Лабораториялық жұмыс №1 бейорганикалық Қосылыстардың негізгі кластары мақсаты


ТӘЖІРИБЕ 3 Химиялық реакцияның тепе-теңдігіне түрлі факторлардың әсері



бет6/15
Дата03.11.2023
өлшемі74,57 Kb.
#121678
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
ТӘЖІРИБЕ 3 Химиялық реакцияның тепе-теңдігіне түрлі факторлардың әсері
Концентрацияның әсері. Тәжірибе үшін темір (III) роданидінің түзілу теңдеуін алайық:
FeCI3 + 3KCNS = Fe(CNS)3 + 3KCI.
Темір роданиді қызыл түсті, FeCI– сары түсті, ал KCI және KCNS – түссіз.
Fe(CNS)3 концентрациясын өзгерткенде ерітінді түсі өзгереді, бұл- теңдеу тепе-теңдігінің өзгергендігінің белгісі. 2 мл суы бар кішкене стақанға 1–2 тамшы FeCIжәне KCNS (немесе NH4CNS) қаныққан ерітінділерін қосамыз. Алынған ерітінділерді 4 сынауыққа бөліп құямыз. Бірінші сынауыққа бірнеше тамшы концентрлі FeCIерітіндісін қосамыз, екіншісіне бірнеше тамшы концентрлі KCNS (немесе NH4CNS) ерітіндісін, үшіншісіне кішкене кристалдық KCI (немесе NH4CI), төртіншісін сол қалпында салыстыру үшін қалдырамыз. Алғашқы үш сынауықтағы түстің өзгеруін әректтесуші масса әсер заңымен түсіндіруге болады. Нәтижелерді 3-ші кестеге толтырамыз.
3-ші кесте – Тепе-теңдіктің ығысуына концентрацияның әсері

Қосылған ерітінді

Түстің өзгеруі

Тепе-теңдіктің ығысуының бағыты




ЕСЕПТЕУ МАЗМҰНЫ
1. Реакция жылдамдығының оның концентрациясына тәуелділігіне кесте құрып, график салу.
2.Реакция жылдамдығының оның t0 тәуелділігіне кесте  құрып, график салу.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ ЖӘНЕ ТАПСЫРМАЛАР
1. 2SO2(г) + О2(г) =2SO3(г) теңдеуіндегі әрекеттесуші массалар заңындағы мәнін жаз. Егер қысымды 2 есе арттырсақ, реакция жылдамдығы неше есе артады?
2. Мына гетерогендік реакцияның әрекеттесуші массалар заңындағы мәнін жаз:
2AI(k) +6HCI (ерт.) = 2AICI3 (ерт.) + 3H2 (г) .
3.Егер реакция жылдамдығы 128 есе артса, онда реакциялық қоспаның температурасы неше градусқа өзгереді (Реакцияның температуралық коэффициенті 2-ге тең)?
4.Мына процестердің тепе-теңдік тұрақтысының мәнін жаз:
2H2 (г) + O2(г) = 2H2O(бу); ΔH<0;
N2 (г) + O2(г) = 2NO(г) ; ΔH>0;
C(к) + CO2 (г) = 2CO(г) ; ΔH>0;
Егер температура мен қысымды арттырса, онда әр реакцияның тепе-теңдігі қай бағытқа ығысады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет