Лабораториялық жұмыс №1 бейорганикалық Қосылыстардың негізгі кластары мақсаты



бет1/15
Дата03.11.2023
өлшемі74,57 Kb.
#121678
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
зертханалық жұмыс


Лабораториялық жұмыс № 1
БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАРДЫҢ НЕГІЗГІ КЛАСТАРЫ
МАҚСАТЫ : Оксид, негіз, қышқыл және тұздардың химиялық қасиеттерін зерттеу.
МІНДЕТІ: бейорганикалық қосыыстардың төрт тобы өкілдерін тани білу, және олардың химиялық қасиеттерін әрбір топқа тән ерекшеліктерін қарастыру.
ҚҰРАЛДАР: өлшемді цилиндрлер; сынауықтар; спиртшамы; ұстағыш қондырғы ; қажетті реактивтер (MgO, H2O (дист.), CuSO4, NiCI2, AgNO3, ZnSO4, NaOH).
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ: сынауықта затты абайлап қыздыру, сынауықты түгелдей ақырындап қыздыру, оны бақылаушылардан кері бағытқа бағыттау, реактивтерді аз мөлшерде қолдану.
ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОРЫНДАЛУ РЕТІ: Оксид, гидроксидтерде периодтық кестедегі периодта және негізгі топшадағы орналасуына сай қасиеттерінің өзгеруіне қорытынды жасау.
ТӘЖІРИБЕ 1 Магний оксиді және гидрооксидінің негізгі қасиеттері
Сынауыққа аз мөлшерде магнии оксидін салып оған 5–10 мл су қосыңыз. Сынауықты шайқаңыз, реакция ортасын 1-2 тамшы фенолфталеин ерітіндісін қосып анықтаңыз. Магний гидрооксидінің әлсіз еритінін және реакция ортасын сипаттаңыз (қышқылдық, негіздік немесе бейтарап). Магний оксидінің сумен әрекеттесу реакция теңдеуін жазыңыз.
ТӘЖІРИБЕ 2 Суда ерімейтін негіздердің тұрақтылығы
Суда ерімейтін гидроксидтер тұз және сілтінің әрекеттесуі нәтижесінде алынады:
а) Үш сынауыққа 2-3 мл төмендегі тұз ерітінділерін құйыңыз: біріншісіне – мыс сульфаты CuSOерітіндісін, екіншісіне – никель хлориді NiCIерітіндісін, үшіншісіне – күміс нитраты AgNOерітіндісін құйыңыз, әрбір сынауыққа бірдей мөлшерде NaOH сілтілік ерітіндісін қосыңыз. Тұнбаның түзілуін бақылаңыз. Тұнған тұнбаның түсін бақылаңыз. AgOH практикалық түзілмейтінін, түзілу сәтінде лезде күміс оксиді Ag2O және суға ыдырайтындығын есте сақтаңыз. Реакция теңдеуін жазыңыз. Гидроксид тұнбаларын сақтаңыз;
б) Тәжірибеден алынған гидроксид тұнбаларын сұйықтығымен бірге қайнағанша қыздырыңыз. Қыздырғанда шашырау болдырмау үшін аз жалында ұстау және сынауықты аздап шайқау керек. Сынауықты бақылаушылардан кері бағытқа бағыттау қажет. Реакция теңдеуін жазыңыз.
Гидроксид тұрақтылығы туралы қорытынды жасаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет