Лабораториялық жұмыс №1 бейорганикалық Қосылыстардың негізгі кластары мақсаты



бет14/15
Дата03.11.2023
өлшемі74,57 Kb.
#121678
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Зертханалық жұмыс № 7
ГАЛЬВАНИКАЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР. КОРРОЗИЯ
 
МАҚСАТЫ: Электрохимиялық коррозия табиғатын және одан қорғану тәсілдерін зерттеу.
МІНДЕТІ:Студентті мысты-мырышты гальваникалық элемент құрылғысымен және оның жұмысымен таныстыру, сонымен қатар теориялық жағынан басқа да гальваникалық элементтерді анықтай алу, Нернст заңы бойынша ЭҚК есептей алу шыдамдылығын меңгерту.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: Даниель-Якобидің гальваникалық элементі (мысты-мырышты); керекті реактивтер: K3[Fe(CN)6], H2SO4, Zn, Sn, HCI, K2Cr2O7, Fe, AI, уротропин.
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ:  Құрылғыны ұқыпты, сақтықпен қолданған жөн.
ЖҰМЫС МАЗМҰНЫ МЕН БАРЫСЫ
ТӘЖІРИБЕ I Гальваникалық элемент
Зертханадағы гальваникалық элемент құрылғысымен танысыңыздар. Схемасын сызып, элементтің жұмысы кезінде электродтарда жүрілетін реакцияларды жазыңыздар.


ТӘЖІРИБЕ 2 Металл коррозиясы
Болат пластинканы қызыл қанды тұзға (K3Fe(CN)6) матырылған қағаз жолағымен қаптаңдар. Fe2+  иондарымен көк түс береді.
3FeCI+ 2K3Fe(CN) 6 = 2Fe3[Fe(CN) 6] 2 + 6KCI
15-20 минуттан кейін қағазда гальванопардың анодтық бөлігіне сәйкес көк дақтар пайда болады.
ТӘЖІРИБЕ 3 Мырышталған және ылғалданған темірдің коррозиясы.
Сынауықтарға 3-4 мл сұйылтылған күкірт қышқылы ерітіндісінен құйып, K3[Fe(CN) 6] ерітіндісінің 2 тамшысын тамызыңдар. 2 темір скрепкаға мырыш пен қалайы түйіршігін қыстырып,қышқыл құйылған сынауыққа батырыңдар.Қалайы-темір бар сынауықты сәл қыздырындар. Турнбуль көгінің пайда болуын бақылаңдар. Гальванопардың схемаларын құрыңдар және жұмысын теңдеулер арқылы түсіндіріңдер. Темір коррозиясы қайда жүреді?
ТӘЖІРИБЕ 4 Ингибитордың коррозияға әсері
Екі сынауықтың әрқайсысына 5-6мл тұз қышқылы (С(НСІ) = I моль/л) ерітіндісінен құйып, қызыл қан тұзынан 2 тамшы қосыңдар. Сынауықтың біреуіне K2Cr2O (5%) ингибитор ерітіндісінің 3 тамшысынан тамызыңдар. Екі сынауыққа да бір уақытта бір кішігірім шегеден салыңдар. Боялудың пайда болған уақытын анықтаңдар және үрдістерді түсіндіріңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет