Лабораториялық жұмыс №1 бейорганикалық Қосылыстардың негізгі кластары мақсаты


ТӘЖІРИБЕ 7 Ерітінділердің электрөткізгіштігі



бет11/15
Дата03.11.2023
өлшемі74,57 Kb.
#121678
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
ТӘЖІРИБЕ 7 Ерітінділердің электрөткізгіштігі
Ерітінділердің электрөткізгіштігін зерттеу үшін құрылғыны қолданамыз. Құрылғыда 6 химиялық стақандар бар, олардың ішінде мына ерітінділер құйылып тұр: натр иодиді, сірке қышқылы, қант, дистилденген су, 10%-дық сірке қышқылы, ағын суы. Әрбір стақанға амперметрге қосылған екі көмір электродтары қосылған. Құрылғы желіге қосылады. Тізбектеліп ерітінділер іске қосылады, «өлшеу» тетігімен ерітінді электрөткізгіштігінің күшін тексереміз. Ерітінділерде әртүрлі электрөткізгіштік қасиеттері болу мүмкіндіктерін немен түсіндіріледі? Электролиттердің диссоциациялану теңдеулерін жазыңыз.
ЕСЕПТЕУ МАЗМҰНЫ
1. Ион-алмасу реакцияларының молекулалық және иондық теңдеулерін құру.
2. Тұздар гидролизінің иондық және молекулалық теңдеулерін жазу.
3. Әртүрлі электролиттердің электрөткізгіштігін белгілеу.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ МЕН ТАПСЫРМАЛАР
1. Электролиттер деп қандай ерітінділерді айтамыз?
2. Диссоциация дәрежесіне анықтама бер.
3. Ерітінділердегі pH  қандай мәндерде бола алады?
4. Қандай жағдайда ион-алмасу реакциялары соңына дейін жүреді?
5. Қандай тұздар гидролизге ұшырайды? Келесі тұздардың гидролиз теңдеулерін жаз: K2CO3, CuSO4, (NH4)2CO3, Na2SO4. pH ортасын анықта.
ертханалық жұмыс № 6
ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ РЕАКЦИЯЛАРЫ
МАҚСАТЫ:  Маңызды тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар  қасиеттерін зерттеу.
МІНДЕТІ: Жасаған тәжірибе бойынша ТТР-ларының теңдеулерін жазу, теңестіру және ТТР-ның типін анықтау.
ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: сынауықтар, спирт шамдары, қажетті реагенттер: CrCI3, Br2, NaOH, K2Cr2O7, H2 SO4, KJ, FeSO4, MnSO4, CuSO4, KMnO4, KBr, Na2SO3, FeCI3, H2O (дистилденген).
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ: Қауіпті қышқыл, сілтілермен жұмыс жасағанда абай болу, жұмыс жасай білу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет