзбей 
отырғаны – жер қазыналық болғандықтан. 
Бүгін тойғанына мəз болып, ертеңгісін ұмы-
татын қазақ бүгін жерін сатып тойып, ертең 
тентіреп кетер еді. Жер жалдаған қазақ аз 
ба?  Жер  жалдаудан  тартынбағандар  са-
туд ан  да  тартынбайды.  Жер  қазыналық 
болған соң сата алмады, жалдаудан тарты-
нып қалған қазақ аз шығар?! Қазақ облыс-
тарындағы  мұжық  қалаларының  көбін  хакім 
қондырған жоқ, қазақ өзі қондырған. Ес тектер 
сықылды шай, қант, шүберекке қызығып, 
жер жалдап, мұжықты ішіне кір гізген өзің 
емес пе?! Өзің қондырсаң дұрыс та, хакім 
қондырса  бұрыс  па?  Өткендердің  көзіне 
қырау  түскеніне  өкінбей,  өз  көзіңе  түс кен 
қырауды аршып қара. Асқа өкпе леген бала-
лардай құр бұлтиғаннан ештеңе өнбейді. Іс 
оңғы басарлық қылығың жоқ. Амалыңды 
түзет,  түземесең  ешкімге  кінə  қойма.  Беті 
жаманның  айнаға  өкпелеуі  жөн  бе?  Ниеті 
жаманның Аллаға өкпелеуі жөн бе? Талап 
жоқ,  үміт  мол  халықпыз.  Үмітіміздің  көбі 
қошқар, қасқырдың үміті сықылды! Өзім 
жат сам екен, керегім өзі кеп тиер болса екен 
дейміз. Оны Алла да, адам да қабыл көрер 
ме?! Еңбексіз егін шықпайды, терселең терің 
тегін қалмайды. Телміріп алған теңгеден, тер 
сің діріп алған тиын жұғымды. «Қараған қарап 
қалар» деген қазақта жақсы мақал бар, бірақ, 
ол мақалды ескеретұғын қазақ жоқ. Қарап жат-
қанда табылатын болса, ғылым, өнер бар шасы 
қазақта болар еді, олардың бірі де көрінбейді.
Ата жолдасы надандық, өнерсіздік қазақтан 
айырылатын  емес.  Надандықтың  кесапа-
ты əр жерде ақ маңдайымызға тисе де, ата 
жолдасымыз болған соң, біз де қиып айы-
рылмай ақ келеміз. Олжалы жерде үлестен 
қағылғанымыз,  ордалы  жерде  орыннан 
қа ғыл ғанымыз, жоралы жерде жолдан қа-
ғылғанымыз – бəрі  надандық  кесапаты. 
Сонда да, соны ғылым өнерден артық кө-
реміз. «Аллаңнан ойбайым тыныш» дей тін 
қазақ,  ғылымыңнан  надандығын  тыныш 
көреді. Не шара бар?
Дүниеде теңге – теңдік, кемге – кемдік, 
азды  көпке  теңгеретін  ғылым  мен  өнерді, 
ел сізді  елдіге  теңгеретін  жоқты  барға  тең-
геретін ғылым мен өнерді керек қылатын 
қазақ  аз.  Теңдікке  қолы  қалай  жетсін?! 
Қатерлі  жерде  қаперсіз  отырдық.  Өзімізге 
өкпелемесек, өзгеге өкпелер бет жоқ.
«Айқап» журналы №1,1911 жыл
Ахмет БАЙТҰРСЫНҰЛЫ
ҚАЗАҚ  ӨКПЕСІ

№12    2014    А И АТ
4
Құрметті қазақстандықтар!
Бүгінде  бүкіл  əлем  жаңа  сындармен 
жəне  қатерлермен  бетпе-бет  келіп  отыр. 
Əлемдік экономика əлі де жаһандық қаржы-
экономикалық дағдарыс салдарынан айыға 
қойған  жоқ.  Қалпына  келу  өте  баяу  жəне 
сенімсіз  қадамдармен  жүруде,  ал  кейбір 
жерлерде  əлі  құлдырау  жалғасуда.  Гео-
саяси дағдарыс пен жетекші державалардың 
санкциялық саясаты əлемдік экономиканы 
қалпына  келтіруде  қосымша  кедергілер 
туындатуда.
Мен  өзімнің  тəжірибемнен  алдын  ала 
сезіп  отырғанымдай,  таяудағы  жылдар 
жаһандық  сынақтардың  уақыты  болады. 
Əлемнің  бүкіл  архитектурасы  өзгереді. 
Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты 
өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мем-
лекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар 
ғана  өтетін  болады.  Қазақ стан,  əлемдік 
экономиканың  бір  бөл шегі  жəне  геосаяси 
қысым  ның эпи центріне тікелей жақын орна-
лас қан ел ретінде, барлық осы үдеріс тер дің 
теріс ықпалына тап ке леді. Нəти жесінде не 
болып жатқа нын біз көріп отырмыз: əлемдік 
нарық тарда баға құлдырауда жəне тұтас тай 
алғанда, экономикалық өсім баяу лауда.
Халықаралық валюта қоры мен Дүниежү-
зілік  банк  тарапынан 2014 жəне  одан 
кейінгі  екі  жылда  əлемдік  экономиканың 
дамуында болжам төмендеу жағына қарай 
НҰРЛЫ ЖОЛ – БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ
Үстіміздегі жылдың 
11 қараша күні Елбасы, 
«Нұр Отан» пар тия сының 
Төрағасы Нұр сұлтан 
Назарбаевтың төраға лық 
етуі мен партия  Саяси кеңесінің 
ке ңей тілген отырысы болып 
өтті. Отырыста Елбасы 
Нұр сұлтан Назарбаев Қазақстан 
хал қына өзінің кезекті 
Жолдауын жариялады.
Мемлекет  басшысының  Қазақстан  халқына  Жолдауы
қайта қаралғаны белгілі. Сондықтан кейбір 
позиция ларды  жедел  түрде  қайта  қарап, 
сондай-ақ,  алдағы  кезеңдердің  жоспарла-
рына түзетулер енгізу қажет. Бізде ырғалып-
жырғалуға уақыт жоқ. Бүгін айтылатын ша-
раларды 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап 
жүзеге  асыру  керек.  Біз  теріс  үрдістердің 
алдын алу үшін барлық ықтимал шараларды 
жедел қабылдауға тиіспіз.
Бүгін менің тапсырмам бойын ша Үкімет 
белсенді  жұмыс қа  кірісіп  кетті.  Біз 2015 
жылға арналған рес публикалық бюд жет тің 
пара  метрлерін қайта қара дық. Бұл дұрыс, 
өйткені, біздің экс порттық шикізат ресурс-
та рына бағаның құлдырауы бюджеттің кіріс 
бөлігіне қаржы түсуін төмендетуге алып ке-
луде. Бірақ, соған қарамастан, Үкімет алдына 
оңай емес, алайда, нақты міндет – барлық 
əлеуметтік міндеттемелерді толық көлемінде 
қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр.
Дағдарыс  жағдайларында,  əлем  дік 
тəжірибе көрсетіп отырғанын     дай, экономи-
калық саясатты қайта бағдарлаулар жүріп 
жатыр. Қол     да у ды экономикалық өсім мен 
жұмыс   пен қамтуда аса үлкен мульти  пли ка-
тивті тиімділік беретін салалар алуы тиіс. 
Мұндай тəжірибе бізде бұған дейін болған. 
Біздің 2007-2009 жыл дардағы  дағдарысқа 
қар сы табысты шараларымызды еске алсақ та 
жеткілікті. Көріп отырған   дарыңыздай, өмір 
біздің жоспар лары мызға түзетулер енгізуде. 
Ізгілікті қоғамға барар жолда

№12    2014    А И АТ
5
Жəне біз партияның тұғырнамасын бүгінгі 
күн  шындығы  тұрғысынан  қарай  отырып 
жаңа мазмұнмен толықтыруға тиіспіз.
Менің  тапсырмам  бойынша  Үкімет 
дамудың  жаңа  ауқымды  бағдарламасын 
жасауды  аяқтады.  Бүгінде,  алдымызда 
тұрған сын-қатерлерге жауап бере отырып, 
мен  Қазақстанның  «Нұрлы  Жол»  Жаңа 
Экономикалық Саясаты туралы жариялай-
мын.  Мен 2015 жылға  арналған  халыққа 
жаңа  Жолдауымды  осыған  арнаймын.  Ол 
контрцикл ды сипатқа ие болады жəне біздің 
экономикамыздағы құры  лымдық реформа-
ларды жалғастыруға бағытталады. Бұл нені 
білдіреді?
Сыртқы нарықтардағы жағдай оңтайлы-
лығымен  ерекшеленіп,  мұнай  мен  біздің 
экспорттық өнім дерімізге баға айтарлықтай 
жоғары деңгейде болған жылдары біз шикізат 
экспортынан  түскен  табыстарды  Ұлттық 
қорға бағыттап келдік. Ұлт     тық қордың негізгі 
міндеттерінің бірі біздің экономикамыздың 
сыртқы естен тандырулар алдындағы ор нық     -
тылығын, оның ішінде, табиғи  рес  урс   тарға 
баға төмендеген жағ     дай   да да, жоғарылату 
болып табылады.
Осы жылдардың бəрінде шикізат өндіру 
мен одан түскен табыстарды біз осы Қорға 
салып  келдік. 10 миллиард  долларды  біз 
2007-2009  жылдардағы  дағдарысқа  қарсы 
күреске бағыттадық. Қалған ақшаны ішіп-
жеп жəне жұмсап қойған жоқпыз, сақтадық 
жəне көбейттік. Қазір біз осы резервтерді 
пайдалануға  тиіс  болатын  кезең  туындап 
келеді. Бұл қаржы қиын уақыттарды еңсе   ріп, 
экономикамыздың  өсімін  ынта    ландыруға 
көмектесетін болады. Бұл ресурстар қысқа 
мерзімдік  шаралар ға  арналмаған.  Олар 
экономиканы əрі қарай қайта құрылымдауға 
бағытталатын  болады.  Нақты  айт қанда, 
көліктік, энергетикалық, индустриялық жəне 
əлеуметтік  инфрақұрылымдарды,  шағын 
жəне орта бизнесті дамытуға бағытталады.
Ақпан айында Ұлттық қордан экономи-
калық өсім мен жұмыспен қамтуды қолдау 
үшін 2014-2015 жылдарға 500 миллиард 
теңгеден  екі  транш  бойынша 1 триллион 
теңге  бөлу  туралы  шешім  қабылданған 
болатын.  Басталған  жобаларды  аяқтау 
жəне  аса  өткір  мəселелерді  шешу  үшін 
Үкіметке Ұлттық қордан 500 миллиард теңге 
көлеміндегі екінші транш қаржысын мына 
мақсаттарға бағыттауды тапсырамын.
Бірінші.  Шағын  жəне  орта  биз несті, 
сондай-ақ, ірі кəсіпкерлікті жеңілдікпен не-
сиелеуге қосымша 100 миллиард теңге бөлу 
қажет. Бұл тамақ жəне химия өнеркəсібіндегі, 
машина  жасаудағы,  сондай-ақ,  қызмет 
көрсетулер саласындағы жобаларды жүзеге 
асыруды қамтамасыз етеді.
Екінші. Банк секторын сауықтыру жəне 
«жаман» несиелерді сатып алу үшін 2015 
жылы Проблемалы не   сиелер қорын қосымша 
250 мил    ли   ард теңге көлемінде капитал дан     -
дыруды қамтамасыз етуді тапсырамын.
Үшінші.  Жаңа  инвестициялар  тарту 
үшін  тиісті  жағдайларды  жақсарту  қажет. 
Осы мақсатта 2015 жылы «құрғақ порттың» 
бірінші  кешені  құрылысын  аяқтауға, 
«Қорғас-Шығыс қақпасы» жəне Атырау мен 
Тараздағы  «Ұлттық  индустриялық  мұнай 
химиясы технопаркі» ар найы экономикалық 
аймақтары инфра құрылымдарына 81 милли-
ард теңге бағыттауды тапсырамын.
Төртінші.  Бұған  дейін  бөлінген 25 
миллиардқа ЭКСПО-2017 кешені құрылысын 
жалғастыруды  несиелеу  үшін 2015 жылы 
қосымша 40 миллиард теңге бөлуді тапсы-
рамын.
Бесінші. ЭКСПО-2017 қарсаңын да бізге 
Астананың көліктік инфра құрылымын дамы-
ту туралы ойлас тыру қажет. Астана аэропор-
ты осы жылдың өзінде-ақ өзінің максимал ды 
өткізу қабілеті – 3,5 миллион адамға жетеді. 
Сондықтан  оның  əлеуетін  ұлғайту  үшін 
2015 жылы жаңа терминал құрылысы мен 
ұшу-қону  жолағын  қайта  жаңғырту  үшін 
29 миллиард теңге бөлуді тапсырамын. Бұл 
өткізу қабілетін 2017 жылға қарай жылына 
7,1  миллион  жолаушыға  дейін  ұлғайтуға 
мүмкіндік береді.
Құрметті қазақстандықтар!
Экономиканы  дамытуда  жаңа  сырт қы 
тəуекелдерді  есепке  ала  оты   рып,     бізге 
іскерлік белсенділік пен жұмыспен қамтуды 
ынталандыру үшін жаңа бастамалар қажет. 
Жаңа  Эко   номикалық  Саясаттың  Тұғыры 
мен  бүгін  жарияланғалы  отырған  Ин    фра     -
құрылымдық дамудың жос   пары бо лады. Ол 
5 жылға есептелген жəне қатысуға 100-ден 
астам шетелдік ком па  ниялар ниет білдіріп 
отырған  ҮИИДБ-ны  жүзеге  асырудың 
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ. Нұрлы жол – болашаққа бастар жол

№12    2014    А И АТ
6
Екінші бес    жылдығына сəйкес келеді. Жалпы 
инвес    тициялық портфель 6 триллион тең гені 
құрайды, мемлекеттің үлесі – 15 пайыз.
***
Қазақстан – ұшқан құстың қанаты тала-
тын ұлан-ғайыр аумақтың иeci. Сондықтан, 
аталған жоспар орасан қаражат пен еңбекті, 
аса ауқымды жұмысты қажет етеді. «Елдің 
өркенін  білгің  келсе,  жолына  қара»  деген 
қағида қалыптасқан. Барыс-келіс пен алыс-
берісте жол қатынасы айрықша маңызға ие. 
Көне замандарда ірі қалаларымыздың көбі 
Ұлы Жібек жолын жағалай қоныс тепкен.
Қазір де қайнаған тіршілік күре жолдардың 
бойында. Жол – шын мəнінде өмірдің өзегі, 
бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық ай-
мақ тар теміржолмен, тасжолмен, əуе жолы-
мен өзара тығыз байланысуы керек. Астанада 
тоғысқан тоғыз жолдың торабы елорданың 
жасампаздық рухын тарататын өмір-тамырға 
ай налуы тиіс. Аймақтардың өзара байланы-
сын жақсарту елдің ішкі əлеуетін арттырады. 
Облыстардың бip-бipiмeн сауда-саттығын, 
эко но микалық байланыстарын нығайтады. 
Ел  ішінен  тың  нарықтар  ашады.  Осылай, 
алысты жақын ету – бүгінгі Жолдаудың ең 
басты түйіні болмақ.
***
Бірінші. Көліктік-логистикалық инфрақұ-
рылымдарды  дамыту.  Ол  макроөңірлерді 
хабтар  қағидаты  бойынша  қалыптастыру 
аясында жүзеге асырылатын болады. Оның 
үстіне, инфрақұрылымдық қаңқа Астанамен 
жəне макроөңірлерді магистральды автомо-
биль, темір жол жəне əуе жолдарымен шұ ғыла 
қағидаты бойынша өзара байланыстырады. 
Бірінші кезекте, негізгі автожолдар жобасын 
жүзеге  асыру  қажет.  Бұлар  Батыс  Қытай 
–  Батыс  Еуропа;  Астана – Алматы;  Аста-
на – Өскемен; Астана – Ақтөбе – Атырау; 
Ал маты – Өскемен; Қарағанды – Жезқазған 
– Қызылорда; Атырау – Астрахань.
Сондай-ақ, елдің шығысында логисти-
калық  хаб  жəне  батысында  теңіз  инфра-
құрылымын құруды жалғастыру қажет. Ба-
тыс бағытта Каспий порты арқылы экспорт-
тық  əлеуетті  арттыруға  Құрық  портынан 
ауқымды паромдық өткел жəне Боржақты – 
Ерсай теміржол желісі ықпал ететін болады. 
Үкіметке Қытайдың, Иранның, Ресей мен ЕО 
елдерінің «құрғақ» жəне теңіз порттарында 
терминалдық қуаттар салу немесе жалға алу 
мəселесін ойластыруды тапсырамын.
Екінші. Индустриялық инфра құ рылым-
дарды дамыту. Инфра құ ры лымдық жобалар-
ды жүзеге асы ру құрылыс материалдарына, 
көлік тік-коммуникация лық, энер гетика лық 
жəне тұрғын үй-коммуналдық салалар үшін 
өнімдер  мен  қызмет  көрсетулерге  үлкен 
сұраныс тудырады.
Осыған байланысты, бірін шіден, жұмыс 
істеп тұрған арна йы экономикалық аймақтар-
да инфра құрылымдар қалыптастыру жұмыс-
тарын аяқтау керек. Үкіметке жəне əкімдерге 
оларды  нақты  жобалармен  толықтыру 
бойын ша жедел шаралар алу қажет. Екін-
ші ден,  өңірлерде  ШОБ  өндірісін  дамы-
ту  мен  қосымша  инвестициялар  тартуға 
бағытталған жаңа индустриялық аймақтар 
салу  мəселесін  ойластырған  жөн.  Туризм 
үшін инфрақұрылым – жеке бағыт.  Оның 
басты басымдығы жұмыс орындары санын 
көптеп  құру  мүмкіндігі  болып  табылады. 
Мұнда бір жұмыс орнын құру өнеркəсіпке 
қарағанда 10 есе арзанға түседі.
Үшінші.  Энергетикалық  инфра құры-
лымдарды дамыту. Өткен 5 жылда энерге-
тикада  индустрия ландыру  бағдарламасы 
шеңберінде  үлкен  жұмыстар  жүргізілді. 
Соған қарамастан, магистральдық желі лердің 
шектеулілігі  елдің  оңтүс тік  өңірлерінде 
электр энер гия сының, орталық жəне шығыс 
облыс тарында табиғи газдың тапшы лығын 
туындатып  отыр.  Екі  жобаға  назар  салу 
керек. «Екібастұз – Семей – Өскемен» жəне 
«Семей – Ақтоғай – Талдықорған – Алма-
ты»  бағыттарында  жоғары  кернеулі  желі-
лер  салу  қажет.  Бұл  қазақстандық  электр 
стансаларының  елдің  барлық  өңірлерін 
теңдестірілген  энергиямен  қамтамасыз 
етуіне мүмкіндік береді.
Төртінші.  Тұрғын  үй-коммунал дық 
шаруа шылық  пен  су  жəне  жылумен 
қамтамасыз  ету  желілері  инфрақұ рылым-
дарын жаңғырту. Инвестицияларға жалпы 
қажет тілік  қаржыландырудың  барлық 
көздерінен 2020 жылға дейін жыл сайын ең 
азы 200 миллиард теңге бөлгенде кем дегенде 
2 триллион теңгені құрайды.
Бүгін  ТКШ-ны  жаңғыртуға  инвести-
циялар  салуға  Еуропа  Қайта  құру  жəне 
Ізгілікті қоғамға барар жолда

№12    2014    А И АТ


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет