Лабораториялыќ ж±мыс 2



бет2/4
Дата15.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#122627
1   2   3   4
Байланысты:
инфаксес2лб

Мәлiметтердi сұрыптау ретсiз (бейберекет) толтырылған ДҚ тәртәпке келтiру үшiн пайдаланылады. Сұрыптау не өсу не кему ретiмен жүргiзiледi. Мәлiметтердi сұрыптау үшiн Записи-Сортировка-По убыванию (по возрастанию) бұйрығын немесе құралдар панелiнiң сәйкес түймелерiн пайдаланады).
Бiр мезгiлде 2 өрiстi сұрыптау. Сұрыпталанатын өрiстер белгiленiп, ерекшеленiп тұруы керек. Бiрiншi сұрыпталанатын өрiс бiрiншi, ал екiншi сұрыпталатын өрiс екiншi орналасуы керек.
Мәлiметтердi електен өткiзу қандай да бiр шартты қанағаттандыратын мәлiметтердi көру үшiн қажеттi. Фильтр кестенiң кез келген режимiнде пайдаланылады. Електен өткiзудiң жалпы 3 тәсiлi бар:
1. а) Ерекшеленген жазба бойынша фильтр
б) Ерекшеленгендi алып тастау

2. Фильтрдi өзгерту


3. Кеңейтiлген фильтр.
Ерекшеленген жазба бойынша фильтр әдiсi ең қарапайым тәсiл. Мұнда ерекшеленген жазбаны шарт ретiнде алып, оған сәйкес мәндердi iздеп табады. (Бұйрық Записи-Фильтр-Фильтр по выделенному арқылы орындалады) Бұл әдiсте електен өткiзудiң өзiндiк шекаралары, шектеулерi бар. Бiр өрiстiң толық алынған мәнiн шарт ретiнде алсақ, тек нақты сол мәнге сәйкес келетiн мәндер табылады.
Жазбадағы мәндi толық алмай, оның бөлiгiн, яғни кез келген бөлiгiн шарт ретiнде бекiтiлсе, оған сәйкес келетiн мәндер алынады. Сол сияқты өрiстiң бiрiншi бөлiгiнен мәлiмет бөлiгi шарт ретiнде алынса, белгiленген символдардан басталатын мәлiметтер таңдалынып алынады.
Ерекшеленгендi алып тастау - белгiленбеген жазбаларды iздеп табу, яғни бұл әдiсте белгiленген жазбаға сәйкес келмейтiн мәлiметтердi таңдау процесi.
Фильтрдi өзгерту бұйрығы Ерекшеленген бойынша фильтр әдiсiне қарағанда күрделi және мүмкiндiгi көп. Бұл әдiсте “Және“ және “Немесе“ логикалық шарттарын пайдалануға болады(бұйрық Записи-Фильтр-Изменить фильтр арқылы орындалады). Бұл әдiстi пайдаланғанда ағымдағы кесте өрiстерi аты және экранның төменгi жағында Найти және Или түймелерi орналасқан електен өткiзу терезесi пайда болады. Кез келген өрiстi таңдағанда сол өрiс мәлiметтерiнен тұратын тiзiмдi шығаратын түйме пайда болады. “Немесе“ критериi берiлген шарттардың кем дегенде бiреуiнiң орындалуын талап етедi.
Кеңейтiлген фильтр бұйрығы Записи-Фильтр-Расширенный фильтр бұйрығы арқылы орындалады. Електен өткiзу терезесi електен өткiзетiн кестелер тiзiмiн және електен өткiзу шарттары жазылатын бланктен тұрады. Кеңейтiлген фильтрдiң басқа фильтрден ерекшелiгi, мұнда мәлiметтердi сұрыптауға болады. Кеңейтілген фильтрде мәліметтерді таңдауда Like операторы, and, or, not логикалық операторлары және <, >, <=, =>, =, Between қатыс амалдары қолданылады. Бір мезгілде бірнеше шарт бойынша мәліметтерді таңдауды ұйымдастыруға болады.
Мысалы. Фамилиясы А әрпіне басталатын және кредитке оқитын студенттер тізімін алу қажет болсын.
Шешуі.
1) Студенты кестесін ашып, Записи–Расширенный фильтр бұйрығын орындау;
2) Ашылған фильтр терезесінің төменгі бөлігіндегі бланкті толтыру: Фамилия өрісін көрсетіп, оның Условие отбора қатарына А* шартын, Вид обучения өрісіне кредит шартын енгізу;
3) Фильтр–Применить фильтр бұйрығын орындау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет