ді біз де айтар едік.
Діни ұғымда Аллаға қарата айтыла-
тын «Бар да өзіңсің, барлық та өзің-
сің, Патша да өзіңсің, патшалық та
өзің сің» деген түсінік бар. Осы түсінік
қалған патшалықтарға да тəн. Айтылар
əңгі мені өзімізге жақын түсінік бой-
ынша сараласақ, Патша – Президент,
патшалық – президенттің өкілеттігі.
Мəселен, Қазақстан – мемлекет. Мем-
ле кетті басқаратын қалыптасқан жүйе
бар. Жүйені іске қосатын тетік – өкі-
леттік. Ал, ол өкілеттіктің иесі – Прези-
дент. Өкілеттік материя емес, ол – руха-
ни күш. Осы рухани күш жоғарыдағы
хадисте айтылатын «Алланың жердегі
көлеңкесі». Алайда, онда материалдық
көрініс болмағандықтан, біз оның иесін
соның өзі деп қабылдаймыз.
Рухани қуат, яғни өкілеттік Қазақ-
станды толтырып тұратындықтан, Қа-
зақ станда болып жатқан іс-əрекеттің
барлығы сол өкілеттікке тəуелді, əрі
мұқтаж болады. Ұшқан құс, жүгірген
аң сол өкілеттік арқылы қорғалады. Ал,
оның материалдық көрінісі – қабылданған
заңдар. Алайда, қай заң да өкілеттік иесі
қол қоймайынша күшке ие бола алмайды.
Яғни, өкілеттік өздігінен басқарылмайды.
Табиғат белгілі бір заңдылықтар бойынша
өзін-өзі басқарады деу – атеистік түсінік.
Өкілеттіктің болуы, оны басқаратын
президенттің болуы бізге Алланың
бар екендігін жəне барлық нəрсенің
соның құзырында (өкілеттігінде) тұра-
тындығын əйгілейді. Сондықтан, Қа-
зақ станға аяғы тиген əр жан Прези-
дент өкілеттігі құзырына келіп кіреді,
əрі содан пайдаланады. Басқасын бы-
лай қойғанда, кім де болсын жұтқан
ауасы үшін де сол өкілеттік алдын-
да борышты болады. Себебі, Пре-
зидент
өкілеттігі
Қазақстандағы
эко ло гиялық ахуалды саралап, ауа
тазалығы үшін де қызмет етеді. Əрі-
бергі көліктер қатынасы, жарық пен
газ, адам құқығының сақталуы, тіпті,
жайлы жатып, жақсы тұрғанымыз
үшін де біз Президент өкілеттігіне бо-
рыш тармыз
.
Мемлекетті
басқару
жүйе сінің əр тетігін іске қосатын –
сол өкілеттік. Ал, соны іске асырушы
əр сала қызметкерлеріне олардың
құзырына орай өкілеттікті беруші –
Президент. Сондықтан, кім де болсын
сол өкілеттік құзырына мойынсұнбаса,
жоғарыда айтқанымыздай, өзінің,
əрі жеті атасының иманын күйдіреді.
Себебі, Президент өкілеттігінің бір
күнгі қызметін өмір бойы намаз оқып
өтей алмайсың. Жалпы, Президентке
деген оппозициялық көзқарас, оған
берілген өкілеттікті түсінбеуден келіп
шығады. Бұл – Адам атаға берілген
өкілеттікті түсіне алмаған шайтандық
кердің бүгінгі көрінісі.
Енді, осы айтқандарымызды діни
тұрғыдағы түсінікпен үндестіре өрбітейік.
Жоғарыда келтірген Аллаға қарата айты-
латын «Бар да өзіңсің, барлық та өзіңсің»
деген түсінікті тағы да қайталайық. Со-
нымен, бар – Алла, ал, барлық – соның
өкілеттігі. Ал, енді, сол өкілеттікте Ал-
ладан басқа біреу билік құра ала ма?
Əрине, жоқ. Себебі, ол өкілеттіктің
иесі – Алла. Кəлима шаһадаттың «Ал-
ладан басқа тəңір жоқ» деген алғашқы
жолы осыдан келіп шығады. Бұл –
иман. Біздің жоғарыдағы мемлекетке
қатысты айтқан түсінігіміз де тура осы
тəрізді. Мəселен, мемлекет – Отан. Ал,
хадисте айтылғанындай, Отанды сүю –
иманнан. Мəселе мəніне бойлаған сай-
ын бəрінің бір нəрсе екендігіне кімнің
де болсын көзі жете түседі. Сонымен,
Алла өз өкілеттігінде 18 мың əлемді
жаратты. Өкілеттік деп отырғанымыз
– Пайғамбарымыздың нұры. Бұл
тұрғыда Пайғамбарымыздың «Алла
əуелі менің нұрымды жаратты» де-
ген хадисі бар. Кəлима шаһадаттың
«Мұхаммед оның құлы, əрі елшісі» де-
ген екінші жолы осыдан келіп шығады.
Мұндағы құлы – өкілеттік те, расу-
лы – өкілеттік иесінің материалдық
көрінісі. Бүгінгі тілмен айтқанда, Адам
атамыз сол өкілеттікке ие тұңғыш пре-
Құдияр БІЛƏЛ. Дəстүрлі дін тағылымы
№12 2014 А И АТ
99
99
зидент. Алла тағала періштелерге Адам
атаға сəжде жасатты. Себебі, Адам ата
өкілеттік иесі. Ал, өкілеттік Аллаға тəн.
Демек, Алла сəждені өз өкілеттігіне,
яғни, өзіне жасатты. Өкілеттіксіз,
яғни, Алласыз ешнəрсе жүзеге аспай-
ды. Барлық нəрсе сол өкілеттіктің ішінде
тұрады. Бір сөзбен айтқанда «Құдайсыз
қурай да сынбайды». Солай бола тұра,
атеистер ғылыми тұрғыда дəлелдегендей,
мына əлемге Алла араласпайды. Себебі,
өкілеттіктің ендігі иесі – Адам ата.
Бұл – Алла қалауымен рухани əлемді
басқарудың қалыптасқан жүйесі. Рухани-
ят – мəңгілік əлем. Ол ешқашан иеліксіз,
яғни, басқарусыз қалмайды. Бəрі бір
нəрсе деп ұғынғандықтан мұны мемле-
кет басшылары ауысқанымен басқару
өкі леттігі өзгермейді деп түсінген жөн.
Пайғамбарлардың алмасып келуі де сол
сияқты. Мұсылмандар күткен Махти да
сол рухани əлемнің иесі. Ал, оның қалай
басқа рылатындығын біз материалдық
ойлау деңгейімен таразылай алмай-
мыз. Мəселен, Президент өкілеттігі
Пре зидент жарлығы арқылы материза-
цияланады. Оның жарқын көрінісі –
Астананың бой көтеруі. Астанада бой
түзеген əсем ғимараттардың бір кірпіші,
не бір шегесі Президент өкілеттігінсіз
қағылып, қаланбайды. Ал, оны өкілеттік
иесінің білуі шарт емес. Рухани əлемнің
басқарылуы да тап осы сияқты.
Пайғамбарымыздың нұры – өкі лет-
тік, ал, «Бол!» деген Алланың əмірі.
Сондықтан, мына əлемге Алла ара-
ласпайды дегенді Президент Астана
құрылысын өзі келіп жүргізбейді де-
ген сияқты түсінген жөн. Бірақ, солай
бола тұра, бəрін жасап жатқан соның
Өзі. Біз бұл жерде Өзі деп Алланы жəне
оның жердегі «көлеңкесін» қабат ай-
тып отырмыз.
Бүгінгі ғылым рухани əлемнің қалай
материзацияланатындығына көз жеткізе
бастады. Олар рухани əлемнен бөлініп
шыққан біртұтас тоғыз элементтің нөлдік
деңгейде сыңғырлаған дыбыс арқылы
заттық форманы түзейтіндігіне көз
жеткізіп, бұны «Струн теориясы» деп
атады. Олардың пайымдауынша, бұл –
кез келген заттың негізі. Аталмыш тео-
рия діни тұрғыда былайша түсіндіріледі:
сегіз элемент – Алланың сегіз сипаты,
тоғызыншы – Пайғамбарымыздың нұры,
ал, əуез – Алланың «Бол!» деген əмірі
(Осы жерде Пайғамбарымызға уақидың
сыңғырлаған əуез арқылы келетіндігін
қаперге алған жөн). Нөлдік деңгей
дегеніміз – жоқтық əлем. Діндарлар аузы-
нан жиі айтылатын «Мына əлем жоқтан
бар болды» дегенде осы «Струн теория-
сы» негізге алынады. Жалпы, дінде ақиқат
деп танылған нəрсе дəлелдеуді қажет
етпейді. Біздің Пайғамбарымыздың нұры,
руханият, өкілеттік деп отырғанымыз да
осы тоғыз элементтен тұрады. Бұл тоғыз
– тұтас бір нəрсе. Ол – біздің жанымызға
да тəн. Біздің жанымыз Алланың хаят,
құдірет, ілім, көру, есту, сөз, қалау, жа-
рату сипаттары бар Пайғамбарымыздың
нұрынан жаралғандықтан біздің ДНК бо-
лып ана құрсағына түскеннен кейін жасу-
шалар арқылы өзіміздің тəнімізді түзуіміз,
өмірге келгеннен кейінгі естіп, сөйлеуіміз,
көруіміз, өзге де іс-əрекеттерімізге «Струн
теориясы» бойынша түгелдей иелік ете-
тін бөлінбейтін осы біртұтас тоғыз эле-
мент болып шығады. Оны біз жан деп
қабыл даймыз. Діни пайымда, «Струн
тео риясы» дəлелдегендей, жансыз зат
бол майды. Бұдан бүкіл жаратылыстың
негізі бір екендігі мəлім болады. Осы
айтылғанның бəрін ислам діні «Алладан
басқа тəңір жоқ, Мұхаммед оның құлы,
əрі елшісі» деген кəлима шаһадаттың
ішіне кіргізіп жіберген. Қазақтың дəс-
түрлі діні осы түсінікке негізделген.
Мұны түсініп, қабылдай алмаған елдер
діни қақтығыстардан ешқашан арыл-
майды. Сондықтан, жоғарыда айтылған
жайттарды басқа бір қырынан тағы да са-
ралай кетейік.
Біз мұсылман болғандықтан сөз ба-
сын аса қамқор, ерекше мейірімді Алла-
ның атымен бастаймыз. Себебі, бізге
Алладан берілетін нəрсе тек рахым мен
мейірім. Ол бізге руханият, яғни, жан
дүниеміз арқылы келеді. Ұғынықтылық
үшін біз ол мейірімнің атын «Ана» деп
Тосын ой
№12 2014 А И АТ
100
100
атаймыз. Сонымен, Алладан келетін ра-
хым мен мейірімнің аты – Ана. Сəби
дүниеге келгенде осы рахман нұры оның
əке-шешесіне беріледі. Соның əсерінен
ананың баласына деген шексіз махаббаты
оянады. Ананың жан дүниесін кернеген
сол бір алау сезімді ешнəрсемен теңестіре
алмайсың. Бір сөзбен айтқанда, ана бала-
сы үшін отқа да, суға да түсуге дайын.
Солай бола тұра, еш ана баласына берген
мейір-шапағаты мен жасаған жақсылығын
міндетсімейді. Қайта баласын одан да əрі
биікке самғата алмағанына өзін кінəлі
санап, өмір бойы баласына бəйек бо-
лады да жүреді. Себебі, оған Алладан
берілген аналық мейірімде жаманшылық
болмайды. Алланың рахман нұрынан тек
жақсылық төгіледі де тұрады. Байыбы-
на барсақ, ол рахман нұр ана атаулының
табиғатына тəн емес. Ол оған берілген.
Егер ол ананың табиғатына тəн болса,
онда ананың бəрі өзге балаларға да тап со-
лай мейір-шапағатпен қараған болар еді.
Міне, осы анаға берілген мейір-шапағат –
біз жоғарыда айтқан өкілеттікке тəн. Біз
оны екінші қырынан мейір-шапағат деп
танығандықтан «Ана» деп атадық. Ол
ешқашан түгесілмейтін мейір-шапағатқа
толы энергия. Бүкіл жаратылыс соның
шапағатына шомып тұрады. Демек, ол
да ана. Мəселен, біз Отанды да анаға ба-
лаймыз. Отан ананың да өз азаматтарына
беретін мейір-шапағаты шектеусіз. Сəби
шыр етіп дүниеге келгеннен бастап, Отан
ана оны өз қамқорлығына алады. Дəрігер
бақылауында ұстайды, бала-бақшада
тəрбие, мектепте білім береді. Үй-жай
əлеуметтік жағдайы, бəрі түгелдей Отан
ананың құзырында болады. Отан ана да
өз азаматтарына бергенін міндетсімейді.
Қайта қанша берсе де, оны аз көріп,
көңілі еш көншімейді. Мемлекетіміздің
дамыған алдыңғы қатарлы 50 елдің, одан
кейін 30 елдің қатарына кіреміз деп
ылғи алға ұмтыла беретіндігі сондықтан.
Ал, материалды, яғни, сіз бен бізден
қайтатын жақсылық өлшеулі болады.
Мəселен, бір əкенің он баланы асырай
алатындығы, ал, он баланың бір əкені
асырай алмайтындығы шындық екендігін
ешкім де жоққа шығара алмайды. Себебі,
əкенің қамқорлығы – рухани болса,
балалардағы – материалды. Əкенікі –
өлшеусіз, балалардікі – есепке құрылған.
Олардың қай-қайсысы да əкелеріне
қалай жақсылық жасағанын, не беріп, не
қойғанын жіпке тізіп жүреді. Өздері ұмыта
бастаса, əйелдері естеріне салады. Отан
анаға деген біздің қарым-қатынасымыз
да тап осы сияқты. Отан ананың бізге
бергені – рухани, біздікі – материалды.
Сондықтан, біз де Отан анаға бергенімізді
міндетсіп, соның қарымтасы қайтпады
деп ұдайы кіржиеміз де жүреміз.
Біз мысалға келтірген осы үш
ананың негізі бір. Ол негіздің «Струн
теориясы» бойынша қалай материза-
цияланатындығын жоғарыда айттық. Ол
теория бойынша барлық жаратылыстың
негізі бір. Осы теорияны діни тұрғыда
сараласақ, жəннат та содан келіп шығады.
Хадисте айтылатынындай «Жəн нат – ана-
лардың аяғының астында» делі нетін дігі
сондықтан. Құран Кəрімде Алла əке-
шешеге жақсылық қылып, Өзіне жəне
əке-шешеге шүкіршілік ету қажеттілігін
айтқан. Біз осы аятты жəне жоғарыда
айтылғандарды түсінсек те, түсінбесек те
«Аллаға шүкір» дейтіндігіміз сондықтан.
Алайда, біз осы шүкіршіліктің ішінде
ру ханиятқа, Отанға, əке-шешеге деген
шүкіршіліктің де тұратындығына мəн
бермейміз. Құдайшылығын айтсақ, мəн
бермейтіндер негізінен дəстүрлі діні мізді
мойындамайтындар. Сирияға жиһад шы-
лап кеткен жүз елу отандасымыз «Патша
– Алланың жердегі көлеңкесі», «Жəннат –
аналардың аяғының астында» деген хади-
стер мəніне бойлай алғанда ондай қадамға
аттап баспаған болар еді. Патшаның,
Отанның, ананың ризашылығын алмаған
адам ешқашан жəннатқа кіре алмайды.
Өйткені, ол ризашылықтарда Алланың
ризашылығы тұрады. Дұрысы – Өзі
тұрады.
Бір ауыз сөзбен руханиятты, өкілеттік
пен үш ананы əруақ деп атаймыз. Ал,
оны тек сопылық таным-түсінік арқылы
ғана танимыз. Біздің дəстүрлі дін деп
отырғанымыз да сол.
Құдияр БІЛƏЛ. Дəстүрлі дін тағылымы
№12 2014 А И АТ
101
101
Адымын ауылда ашып, ат жалы на
жармасып, сағым қуалап өс кен адам-
ды қаланың бір қалыпты сүрең сіз
тірлігі кейде жалықтырып жіберетіні
шындық. Бітіріп жатқан түгің жоқ.
Алайда, қарбаластықтан мұр ныңа
су жетпей, шапқылайсың да жүресің.
Аракідік жұмыстан соң қа сы ңа жұ-
байыңмен балаңды ертіп, кешкі серу-
енге шыққаныңмен оның да жаныңа
силайтын лəззаты шамалы. Күнде
көріп көзің жауыр болған тас қала.
Жатып кеп ауылды аңсайсың. Ауыл
басқа, қала басқа. Ауыл шіркін алтын
ұя ғой. Ауылда кімнің үйіне барам, –
деп бас қатырмайсың. Көрші-қолаң,
бəрі туысқаның сияқты. Қалаған
уақытыңда кіріп шығасың. Əйтеуір,
уақыт талғамайсың. Бала біткен,
тіпті, үй бетін көрмейді. Адымы жет-
кен жерге сүрініп жығылып, сол үйге
түнеп шығады. Ал, қала да ше? Бəрі
керісінше. Түс таныстарыңмен аман-
сəлемің дұрыс. Көршіңнің үйінің өзіне
шаруаң болғанда ғана бас сұғасың.
Онда да кінəлі адамдай есігін еппен
қағып, рұқсатын аласың. Бейбере-
кет есігін қағуға дəтің бара бермейді.
Е-е, Қашанғы көршіңнің есігін қаға
бересің?! Содан келіп не істейсің?!
Баяғы үйдегі теледидарға телміресің.
Ондағы түрік пен орыстың сериял-
дарынан жалығып, жаңалық қараған
боласың. Оның да шекесі қызып
Боямасыз өмір
«БАЛЫҚ АУЫЗ, БАҚА ТІЛДЕС»
ТІЛІ ШҰБАР, ДІЛІ ЖЕТІМДЕР
БҰНЫ ТҮСІНЕ МЕ?
жатқаны шамалы. Қырып кетіпті,
ақша жеп қойыпты, өртеніп өліпті,
зорлап кетіпті, асылып ана дүниеге
аттаныпты, – деген жаңалықтардан
құлағың жауыр болады. Жағаңды
ұстайсың. Көңілге болмаса құлазып
қаласың... Содан соң, кешқұрым қа-
ла лықтардың
жайлауы
балконға
шы ғасың. Үйіңнің алдынан арлы-
берлі өткендерге назарың ауады. Ата
сақал ауызына біткен, мешіттердегі
жамағаттың санын көбейтіп, үйдегі
бала-шағаға ақылшы болатын аға-
лары мыздың өзі шолақ шалбар киіп,
есінеп-құсынап теңселіп бара жата-
ды. Алтынға оранған шашы бұйра,
жалаңбас əжелер... Оларды айтпаған
күннің өзінде, əсіресе, жастарға қарап
қарның ашады. Көрші қыз-қырқын,
жігіт-желеңнің əрекеті ойыңды қам-
шылайды. Олар болса үлкендер бар-
ау, – деп те қымсынбайды. Қолына
ілін генін үстіне іліп, ойына келгенін
істейді. Жастықтың желігі шығар! –
дейін десең, бізде бозбала болған сияқ-
ты едік. Бізде көршінің қызына ға-
шық болғамыз. Алатаңға кірпік ілмей
бармақ тістеп ойланып;
Көрші бойжеткен,
Сенде бір сұлулық бар бойды еріткен.
Күндіз көрсем түнімде тұрып алдың,
Көз алдымда көлбеңдеп көк көйлекпен,
– деп өлеңде шығарғамыз. Бірақ, бүгінгі
жастар сияқты жұрт көзінен қымсынбай
айқаса кетпеуші едік. Сол жазған өлең-
дерімізді кейіпкеріне оқып бергенше асық
болып, соларға жолығудың оңтайлы сəтін
күтіп, жұрт көзінен таса жерлерді тору-
ылдаушы едік. Ондай сəтте ол шіркіндер
Мұқият ҚОЙШЫБАЙҰЛЫ,
Арқалық қаласындағы Дала
өлкесі тарихы облыстық өлке тану
мұражайының ғылыми қызметкері
№12 2014 А И АТ
102
102
де келе қойса ғой. Зарықтырып, сабырың
таусылғанда келіп, қолынан бір ұстатып
кеткені біз үшін айға бір барып кел-
генмен барабар еді-ау! Ал, қазір ше?!
Бəрі өз бағасынан айрылған сыңайлы.
Менің қылықты қарындастарыммен
талғамсыз бауырларыма бəрібір сияқ-
ты. Болашақ ұрпақтардың ата-ана-
сы болатындардың бүгінгі жағдайы
осындай. Ішің ауырмай қайтсін. Тіпті,
жақын көршім ана бір қарындастың
қылығы менің жынымды келтіреді.
Намысымды жер етеді. Түр десе түр,
бой десе бойы бар. Сымбатты, қарақат
көздері мөлдіреген, əп-əдемі сұлу қыз.
Қазақтың қара домалағы құрып, не
болмаса қырылып қалғандай, қашан
көрсең қайдағы бір басы көзін жирен
сақал басқан орыс жігітінің құша-
ғында өміріне риза балқып тұра ды.
Қолдан келер шара жоқ. Егер, оның
орнында қара домалақ қазақ жігіті
болғанда сыртынан сүйсініп, ішімнен
соларға бақыт тілемес пе едім. Ал,
мына көріністі көріп қаным басыма ша-
бады. Өзіммен-өзім бұлқан-талқан бола-
мын. Менің мұндай қылығымды көрген
əйелімнің жүйкесі сыр беріп, – жұртта
шаруаң қанша? Жайыңа жүрмейсің бе, –
деп шамданады. Кейде сол үшін жазығы
жоқ ол байқұсты ұрсып, өкпелетіп те
аламын.
Бала күнімнен қазақылық бойына
сіңген менің ұстанымыма қайшы кел-
ген мына қара көз қарындасымның
болашағын ойлап кейде түнімен
дөңбекшимін. Мүмкін, біреулер ойлай-
тын шығар! Осының жұртта жұмысы
қанша? Сіңген тамағын ішіп, жайына
жүрмей ме екен, – деп. Кешірерсіздер!
Мен өйте алмаймын. Қазақтың əрбір
қара көзі менің қарындасым! Болашақ
ұрпақтарымның анасы. Ертең елге
тұтқа болатын ұлдарымның сүйікті
жары. Сіз осыны түсінуге тиіссіз... Ой
Құдай-ай, ана қыздың ата-анасы, аға-
бауырлары сонда қайда қарап отыр?!
Бай қамай қалды дейтін емес, күнде
көрем. Сонда не, көрседе көрмеске салып,
шар шаған үкі құсап көзін жұмып отыра
бере ме?! Жарайды, махаббат, бауыр еті
баласының талғамы деген күннің өзінде
ертең «Менен тарған тұқым еді», – деп,
өзге бір ұлттың қуыршағын құшағына
алып, қалай мейірленбек. Қалай басынан
сипап, ықыласын аудармақ. «Қанымның
тазалығы, арымның тазалығы», – деп
шырылдаған болаттай берік ата дəстүрім
қайда қалды? Мен осыны түсіне алмай-
мын. Ұзақ ойға шомып, өткен тари-
хыма көз жүгіртемін. Бабаларыма
қиянат жасап жүргендей күй кешемін.
Əрі-беріден соң мына бір тосын жағдай
көз алдымды кес-кестей береді...
Иə, осыдан бірнеше жыл бұрын.
Яғни, Қытай халық республикасы Іле
қазақ автономиялы облысы Текес дейтін
ауданда орын алған оқиға еді. Мен сол
жылы 11-сыныпты тəмамдайтын кезім
болатын. Ал, негізінде осы ауданнан екі
жүз шақырым ауылда өмір есігін ашқан
қара домалақтың бірімін. Бірақ, осы ау-
данда тұратын апа-жездемнің үйінде
жатып оқимын. Біз тұратын шағын ау-
данда көршілеріміздің басым бөлігі өзге
ұлттың өкілдері. Арасында жиыр ма
түтінге жетер-жетпес қазақтар тұ-
ратын едік. Біз аз болғасын да қа-
зақтар
бір-бірімізбен
туысқандай
жа қын араласамыз. Бір күні көрші-
міз дің менен екі, үш жас үлкен қызы
күйеуге қашып кетіпті, – деп естідік.
Қанша дегенмен қарға тамырлы қа-
зақ пыз. Құтты болсын айтып, бар-
ған жерінде бақытты болсын! – деген
із гі тілекпен сол үйден төбе көрсету
əуелден қанымызда бар қасиет. Ести
са лы сымен апа-жездем сонда кетті.
Неге екенін барғандарынан, келгендері
тез болды. қабақтары түсіңкі, түрлері
бір түрлі абыржулы. Көңілге болмаса
сасып қалдым. Көп бөгелместен жез-
демнен не болғанын сұрай бастадым.
Жездем аз-кем маңдайын ысқылап
тұрды да, – Балауса бəрімізді жерге
қаратты, – деді күрсініп (ол қыздың
аты Балауса еді). Мен үнсіз сұраулы
көзбен жездеме қарадым. Жездем сөзін
қайта сабақтады. Түрінде ашудың табы
байқалады. – Ана шүйке бас қазақтың
М. ҚОЙШЫБАЙҰЛЫ. «Балық ауыз, бақа тілдес» тілі шұбар, ділі жетімдер бұны түсіне ме?
№12 2014 А И АТ
103
103
баласы құрып қалғандай Қытайға
тиіпті! – деді жерге қарап. Менің де
өзегім солқ ете қалды. Ашуым өксік
болып алқымыма тығылды. Орны-
Достарыңызбен бөлісу: |