Лабораториялық жұмыс №1 бейорганикалық Қосылыстардың негізгі кластары мақсаты


ТӘЖІРИБЕ 2 Иондық реакциялардағы әлсіз электролиттің пайда болуы



бет10/15
Дата03.11.2023
өлшемі74,57 Kb.
#121678
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
ТӘЖІРИБЕ 2 Иондық реакциялардағы әлсіз электролиттің пайда болуы
А.Аммоний хлориді кристалын сынауыққа салып, кейіннен натрий гидроксидінің ерітіндісін құямыз. Реакция теңдеуін жазыңыз.
Б.Натрий ацетатының кристалын сынауыққа салып, үстіне араластырылған күкірт қышқылын құямыз. Реакция теңдеуін жазыңыз.
ТӘЖІРИБЕ 3 Иондық реакциялардағы тұнбаның түзілуі
1 мл барий хлориді ерітіндісін үш сынауыққа құйып, кейін 1-2 тамшыдан біреуіне натрий сульфаты ерітіндісі, келесіне – күкірт қышқылының ертіндісі, үшіншісіне – алюминий сульфатының ерітіндісін құямыз. Бірдей тұнбалардың түзілуін бақылаңыз. Реакция теңдеуін жазыңыз. Жасалынған тәжірибе бойынша реакцияның орындалу үрдісі жайлы қандай қорытынды жасауға болады?
ТӘЖІРИБЕ 4 Тұздар гидролизі
Келесі тұздар ерітінділерінің рН анықтау: Na2CO3, Al2(SO4)3, NaCl, CH3COOH. Осы тұздардың гидролиз теңдеуін жазыңыз. Индикатордың көмегімен ерітінділердің рН индикатор қағазын қолданамыз. Ол үшін айтылған 4 тұздың ерітінділерін сынауықтарға құйып, әр ерітіндідегі индикатор қағазын 1-2 секундқа саламыз. Қағазды шығарып, тездетіп қағаздың түсін түсті шкаламен салыстырамыз. Неліктен гидролиз қайтымды үрдіске жатады?
ТӘЖІРИБЕ 5 Гидролиздің температураға тәуелділігі
Сынауықтағы натрий ацетаты ерітіндісіне CH3COONa 2 тамшы фенолфталеин қосып, кейін қайнап жатқан суға салып қыздырамыз. Түстің шықққанынша қыздырамыз. Жасалынған тәжірибе бойынша қандай қорытындыға келуге болады?
ТӘЖІРИБЕ 6 Толық гидролиздің ерекшелігі
Сынауыққа 2 мл алюминий сульфаты ерітіндісін AI2(SO4) құйыңыз. Дәл сол мөлшердей натрий карбонатын Na2COқосамыз. Алюминий гидрооксидінің тұңбасы мен көміртегі диоксидінің түзілуін бақылаңыз. Молекулалық және иондық реакция теңдеулерін жазыңыз. Неліктен алюминий карбонаты алынбайды? Неге алюминий сульфаты сатылық, ал алюминий карбонаты – толық гидролизге ұшырайды?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет