№12 2014
А И АТ
80
80
кандидаттық диссертация қорғау жөнінде
мамандырылған Кеңес құрды.
Қарқынды ғылыми-зерттеу жұмы сының
нəтижесінде 1986 жылы С. Н. Сə бі кенов
Қазақ ҚСР Ғылым Ака демиясының фило-
софия жəне құқық институты жанындағы
мамандырылған кеңесінде «Кеңес қоғамында
құқық жəне əлеуметтік мүдделер: теориялық
арақатынасы мəселелері» атты тақы рыпта
докторлық диссертациясын ойда ғыдай қорғап
шық ты. Ресми оппоненттер, аса көрнекті ға -
лым-заңгер академик С.З.Зиманов, КСРО
Ғылым Академисының коррес пон дент-
мүшесі, Əзірбайжан КСР Ғылым Академия-
сының академигі Д.А.Керимов, Россия
Федерациясының ғылымға еңбек сіңірген
қайраткері, заң ғылымының докторы, про-
фессор В.П.Казимурчик С.Н.Сə бікеновтың
диссертациясына жо ға ры баға берді. Бұл
докторлық дис сер тация республиканың
ғылыми өмі рінде айтарлықтай оқиға болды.
С. Н. Сəбікеновтың заң ғылымына сіңір ген
еңбектері жоғары бағаланып, ол 1994 жылы
Жаратылыс тану ғылымдар Академиясының
академигі жəне оның Төралқа мүшесі болып
сайланды, сонымен қатар 1995 жылы осы
ғылым саласын дамытуға қосқан салмақты
үлесі үшін заң ғылымдарының докторы, про-
фессор С.Н.Сəбікенов Қазақстан Республи-
касы Ұлттық Ғылым Академиясының кор-
респондент-мүшесі болды. 2003 жылы заң
ғылымдарының докторы, про фес сор С.Н.
Сəбікеновтың ғылымға қос қан сү белі еңбегі
жоғары бағаланып, ғы лым жүйесіндегі
ең жоғары атақ – Қа зақстан Республика-
сы Ұлттық Ғылым Академиясының толық
мүшесі – академик болып сайланды. Ғалым-
заңгер ретінде академик С.Н.Сəбікеновтың
үзбей еңбек етіп келе жатқан үлкен арнасы
– мемлекет пен құқықтың жалпы теория-
сы, конституциялық, халықаралық құқық
салалары. Ол осы салалардың дамуына
қомақты үлес қосқан ірі ғалым.
Академик
С.Н.Сəбікенов біздің республикамызда ғана
емес, ТМД елдерінің, алыстағы шет елдердің
ғылыми-педагогикалық жұрт шылығына да
кеңінен таныс, құрмет пен беделге ие болған
оқымысты.
Академик С.Н.Сəбікенов – еліміздегі
мем лекет пен құқықтық жалпы теориясы
саласындағы жетекші ғалым-заңгер. Оның
ғылыми шығармашылығында айқын көзге
түсетін ерекшелігі –зерттеу тақырыптарының
жан-жақты, кешенді түрде болуы жəне
терең талдануы.
Академик өзінің ғылыми
еңбектерінде Одақта алғашқылардың бірі
болып, құқық пен əлеуметтік мүдделердің
өзара ықпал етуінің теориялық проблема-
лары, заңды жəне заңға қайшы мінез-құлық
факторлары жүйесіндегі мүдделер, мемле-
кетте жеке адамның өзара жауапкершілігі,
мемлекеттік егемендік, қоғамда бой көр-
сететін мемлекеттік-құқықтық режимнің
заңдылығы жəне халықаралық құқықтық,
конституциялық құқықтың өзекті мəсе-
лелерін, басқа да маңызды проблемалар
секілді заң ғылымындағы іргелі мəселелерді
зерттейді. С.Н.Сəбікеновтың зерттеулерінің
ішінен 80-жылдары кең тараған «Құқық
жəне қоғамның əлеуметтік мүдделері» (1986
ж.) атты монографиясын ерекше атауға бола-
ды. Монографияда теориялық-əдіснамалық
мəселелерді күн тəртібіне қойып, сыни
көзқараспен жазылған бұл монография өзі-
нің ғылми-практикалық құндылығымен қазір
де ерекшеленеді.
Ғалымның ғылыми жетекшілігімен жə-
не авторлық қатысуымен жарық көрген
«Қо ғамдық ғылымдардың методологиялық
проблемалары» (1987ж.), «Құқықтық мем-
лекеттің тұжырымдамасы (тарих, теория
жəне практика)» (1995 ж.), «Салыстырмалы
мемлекеттік құқық» (2000 ж.), т.б.
атты мо-
нографияларына ғылыми жұртшылық, билік
пен шаруашылық өкілдері аса қызығушылық
танытты. Оның қаламынан 200-ге жуық
ғылыми зерттеу жарық көрді. Ол жариялаған
ғылыми еңбектерінде демократиялық, құқық-
тық мемлекет ретін де Қазақстан Рес пуб-
ликасының қалып тасуы, оның жаңа ұлттық
құқықтық жүйе сін құру үшін ғалым зерттеп
жүрген про блемалардың қазіргі жағдайда ке-
зек күттірмейтін тұжырымдық мəні бар.
С.Н.Сəбікенов тек қана ірі ғалым, ұла-
ғатты ұстаз ғана емес, ол туған елінің қоғам
жұмысына белсене қатысып жүрген қо-
ғам жəне мемлекет қайраткерлерінің бірі.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жар-
лығымен С.Н.Сəбікенов 1995-1998 жыл дары
Қазақстан Республикасы Конс титуциялық
Кеңесінің мүшесі болып тағайындалып,
еліміздегі конституциялық құқықтың іске
асуына өз үлесін қосты. Одан кейін 1999
жылы Қазақстан Республикасы Жоғары
Соты жанындағы ғылыми-конституциялық
кеңесінің мүшесі болып,
сот саласында да
жемісті еңбек етті. С.Н.Сəбікенов заңгер-
ғалым ретінде тəуелсіз еліміздің алғаш
Конс титуциясын жасауға белсене қатысқан
тұлғаның бірі. 1989-1994 жылдары Қазақ
ҚСР-нің сайлау жəне халық депутаттарын
кері шақырып алу жөніндегі Орталық сайлау
комиссиясының мүшесі болды. Қазақ КСР
Жоғарғы Кеңесінің халық депутаттарының
Келбет
№12 2014
А И АТ
82
82
...
Алматы. Тау бөктеріндегі екі қабатты
коттедж. Темір дарбаза пультпен басқарылып,
жылжи ашылып, көлік аулаға кірді. Шағын
алма бағы көз арбайды. Қоңыр-қызыл апорт
мəуелі жемісімен қызықтырады. Аясына
түрлі сəкі, тербелісті орындықтар қойылған
екен, нəті немерелердің ойын көрігі қызатын
алаңқай осы болса керек. Ұйыса өскен көк
шөбі үлкен-кішінің делебесін қоздырып,
жа лаңаяғын қытықтай жөнелетіндей...
Осы
қызықтың бəрінің иесі – отағасы Фа-
зылхан Бəйімбетовтің жоқтығы сезіліп,
ой ауырлап, көңілді мұң торлай баста-
ғанда, іштен елу жылдай отасқан зайы-
бы Роза Сүлейменқызы Жəкежанова
көрінді. Бəкеңді бір кездері ғашық еткен,
шаңырағын мейірім шуағына бөлеген,
жарының ғылыммен алаңсыз айналасуы-
на жан-жүрегімен дəнекер болған, бүгінгі
байсалды да сүйікті əже Роза. Сыңарынан
айырылған аққудай жанарынан сағыныш
жасы мөлтілдеп, сыңсығандай болды...
Үнсіз егіледі... Ерін жоғалтқан бес айдан
бері сылынып, жүдеу жүзі солғынданып,
көз нұры бəсеңсіп, орны енді еш толмай-
тын ардағын жоқтауға біржола мойын
ұсынғаны, тас-түйін бекінгені сезіледі...
Басу айттық. Төрге өткенімізде, Фазылхан
ағамыз тірі жандай боп, үлкен портретінен
жайдары жымиысымен көріне қалды-
ау... Анасы Мəкіш кейуананың суреті де
ұлымен жанастырыла қойылыпты... Əке
бейнесі де бұлдырайды...
Кешегі дəурен сүргендер – бүгін жоқ!
Жансыз бейнелер. Суреттен ғана ишара жа-
сайтындай. Ата-ана үш ұл өсірді: Назархан,
Фазылхан жəне Сағынған. Соңғысы Астанада
тұрады. Əкеден ерте айырылғандарды əулет
үлкені боп қалған Назархан қара еңбегімен
қыбырлап жүріп, оқытты, адам қылды. Фа-
зылхан бауыры əлемге əйгілі оқымысты бол-
ды. Көзі жұмылғанша інісінің абыройымен
масаттанып жүруші еді. Бəкене денелі, бойы
кішкене, шалт қимылды шымыр жанның мал
ПЛАЗМА
ФИЗИКАСЫНЫҢ АТАСЫ
баққаннан басқа кəсібі болмайтын. Үн-түнсіз
еңбегін істеп, адал терін төгіп, төлді құнттап
өсіріп, ел байлығын еселегенін екінің бірі
біледі. Мұнысын міндет қылмайтын. Биліктен
ештеңе дəметпепті. Еңбегі жанып, бауыр-
лары аман болса, соған тəубəшіл еді, басқа
есепті білмейтін. Сұраншақтығы жоқ. Тіпті,
маңдай ақысы – ақшаның мөріне қарап жат-
пайтын, шешесіне бере салады. «Фазылхан
миымен жұмыс істейді ғой. Қуған ғылымы
ауыр деседі, соның қажетіне жаратшы»,–
дейтін анасына.
Анасы Мəкіштің қолынан
не жұмыс өтпеді. Иілмейтін еменді көріп,
сол кісіні ойлаңыз. Күні-түн тізе бүкпей
жүріп, шиеттей балаларын ер жеткізді.
Əрқайсысы өз биігін алыпты. Малшы,
ғалым жəне есепші... Бəрі де керек маман-
дық. Мына дүниенің қабырғасына кірпіш
боп қалана білген.
Туған жерден бірі елі ажырамай еңбек
еткен Назарханның қоғам малын баққан
кешегі Алтынсарин атындағы кеңшар (Қос-
танай облысының Жанкелдин ауданы) жеке-
шелендіріліп, берекесі қаша бастаған тұста
Фазылхан інісі ауылға бара қалады. Мəкіш
ана сандығын ашып, кішігірім той жасай-
ды. Марқұм шешіліп, шешен сөйлейтін, ой
тамызығы əманда маздап жанып тұратындай
тапқыр, ақылгөй, арғы-бергіні саралап түйін-
деп, қажеттісін ұстанымына лайықтай қоя-
тын нағыз кесімді кісі екен. Фазылханның
оңашадағы əңгіме ауанына қарап отырып:
«Түбі бұл жер иесіз қалады ғой, көшіп
жатқандар көп. Ата-баба аймағын өздерің
ұстап қалыңдар», – дегенде, ұлының он-
сыз да үлкен көзі шарасынан шығыңқырап,
ана сөзін басын изеп құптап қойған.
Ана
дөп айтыпты, ұлы сол ақылды кейін іске
жаратыпты. Сол атамекенінде Фазыл-
хан қора соқтырып, мал өсірткізіп, егін
еккізе бастаған еді. Туған жерінің түтінін
қайыра түтеткен. Əттең, демі үзілді... Ама-
наты ұрпағына ауысты. Қалада өскен
ұлы Нұрлан əлгіндей жұмыстың барлық
тауқыметін өзіне меншіктеп алыпты.
Ақырғы демі таусыларда қайран Бəкең
тынысы тарылып, көзі алақ-жұлақ етіп жар-
қылдап, Айгүл, Нұрлан, Баян балала рының
Келбет
№12 2014
А И АТ
83
83
аттарын атап, еміреніп жатыпты...
Сенесіз бе,
сенбейсіз бе, өзі тəрбиелеп жүрген шəкір-
тінің ғылыми атағын қорғағанын көре
алмаймын-ау деп өкініпті, жарықтық.
Бəл кім есіне Розасына бірер күн бұрын
күбір леп ескерткен өтініші де санасын
найзағайдай осып өткен болар? Ауыз
бар майтын емеурін еді. Бірақ, өмірмен
түбі қоштасарын сезген ақылман, асыл
жара тылыс ішінде бүгіп қала алмапты.
Өзін емес, анасын асқақтатқысы келген
шығар. «Жазып алшы» деп қиылыпты
Розасына. Жарының да жанын сызда-
татынын білсе де, айтпауына болмапты.
Үзік-үзік етіп жаздыртыпты. Бастапқыда ба-
сын ала қашқан зайыбы көнген. Əр əріптің
тікенін жүрегіне кірш-кірш сұғып отырып
жазыпты:
«Еңбек – өмір, негізің, Деген ұлы
фəлсафа. Сүтіменен анамның, Сіңді менің
қаныма!» «Фазылхан дерсің. Құлпытасқа
жаздыртшы, сəулем!..» Ортақ өксік! Ма-
хаббат өксігі! Анасының сүтінен қанына
тараған ұлы еңбекқорлық қасиетіне соңғы
табынуы екен. Отанын тек жасампаз
Еңбек көтеретініне сенгендігінің ишарасы
екен... Қарапайым еңбекке ғұмыр бойы
малынып өткен есті жанның, ғалымдық
атағы мен абыройын əлемге жайған сол
Еңбекке деген соңғы құрметі мен табы-
нуы болыпты-ау, бұл өсиеті.
...Қытайдан жасаттырған құлпытаста бе-
дер леніп, Ана мен Еңбектің мəңгі дəріптелуі
тұр! Өмірден еңбексіз мəн іздемеген Ғалым-
ның ересен қайраты мен ыстық жүрегінің
тіршілікті қимаған лүпілі де Кеңсай самалы-
мен араласып, бетті ызғырығымен қари-
тындай... Рухы оның бір төмпешікке симай-
ды ғой, енді қайтіп көрінбесе де ап-анық
бейнесі көңілден кетпес... 72 жас ғұмырында
өшпестей із қалдырып кеткен екен. Ондаған
мемлекеттің ғалымдары өксік буған қаралы
сөздерін Фазылханның отбасына тегіннен-
тегін жолдады дейсіз бе?
Бəкең туралы өткен шақпен сөйлеу,
əрине, ауыр. Бір жеңілі – оның жарқын
өмірі, ғалымдық күрделі жолы, ұстаздық
байсалды келбеті, отбасылық махаббатқа
Достарыңызбен бөлісу: